Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет20/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162
БАЯНҒАЛИ МЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ 
Баянғали:
тойға келген құрметтi,
елге сәлем беремiз.
Жер шоқтығы Көкшетау,
Жерден сәлем беремiз.
ынтымақты көп ұлтты,
елден сәлем беремiз.
Хан ордасы Көкшетау,
Ән ордасы Көкшетау,
Қай қиырдан, шетелден,
Келген мейман бәрiсi,
Айтатұғын жер ғой деп,


51
Айтыс VI том
мақтап барған Көкшетау.
Кемел ойлы хан Кене,
найзағайдай наурызбай,
табыннан шыққан Бұқарбай,
Шапырашты Бұғыбай,
иман, Жәуке, төлебай – 
Батырлардың барлығын,
Бiр заманда аңырап,
Жоқтап қалған Көкшетау.
Қамшы батып сауырға,
Кеудесiн тосын дауылға,
Жүрегiнен қан саулап,
түренмен төсiн тiлсе де,
түп-тамырын қиғызбай,
дiн мен тiлiн қазақтың,
сақтап қалған Көкшетау.
Қасиеттi, киелi,
ел боп келген Көкшетау.
Кене атамның тойында,
Жақсыларын көрсетiп,
өрнектеген Көкшетау.
Кенекемнiң тойында,
елдiң басы нұрсұлтан,
тон жағасы нұрсұлтан –
Қасиеттi кiсi кеп,
Құрмет көрген Көкшетау.
Кенекең жастайынан тереңдеген,
елiнiң ертеңiне елеңдеген.
Бас ұрмай бодандыққа бұзып шыққан,
далада еркiн өскен өрендермен.
«Алған беттен қайтпаймын халқым үшiн,
Керемет ерлiк жасап өлем!» – деген.
Батырлық жолдан таймай мерт болғанда,
Алаштың шерлi жүзi төмендеген.
Алашқа азаттықты Алла берiп,
Жырлаймыз бiз мақтанып өлеңменен.
Арманы орындалып хан Кенемнiң,
мемлекет болдық мiне, кемелденген.


52
Қазақ өнерінің антологиясы
Айналайын, ағайын,
төгiлсiн бүгiн жырымыз,
Жарық та болсын күнiмiз.
Қасымызда бiр жүйрiк – 
дәулеткерей iнiмiз,
Көптен берi бiлемiз,
Бiрiмiздi бiрiмiз.
елге арналсын, шырағым,
Бүгiнгi бiздiң жырымыз.
Айналайын iнiм-ау,
Жүйрiк аттай шаптың ба?
ой арнасын бақтың ба?
отызға келiп бұзатын,
ордаң менен күнi ертең,
Алатұғын, шырағым,
Қамалыңды таптың ба?
Жә, болмаса бiр өзiң,
Қой қораны бұзғанға,
мәз-мәйрам боп жатсың ба?
Айналайын, шырағым,
Жастарға ерiп бүгiнгi,
Апиын, наша таттың ба?
Базарларда қағынып,
Жұрт қалтасын қақтың ба?
Жә, болмаса, шырағым,
ел-жұртыңның бiр нұрын,
Аспанға сен жақтың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет