А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


 ДРОЗОФИЛА ШЫБЫНДАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН



Pdf көрінісі
бет116/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   159
2.3 ДРОЗОФИЛА ШЫБЫНДАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР 
2.3.1. Қоректік ортаны дайындау. Дрозофиламен зертханалық 
жұмыстарды жүргізу тәртіптері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді әр түрлі құрамдық қоректік орталармен 
таныстыру және ортаны дайындауды игерттіру; шыбындармен жұмыс 
тәртіптерімен таныстыру.
Материалдар және жабдықтар:
1. Қоректік ортаны жасауға пайдаланылатын ингредиенттер.
2. Қоректік ортаны дайындауға пайдаланылатын жабдықтар (кастрюль, стакан, 
таразы, ұсақ гірлер). Лабораториялық жағдайдағы, дрозофилді өсіру үшін 
пайдаланылатын қоректік ортаның негізгі құрамы ретінде қант және ашытқы 
қолданылады. Қантты ортаға сахарозаны, мейіз сіркесі немесе суслоны қосады. 
Бұлар ашытқының көтерілуі үшін қолданылатын нағыз субстрат. Сонымен қатар, 
ашытқылар қоректік ортада зеңнің пайда болуынан сақтайды. Қоректік ортаға 
қосымша агар-агарды қосады, ол ортаға тоңба тәріздес түр береді.
Ашытқы қосылған ортада шыбындар өте тез дамиды, олардың денелері ірі 
болып, барлық белгілері анық көрінеді. Шыбындардың көп болуы және қоректік 
ортада дрозофилге қолайсыз әсер ететін бактериялар мен саңырауқұлақтардың 
болуынан, шыбындар ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан, ашытқысы бар ортаны 
негізгі желіні үзбеу жағдайында пайдаланады.
Дайындалған қоректік ортаны 3-4 тәуліктен артық сақтауға болмайды, 
әсіресе оларды стакандарға, пробиркаларға немесе флакондарға құйып сақтауға 
болмайды, себебі олардың бетінде зең пайда болады. Дақылда зеңнің пайда 
болмауы үшін, оған пропиондық қышқылды немесе 10%-дық нипагиннің 
спирттік ертіндісін қосады (этил бензойлық қышқыл). Дайын ортаны 
тоңазытқышта айлап немесе одан да көп мерзімде сақтауға болады. 
Сығымдалған ашытқы болмаған жағдайда, ортаны қайнату үшін құрғақ 
ашытқыны пайдалануға болады, оған нан жабуға қолданылатын құрамында 
75%-дық суы бар ашытқы пайдаланылады. Ең көп таралған қоректік 
орталардың рецептісі (г. есебінен) мыналар (кесте 2.1.). 


175 
Кесте 2.1 Дрозофилаға қажетті қоректік орталардың рецептілері 
1. Су - 100 мл 
2. су - 100 мл 
5. Су - 700 мл 
Банан - 100 
Мейіз - 50 
Агар-агар - 9
Агар-агар - 2 
Агар-агар - 2 
Нан ашытқысы - 75 
қант - 25 
Манка жармасы - 25 
3. Су - 2000мл 
4. Су - 350мл 
Сірне - 200 
Агар-агар - 4,5 
Жүгері ұны - 150 
Ашытқы - 40 
Агар-агар - 15 
Манка жармасы - 15 
Сахароза - 13 
Мысалы: №5 рецепт бойынша 100 пробиркаға арналған ортаны дайындау: 
1)700 мл суық суға 9 г агар-агарды ерітеді және оны қайнауға дейін апарады.
2) Оған 75 г сығындалған ашытқыны (немесе 9 г құрғақ ашытқы ) қайнап 
жатқан агар-агарға қосып, баяу отта 40 мин қайнатады. 
3) 25 г манка жармасын және 25 г құмшекер қосып, қозғап тағы да 15 
мин қайнатады. 
4) Дайын азықта зең пайда болудан сақтандыру мақсатында 9 мл 
пропиондық қышқылды қосады, ол үшін азықты 60
0
-қа дейін суытып 
пробиркаларға 1-1,5 мл құяды. Пробиркаларды табиғи таза мақтамен тығыздап 
жабады. Ортаны құйған кезде ол пробирканың қабырғаларына тиіп кетпеуі 
тиіс, себебі жұқа қабат жылдам кеуіп кетеді де ондағы жұмыртқалар өліп 
қалады. Осындай жағдайлар болмауы үшін ортаны штативке бекітілген воронка 
арқылы құяды. Воронканың аузына жұмсақ резеңке кигізеді. 30-40 минут 
өткеннен соң орта тоңба тәріздес болады. Одан соң оның бетіне ашытқы 
себеміз, 1-2 тамшы ашытқы сүтін қосамыз (50 мл суға кәдімгі ашытқының 2-3 
грамы араластырылады). Ортаны пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет