Алдшңа барсам » «Қаш ан$кайьі ң жетеді жаі?»


Айханым:  Квартира мен машинасын да кос. Айым



жүктеу 1.95 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата21.03.2017
өлшемі1.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Айханым:  Квартира мен машинасын да кос.

Айым:  Қойшы,  менің оларға қызықпайтынымды білесің.

Айханым:  Сонда да.  Ол бүгінгі күні кыздардың басты нысанасы.

Айым:

Арман 


Мирас

Квартирасы жоқ -  

Квартирасы бар +

Машинасы жок - 

Машинасы бар  +

\йханым:  Сонымен?


ДРАМЛТУРГИЯ

шашшыл жас

2013  №1  (3)

Айым: Жазып болған сияқтымын.

Айханым: Нәтижесін айтшы енді, білгім келіп барады.

Айым: Арманда екі минус, Мираста біреу.

Айханым: Иэ, ол кандай минустар?

Айым:  Арманның үйі  мен  көлігі  жоқ,  оның  минустары  осы.  Мирастың  минусы -  қазақ тілін 

жетікбілмеуі.



Айханым: Міне, «минус» пен «плюс» сен үшін бэрін шешіп берген секілді.

Айым:  Мүмкін.  Алайда,  Арманның  екі  кемшілігінің  Мирастың  бір  кемшілігінен  салмағы 

жеңіл.


Айханым: Өзің айтпап па едің «қазақша сөйлейтін адамдар катарын толықтырамын» деп, соған 

қарағанда бүны керісінше жақсыға жору керек. Оған қоса, қазір қыздар үйі, көлігі бар жігіттерді 

үнатпаса  да,  соңдарынан  жаңағы  байлықгары  үшін  жүгіреді.  Сен  болсаң  сондай  жігіттің  өзі 

саған келіп түрғанда одан бас тартуды ойлайсың. Мүның дүрыс емес! Әрине, келісемін, бірінші 

адамның өзіне, адамгершілігіне қарау керек, ол Мираста бар да. Дегенмен,  материалдық жағын 

да карастырған жон. Жарайды, Арманды сүйіп,  оған күйеуге шықтың делік.  Оның баспанасы, 

оны алатын акшасы да жок кой. Сосын балаларыңды қүшақтап, көшеде қаңғырып жүресіндер. 

Ал  пэтері  бар  жігітпен  шаңырак  көтерсең,  өзіңнің  жаның  тыныш  болады.  Қайда  барып 

түрамын, кай пәтердін жалдама акысы томен деп бас қатырмайсың.

Төртіншіакт 

Бірінші сахна

Айым мен Айханымнын бөлмесі. Екеуі әр түрлі такырыпта әңгімелесіп отыр.

Айханым:  Айым,  сен  қандай  бакыттысың!  «Жігіттердің»  концертіне  билет  алып,  сені 

шақырған Мирастың ісі үлгі түтарлық екен. Менің де барғым келеді...



Айым: Мен өзім тан қалдым. Бәсе, «сен «Жігіттер» тобынын эндерін тындайсын ба?» деп сүрай 

беруші  еді, енді,  міне, екеуміз бірге барамыз.  Қуанышымда шек жоқ.  Жэне бірінші қатардағы 

орындарға билет сатып алыпты. Бірак ол олеңдерді түсінбей, үйықтап кетпесе болғаны. 

Айханым:  Ол  казір  қайта  қазақша  түсініп,  эжептэуір  сөйлейтін  болды.  Қойшы,  бастысы, 

«Жігіттерді» көресіңдер, тыңдайсыңдар.



Екеуі  колдарына  бір-бір  билет  алып,  соларға  мәз  болып  қарап  отырған  кезде 

бөлмеге  Арман  кірді.  Жанында  орта  бойлы,  кара  торы,  қысықкөз,  томпақ  мүрын, 

үстіндеғі киіміне темекі түтінін иісі әбден сініп қалған бір жігіт бар.

Арман: Қалайсындар, қыздар?

Айханым: Керемет!

Айым: Рахмет, жақсы. Өзің ше?

Арман: Мен де жақсымын. Қасымдағы серігім бүгіннен бастап сендердің көршілерің болатын, 

менімен бір бөлмеде түратын Қуаныш деген жігіт. Машфакта 3-курста оқиды. Сендердей жақсы 

қыздармен таныстыруға әкелдім.

Қуаныш: Сэлеметсіздер ме?

Айым:Сэлем!

Айханым: Қалайсың?

Қуаныш: Жаксы. Жарайды, элі таныса жатармыз, мен заттарымды реттейін.

Арман: Жарайды.Жаңа мен көрсеткен жерлерге нәрселерінді қоя бер. Мен казір келемін.

Арман іштей оқталып, не болса ол болсын деп, Айымды «Жігіттердің» концертіне 

шақырмақшы еді. Екі билет те алып қойды.

39


шшыл жас

13  №1  (3)

ДРАМАТУРГИЯ

Арман: (іштей) Мирас казақша дұрыс ұқпайды ғой, осындай топ бар екенін білмейтін де шығар. 

Ал «Жігіттер» Айымның ең сүйікті әншілері. Дос ретінде оған концертке бірге баруға ұсыныс 

жасайын. Кештен шыққан соң оған өзін ұнататынымды айтамын. Бұдан эрі ішімде сақтай алар 

емеспін. Бэлкім, екеуінің обалына қалармын. Дегенмен, шешім қабылдау Айымның еркінде. Ол 

не десе де сөзін дұрыс деп есептейтін боламын.

Айханым, дэлізде біреу сені шақырып, айқайлап жатқан сияқты.



Айханым: Жоға, естимін ғой

Аздаған үнсіздіктен сон

Арман:  Айханым, Қуанышқа көмектесіп  келші. Жаңадан келді ғой.

Айханым Арманның Айыммен оцашада қалдыруын өтініп түрганын енді түсінді.

Айханым:  Жарайды, мен кеттім.

Арман:  Иә, иә, көріп кел.  Айым?

Айым:  Тыңдап отырмын.

Арман: Келесі аптада «Жігіттер» келеді екен, концерт береді.

Айым: Білемін, эр баскан кадам сайын афишалары ілініп тұр ғой.

Арман: Мен екі билет алып койдым: саған жэне маған. Меніменбірге барасыңба?

Айым: Арман, негізі...

Арман: Иә, не болды?

Айым: Мирас шақырып қойған. Билетті де берді. Ренжіме!

Арман:  Ештеңе  етпейді.  Сенікі  дұрыс.  Мен  де  жігіті  бар  кызға  «концертке  барайық»  деп 

ұсыныс жасап, қателестім. Қайта сен айып етпе.



Арман  бөлмеден  шыгып  кетті.  Ол  Айым  міндетті  түрде  келіседі  деген  сенімде  болды. 

Екінші бір нүска болады дегенді мүлде ойламады.

Арман:  Мен  Айым  келіседі  деп  накты  сенімді  болдым.  Ал,  ол  болса...  Ол  болса өз жігітімен 

барады.  Дұрыс.  Адал  екен.  Мирас  оны  концертке  шақырса,  демек  қазақша  толық  түсінетін 

болды  ғой.Бұрынгы  кезбен  салыстырғанда  қазақ  тіліндегі  сөздік  қоры  да  байып  қалғандай 

көрінеді. Айым кандай керемет кыз!  Осы уақытқа дейін ана тілінде шала түсініп, шала сөйлей 

алатын жігітті қазақиландырып келеді...

Бекерге  үміттеніппін,  бекер.  Енді  накты  бэрі  бітті.  Бұрын  жүрегімде  үмітімнін  шоғы 

болатын, казір ошіп калды. Айымнын баска жігітті тандағанын мойындауым керек. Оған деген 

сезімімді ұмытуға тиіспін.



Осындай  ойлармен  қарама-қарсы  жақтагы  өз  бөлмесіне  дейін  жеткен  уақыт  та, 

бөлмелер аралыгы да тым үзақ болып көрінді. Өні куарып, бөлмесіне кірді.

Айханым:  Арман, саған не болған? Бозарып кетіпсің.  Бэрі дұрыс па?

Арман еш үндеместен төсегіне жата қалды. Айханым Айым бүған жайсыз бірдеңе 

айтты  ма деген оймен  мәселенін мәнісін білу үшін  бөлмесіне қарай жүгірді.  Болмеге 

кірсе, Айым да бір заттан  көз алмай, кірпік қақпай, терен ойға беріліп  кетіпті.

Айханым:  Айым,  не болды?  Арман не деді, сен не дедің? Бөлмесіне кіргенде түрінен  шошып 

кеттім. Жүзі аппақ болып келді. Не жағдай?



Айым: Ол «Жігіттер» тобының концертіне шақырды.

Айханым: Сен не дедің?

ДРЛМАТУРГИЯ

Алашшыл жас

2013  №1  (3)

Айым:  «Мені  Мирас  шакырып  қойды,  сенімен  бірге  бара аламаймын» дедім.  Енді  «андамай 

сойлеген  ауырмай  оледінің»  күйін  кешіп  отырмын.Мүмкін,  бүл  Арман  екеуміздің 

қосылуымызға жаксы бір мүмкіндік болар ма еді.  Мирасқа бір сылтау тауып, Арманға келісім 

беруім керек пе еді. Соны ойлап, басым қатып отыр.



Айханым: Уайымға салына бермеші. Бір жөні болар.

Екінші сахна

Мирас пен Айым жатакхананын алдында  қол ұстасып тұр. Екеуі кинотеатрға 

барып  келген еді. Жігіт оны  көлігімен үйіне әкелді.

Айым:  Мирас, біз ертең концертке бармайтын шығармыз 

Мирас:  Неге?

Айым:  Сабақтан үлгере алмай жүрмін.

Мирас:  Жарайды.  Просто ты ведь сильно любишь эту группу. Сен көрсін деп ойлап едім. 

Айым:  Но не получится.

Мирас:  Сенің айтқаныңдай болсын.

Айым:  Сен ренжімейсің ғой?

Мирас: Жоқ.  Главное то, что бы сен ренжімедің.

Айым:  Нет, конечно, не обижусь.  Маған осыншама көңіл бөлгеніңе куаныштымын. Рахмет 

саған.


Мирас:  Мен сені сүйемін ғой.

Айым:  Егер мен билеттерді досыма берсем қарсы болмайсың ба?

Мирас:  Жоға, кімге подаришь?

Айым:  Айханымға, оның барғысы келген.

Мирас:  Біздің сыйлық болсын,  барып келсін.

Үшінші сахна

Арман  мен Қуаныш бөлмеде кешкі ас ішіп отыр.

Қуаныш: Арман, сенің жүріп жүрген қызың бар ма?

Арман:Жоқ 

Қуаныш:  Неге?

Арман:  Білмеймін.

Қуаныш:  Ал маған көрші  қыз қатты ұнады.  Сұлу, ақылды, пысық, әдепті, сымбаты жақсы. 

Арман:  Кімді айтасың?

Қуаныш:  Айымды, әрине. Оған ғашық болып қалдым.

Арман  қақалып, шашалды. Тамағынан  ас өтпеді.

Арман:  Оның жігіті бар.

Қуаныш.  Болса бола берсін.  Не стенка же, подвинем.

Осы  кезде Арманнын телефонына хабарлама келеді.

Арман:  Кім екен  мені  іздеген?  Билайн шығар тағы.  «Сумма на вашем счете составляетменее 

150 тенге. Не забудьте пополнить баланс» деп жіберетін. Менің қамымды ойласа,  150 теңгеден 

асырып оздері салып бермей ме.

Қуаныш: Мүмкін саған ғашык көп кыздың бірі шыгар. Солай сиякты. Сезіп отырмын.

Арман: Жоға

Қуаныш: Телефоныңды алып, карасайшы.


---------------------------------------- -

ДРАМАТУРГИЯ 

і

Арман  келген  хабарламаны  оқыса,  Айымнан  екен.  «Тезірек  бөлмеге  келші»  деп 

жазыпты.

Төртіншісахна

Арман Айымныц отініші бойынша оған келді. Айым жалғыз, сабақ оқып отыр екен.

Айым: Кел, төрлет, Арман.

Арман: Бірдеңе болып қалды ма?

Айым: Босағадатұрмай, отырсайшы. Ертең «Жігіттердің» концерті.

Арман: Білемін.

Айым: Сен өткенде алған екі билет кайда?

Арман: Қуанышқа бердім. Саған керек пе еді?

Айым: Менде екі билет бар.

Арман: А, иә, сен жігітіңмен барасың ғой.

Айым: Жоқ, бармаймын.

Арман: Неге? Ол сені ренжітті ме?

Айым: Жоқ.Мен сенімен барайын дегенмін.

Арман оз құлағына озі сенбеді. Өңі әлде түсі екенін айыра алмады.

Арман: Не дедің? Жаңылыс естіп қадмадым ба?

Айым: Егер қаласаң, қарсы болмасаң, концертке бірге барайық.

Арман: Мирас ше?

Айым: «Оған бара алмаймын, сабақ оқуым керек, үлгере алмай жүрмін» дедім.

Арман: Оны алдадың ғой.

Айым: Сенің көціліңді кайтарғым келмеді.

Арман: Келістік. Ертең бірге «Жігіттер» тобының концертіне барамыз.

Арманныц  қуанышында  шек  жоқ.  Айыммен  концертке  баратын  болды.  Оны 

үнататынын  айтуға  ең  қолайлы  сәт.  Бірақ 

көз  алдына  Мирас  келгенде,  көңілі  су 

сепкендей басылды. Оны аяды.

Бесінші акт 

Біріншісахна

Арман билеттерді Қуанышка сыйлап қойған еді. Айымнын Арманмен баратынын 

білген  соң, ол  Айханымға  концертке баруға үсыныс  жасады.  Сөйтіп,  Армен  мен  Айым, 

Қуаныш  пен  Айханым  бірге  қалалық мәдениет сарайына баратын  болды.  Алайда түсте 

Арманныц шүғыл жүмыстары болды да, Қуанышқа үйге сәл кешірек келетінін ескертті. 

Кешігіп жатса, өзін күте түруын өтінді. Мүны пайдаланған Қуаныштын ойына бір жоспар 

келді.

Айым  мен  Айханым  әдемі  көйлектерін  киіп,  боянып  дайын  отыр.  «Жігіттерді» 

көретіндеріне мәз.

Айым:  Айханым,  мен  Мирастың  аркасына  пышақ салғандай  болдым,  иә?  «Бармаймын»  деп 

жалған  айттым.  Ол  мен  үйде  сабақ  оқып  отыр  деп  ойлайды.  Ал  мен  болсам  көңіл  көтеріп 

жүрмін.

Айханым:  Койшы,  ол  сенің күйеуің  бе  еді? Жок!  Арманмен  бірге  концертке барғанда не бар 

екен.


42

шшыл  жас

II3  №1  (3)

ДРАМЛТУРГИЯ

Алашшыл жас

2013  №1  (3)

Айым: Сонда да ыңғайсыз. Көңілім жай таппай, мазасызданып отырмын.

Айханым: Бэрі жақсы болады, алаңдама.

Бөлмеге Қуаныш кірді.

Қуаныш: Кыздар, дайынсыңдар ма?

Айым: Арман қайда?

Қуаныш:  Ол  бізді  мәдениет  сарайының  жанында  күтіп  тұр.  Менің  бір  досым  келген,  сол 

көлікпен апарып тастайды. Жүріңцер.



Айханым: Жарайды.

Қуаныш.  А,  айтпақшы,  Айханым,  жаңа  жатақхананың  директоры  саған  дереу  келіп  кетсін 

деген. Маңызды дейді. Осында келе жатқанымды көріп, маған айта салшы деді.



Айханым:  Туф-ф-ф,  бүнысы  несі?  Бірдеңе  болып  қалды  ма  екен?  Сол  баяғы  кезекшілік 

мэселесін ретте дейтін шығар.Мен қазір кіріп шығайын.



Қуаныш: Онда біз Айым екеуміз жүре берейік, сен озің келерсің.

Айханым: Күте түрыңдар, көп болмайтын шығармын.

Қуаныш: Жаңа оған Майра апай кірді Соған карағанда аздап кідіресің.

Айым:  Иә,  сенің  барғанын  дүрыс.  Оның  мінезін  білесің ғой,  айтқанын  істемесең  «аяғыңнан 

шалып жүреді». Коніліне жақпасаң, жатакханадан шығарып жіберуі мүмкін.



Айханым:  Жарайды,  бара  беріндер.  Кешігіп  қалмаңдар.  Мен  шаруаларым  біткен  соң 

барармын... Неге кеш болғанда шақырған, одан басқа уақыт жоқ секілді.  Көңіл-күйімді  бүзып 

жіберді тура.

Қуаныш: Досымды бөгемейік, күтіп қалды. Ол асығыс еді. Сонымен, біз Айым екеуміз кеттік

сен сәлден соң кел, Арман болса бізді сол жақта күтіп отыр. Дүрыс айттым ба бәрін?



Айым: Дэл солай.

Екіншісахна

Қуаныш  пен  Айым  далага  шықса,  жатақхана  алдында  ауылдын  соқпақ 

жолдарымен  жүретіні  анық  байқалып  түрған,  жүрсе  сынып  кететіндей  көрінетін  бір 

«Жигули» түр.  Қуаныш  Айымды  сол  көлікке  қарай  алып  барды.  Ішінде  екі жігіт отыр 

екен.

Айым: Сәлеметсіздер ме?

Жүргізуші: Сәлем, сүлу қыз!

Қуаныш: Ал, достым, кеттік. Айым, телефоныңды бере түршы, әндер жазып алайын дегенмін. 

Айым: Міне, ала ғой.

Қуаныш:  (ішінен) Басы жаман емес. Телефонды сондіріп кояйын, әйтпесе ана Арман қоңырау 

шалып қалса... Жігіті де хабарласып қалуы мүмкін.



Айым: Біз конңертке барамыз ғой. Сіз басқа көшеге бүрылдыңыз.

Қуаныш: Қазір мына досымды апарып тастайық, сосын барамыз.

Айым Кешігіп қалмасақ болғаны.

(ішінен)  Мына  оңбағанмен  баруға  қалай  ғана  келістім.  Осы  Қуаныш  маған  үнамайды.  Түрі 

суық, содан-ақ жаксы адам  емес  екені  корініп түр.  Сабакка бармайды.  Күні бойы ұйыктайды, 

түні бойы қыдырады. Аузынан темекісін тастамайды. Осындай екенін біле тұра көлікке міндім. 

Айханыммен калуым керек еді, оны жалғыз тастап кеттім.

Үшіншісахна

Арман  жүгіріп  жатақханаға  кірді.  Айымды  алып  кету  үшін.  Сол  кезде  дәлізде 

Айханыммен кездесіп қалды.

43


ДРАМАТУРГИЯ

иіханым:  Арман, сен неге келдің? Қуаныш пен Айым барған жок па? 

ірман:  Қайда? Олар қайда кетті? 

иіханым: Концертке.

ірман: Жоқ, мен Қуанышка сэл кешігіп келетінімді айтып, мені күтуін сұрап едім ғой.

Ійханым: Қуаныш: «Арман ГДК жақга күтіп жүр» деді. 

фман: Қызық... Ал сен неге бармай жүрсің?

иіханым:  Қуаныш  Сэуле  Берікқызы  шақырып  жатыр  деген  соң  барғанмын,  ал  ол  кісі  мені 

иақырмапты.



^рман: Сонда Айым мен Қуаныш бірге кетті ме? 

иіханым: Иэ, Қуаныштыңдосынынмашпнасымен.

^рман: Бэрі біртүрлі. Мүныңастарында басқабір нэрсебарсияқты. Айымғахабарласайыншы. 

Гөртіншісахна

^рман  мен  Айханым  жатақхана  алдында  түр.  Екеуі  Қуанышқа  да,  Айымға  да 

іабарламаса алар емес. Телефондары өшірулі.

\йханым:  Бүларға  не  болды  екен?  Әлде  жол  апатына  үшырады  ма?  Жок,  бірден  жаман 

)йламайын.



\рман: Мен ойлағандай болмасын...

\йханым: Сен не ойлап түрсың?

\рман:  Өткенде  Қуаныш  Айымға  ғашык болып  қалдым  деген,  мен  болсам  оған  аса  зор  мэн 

эермедім. Ақымақбасым-ай.



Айханым: Тұра тұр, сонда сен Қуаныш Айымды алып қашты деп ойлайсың ба?

Арман: Мүмкін.

Айханым: Қойшы, қорқытпашы мені.

Арман: Уақыт өткізуге болмайды.

Айханым: Сонда не істейміз?

Арман: Дереу көліктауып, Қуаныштың ауылына бару керек.

Айханым: Ол қандай ауыл? Көлікті қайдан табамыз?

Арман: Қаладан 50 шақырым жерде. Көлікті қайдан табатынымызды білмеймін.

Айханымның телефоны шырылдады.

Айханым: Алло, Мирас?

Мирас:  Привет,  Айханым:  Айым  жанында  ма,  сабақ  оқып  отыр  ма?  Телефонды  берші, 

ренжімесең. У нее мобильный телефон отключен.



Айханым: Қасымда емес, қайда екенін білмеймін. (жылап жіберді)

Мирас: Не болды? Что с Айым? Сен кайдасың?

Айханым: Білмеймін, жатақханадамын.

Мирас: Мен қазір келемін.

Мирас көлігімен тез келді. Арман мен Айханым оған барлық жайтты айтты. Үшеуі 

көлікке отырып, Қуаныштың ауылына бет алды.

Бесіншісахна

Айым  мен  Қуаныш  және  жүргізуші  бар  көлік  қала  сыртындағы  жолмен  келеді. 

Айымның денесі қорқыныштан қалтырай бастады.

ДРАМАТУРГИЯ

Айым: Біз кайда бара жатырмыз? Мені осы жерде қалдырып кетіңдер. Ешкайда да бармаймын. 

Жүргізуші: Менің үйіме бара жатырмыз. Сыйлы қонақ боласың.

Айым:  Кімнің  үйіне  болсын  бармаймын.  Қонақ  кылып,  күтпей-ақ  қойыңыз.  Көлікті 

тоқтатыңыз, мен шығамын.

Жүргізуші: Сүлуым, не болды? Саған жамандық ойламаймыз.

Айымның денесін үрей биледі. Не ойларын да білмеді. Жаны түршігіп кетті. Жүріп 

келе жатқан көліктің есігін ашып, секіріп кетпекші болды.

Қуаныш: Мүның не? Өлейін деп пе едің?

Айым:  Сендермен осылайша, кайда кетіп бара жатқанымды білмей, еркімнен тыс отырғанша 

өлгенім артық.



Жүргізуші: Менің үйіме, қонаққа дедім емес пе?!

Қуаныш: Қорықпа, саған қастандық ойламаймын ғой. Керісінше, қуана бер.

Айым: Қуанатын дәнеңе жоқ.

Осылай  сөз  таластырып  келе  жатқанда  көлік  бір  ауылға  бүрылды.  Ауыл  іші  караңғы. 

Кейбір үйлердің шамдары ғана жарық беріп түр. Тыныштықты әр жерден үрген иттердін 

даусы  бүзады.  Көлік  шеткі  көшедеғі  екінші  үйдің  жанына  барып  тоқтады.  Бүдан  басқа 

тағы үш-төрт көлік түр екен. Үй ішінен шыққан адамдар қарасы көбейе түсті.

Жүргізуші: Келдік.

Қуаныш: Жүр,түсеміз.

Айым  үн-түнсіз.  Тірі  өлік  сияқты  кейіпте.  Мәселенің  бәрін  енді  үқты.  Жол  бойы 

«олай  бола  қоймас»  деғенмен  ойындағысы  дәл  келді.  Оны  алып  қашып  келді.  Келін 

қылып түсірмек. Не істерін білмеді. Көз алдына ата-әжесі, әке-шешесі, туыстары, достары 

келді. Арман мен Мирастың бейнесі елестеді.

Қуаныш: Коліктентүссеңші.

Жүргізуші:  Қүттыктаймын, сүлуым!  Келін болдың.  Осы шаңырақты бақытты қыл.  Туыстар, 

ағайын! Келінді қарсы алыңыздар. Келін сіздерге, көрімдік маған.



Қуаныш:  Сен  бэрін өзің де түсініп  отырсың.  Мен саған  бір көргеннен ғашык болдым.  Саған 

деген махаббатым шексіз.  Сені ешкімге де қимаймын, сондықтан алып қашуға бел байладым. 

Атадан  келе  жатқан  дәстүр  ғой.  Оған  қарсы  бола  алмассың.  Бүрындары  эжелеріміз 

аталарымызды  білмесе де түрмысқа шығып, үлкен бір әулеттің тірегі болды емес пе?!  Қазіргі 

танда  да  жас  отаулардың  үштен  бір  бөлігі  осылай  қүралып  жатыр.  Біз  де  солардың  біріміз. 

Мүмкін,  қазір  сен  мені  жек  көріп  отырған  шығарсың,  бірақ  бэрі  жақсы  болады.  Мен  сені 

бақытты етемін. Кәне, енді ата-ененді, қайынжүртыңцы көп күттірме. Екеуміз ең жақсы отбасы 

боламыз, маған сен.



Айым  онын  сөздерін  естісе  де  естімегендей  болды.  Бүл  түзаққа  қалай  түсіп  калғанын 

аңғармады.  Туған-туыстарынын  жүзіне  қалай  қарарын  білмеді.  Осы  сәтте  иысық 

жеңғелердің бірі көлікке келіп, есіғін ашты.

Жеңғе:  Айналайын,  келінжан,  қош  келдің!  Келген  қадамың  қүтты  болсын!  Кәне,  қысылма, 

жүре ғой.



45

ДРАМАТУРГИЯ

\йымнын  қолынан  тартып,  көліктен  шыгарып  алды.  Аулада  жнналган  20-30  шақты 

ідамнын  бәрінін  назары  Айымда.  Ол  мүндай  көріністі  көріп  шошып  кетті.  Басына 

>рамал салғалы тұрған әженін қолын қақты.

Уіым: Мені күштеп әкелді, калмаймын, кетемін.

\уаныш: Олай деме, үят болады.

\й ы м : Ал сенің мені еріксіз экелгенің үят емес пе сонда? Келген жолыммен кетемін.



Жеңге: Қарағым, сабаңа түс, жылама.

Эже: Келін болып түскен кыздың бэрі осылай дейді. Шырағым, біздің үйге келін болып түскен 

хж, сені ешқайда жібермейміз. Кеткің келсе, мына 80-ге таяп калған мені аттап,  бірақ барасың.



Чйымнын  есіне  анасынын  сөздері түсті. «Қайтып  келген  қыз жаман».  Қыз  бала болған 

:он  бәріне  төзіп,  шыдау  керек.  «Төркініне  қайынжүртымен  сыймай,  қайтып  келіпті» 

іеген сняқты сөздер кыздын туыстарын жерге каратады» деуші еді.

Эже:  Бісміллэй!  Мына ақ орамалды басыңа байладым, кызым.  Осы ақ түс секілді сен де жаңа 

^йіңе қүт-береке экелгейсің.  Енді  жоғары  шык,  айналайын, он аяғыңмен босағаны  аттап, үйге 

сір.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет