А. К. Жутаева, С. Б. Ержанова



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата16.04.2023
өлшемі371,84 Kb.
#83268
  1   2   3   4   5   6   7   8


© 2020 Al-Farabi Kazakh National University 
ISSN 1563-0323, eISSN 2618-0782 Филология сериясы. №2 (178).2020 https://philart.kaznu.kz
137
ҒТАМР 17.07.31 https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph18
А.К. Жутаева
, С.Б. Ержанова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,
e-mail:assel.zhutayeva@gmail.com; esb72@mail.ru
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ
КОГНИТИВТІК ҰҒЫМДАР
Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы когнитивтік ұғымдар ерекшеленіп, ақынның 
философиялық танымы мен психологиялық көңіл-күйі, эстетикалық ойы айқындалады. Поэзия 
астарындағы ұғымдар мәні ашылып, ақын санасында кодталған бейнелер кеңінен сараланады. Сол 
тұрғыда біз когнитивизм, когнитивті ұғымдар, поэзияда көрініс алатын когнитивті аспектілерді 
басшылыққа ала отырып, Е. Раушанов, М. Райымбекұлы, Ж. Елеусіз өлеңдеріне шолу жасаймыз.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы таным мәселесінде тілдік тұлғалар арқылы санада бейнеленетін 
көріністердің барлығы когнитивті ұғымдардың қатарын құрайды. Мән мен мағына жеке 
ажыратылатын концептілік ерекшеліктер, ақын санасында кодталатын ұғымдардың ерекшеліктері 
зерделенеді. Поэзиядағы постмодернизм белгілері қазіргі ақындар поэзиясында түрлі детальдар 
арқылы көрініс беріп, өлең құрылымы өз алдына өзгеріске ұшыраған. Поэзияның астарындағы ой 
мен автор жеткізгісі келген негізгі идея басқаша тәсілмен оқырманға жол тартады. Поэзиядағы 
тілдік бірліктердің формаға сай жасақталуы бүгінгі әдебиетке жаңалық әкелді. Когнитивті 
ұғымдардың кеңінен көрініс тауып, авторлардың ойды басқаша формада бере алуы бүгінгі 
әдебиетте жиі кездеседі. Әсіресе, қазіргі қазақ поэзиясының даму үдерісінде проза да, поэзия да 
жаңашыл ізденістерге толы. Мақала барысында қазіргі қазақ поэзиясындағы осы мәселелердің 
жай-күйі қарастырылып, қазіргі ақындардың шығармашылығы сараланады.
Түйін сөздер: когнитивизм, концепт, метафизикалық концепт, тілдік модель, эстетика-
лық ой.
А.К. Zhutayeva, S.B. Yerzhanova
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty,
e-mail: assel.zhutayeva@gmail.com; esb72@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет