Алматы энергетика


дәріс. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың экономикалық



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
7 дәріс. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың экономикалық 
негіздері
 
Дәрістің мақсаты: кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын, оны 
басқарудың, кәсіпорынның энергиямен жабдықталуының экономикалық 
тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етудің, кәсіпорында энергияны сақтау 
бойынша іс-шараларды жүргізудің маңызын түсінуді қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны: 
1) Кәсіпорынның 
энергетикалық 
шаруашылығы. 
Кәсіпорын 
шаруашылығы шығындар құрылымы. 
2) Кәсіпорындарды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырудың 
экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың ұтымды 
тәсілдерін таңдау әдістемесі.
3) Кәсіпорынның 
энергия 
үнемдеу 
саясаты. 
Кәсіпорынның 
энергоаудиті.
 
 
7.1 Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы
Не салалық, не өнеркәсіптік энергетика тұтас бір тұтас бола алмайды. 
Олардың құрамдас бөліктері өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындардың 
құрамына енгізілген және кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы деп 
аталады.
Кез келген кәсіпорынның энергия шаруашылығы – осы кәсіпорында 
энергияның әртүрлі түрлерімен қамтамасыз етуге арналған энергетикалық 
қондырғылардың және қосымша құрылғылардың жиынтығы.
Кәсіпорынның энергошаруашылығы бір жағынан отын-энергетикалық 
кешеннің маңызды бөлімі болып табылады және энергетиканың көптеген 
қасиеттеріне және ерекшеліктеріне ие, ал басқа жағынан сәйкес кәсіпорынның 
бөлімшесі – қосымша өндіріс ретінде оның құрамына кіреді. Мұндай екі 
жақтылық жоғарыда келтірілген өнеркәсіптік энергетиканың мақсатты 
атқарымының 
тұжырымдамасында, 
сондай-ақ, 
энергошаруашылық 
экономикасының ерекше қырларында көрініс табады.
Кәсіпорынның энергоқызметі әрбір жұмыс орнында жедел басқаруды 
жүзеге асыратын энергетикалық және энергия пайдаланатын технологиялық 
жабдыққа қызмет көрсететін жедел қызметкерлер құрамынан тұрады. Бұл 
ретте олардың міндеті процестерді тек технологиялық емес, энергетикалық 
көрсеткіштер бойынша тиімді енгізу болып табылады.
Энергияны пайдаланудың қазіргі заманғы деңгейінде белгілі 
ұйымдастыру-техникалық 
іс-шараларды 
жүргізу 
есебінен 
энергия 
шығындарының көптеген түрлері айтарлықтай азаюы мүмкін.
Энергия үнемдеу саясатының негізі – энергетикалық нарықтың барлық 
субъектілерінің энергоресурстардың барлық түрін сақтықпен жұмсау, сондай-
ақ, энергия шығынының ғылыми-негізделген нормаларын әзірлеу және 
қабылдау. 


44 
Кез келген энергияны үнемдеу өндірістік процестерде энергия 
пайдалануды талдаудан басталады. Мұндай талдаудың басты көрсеткіші – 
қондырғылардың 
ПӘК-і, 
олардағы 
энергияны 
тиімді 
пайдалану 
коэффицииенті және өнім бірлігіндегі энергияның меншікті шығыны.
Кәсіпорында ресурсты үнемдеу бойынша жұмыс келесі бағыттарда 
жүргізіледі:
- жабдықты ауыстыру (техникамен қайта қаруландыру);
- жабдықты жаңарту;
- қолданыстағы жабдықтың жүктемесін арттыру (интенсификация);
- энергия шығындарын азайту үшін қосымша құрылғыларды енгізу; 
- жабдықтың жұмыс параметрлерін өзгерту;
- энергияны қайта пайдалану (егер технологиялық процесс рұқсат етсе); 
- апаттарды талдау және жаңа апаттардың алдын алу.
Барлық аталған іс-шаралар оларды енгізудің экономикалық тиімділігін 
көрсететін экономикалық негіздемесіне ие болуы тиіс.
Экономикалық тиімділік (Э) қосымша капитал салымдарын (К) және
энергия үнемдеу жүйесіндегі тоқтап қалулар (О) ағынында түзетілген энергия 
көзіндегі үзілістерден туындайтын залалдың (У) алдын алатын өлшемі бар 
пайдалану бойынша қосымша шығындарды (И) салыстырумен анықталады:
И)
К

-
·О
н



У
Э

(7.1) 
мұндағы Е
н
– 0,15-ке тең экономикалық тиімділіктің коэффициент.
Энергия үнемдеу саясаты қосымша пайда алу және өнімнің бәсеке 
қабілеттігін арттырудың экономикалық тетігіне айналуы мүмкін.
Кәсіпорындағы экономикалық жұмыстың негізгі бөлігі шығындары 
есептеу болып табылады, себебі ол мақсатты нәтиженің пайда болу 
себептерінің экономикалық себептерін анықтау үшін қажет, осылайша 
басқару шешімдерін қабылдаудың алғышарттары белгіленеді.
Жүйеде шығындарды жасауды басқаруды іс жүзінде қолдану үшін 
шығындардың элеметтері және салалары бойынша жіктелімін қолданған жөн.
Өнеркәсіптің барлық салаларының кәсіпорындары үшін өндірістегі 
экономикалық элементтері бойынша шығындардың келесі міндетті 
номенклатурасы бекітілген:
- материалдық шығындар (қайтарылатын шығындарды шегергендегі);
- еңбекақыны төлеу шығындары; 
- әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар; 
- негізгі қорлардың амортизациясы; 
- басқа да шығындар.
Энергошаруашылықты құруға кететін шығындарды анықтау үшін 
жылдық смета дайындалады. Жылдық сметаны дайындау үшін штаттық кесте, 
тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық қызметақылар және қолданыстағы 
еңбекақы 
төлемі, 
жөндеу-эксплуатациялық 
қажеттіліктер 
үшін


45 
материалдардың және запасталған бөлшектердің шығындары (ӨӨҚ кестесі 
бойынша), көлік құралдарын пайдалануға кеткен шығындар, амортизациялық 
аударымдар және басқа да шығындар пайдаланылады. Тиісті агрегаттармен 
электр энергиясын өндіріп шығаруға кететін шығындар өндірістің сәйкес 
салаларына немесе энергошаруашылықтың жалпы өндірістік шығындарына 
жатқызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет