Адам болмысының категориялары : бақыт, сенім, өмір және тағдыр, өлім және ажал XIX ғасырдың соңында «өмір философиясы»


Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу



бет3/5
Дата06.04.2022
өлшемі34,87 Kb.
#30109
1   2   3   4   5
Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу.
Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, экзистенциализм, функционализм.

Философия өмірдің мағынасы туралы. Адам мен адамзаттың алдында барлық уақыттарада тұрған толып жатқан проблемалардың ең мәнділерінің бірі – ол өмірдің мағынасы мәселесі. Қалай өмір сүру керек? Не үшін өмір сүру керек? Бұл сұрақатар адамдарды барлық тарихи дәуірлерде тоғандырған. Оларды сезіну мен дұрыс түсіну адамға мінез-құлық пен қызметте сенімді бағдар береді, өз күшіне сенімділікті арттырады, өмірінің мақсаттары мен құндылықтарына тиісті қатынастарын жасақтауға жағдай жасайды.

Француз ғалымы және философы Блез Паскаль (1623-1662): «Адам – бар болғаны құрақ, табиғат жаратылыстарының ішіндегі ең әлсізі, бірақ ол – ойланушы құрақ. Оны жою үшін бүкіл Ғаламның тіпті де керегі жоқ: желдің соғуы, су тамшысы да жеткілікті. Алайда, тіпті оны Ғалам жойса да, адам бәрібір де одан гөрі асқақтау, өйткені өмірмен қош айтысатынын және Ғаламнан әлсіздеу екендігін ұғынады, ал Ғалам ештеңені ұғынбайды» деп жазған. Басқа тірі жаратылыстардан айырмашылығы – адам өз өмірін ұғынады. Адамның саналы жаратылыс ретіндегі өз өмірі мен өзді-өзіне қатынасы оның өмірінің мағынасы мен мақсатында өрнектеледі.

Өмірдің мағынасы – бұл санамен қабылданған құндылық (құндылықтар), оған адам өз өмірін бағындырады, сол үшін өмірлік мақсаттар қойып, ол жүзеге асырады. Онда қызметтік-құндылықтық сипат бар, ол кімде-кім «жай ғана өмір сүрмей», қандай да бір нәрсе үшін өмір сүру керектігін ойлайтын, сезінетін болса, сонда ғана пайда болады. Мағына – адамның рухани өмірінің құндылықтық –уәжделген саласының элементі. Өмірдің мағынасы неде?

Бұл сұрақты түсінуге және осыған сәйкес оны шешуге философтар екі түрлі: жеке алынған адамның көзқарасы және рулық жаратылыс, адамзат ретіндегі адамның көзқарасы тұрғысынан келеді. Бірінші түсінуде өмірдің мағынасы – жеке адамның бірегей ішкі рухани өмірінің элементі, ол оның өзі үшін қоғамдық құндылықтардың үстемдік етуші жүйелеріне тәуелсіз тұжырымдайтыны. Бұл жерде барлық адам үшін бірыңғай өмір мағынасы туралы айтуға болмайды. Әрбір индивид оны құндылықтарының өзіндік ерекшеліктері мен өз тәжірибесінде ашады.

Сонымен бірге өмір мағынасы адам санасының феномені ретінде де өмір сүреді. Оны іздестіру өмір мағынасы неде екені туралы сұрақты түсінудің екінші қырын білдіреді. Олар адам эволюциясының ұзақ үдерісімен, оның ойлануының рефлексивтік қабілетінің дамуымен , өзіндік сананың қалыптасуымен дайындалады. Өмір мағынасы проблемасын

ұғынудың тарихи бірінші формасы діни түсінімде болды. Жүре келе философия олардың серігі мен тірегіне айналды.

«Өмір мағынасы» категориясы адам өмір сүруінің сапалық жағын сипаттайды. Ол адам үшін жоғары мақсаттар мен құндылықтардың жиынтығын көрсетеді. Сондай-ақ онда адамның тіршілік қарекетіндегі жалпы адамилықтың, тарихилықтың, әлеуметтік-топтылықтың және жекетұлғалықтың диалектикалық өзара байланысы өз өрнегін табады. Адамдар олардан өмір мағынасын көре отырып өздерінің жеке мақсаттарына ұмтылады. Және де көбінде адамға өзінің мақсаттары дүниеге байланысты еместей болып көрінеді. Әрине, мақсаттардың сипаты көп дәрежеде нақты адамға, оның тәжірибесіне, біліміне, қоғамдық жағдайына және т.б. байланысты. Алайда бұл өмір мағынасының таза субъективті нәрсе екендігін әсте білдірмейді. Өйткені адамның мақсаттары ол үшін объективті табиғи және әлеуметтік дүниеден туындайды.

Адам – қоғамдық (әлеуметтік) жаратылыс, ал бүкілқоғамдық өмір – адамдардың өз қызметі. Жеке және қоғамдық міндеттер адам қызметіне енеді, оларды ол өз өмірінің мақсаттары ретінде ұғынады. Міне, осы мақсаттар мен құндылықтардың ұғынылатындығы өмір мағынасының субъективтік жағын, яғни оны адамның өзі қалай көретінін құрайды. Өмір мағынасының объективтік жағы – бұл оны қоғамның қалай көретіндігі. Қоғам адамның өз өмірінің мағынасын оның (қоғамның) стратегиялық мақсаттарына барынша қолдау жасауынан көруіне мүдделі, алайда бұл ретте адам, тіпті гуманистік мақсаттарға қол жеткізуде болсын, құрал ретінде ғана пайдаланылмауы тиіс.

Өмір мағынасы туралы айтқан кезде, әдетте, өмірдегі қандай да бір басты, негізгі, неғұрлым маңызды мақсат еске түседі. Адам өмірінің мағынасындағы бастыны, негізгіні бөліп көрсету тұрмыстың ұсақ- түйектеріне мән бермеуге, өз күшін аса маңызды мақсатты шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді. Егер бұл мақсатты оның барынша жалпыланғандығында қарайтын болсақ, онда адамзаттың бүкіл тарихында, соған сәйкес философиялық ой тарихында өмір мағынасының бір-біріне қарама-қарсы екі тұғырнамасы байқалады. Бұл қарама-қайшылық былайша: «ие болу» немесе «болу» нұсқасында тұжырымдалуы мүмкін.

Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамда қандай да бір құндылықтық қондырғының таратылуы көптеген факторларға, бірақ бәрінен бұрын онда орныққан қоғамдық қатынастар типіне байланысты болады.

«Ие болу» тұғырнамасы жекеменшіктік қатынастар үстемдік еткен қоғамда ғана таралып, үстемдік ететін тұғырнамаға айнала алады. Өйткені «иемдену», яғни меншіктену табиғатының өзі нақ осындай қоғамдық қатынастардың сипатынан келіп шығады.

Алайда меншіктеудің қосұдайылық табиғаты болатынын атап өткен маңызды. Бір жағынан, мен өзімді-өзім, сондай-ақ қоғам мені көбінде мен нені және қандай мөлшерде меншіктенгендігім тұрғысынан бағалаймыз. Және де бұл бағалаулар өзіме-өзім баға беруім үшін аса маңызды болып

табылса, мен өзімнің иемденуші мәртебемді көтеру үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.

Екінші жағынан, мен құштарлана ниет қылған және иеленген заттардың өзі белгілі бір мағынада мені иемденеді, өйткені олардың жоқтығы, жоғалуы немесе қирауы күйзелтеді және менің денсаулығыма, бәрінен бұрын психологиялық жағынан әсер етеді. З.Фрейдтің өз мүдделерін тек иемдену мен билік жүргізуге бағыттаған тұлға – жүйкесі жұқарған науқас, ал мүшелерінің көбі осындай «мінезді» меңгерген қоғам науқас қоғам болып табылады деп ұйғарғаны бекер емес.

Енді қарама-қарсы позицияға – «болуға» назар аударайық. Бұл өмірлік қондырғы адамның өз өмірлік қызметінің бағдарламасын алдына қоюы мен іске асыруын білдіреді. Бұл бағдарлама оның шынайы мәніне жауап беруі, бәрінен бұрын оның з шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты ашуға басқа адамдармен қарым-қатынаста, қоғамдық мүдделер жолындағы әлеуметтік белсенділігіне мұқтаждығын іске асыруға тиіс.

Бұл ретте сөз болған тұғырнамалардың арасында шешілмейтін қайшылықтың жоқ екендігін атап өткен жөн. Өйткені «болу» үшін, яғни үздік адамдық қасиеттреді іске асыру үшін материалдық және игіліктердің белгілі бір мөлшерін иемдену қажет, оның үстіне оның мол болғаны жөн. Осыған орай, әңгіме материалдық игіліктерден толықтай бас тарту туралы емес, екі мағыналық-өмірлік қондырғылардың оңтайлы үйлесімі туралы болуы тиіс, бұл ретте басымдық бәрібір де үздік адамдық қасиеттерді іске асыру бағдарына берілуі тиіс. Яғни, адамға бір мезгілде «болу» мен «иемдену» керек болып шығады.

Адамның талғам-талайы

Ежелгі грек философы Диоген күндіз қала көшелерінде өткен-кеткен адамдардың жүзіне шаммен қарап жүрген екен деген аңыз бар. Оның не істеп жүргендігін сұрағандарға, ол: «Адамды іздеп жүрмін!» депті. Ол өзін қоршағандардың ішінен адамды күндіздің өзінде шаммен жүріп таппаған деседі.

Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін: «Ей, адам, сен кімсің?» сұрағына жауап беру өте қиын. Егер де бұл сұрақ қандай да бір адамға қойылса, онда ол «Мен адаммын» деп жауап берген болар еді. Одан кейін ол өз есімін атайды, белгілі бір топқа (ұлттық, кәсіптік, аумақтық, т.б.) қатыстылығын, өзінің әлеуметтік рөлін және т.б. көрсетеді. Алайда: «Мен адаммын» жауабы тек қана тавтология болып шығады. Дегенмен де – «Адам, сен кімсің?» сұрағына: «Мен зерделі, әрекетшіл, әлеуметтік жаратылыспын» деген жауап берілуі мүмкін. Бірақ сонда да көрсетілген қасиеттердің «адамилықты», яғни адам мәнін құрайтын басты нәрсені түсіну үшін жеткілікті болатын- болмайтыны беймәлім болып қалады.

Өткен заман ойшылдары адам мәнін анықтаудың бүкіл қиындығына кез болды. XVIII ғасырдағы француз ағартушысы Жан-Жак Руссо адамды портта тұрған грек теңіз құдайы Главкінің мүсінімен салыстырған. Ол ғасырлар бойы толқын шайып, тұз шөгінділерінің қабығына оранып, сиықсыз түрге енді. Бірақ егер тұзды қабықты ұрып түсірсек, біз оның астынан

құдайдың бұрынғыдай тамаша бейнесін көрген болар едік. Руссо егер мәдени қат-қабаттары алынып тасталса, онда шынайы адамды көруге болады деп есептеді. Ол да көптеген ойшылдар тәрізді әлеуметтік-тарихи қат- қабаттармен жабылған табиғат бейнесін пайдаланды. Әлеуметтік «қабықшаларды» алып тастай отырып, бірдей нәрсені табуға болатын сияқты көрінеді, өйткені адам табиғатының әртүрлі болуы мүмкін емес қой. Алайда олай емес екен!

Адамдар сенетін, үміттенетін, сүйетін, алаңдайтын, қорқатын, ақиқатты іздейтін, әділдік үшін күресетін болғандықтан да адамдар болып табылады. Олар моральдық парыз бен ар-ұждан ұғымына сәйкес таңдауға және шешім қабылдауға қабілетті; бұдан адамның табиғат пен әлеуметтік мән-жайлардан бостандығы көрінеді. Тек адам ғана алдайды, опасыздық жасайды, өзі тәрізді адамдарды еш мағынасыз өлтіреді, уәде етеді, мазақтайды, рөл ойнайды, жек көреді, қалжыңдайды, жабырқайды немесе сиына алады.

Адам ерекшеліктерінің тізімін жалғастыра беруге болады, бірақ та түпкілікті жауап алуға үміттенудің қажеті шамалы. Адам бұрынғыша өзі үшін жұмбақ болып қала бермек. Алайда адамдағы шынайы адамилық адамгершілік ар-ұжданмен, гуманизммен, адам жанының асқақ ұшқындарымен байланысқан.

Адамның шынайы талғам-талайы адам болуында және содан айнымауында!

Өз өмірінде адам өз орнын табуға үлгеруі керек, ол орынның партадағы орыннан айырмашылығы, басқа ешкімде оны иелене алмайды, өйткені әркім бөтеннің өмірін емес, өз өмірін сүреді. Егер біз өзімізді-өзіміз таппасақ, онда біздің орнымыз мәңгіге бос болып қалады.

Адам, адамилық – бұл біздің әрқайссымызда, барлық жеке тұлғада қандай да бір мөлшерде бар қасиет. Адам өзін-өзі жасайды – бұл жеке адамға да, текті жаратылыс ретіндегі адамға да, бүкіл адамзатқа да қатысты жайт. Заманауи өркениет жағдаятындағы адам факторы

Дүниежүзілік ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңі үшін қоғам өмірінің барлық салаларында адамның белсенділігін арттыру қажеттілігі тән. Бүгінгі күні экономиканың тиімділігі қоғамды құрайтын адамдардың эволюциясына орасан мөлшерде тәуелді. Өйткені біліктілігі жоғары қызметкерлер мен табысты кәсіпкерлер жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізудің кепілі болып табылады, бұл қоғамдық өндіріс көлемінің артуына және тұтастай алғанда, экономикалық өсуге әкеледі. Ақпараттық-техникалық қоғам үнемі өздігінен білім алумен және қабілеттіліктерін жетілдірумен айналысатын біліктілігі жоғары қызметкерлерсіз дами алмайды. Өндірістің ең жаңа түрлері: электроника мен информатика, ғарыштық өндіріс, биотехнология, нанотехнология, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен мәдениет индустриясы өндірістің заманауи жүйесінің сапалық өзгерісіне әкеледі. Өндіріс бұрынғыдан да ғылыми бола түседі, яғни ғылым жетекші өндірістік күшке айналады. Өндірістегі жетекші рөл көп дәрежеде ғылыми-зерттеу орталықтары мен

университеттерге, индустриялық және эксперименттік зертханаларға тиесілі болуда.

Бұл өндіріс бұрынғыдан да бетер адам факторына қарай бет бұруда, ол мақсатқа да, сондай-ақ жетекші компонентке де айналуда. Материалдық өндіріске кететін шығындарды ғылым, білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандару пайдасына, яғни адам капиталын инвестициялау пайдасына қайта бөлу жүріп жатыр.

Әлемдік және отанық философида көптеп талданған мәселенің бірі, адамзат баласының ғұмырында болатын, болмыстың шектілігін көрсететін құбылыс – өлім мәселесі болып табылады.

Иррационализм – табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады. Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмді негіздеуші.

Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.

Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол: 1. тікелей таным;

2. рефлективті таным;

3. интуиция арқылы іске асады.

Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік.

— Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;

-Ол – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;

— Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады; — өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;

— дүние – еріктің жүзеге асуы. Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді.

Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді. Өмір философиясының өзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық — өмір ұғымы.

Өмір философисыныңнегізін салушы Фридрих Ницше (1844-1900). Оның ойынша, философиясының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге

бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу. Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр.

Ницще адам еркін бірнеше түрге болді:

— өмірге деген ерік; — адамның өз ішіндегі ерік;

— басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер;

— билікке ерік.

Ницще еріктің соңғы түрі «билікке ерікке» көп көңіл болді, ол адамның бәріне тән. «Билікке ерік» табиғаты бойынша Өзіндік сақтау инстинктіне ұқсас.

Вильгелм Дильтей (1833-1911) қоршаған дүниенің көптүрлігі мен адам өмірінің бірігейлігі туралы идеяны ұстанды. Гегель философиясын сынап, «ойлаудың» орнына «өмір» ұғымын қоюды ұсынды. Өмір – адамның дүниедегі болмысының тәсілі. Өмірдің белгілері: тұтастық; көптүрлі рухани бастамаға ие; жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте.

Дильтейдің пікірінше, философия өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыруға тиіс. Дильтейдің пікірінше, тарих – прогреске апаратын айқын және заңды процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзерту мүмкін емес.

Серен Кьеркегор (1813-1855) Данияның философы. Еңбектері: «Немесе немесе», „Үрей мен қалтырау“, „Ажалға бастайтын ауру“. Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес. Кьеркегордың тағы бір қарсылығы адамды объект ретінде қарап зерттеу.

Оның ойынша адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес. Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық – ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым“. Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. Сондықтан Кьеркегор адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа катигорияларды ендірді. Олар. өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу. Осы ұғымдар арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады. Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тылғаның ерікті таңдауымен байланысты. Мұндағы секіріс Гегельдегі пікірінен өзгеше – ол ешбір нәнекерлікті талап етпейді, ол – зерденің шеңберінен шығып, кететін рухтың іс-әрекеті.

Әлемдік және отанық философида көптеп талданған мәселенің бірі, адамзат баласының ғұмырында болатын, болмыстың шектілігін көрсететін құбылыс – өлім мәселесі болып табылады.

Өлім – дөңгеленген дүние болмысының болмай қоймайтын заңдылығы ретінде қарастырылады және ол әр дәуірде туып, ғұмыр кешкен қаламгерлердің туындыларынан да көрініс тауып, мәңгілік тақырып өзегіне айналды. Олардың қай-қайсысы да адам және адам болмысының шынайлығы ретіндегі өмір мен өлімді және адам табиғатына қатысты ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық сияқты этикалық мәселелермен сабақтастыра талдады.

Оның ішінде өмір мен өлім мәселесін кеңінен сөз етіп, өздерінің осыған орай күйініш-сүйініштерін әрқайсысы өз танымы тұрғысынан, көркемдік шеберлігінің деңгейімен өрнектеп, көкіректерге құяды, адамды өз өміріне мәндік тұрғыдан қарауға ой салады. Бір ғажабы, олар өлім мәселесін талдағанда шын жүрегімен сезініп, жүдеу сезімімен бейнелеген. 3. Шығыс шайырлары болсын, қазақ ақын-жыраулары болсын адам баласының өмірі, тағдыр-талайы хақында тебірене жырлауының өзінде үлкен мән болса керек. Олар өмір мен өлім туралы тұжырымдарында бұл мәселе туралы ойлау мен дүниетанымның түрлі бағыттары тұрғысынан талдаған. Ойлап қарасақ, адамзат баласы шыр етіп жерге түскенде ештеңеден хабарсыз, жан баласына зияны жоқ, бейкүнә сәби екені анық. Саналы тіршілік иесі діни дүниетанымда, бір-бірімен дүниеде екі рет теңесетіндігі бейнеленеді. Ол бірі жарық дүние есігін ашқана, екіншісі дүниеден өткенде.

Шынында да, күллі тіршілік иесінің бәріне бір туу, бір өлу бар. «Өмірдің түбі – өлу, шырақтың түбі – сөну» деген халық мақалын ескерсек, бәрі – табиғи заңды құбылыс. Ұлт танымында да «тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірдің өлшемі – уақыт» деп түсінік бар. Яғни, өмір белгілі бір мезгіл өлшеміне тәуелді.

Демек, барша тіршілік иесінің белгілі бір уақыт мөлшері аралығындағы іс- әрекетінің аяқталуы – ажалмен астасу. Сол себепті де батыстық ойшылдар да. Шығыс классиктері де, қазақ ақын-жыраулары да адам тіршілігінің ақиқатты болып табылатын өмірің жарқын тұсатары мен өмірлік мән-мағына және өлім феномені жайлы тоқтаусыз толғанып, осы мәселенің төңірегіндегі мәндімағыналы тұжырымдарын берген. Бұл тұжырымдар әрбір адамға өмірді мән-мағыналық тұрғыдан саралауға, өмірді мән мен өнегелі істермен толтыруға бағыттайтын құнды дүние болып табылады, яғни өмір құндылық ретінде бағаланып, ажал адам мойндауы керекті тіршіліктің соңғы ақиқаты екендігін көрсетеді..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет