Алеуметтану тероиясы indb


Америкадағы радикалды әлеуметтану: Ч. Райт Миллс



Pdf көрінісі
бет183/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   596
Америкадағы радикалды әлеуметтану: Ч. Райт Миллс
Марксистік теория беделді америкалық әлеуметтанушылар арасында еленбе-
ді, бірақ ол әлеуметтанушылардың арасында Ч. Райт Миллс сынды оқшаулан-
ғандары да болды (1916–1962). Миллс әлеуметтану теориясында марксистік 
теорияның айтарлықтай ұзақ уақыт орнығуына барынша ықпал еткенін атап 
өту керек. Заманауи марксистік әлеуметтанушылар Миллстің теориялық көз-
қа ра сынан озып кетті, бірақ олар жеке және маман ретіндегі белсенділігі мен 
шығармашылық базаны қалыптастырғаны үшін Миллстің алдында қарыздар 
(Alt, 1985–1986). Миллс марксист болған жоқ, тіпті Маркстің еңбектерін 1950 
жылдардың ортасына дейін оқымаған. Одан кейін де тек бірнеше ағыл шын ті-
ліне аударылған еңбектерімен ғана танысуға мүмкіндігі болды. Себебі ол неміс 
тілінде оқи алмайтын. Миллс өзінің маңызды туындыларын сол кезге дейін 
жариялап үлгергендіктен, оның шығармашылығына марксистік теория ешқан-
дай өзгеріс әкеле қойған жоқ.
Миллс өзінің радикалды саяси көзқарастарын паш ететін екі маңызды 
туын дысын жазды, олар Миллстің марксистік теориямен қайшылықтарын 
да атап көрсетті. Алғашқы еңбегі – White Collar («Ақ жағалылар») (1951), ол 
интеллектуалды мамандық иелерінің жұмысының мәртебесін сынға алған 
болатын. Екінші еңбегі – Power Elite («Элиталық күш») (1956), Америкада-
ғы белгілі бизнесмендер, әскери адамдар мен сая саткерлердің топтары үстем 
болғанын атап өтеді (Zweigenhaft and Domhoff, 2006). Осы еңбектермен бірге 
Миллстің ең күрделі теориялық кітабы жарық көрді, ол Character and Social 
Structure («Кейіпкер және әлеуметтік құрылым») (Gerth and Mills, 1953) деп 
аталды, туынды Ханс Гертпен (N. Gerth, 1993) бірге жазылды.
Миллстің радикализмі оны америкалық әлеуметтанушылардың шеттетуіне 
әкеп соқтырды. Миллс үлкен сынға ұшырады және өз алдына әлеуметтану ғы-
лымының ірі сыншысына айналды. Оның сыни көзқарастары The Sociological 
Imagination («Әлеуметтанулық көрініс») (1959) аталатын кітабында толық 
көрініс тапты. Ең үлкен сыны Толкотт Парсонсқа бағытталды, оның атақты 
теориясын аяусыз сынады.
Миллс 1962 жылы әлеуметтанудан алшақ жағдайда дүниеден өтті. Бірақ 
оншақты жылдардан кейін-ақ радикалды әлеуметтану мен марксистік теория 
(Levine, 2005) әлеуметтану пәнінде маңызды орынға ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет