Қадыр Анар кро 18-1 Қосалқы, қосарлы, оңашаланған айқындауыштар



Дата23.04.2023
өлшемі14,77 Kb.
#85803

Қадыр Анар
КРО 18-1
1.Қосалқы, қосарлы, оңашаланған айқындауыштар
Қосалқы айқындауыш, әдетте, зат есімдерге қатысты болып, солардың лексикалық мағыналарын заттық, сапалық жағынан қосымша айқыңдайды.
Мәселен, Абай ақын, Қамбар батыр, Біржан сал, Омар ақсақал, Ұлжан бәйбіше және тағы осындай тіркестердегі зат есімнен кейінгі сөздер олардың ерекше белгілерін атап көрсету арқылы сөйлемнің жалпы мазмұнына қосымша мағына беріп, толықтырып тұр.
Қосарлы айқындауыштар қазақ тілінде көп кездеспейді. Олар орыс тілінен енген терминдер алынған және орысшадан қазақшаға аудару процесінде тілімізге соңғы кездерде ғана еніп, қазақ әдеби тілінің де нормасына айналып келеді.
Қазіргі тілімізде кездесетін телефон-автомат, инженер-технолог, лексика-семантикалық, жазушы-ғалым, ақын-жазушы т.б. тәрізді қос сөздердің бірі екіншісін немесе керісінше айқындап тұрады. Бұлар осы қалыптасқан қосарлы күйінде сөйлемнің кез келген мүшесі бола алады. Әйел-ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе?.
Қазақ тілінде ең көп қолданылатын айқындауыш түрі -оңашаланған айқындауыштар. Айқындауыштың бұл түрі өзі айқындайтын сөзінен кейін трып, сол сөзді, сөйлем мүшесін мағыналық жағынан нақтылай, саралай, дәлдей түседі.
Оңашаланған айқындауыштар өзі айқындайтын сөздерімен тұлғалас болып, онымен мүшелік жағынан тең дәрежеде келеді де, айтылуда интонациялық жағынан басқа мүшелерде ерекшеленіп, жазуда үтір немесе сызықшамен ажыратылады. Оңашаланған мүшелер құрамы жағынан жеке сөздер де, сөз тіркестері де, тіпті, сөйлем де бола алады: Сол арманын Ербол апарып, әуелі Тоғжанның жеңгесіне, Асылбектің келіншегіне, айтыпты.
2.Оқшау сөздер: қаратпа, қыстырма, одағайлар
Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.
1.Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиетте кездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың (Жамбыл).
2.Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)
3.Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет