Қалымбек Аян Советұлы



бет20/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Каспий. Су перісі
Бура қанды толқынына ырыс-құт,
Теңдеп алып кәрі Каспий көшеді.
Су перісі сүмбіл шашты, күміс түк,
Әлі күнге жүзеді онда деседі.
Бабам айтқан аңыз сірә, сұңғыла-ақ.
Тереңіне батырды.
Көкірегімде шайқалақтап мың бұлақ,
Періні іздеп бара жатам ақырғы.
Су перісі, о, үббем-ай соры аппақ.
Өрілмеген өлеңім.
Үш жүз алпыс әулием де қонақтап,
Арқама кіл, аруақтанып келемін.
Шақырады ол дауыстап.
Естимін де, елти басам. Нетемін?!
Ол менімен жан мен тәнін ауыспақ,
Ол ақын боп, мен пері боп кетемін.
Жылайтындай моншақ төгіп жанары,
Түнім, түнім қу маңдай.
Боз даламның бар әні,
Кеудемде ойнап тұрғандай.
Ес жиямын сандырақтап, құрығыр.
Сырлы су-ай, шайқалмаған шері көп.
...Мен онымен жолығамын түбі бір,
Ол ақын боп, мен кетемін пері боп.
...Наз...
Мен сені, сәулем, әкетер едім
алыс бір адал мекенге,
Өлеңді түндер өшпеске мәңгі
өрнек боп қалды шекемде.
Сағыныш билеп, сұрғылт әлемнің
сыртына жүрмін қонақтап,
Қайтермін, әнің мені іздеп барып
жолығып қалса бөтенге.

Кетер ме ек біздер күншілік жүріп


көңілім сүйген аймаққа.
Ақ көбелегім қонар ма екенсің
қасиетіңе сай баққа?!
Аппақ кемелер желкенін ылғи
жығып оралған не етермін,
Мен тұрақтарған айлаққа.
Көрініп қалар көздерімнен-ақ
жасырғаныммен жан шырай.
Беу, біздің көңіл көкжиегінен
көз жазған соқыр тамшыдай.
Жаралы болған маралдай болып
маңып кеткенің бейжаққа...
Мен жүрмін әлі, жаралы аңнан
ажалын күткен аңшыдай.

* * *

Сен сол кеште жоғалдың,


Жоғалдың да, біртүрлі боп оралдың.
Есігіңді тарс жауып,

Ешкімге де сыр айтпайтын боп алдың.


Мен шөлдеген мейірімнен безінген,
Бәрін көрдім көзіңнен.
Махаббатқа байланысты жырлардың,
Байланысы жоқ боп шықты өзіңмен.
Уысында күдікітің,
Күрең-күрең ойларыңа құнықтың.
Ертелі-кеш ауладағы құстарға,
Жем шашуды ұмыттың.
Жаның, тәнің өзгерді,
Өзгергенін көз көрді.
Жабырқата алсаң мені қаншама,
Соншалықты жұбата алдың өзге елді.
Ойна, ойна. Күл, мейлі.
Ойын от та, ақыр соңы күл дейді.
Жаза бастым дегенің не жаным-ау,
Көгершіндер сатқындықты білмейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет