Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


Факторинг ұйымдастыру сызбасы (3 схема)



бет61/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141
Факторинг ұйымдастыру сызбасы (3 схема)

Факторинг компания
(банктің факторинг бөлімі)

Өнімді төлеу Құжа заттарды төлеу

Төлем құжаттарын Төлем қабілетін (несиелік


сатып – алу қабілетін талдау)
Жабдықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы

Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілген барлық шот – фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот – фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.


Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот – фактура соммасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімге несиелер нарығы) мөлшерлемеден 1 – 2 % - дай жоғары болып келеді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылуы негізіне факторинг туралы мәміле жатады. Онда факторинг операцияларының төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сомма, өтеу сый ақысының мөлшері, факторинг мәмілесін бұзу жағдайлары және тараптарын ойлары бойынша басқада мәмлілер.
Сонымен қатар, онда талаптарының өздеріне алған міндеттемелерін орындамай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктерді қарастырылады. Ондай жағдайларда тараптар бірінің алдында жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушыдан банк материялдық жауапта болып табылады.
Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфеденциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиенің сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызымет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент – кәсіпорынға өндіріспен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзгеде коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп 90 жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызыметінің банктер үшін тиімділігін айқындап, нәтежесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін операцияларға салғырттық танытуды.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 жылы халықаралық факторинг туралы конвенция бекітіген. Халықаралық факторинг туралы кез – келген мәміле төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

  • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

  • Борышқордан ақшалай қаржы алу;

  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет