Қайырымдылық – асыл қасиет Орындаған: Ошақбаева А.Е. 7 Д сынып М а қ с а т ы:
Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру
Қазіргі таңда қайырымдылық іске асырылып отырғандығы жайында мәліметтер беру
Халқымызда қайырымдылық жасац дәстүрінің жалғасуы
«Жасаған жақсылығың сатулы болмасын» Ата-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық - ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды»
Көрші-қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
2. Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге ет-май деп майда малын уақытша болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлік-жай деп көшуге, малға жем-шөп даярлауға түйе беріп көмектескен. 3. Сауын деп кедей-кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген .
Қайырымдылық – асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір-біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Рамазан айы – мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда мұсылмандар пітір таратады. Бір-біріне қолынан келгенше қайырымдылық жасайды.
Мейірім – жақсы, залымдық жаман дейсің, Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп. Жан ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай, Өткен адам – өсіп-өсіп құлаған бір бәйтерек. (Ш.Құдайбердиев) қайырымдылық рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақгы көмек беруге үмтылу). Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де корініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ