АҢдатпа 6-бет 5-бет


– Бұқаралық ақпарат құрал-



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

– Бұқаралық ақпарат құрал-

дары  жайлы  ойыңызбен  де 

бөлісе отырсаңыз?

– Баспасөздің рөлін күшейту кезек 

күттірмейді.  Журналистер  кемшілік-

терді  қолмен  қойғандай  көрсетуге 

ұмтылғаны абзал. Қазақ «сын түзел-

мей, мін түзелмейді» дегенді бекер 

айтпаған.  БАҚ­тарға  шыққан  сыни 

материалдардың  соңы  сиырқұйым-

шақтанып кетеді. Оларға жауап беріп 

жатқан  ешкім  жоқ.  Баспасөз  мате­

риалдарына тиісті органдар баға бе­

ріп отырса, халықтың сенімі нығаяды. 

Мысалы  «Заң  газетіне»  заңдардың 

қайшылығы мен сот, прокурор, құқық 

қорғау  органдарының  кемшіліктері 

көптеп берілсе, көпшілік іздеп жүріп 

оқиды.  Мақтаудан  шынын  айтсам, 

коммунизмнен  де  асып  кеттік.  Көп 

мақтау  бірде  болмаса,  бірде  жарға 

жығады.   



– Өлім жазасы кесілетін қыл-

мыстар  санатын  арттыруды 

қолдайсыз ба?

–  БҰҰ­да  1980  жылғы  арнаулы 

конгресі  осы  жайтты  қарап,  күн 

тәртібінен  өлім  жазасын  қолданбау 

туралы мәселені мүлде алып тастады. 

Ондағылар:  «Бұған  ара ласпаймыз, 

бұл  әр  мемлекеттің  ішкі  жағдайына 

байланысты», – деді. Өлім жазасын 

алып тастауды ұсына тындардың ал­

ға  тартар  сылтауы  –  сот  қателесіп, 

өлім  жазасына  кесуі  мүм кін  десе, 

енді  біреулер  адамның  өмі рін  тек 

Алла  тағала  ғана  алатынын  айтады. 

Бұл  дәйектердің  бәрі  іс  жү зінде  оң 

шешімін таппады. Өйткені, өлім жа-

засы – қылмыстық жазаның ерекше 

түрі. Дейтұрғанмен, өлім жазасы қа-

зақта атам заманнан бар. Бізде қазір 

нормасына  жауапкершілік  күшей-

еді. Құқықтық норма – әділет жолы, 

адам,  қоғам,  мемлекет  мүддесінің 

үйлестірушісі,  заңдылық  пен  демо-

кратияның  даму  негізі.  Мемлекет 

басшысы  Н.Назарбаев  универси-

тетінде  «Қазақстан  білім  қоғамы 

жолында»  атты  интерактивті  дәріс 

оқыды.  Дәріс те  Президент  Қазақ­

станның  өркендеуі,  гүлденуі,  дүние 

жүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет 

санатында  көрінуі  үшін  құқықтық 

са уат тылықты, тәрбиені, сананы же­

тілдіру  қажеттілігіне  баса  назар  ау­

дарды.  Негі зі,  құқықтық  мемлекет 

– заң, құқық нормаларының мүлтіксіз 

орындалуынан  көрінеді.  Сондықтан, 

коммунистік тоталитарлық режимнің 

қалдықтарынан құтылып, сөзден іске 

көшкен абзал.



–  Даулы  істерді  шешуде 

өмірімізге  дендеп  еніп  жатқан 

қазіргі  медиация  институты 

бұрынғы бабалар тәсілінің жаңа 

түрі емес пе?

–  Кез  келген  даулы  мәселенің 

сотта шешілетіні Конституцияда жа-

зылған. Медиация тәртібі, сотқа дей-

інгі  татуластыру  шаралары,  төрелік, 

мұның  бәрі  бұрынғы  бабаларымыз­

дың  ақ  жолы.  Екі  жақты  келістіріп, 

өзара  туындаған  дауды  сотсыз  ше-

шудің  қазіргі  қоғам  үшін  пайдасы 

зор.  Себебі,  өнбес  дауды  қуғаннан 

ештеңе  шықпайды.  Дау  атаулының 

қашанда  тараптар  бітімгершілігі­

мен біткені жақсы. Істі медиациямен 

шеш кісі  келетіндерге  баж  салығын 

қайтарып,  мемлекет  жақсы  стимул 

жасап отыр.



–  Ұстаздардың  білім-білігі 

де  көп  сынға  ұшырап  жатады. 

Соны жою жолдары бар ма?

– Білім берудің негізгі көзі – білік-

ті  ұстаз  екені  ақиқат  және  осыған 

орай заң оқу орындарында ұстаздық 

қызметке  қабылдарда  ең  алдымен 

олардың  өзі  оқытатын  пәннің  шын 

мәніндегі білгірі екендігі, сот, тергеу, 

құқық  қорғау  қызметіндегі  тәжіри-

бесі,  болашақ  заңгерлерді  әділет-

тілікке  тәрбиелейтін  өзіндік  адами 

қасиеттері, дәріс берудегі шешендік 

ерекшеліктері басты назарға алынуы 

керек.  Оқытушыларды  конкурстық 

қызметке алғанда алдымен студент-

терге  дәріс  оқытып,  олардың  білім 

деңгейін студенттердің де бағалаға-

ны  дұрыс.  Өйткені,  бүгінде  ғылыми 

дәрежесі  барлар  көп,  ал,  студент-

терге дәріс беру, шынайы ұстаз болу 

Орайы келген әңгіме



Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, академик:

«БҮГІНГІ КҮНДІ КӨРГЕН 

ҰРПАҚ БАҚЫТТЫ»

Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев 1941 жылы 15 маусымда Қырғызстанның Тоқмақ қаласында туған. 

Балалық шағы Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қастек ауылында өтеді. 1967–1970 жылдары Қа-

зақстан Ғылым академиясының Философия және құқық институтында, 1973–1978 жылдары Алматы 

облысы сотында қызмет істеген. 1978–1981 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқы-

тушы болған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 

доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Оның ғылыми жұмыстары қылмыстық 

құқық, криминал мәселелерін зерттеуге арналған. 2 монография, 10 ғылыми-әдістемелік оқу құралы-

ның авторы. Қарасай батыр, Сұраншы батыр, Сүйінбай, Жамбыл туралы бірнеше тарихи очерктері үшін 

халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың лауреаты болды. 

1990 жылдан бүгінге дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де еңбек етуде. 1997 жылы докторлық дис-

сертациясын қорғады. Заң саласында қазақ тілінде 800-дей ғылыми-әдістемелік еңбек жазды. Бүгінде 

университеттен құқықтық тәрбие орталығын ашып, жастардың құқықтық сауатын жетілдіруге үлес 

қосуда. Заң жобаларын ұсыну, жастарды заң шығаруға тарту, заңнан аттамауға үйрету, әдет-ғұрып, 

дәстүрлерді бойларына сіңіру бұл күні ұстаздың басты мақсатына айналған. 2003 жылы ҚР Еңбек сіңір-

ген қайраткері атағын алды.

мараторий,  қылмыстың  екі  түрінде 

ғана өлім жазасы қолданылады. Өте 

ауыр қылмыстарға өлім жазасы сөз-

сіз керек. Мысалы, балаларға қиянат 

жасағандарды, өте қауіпті қылмысқа 

барғандарды  аяудың  қажеті  жоқ. 

Заң әділ болсын. Қаңғыбастар әдейі 

қылмыс жасайды. Себебі, олар түзеу 

мекемелеріндегі  дайын  тамақ  пен 

дайын  төсекке  үйренген.  Өте  ауыр 

қылмыс  жасағандардың  өмір  сүру-

ге  қаншалықты  қақысы  бар?  Сон-

дықтан, ауыр қылмыстардың санатын 

қайта қарауды қазіргі күннің өзі талап 

етіп отыр. Оны азайтып, әшекейлеуді 

жағдай көтермейді. Сонда заң дұрыс 

болады. 


–  Сіз  айтып  отырған  мінсіз 

заңды жасау мүмкін бе?

– Тағы да қайталап айтамын, заң-

ды түзеу үшін, алдымен Парламентті 

жөндеу керек. Әкімшілік орындардан 

босаған шенеуніктерді Парламентке 

апарудың  қажеті  жоқ.  Олардан  түк 

шықпайтынын  өмірдің  өзі  дәлелдеп 

отыр.  Заң  шығаруда  ғалымдар  мен 

депутаттар бір жағадан бас, бір жең-

нен  қол  шығара  жұмыс  істегенде 

ғана  жоғары  жетістіктерге  жетеміз. 

Халық арасынан білікті азаматтарды 

билікке  көптеп  тартсақ,  белсенділік 

артып, заңның сапасы да жақсармақ. 

Дүние жүзінің  заңдарымен  қатар, 

өзіміздің тарихи заңдарымызды зерт-

теу  керек.  Ғылыми­зерттеу  инсти-

туттарымен  біріге  жұмыс  істегенде 

ғана ол заң сапалы жазылады. Бізде 

бір мекеме заң жобасын дайындай-

ды,  депутаттар  атүсті  отырып  қол 

кө тереді.  Сонымен  қабылданады. 

Мы салы,  Жер  туралы  заңның  соңы 

не болды? Ақыр соңында Президент 

мараторий  жариялады.  Мемлекет 

басшысы  «Халыққа  ұнамаған  заң 

маған керегі жоқ», деп орынды айтты.

–  Құқықтық  мемлекеттің 

ерек шелігі неде дер едіңіз?

–  Құқықтық  мемлекетте  бірінші 

құ қық,  норма,  әділеттілік,  құқық 

өте  жауапты  іс.  Өзінің  білім­білігін 

жұмысқа қабылданбас бұрын дәлел-

дей  алған  мұғалім  өзінің  жағымсыз 

әрекеттерімен сенімге селкеу түсір-

мейді.  Жоғары  білімді  заңгерлердің 

білім саласы тиісті дәрежеде болса, 

мемлекетімізде заңдылық пен құқық 

тәртібі де жоғарылайды. Сонда ғана 

біз алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің 

қатарында кіре аламыз.

– Оқырмандарға айтарыңыз?

–  Біздің  Қазақстанның  егемен 

ел  болғанын  көріп,  қатты  қуандық, 

арманымыз орындалып, тәуелсіз ел 

болдық, қазақ деген халықты дүние 

жүзі таныды. Қазіргі студенттер тәу-

елсіздік алғаннан кейінгі дүниеге кел-

ген жастар. Бұл азаматтарға ғылым-

ды,  білімді  дамытуға  ерекше  үлес 

қосуға  толық  мүмкіндіктер  жасалу-

да.  Сондықтан,  осы  мүмкіндіктерді 

пайдалануға  ұмтылу  керек.  Биыл 

75­ке келдім. Ғұмырымды заң сала-

сына, шәкірт тәрбиелеуге арнадым. 

Көргеніміз  бен  көңілге  түйгенімізді 

жастар  санасына  құю  бізге  парыз.  

Бар  арманым  ата  жолын  сақтап, 

ұлт  мұрасын  ұрпаққа  ұлағаттау, 

бабалар өсиетін жаңғырту. Шетелге 

еліктемей, керісінше, өз әдет­ғұрпы-

мызды  оларға  үлгі  етсек,  одан,  ал-

дымен өзіміз пайда көреміз. Әйтпесе, 

жастар  бүгінде  түрлі  келеңсіздікке 

бой алдыруда. Мысалы, Тәуке ханның 

тура  жолында  ең  ауыр  қылмыстың 

біріншісі – кісі өлтіру болса, екіншісі  

–  зинақорлық.  Еліктеу  салдарынан 

бізде  осы  қылмыстар  белең  алды. 

Біздің әдет­ғұрпымызға қайшы қыл-

мыстар  болуда.  Жетім  бала,  жесір 

әйел  көбейді.  «Ел  боламын  десең, 

бесігіңді  түзе»  деген  даналық  жай 

сөз  емес.  Қазақстанда  бірнеше  эт-

ностың өкілі тұратынына мақтанамыз. 

Тұрсын, бірақ, олар қазақ тілін біліп, 

мәдениетімізді  сақтасын,  қазақты 

құрметтесін! Өзгені емес, өз халқы-

мызды көбейтуді ойлайық.



– Әңгімеңізге рақмет.

Түймегүл СМАҒҰЛ,

«Заң газеті»

6

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

Осыдан тура ширек ғасыр бұрын, яғни 1991 

жылы 16 желтоқсанда еліміз өз тәуелсіздігін 

жариялап,  Қазақстан  Республикасы  егемен 

ел  ретінде  дүниежүзіне  таныла  бастады. 

«Егемен  болмай,  ел  болмас»  деп  ата-баба-

ларымыз  жырлағандай,  егемендік  алған 

аз  уақыт  ішінде  еліміз  адам  танымастай 

өзгерді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың салиқалы 

саясатының, қазақ халқының, елімізді мекен-

дейтін  басқа  да  ұлттар  мен  ұлыстардың 

бір  мақсатқа  бағытталған  бірлігінің,  дос-

тығының,  қажырлы  еңбегінің  арқасында 

мемлекетіміз тәуелсіз ел ретінде аяғынан нық 

тұрды.  Осы  жылдар  ішінде  мемлекетіміздің 

бағыт-бағдарын  айтқындайтын  негізгі  заң  – 

Конституциямыз  қабылданды.  Мемлекеттік 

биліктің  басқару  жүйесі  қалыптасты,  алға 

қойған  мақсаттарымыз  айқындалды.  Еліміз 

әлемге танылып, лайықты орнына ие болды. 

Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігін 

алған ширек ғасыр ішінде толағай табыстарға 

қол жеткізді. Осы уақыт ішіндегі қоғамдық-саяси, 

әлеуметтік-экономикалық,  рухани-мәдени 

өмірімізде қол жеткізген табыстарымыз көңіл 

қуантарлықтай.  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың 

бастамасымен  жүзеге  асырылып  жатқан 

халқымыздың  әл-ауқатын  көтеруге,  тұрмыс-

жағдайын жақсартуға бағытталған сан-салалы 

іс  шаралар,  іргелі  жобалар  мен  маңызды 

бағдарламалардың сәтті орындалуы еліміздің 

абырой-беделін арттырды.

Президент  Н.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық 

нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму» 

атты  дәстүрлі  Жолдауында  елімізде  жүзеге 

асырылатын  іс-шаралардың  басым  бағыт-

тарын  айқындап,  алда  тұрған  асқарлы 

жаңа  міндеттерді  белгілеп  берді.  Жолдауда 

Елбасымыз  осы  жүріп  өткен  кезеңді  «Бұл 

–  Тәуелсіздігімізді  нығайту  жолындағы 

өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін 

қорытындылайтын  мерейлі  сәт»  деп  ерекше 

атап көрсетті.

Еліміз  тәуелсіздігін  алған  ширек  ғасыр 

ішінде  мемлекетіміздің  саяси-экономикалық 

және мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. 

Еліміздің  негізгі  заңына  сәйкес,  Қазақстан 

Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, 

құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 

орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  – 

адам  және  адамның  өмірі,  құқықтары  мен 

бостандықтары  болып  табылады.  Еліміз 

өз  тәуелсіздігін  алған  жылдар  ішінде  осы 

басты  қағидаттарды  басты  назарда  ұстады 

және  туындаған  қиындықтарға  қарамастан 

ұдайы    даму  жолында  болды.  Оған  айқын 

дәлел – өткен жылы Елбасы Н.Назарбаевтың 

бастамасымен жарияланған «Ұлт жоспары-100 

қадам:  баршаға  арналған  қазіргі  заманғы 

мемлекет» бағдарламасы.

Елбасының  сөзімен  айтқанда,  «100 

нақты  қадам»  –  бұл  жаһандық  және  ішкі 

сын-қатерлерге  жауап  және  сонымен  бір 

мезгілде,  жаңа  тарихи  жағдайларда  ұлттың 

дамыған  мемлекеттердің  отыздығына  кіру 

жөніндегі жоспары. Жоспардың негізгі мақсаты 

–  «аурудың  сыртқы  белгілерін»  сылап-сипап 

қою  емес,  оларды  «жүйелі  емдеу»  болып 

табылатын  қоғам  мен  мемлекетті  түбегейлі 

қайта өзгертуге негіз қалайды.

 «100 нақты қадам» бес институционалды 

реформаны  жүзеге  асыруды  көздейді.  Олар 

кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заң үстемдігін 

қамтамасыз  ету,  баршаға  арналған  қазіргі 

заманғы мемлекет құру, біртектілік пен бірлік 

және есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. 

Өткен  жылы  осы  бес  институтционалды 

реформаны  нақты жүзеге асыруға бағытталған 

дайындық жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 

аз уақыт ішінде 59 заң қабылданып, биылғы 

жылдан бастап біз осы жоспарды нақты жүзеге 

асыруға кірістік.

Тәуелсіздік  алған  25  жыл  ішінде  биліктің 

бір  тармағы  болып  табылатын  сот  билігі  де 

күрделі  қалыптасу  жолынан  өтіп,  аяғынан 

нық тұрды деп айта аламыз. Еліміздің негізгі 

заңы  –  Конституцияға  сәйкес,  Қазақстан 

Республикасында  сот  төрелігін  тек  сот 

қана  жүзеге  асырады.  Сот  билігі  Қазақстан 

Республикасының атынан жүзеге асырылады 

және  өзіне  азаматтар  мен  ұйымдардың 

құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды 

мүдделерін  қорғауды,  республика  Кости-

туциясының, заңдарының, өзге де нормативтік 

құқықтық  актілерінің,  халықаралық  шарт-

тарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат 

етіп  қояды.  Судья  сот  төрелегін  іске  асыру 

кезінде  тәуелсіз  және  Коституция  мен  заңға 

ғана бағынады.

Бүгінгі күні сот билігі коммунистік партия-

ның  басшылығы  мен  мүддесіне  негізделген 

кеңестік  сот  жүйесінен  әр  азаматтың  заң 

алдындағы  теңдігі  мен  мүддесін  қорғауға 

негізделген, оңтайландырылған сот жүйесіне 

көшті. Сот билігі мен сот жүйесін жетілдіруде  

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының аясын-

да  жарияланған  бес  институционалдық 

реформаның  алатын  орны  ерекше.  Заңның 

үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-

шараларды  жүзеге  асыруға  байланысты  сот 

жүйесі бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы 

сот жүйесіне көшті. Сот сатыларының азаюы 

істердің  тез  қаралуын  және  азаматтардың 

сот  төрелгіне  қолжетімділігін  жеңілдетуге, 

сотқа деген халықтың сенімін күшейтуге, әр 

сот сатысының істі қараудағы жауапкершілігін 

арттыруға бағытталған. 

Сот билігін жүргізетін тұлға судья болған-

дықтан, оған деген талап айтарлықтай күшейтілді. 

Ендігі жерде судья болу үшін сот саласында бес 

жыл еңбек өтілі бар, бір жыл тағылымдамадан, 

бір  жыл  сынақ  мерзімінен  өткен,  одан  кейін 

облыстық  соттың  жалпы  жиналысында  оң 

қорытынды алу шарт. Осындай сыннан өткен 

адам  ғана  судья  бола  алады.  Судьялардың 

зейнетақымен,  тағы  басқа  материалдық 

құндылықтармен  жан-жақты  қамтылуымен 

бірге, оның күнделікті жұмысына, адами мінез-

құлқына,  кәсіби  деңгейіне  деген    талаптар 

мен  жауаптылық  артпақ.  Сотпен  қаралатын 

істердің заң аясында қаралуын қамтамасыз ету 

мақсатымен ендігі жерде барлық сот процестері 

бейне және таспаға жазу арқылы қаралатын 

болады,  ол  жазбаларды  судьялар  түзетуге 

мүмкіндіктері болмайды. Халықтың сотқа деген 

сенімділігін арттыру мақсатында алқабилермен 

қаралатын қылмыстық істердің аясы кеңеймек, 

сондай-ақ,  адамдардың  конституциялық 

құқықтарын шектейтін барлық тергеу әрекеттері 

тергеу судьясының санкциялауымен жүргізілетін 

болады.  Тергеу  судьясы  сот  процесінде 

айыптау  мен  қорғау  арасындағы  теңгерімді 

қаматамасыз  етуге  міндетті.  Осы  және  тағы 

басқа құрылымдық және ұйымдастырушылық 

шараларын  жүзеге  асыру  сот  билігіндегі 

заң  үстемдігін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  іс-

шаралардың  барлығы  сайып  келгенде 

елміздің  егемендігін  баянды  етіп,  еліміздің 

дамыған мемлекеттер қатарына қосудың алғы 

шарттарын жасайды. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық 

реформаны  жүзеге  асыру  бойынша  100 

нақты  қадам»  –  Ұлт  жоспарын  орындаудың 

практикалық  кезеңі  басталды.  Судьялар 

қауымдастығы  бұл  жоспардың  сәтті  іске 

асатындығына  сенімді,  себебі  бұл  жос-

пар  қиялға,  болжамға  емес  нақты  іске 

асыруға  болатын  программатикалық  нақ-

ты  тұжырымдарға  негізделген.  Елбасы 

Н.Назарбаев тың сөзімен айтсақ, «Ұлт жоспары 

–  қазақстандық  арманға  бастайтын  жол. 

Біз  өзіміздің  қазақстандық  арманымыздың 

орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне 

сенімді түрде қол жеткізетін боламыз».

Б.МЕРГЕМБАЕВ, 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан 

аудандық сотының төрағасы

Әлемдік аренада ойып тұрып орын алатын 

Қазақстанды дамыған отыз озық елдің қатары-

на  енгізуге  мүмкіндік  беретін  Президенттің 

«100  нақты  қадам»  –  Ұлт  жоспарымен  бір 

адамдай  болып  танысып  шықтық.  Байқа-

ғанымыздай, әр қадамның ерекше қоғамдық-

саяси маңызы бар, онда кәсіби мемлекеттік 

аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасымз 

ету,  индустрияландыру  және  экономикалық 

өсім,  біртектілік  пен  бірлік,  есеп  беретін 

мемлекетті  қалыптастыру  секілді  ауқымды 

мақсат-міндеттер  қойылған.  Бұл  құжатта 

қойылған  талап  үдесінен  шыға  білсек  үздік 

елдер қатарына қосыларымыз күмәнсіз

Қазақстан  дамуының  25-жылдығында 

жүргізіліп  жатқан  күрделі  реформалану 

нәтижесінде  әділсот  үдерістеріне  халықтың 

қолжетімділігі арта түсуде. Былтырғы жылдың 

өзінде  осы  бағыттар  бойынша  бірқатар 

ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылдың 

басынан бері сот органдарының автоматтық 

жүйесі  жүйелі  жұмыс  жасай  бастаған. 

Ақпараттық технологиялар да сот өндірісіне 

енгізілді,  ал  бұл  дегеніңіз  бюрократиялық 

кедергілерді жоюға ықпал етіп, сот жүйесінің 

ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың 

алдын алуға септігін тигізіп жатыр.

Шындығында, 100 нақты қадамда үшінші 

билікке жүктеліп отырған тапсырманың бірі – 

сот инстанцияларын қысқартуға бағытталған 

болатын.  Бұл  дер  кезінде  айтылған,  дұрыс 

ұсыныс. Өйткені, сот жүйесінің бес сатылық 

үлгісі  Кеңес  Одағынан  бері  келе  жатқан 

әрі  әлем  елдерінде  қолданудан  қалып 

бара  жатқан  ескі  үлгі  болды.  Ал  дамыған 

әлем  елдерінің  басым  бөлігі  үш  сатылы 

жүйеде  қызметті  жандандырып,  қарапайым 

халықтың  көңілінен  шығып  отыр.  Міне,  Ұлт 

жоспарын орындау мақсатында заңнамаларға 

өзгерістер  енгізіліп,  қазір  сот  төрелігі  үш 

сатыда  атқарылатын  болды.  Осылайша 

Қазақ стан  сот  жүйесіндегі  оң  өзгерістер 

арқылы халықаралық стандарттарға бір қадам 

жақындай түскені сөзсіз.

Жаңа  реформаға  сәйкес,  облыстық 

сот тарда  тек  апелляциялық  сатылар  ғана 

қалды, ал кассациялық саты Жоғарғы Соттың 

құзырына енді. Аралық сатылардың қысқаруы 

қаржы мен уақытты үнемдегенін қазір көпшілік 

те біліп, соттағы игі іске оң бағасын беруде.

Реформа  аясындағы  екінші  бір  басты 

мәселе кәсіби сот жүйесін дамытуды көздейді. 

Азаматтардың  сот  жүйесіне  сенімділігін 

арттыру көп жағдайда судьялардың кәсібилік 

деңгейіне  байланысты  болып  табылады. 

Жалпы, әр саладағы негізгі мәселені кадрдың 

шешетіні  еш  талас  тудырмаса  керек.  Кадр-

лық  біліктілік  мәселесі  сот  саласының  да 

күн  тәртібінен  ешқашан  түскен  емес.  Ұлт 

жоспарында  да  Елбасы  судьяларға  қатысты 

қойылатын  біліктілік  талаптарын  күшейтіп, 

судья  лауазымына  кандидаттарды  іріктеу 

тетігін қатайтуды жүктеді.

Сонымен  қатар,  реформалар  аясында 

соттардың  есептілігі  де  күшейтіле  түсті. 

Бұл  ретте  судья  этикасына  арналған  жаңа 

кодекс әзірленуде, ол қазан айына белгіленіп 

отырған  Республика  судьяларының  VІІ-

съезінде  қабылданады  деп  жоспарлануда. 

Оның негізінде ҚР Жоғарғы Сотының жанынан 

құрылатын арнайы сот алқасына судьялардың 

әрекеттеріне  шағымдану  үшін  заңды  және 

жеке тұлғалардың құқықтары кеңейтіле түсті. 

Жалпы,  Жоғарғы  Сот  жанында  екі  комиссия 

жұмыс істейтін болады.

Қазір  барлық  сот  процестерінде  дыбыс- 

бейнежазбаларды енгізу қажеттілігі туындады. 

Бұл ретте аталмыш жоспар орындалып бітті, 

өйткені,  қазіргі  таңда  Атырау  облысы  сот-

тарының сот отырыстарының барлық зал дары 

дыбыс-бейнежазба  құрылғыларымен  толық 

жабдықталды.

Елбасымыз  Н.Назарбаев  республика 

судьяларының съезінде сот корпусының кәсі-

билігін арттыру маңызды екенін, ешкімнің де 

қателік  жібермейтініне  кепілдік  жоқ  екенін, 

бірақ, судьялар жұмысындағы қателіктер барша 

қоғам үшін және әрбір адам үшін қымбатқа 

түсетінін,  судьяларға  заң  атынан  әділеттілік 

үшін  әрекет  ету  сеніп  тапсырылғанын,  бұл 

оларға екі есе жауапкершілік жүктейтінін, бұл 

міндеттің шешімі ең алдымен сот құрылымы 

жүйесін  жаңғыртуды  қажет  ететінін  айтты. 

Осы тапсырмалардың әрқайсысының салмағы 

ауыр, міндеті жоғары.

Президенттің судьялар біліктілігіне қойыла-

тын  талаптарды  күшейтуі  заман  талабы-

нан  туындап  отырған  мәселе.  Себебі,  Ата 

Заңымызбен сот төрелігін Қазақстан Респуб-

ликасының  атынан  соттардың  ғана  жүзеге 

асыратыны  белгіленген.  Ал,  осындай  үлкен 

міндет  жүктеліп  отырған  лауазымға  кім 

көрінгеннің келмеуі үшін талаптың күшейтілуі 

орынды.

Тәуелсіздік  жылдарында  соттар  бұрынғы 



ЖЕТІСТІККЕ 

ТОЛЫ 


РЕФОРМА – 

ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІН 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ 

КЕПІЛІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет