Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет1/16
Дата30.11.2022
өлшемі102,56 Kb.
#53633
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) – индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып. Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда. Эмоцияның әсерінен адам өзінің ішкі сезімдерін немесе оның сезімдерінің мәнін түсіне бастайды. Күшті, бірақ аз уақыттық эмоцияны аффект деп атайды. Ал терең әрі тұрақтыны сезім деп атайды. Эмоция – бұл психикалық процесс, әрекетті импульсивті қалыптастыратын негізгі сезім бейнесінің қажеттілігінің сыртқы әрекетінің мәні. Индивидке сыртқы жағдайлардың жағымды және жағымсыз әсер етуі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция организмнің эволюцияда жақсы адаптациялану нәтижесінде пайда болды. Эмоция - әр уақытта қосвалентті (екі полюсі бар). Олар: жағымды және жағымсыз. Жеке заттар құрылымы және жағдайлардың маңыздылығы эмоцияны тудыра отырып, организмге сай келетін әректтерге бағыттайды. Эмоция түйсік сияқты психиканың негізгі құрылысы. Егер түйсікті материалды жағынан бейнелесе, ал эмоцияда әртүрлі жағдайларда субъективті қарым-қатынаста болады. Эмоциялар ішкі белгілердің функциясын атқарады, ал олар заттық іс-әрекеттің тікелей психикалық бейнесі болып табылмайды. Мотивтер және жетістіктер арасындағы қатынастарды бейнелеу эмоциялардың ерекшелігінен тұрады. Сонымен қатар бұл жерде осы қатынастардың рефлекциясы жайлы емес, олардың тікелей сезімдік бейнеленуі, күйзелістері жайлы сөз болып тұр. Сөйтіп, олар мотивтің актуалдануынан есебін және субьектінің өзінің іс-әрекетін бағалауына дейін пайда болды.Сыртқы жағдайлардың әсерінен импульстер миға екі ағынмен әсер етеді. Оның бірі ми қыртысының өзіне сай зонасына бағытталып, осы импульстер қабылданып, оны түйсіну мен қабылдау ретінде қабылданады. Екінші ағын оларды мидың қыртысастылық қабатына (гипоталамус) алып барып, артынша оларды субъективті эмоция түрінде орындауға мүмкіндік береді. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатыннас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін тоғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам – кесек, махаббатсыз адам - есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандайда себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға » келіп оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым – қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды. Сезім ауқымы өте кең: екініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену -Мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және, құбылыс тарымен жасауынан туындаған арқылы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін кіректі де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір өшкен өмір. Ұлы ғұлама А.Науаи "Сезімсіз адам кесек, махаббатсыз адам — есек" - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қаңдай да себептермен болмай калса, адам "эмоциялық ашырқауға" келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, өсерлі фильмдер көріп не қымқиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Оқушылар іс әрекетінде эмоциялар мен сезімдердің алатын орны зор. Себебі оқыту және тәрбиелеу процесстерінің табыстылығы оқушылардың эмоциялық және сезімдік деңгейле қабылдауына тікелей байланысты. Оқушыларда сезім мен эмоциялардың жалпы танымдық процесстері барысында алатын орны зор екендігі зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет