Қалымбек Аян Советұлы


P/S Көз алдымда өлең отыр жанарына мұң тұнып. * * *



бет22/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Байланысты:
olender

P/S

Көз алдымда өлең отыр жанарына мұң тұнып.


* * *
Боз торғайдың тәтті үні шырылдап,

Кеңістікке шашылады тарап үн.

Үнсіз бүрлеп келер ұрпақ – құлын бақ,

Өзен ұрттап айдың әлсіз арайын.


Қара бұлттар көктен құлап шірік іш,

Жұлдыз ақты төбе құйқам тілініп.

Әлеміме жаңбыр жауды.

Құбылыс...


Ақ аспанның сәби иісін сіңіріп.

Түнді біреу күзетеді тасадан,

Қаңғып кеткен ғаламда...

Мен ғарыштық бақытымды жасағам,

Жұпар көңге аунап алып әманда.
Мамықтай түн құшағына қарсы алып,

Батыс шеттен нұр тамады шырынды,

Жүрегіме жасырамын арпалып...

Жер мен Көкке сыймайтұғын мұңымды.



* * *
Өлең шөптің басында күннің нұры ұялап,

Күздің демі сап-салқын тамағымнан үрлейді.

Ғажайыпқа сүңгуге сана - масаң, ми - олақ,

Жылқы исі жусатқан жұмыр бауыр күңгейді.


Шарайнаға түсірген алақанда күн толқып.

Шіркін-дүние, дөңгелеп киіз үйдің жұртында.

Ирек сағым, имиген жоталарда шын қалқып,

Қойлы ауыл – қара өлең, қоңыр таудың ұртында.


Ызғар ізі ауаның шымылдығын тербетіп,

Үскірік жел жалайды тұлымымнан сиыр тіл.

Қызыл отты жонымен түңілікті кеулетіп,

Иенге ағып кетеді қалам ұшта құйын – жыр.


Қыр сүгреті мөр болып қарашықта мойылдай,

Күзгі дала жұпыны, жапырақтан әр тайған.

Көк Тәңірге жалғайтын күре жолдың бойындай,

Біздің үйдің түтіні будақтайды Алтайдан.


* * *
Көкжиектен желбіреп күлгін түсті құрақ түн,

Іңір кетіп барады іргесінде бұлақтың.

Гүл қарайды дірілдеп уақыттың ізіне,

Жанарына шылап мұң...

Ай сәулесі жамырап ақ отаудың төрінде.

Сары шәугім ентіккен қара ошақтың белінде.

Шаңырақтан төгілген бозторғайдың әуені

Ұқсай берді өмірге...


Үй ішінде маужырап әлсіз майшам шырағы,

Cаумал иісі қалықтап паң ауаны ұрады.

Әжім шалған ақ жүзін құбылаға түзеп ап

Әжем сәжде қылады...


Бұлт үріккенде жиектен қайыс шылбыр сүйретіп,

Бұлғын қашты далаға ақ қорымды күйретіп.

Төбемдегі аспанда түн аруы билейді.

Жұлдыздардан күй кетіп...


Қой-аршаға құйылып қою қара күміс - түн,

Шұрқыраған жылқыдан көкке қарай сіңісті үн.

Салқын самал құлайды таңдайыма адырдан

Бал дәміндей қымыздың.


Суық
Алақанға Айдың мұңын жұқтырып,
Жұлдыз ағар өмір мəнін ұқтырып.
Түн келгенде қаламымды қинаймын,
Ой көшіріп өзегінен сұп-суық...


Түн де суық, гүл де суық бақтағы,
Суып біткен жаратылыс оттары.

Жылуыңды берген сайын суытар,
Қандай ғажап дүниенің қатпары?!

Əлем салқын, ішім тоңып жүдеген,
Күндерімде салқындық бар үдеген.
Айнадағы өз бейнемді танымай,
"Неткен суық"- деп айғайлап жіберем.

Ғасыр дерті тоңазыған ауыр мұң,
Көкжиектен сырғанайды дауыл-күн.
Жан қарыған суық сөздер демінен,
Жүрегіме салқын тиіп ауырдым.

Сызға оранып атар тағы жуық таң,
Қалай-қалай төгіледі уытты əн...
Мен о, баста ыстық едім негізі,
Сөздерменен көздер шығар суытқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет