«Академиялық хат» пәні Мәлімдеме Тақырыбы



бет1/7
Дата27.11.2022
өлшемі35,29 Kb.
#52908
  1   2   3   4   5   6   7

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
«Академиялық хат» пәні

Мәлімдеме
Тақырыбы: Академиялық жазылым пәніне кіріспе. Академиялық жазылым және оның ерекшелігі
Орындаған Ерходжаева Нигара
Докторонтура Медицина 1 курс
Түркістан 2022

Академиялық жазылым дегеніміз – зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі. Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. «Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады.


Академиялық жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. Академиялық жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Академиялық жазылым – бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. «Академиялық жазылым дағдысын білу – бұл академиялық ортада табысты болудың негізі», – дейді Ресей ғалымы И.Б. Короткина. Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады. Айталық, мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігін анықтайды.
Шетелдік тәжірибеде «Академиялық жазылым» пәні EAP – English for Academic Purposes (академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі) пәнін оқыту арқылы жақсы таныс. Оның ғылыми-әдістемелік базасы өте жақсы әзірленген, оқу құралдары жеткілікті. Бұл пән Батыста Академиялық оқылым, Академиялық тыңдалым және Академиялық сөйлеу (Academic Reading, Academic Listening және Academic Speaking) сияқты академиялық дағдыларды дамытуға бағытталған кешендік пәндердің қатарынан орын алады. Академиялық жазылым бағдарламалары шетелде ауқымды рөл атқарады, яғни оған маман даярлаудың барлық кезеңінде білім берудің (жекелеген курстар бойынша жазбаша жұмыс түрінде есеп беру), зерттеу жұмыстарының (жоба, диссертациялар жазу), дереккөздермен жұмыс істеу, сілтеме беру сияқты әмбебап зерттеу жұмыстарының ажырамас бөлігі ретінде маңызды көңіл бөлінеді. АҚШ пен Еуропаның барлық ірі университеттерінде академиялық жазылым орталықтары бар және олар арнайы мамандандырылған орталықтармен ынтымақтастықта бірлесіп қызмет етеді. Академиялық жазылымды оқытудың алғашқы қарлығашы ретінде британдық университтеттерді танимыз.
Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі оның лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра алмау қазақ бөлімінде оқитын барлық студентке тән сипат болып келеді, осыған байланысты оқытушының алдында студентте кемшін түсіп жатқан дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана алуына көмектесу міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар:
1) зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
2) конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
3) өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
4) болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
5) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.
Академиялық оқылым және жазылымның қазіргі академиялық қызметке бағдарлануы сабақ беретін оқытушылардың студенттермен жұмыс барысында біршама қиындықтар тудырды. Студенттердің жалпытілдік құзыреттерінің төмен болуы, өз беттерімен пайымдау жасай алмайтындықтары, оқылған мәтінді (ғылыми жұмыстарды) сауатты баяндай алмайтындықтары оларға бірден ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге кедергі келтірді. Олардың сөйлеу әрекетінің оқылым, айтылым және тыңдалым сияқты түрлеріне қарағанда жазу дағдыларының артта қалып қойғандығы анық байқалды. Осыған байланысты студенттердің эссе, ғылыми мақала, сауалнама, жоба сияқты бүгінгі таңда кеңінен қолданылатын жұмыстарды жазуда қиналғандарын атап өткіміз келеді.
Академиялық сауаттылық – әртүрлі ақпаратпен жұмыс істей білу, өзгелердің идеяларын түсініп, оны қабылдай білу, өз идеясын айтып, оны негіздей білу.Академиялық сауаттылықжаңаша сауаттылықтың басым компоненті болып табылады. Цифрлық сауаттылықтан айырмашылығы тек білім беру жүйесінде дамиды. Сөзіміздің соңында елімізде академиялық жазылымды мектеп партасынан бастап жоғары оқу орындарының студенттеріне дейін (бірінші курстан бастап соңғы бітіруші курсқа дейін) меңгертіп, тіпті мамандарды қайта даярлауға қатысты да жүзеге асыру қажет деген ұсыныс айтқымыз келеді.
Қазіргі студент – болашақ маман академиялық сауаттылық дағдыларын терең меңгермейінше, әлеуметтік кеңістікке шығуы мүмкін еместігін, кәсіби және ғылыми ортада оның бәсекеге қабілеттілігінің шектеулі болатындығын жоғары оқу орнына түскен кезінен бастап түсіне білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет