Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Амр ибн Абасаның мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет24/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   349
Амр ибн Абасаның мұсылман болуы

Амр  ибн  Абаса  (р.а.)  былай  дейді:  «Надандық 

дәуірінде  адамдардың  адасып-азғындағанын  көріп, 

пұттардан  ешқандай  жақсылық  келмейтінін  біліп 

жүретінмін.  Бірде  Меккедегі  бір  кісінің  бұрын-соңды 

ел  естімеген  нәрселерді  айтып  жүргенін  құлағым  ша-

лып,  солай  қарай  жол  тарттым.  Расулаллаһ  ол  кезде 

дінді ашық уағыздамайтын. Алайда пайғамбарлық ту-

ралы  хабар  меккеліктердің  арасында  ауыздан-ауызға 

тарап кеткен еді. Меккеліктер оған үнемі тиісіп, келе-

72

  Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/24




44

Сахабалар салған сара жол

междеуге дайын тұратын. Мен ел көзінен тасалау бір 

жерде өзіне жолығып: 

–  Сіз кімсіз? – деп сұрадым. 

–  Аллаһтың расулымын, – деді ол.

–  Аллаһтың расулы деген кім? – деп сұрадым.

–  Расул – Аллаһтың бұйрықтарын жеткізуші елші 

деген сөз, – деп түсіндірді. 

– Сонда сізді елші етіп жіберген Аллаһ тағаланың 

өзі ме? – деп сұрадым. 

– Иә, мені Аллаһ жіберді, – деді ол

Олай болса, нені уағыздайсыз? –дедім. 

– Аллаһ жалғыз, Одан басқаға табынуға болмайды, 

меңіреу пұттар қиратылады және ағайын-жұрттың құқы 

қорғалады,  орынсыз  қан  төгілмейді,  жол  қауіпсіздігі 

қамтамасыз етіледі, – деді. 

–  Бұл  сөзіңізге  қосыламын.  Бар  айтқандарыңыз 

көкейіме  қонады!  Сізге  сенемін.  Бұған  дейін  осы 

айтқандарыңызды кімдер қабылдады? – дедім.

– Әбу Бәкір мен құлы Біләл Хабаши, – деп жауап 

берді ол. 

Менің  ниетімді  білген  соң,  «Қазір  жағдай  ауыр, 

маған  ергеніңді  біреу-міреу  естісе,  басыңа  әңгір-таяқ 

орнайды. Әзірше отбасыңа орал. Мен Исламды ашық 

түрде  уағыздап,  ақиқаттың  жеңгенін  көрген  кезіңде 

келерсің», – деді. 

Мен  мұсылман  болып,  үйіме  оралдым.  Уақыты 

жеткенде  Аллаһтың  елшісі  ақиқатты  ашық  түрде  жа-

риялап, Мәдинаға һижрет жасады. Өз басым әрдайым 

мұсылмандар  туралы  хабардар  болып  жүрдім. 

Мәдинадан  он  шақты  адамнан  құралған  бір  топ  кел-

генін көргенімде, сөзімді астарлап олардан: «Сендерге 

көшіп барған меккелік кісінің жағдайы нешік?» – деп 



45

Аллаһ пен расулына шақыру

сұрадым.  «Қауымы  ақыр  соңында  оны  өлтірмекші 

болған  еді,  бірақ  Аллаһ  бұған  жол  бермеді.  Несін 

айтасың,  кейінгі  уақытта  иман  келтіру  үшін  ел  оған 

топ-тобымен ағылуда», – деді. 

  Амр  ибн  Абаса  мұны  ести  сала,  дереу  Мәдинаға 

аттанады.  Пайғамбарға  жолығып:  «Уа,  Расулаллаһ! 

Мені  таныдыңыз  ба?»  –  деп  сұрайды.  Ардақты  елші 

(с.а.с.): «Иә, сен әлгі Меккеде маған келіп мойынсұнбақ 

болған адам емессің бе?» – деген кезде, Амр ибн Абаса: 

«Уа, Пайғамбарым! Содан бергі аралықта мен естімеген 

иләһи хабарлардан құлағдар етсеңіз», – дейді

73





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет