Аманкелді аманкелді



жүктеу 1.74 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата30.12.2016
өлшемі1.74 Mb.
  1   2   3   4   5

АМАНКЕЛДІ

АМАНКЕЛДІ

    

    

              

              

арайы

арайы

1935 жылғы 15 маусымнан бастап шығады

А у д а н д ы қ   а п т а л ы қ   г а з е т

e-mail: amangeldy-arai@mail.ru ■ http://baq.kz/kk/regional_media/media/224



№ 45 (7635)  

14   ҚАРАША  

2014  ЖЫЛ  

ЖҰМА

    Құрметті қазақстандықтар!

  Бүгінде бүкіл əлем жаңа сын-

дармен 


жəне 

қатерлермен 

бетпе-бет  келіп  отыр.  Əлемдік 

экономика  əлі  де  жаһандық 

қаржы-экономикалық  дағдарыс 

салдарынан  айыға  қойған  жоқ. 

Қалпына  келу  өте  баяу  жəне 

сенімсіз  қадамдармен  жүруде, 

ал кейбір жерлерде əлі құлдырау 

жалғасуда.  Геосаяси  дағдарыс 

пен  жетекші  державалардың 

санкциялық  саясаты  əлемдік 

экономиканы қалпына келтіруде 

қосымша  кедергілер  туындату-

да. 

        Мен  өзімнің  тəжірибемнен 



алдын-ала  сезіп  отырғанымдай, 

таяудағы  жылдар  жаһандық 

сынақтардың  уақыты  болады. 

Əлемнің  бүкіл  архитектура-

сы  өзгереді.  Барлық  елдер  осы 

күрделі  кезеңнен  лайықты  өте 

алмайды. Бұл шептен тек мықты 

мемлекеттер, 

жұдырықтай 

жұмылған халықтар ғана өтетін 

болады.  Қазақстан - əлемдік 

экономиканың 

бір 

бөлшегі 


жəне 

геосаяси 

қысымның 

эпицентріне  тікелей  жақын 

орналасқан  ел  ретінде,  барлық 

осы үдерістердің теріс ықпалын 

тап  келеді.  Нəтижесінде  не  бо-

лып  жатқанын  біз  көріп  отыр-

мыз:  əлемдік  нарықтарда  баға 

құлдырауда 

жəне, 

тұтастай 



алғанда, экономикалық өсім ба-

яулауда.


      Халықаралық  валюта  қоры 

мен Дүниежүзілік банк тарапы-

нан 2014 жəне  одан  кейінгі  екі 

жылда  əлемдік  экономиканың 

дамуында  болжам  төмендеу 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жолдауы



НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

жағына  қарай  қайта  қаралғаны 

белгілі. 

Сондықтан 

кейбір 

позицияларды 



жедел 

түрде 


қайта  қарап,  сондай-ақ,  алдағы 

кезеңдердің 

жоспарларына 

түзетулер  енгізу  қажет.  Бізде 

ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. 

Бүгін  айтылатын  шараларды 

2015  жылдың 1 қаңтарынан 

бастап  жүзеге  асыру  керек.  Біз 

теріс  үрдістердің  алдын  алу 

үшін барлық ықтимал шаралар-

ды жедел қабылдауға тиіспіз.

      Бүгін  менің  тапсырмам  бой-

ынша Үкімет белсенді жұмысқа 

кірісіп  кетті.  Біз 2015 жылға 

арналған 

республикалық 

бюджеттің параметрлерін қайта 

қарадық.  Бұл  дұрыс,  өйткені, 

біздің  экспорттық  шикізат  ре-

сурстарына бағаның құлдырауы 

бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы 

түсуін  төмендетуге  алып  ке-

луде.  Бірақ,  соған  қарамастан, 

Үкімет  алдына  оңай  емес, 

алайда,  нақты  міндет - барлық 

əлеуметтік 

міндеттемелерді 

толық  көлемінде  қамтамасыз 

ету міндеті қойылып отыр.

    Дағдарыс  жағдайларында, 

əлемдік 

тəжірибе 

көрсетіп 

отырғанындай,  экономикалық 

саясатты  қайта  бағдарлаулар 

жүріп 


жатыр. 

Қолдауды 

экономикалық 

өсім 


мен 

жұмыспен  қамтуда  аса  үлкен 

мультипликативті 

тиімділік 

беретін  салалар  алуы  тиіс. 

Мұндай  тəжірибе  бізде  бұған 

дейін  болған.  Біздің 2007-2009 

жылдардағы  дағдарысқа  қарсы 

табысты 

шараларымызды 

еске  алсақ  та  жеткілікті.  Көріп 

отырғандарыңыздай, өмір біздің 

жоспарларымызға 

түзетулер 

енгізуде.  Жəне  біз  партияның 

тұғырнамасын 

бүгінгі 

күн 


шындығы  тұрғысынан  қарай 

отырып 


жаңа 

мазмұнмен 

толықтыруға тиіспіз.

    Менің  тапсырмам  бойын-

ша  Үкімет  дамудың  жаңа 

ауқымды  бағдарламасын  жа-

сауды  аяқтады.  Бүгінде,  алды-

мызда  тұрған  сын-қатерлерге 

жауап 

бере 


отырып, 

мен 


Қазақстанның  «Нұрлы  Жол» 

Жаңа  Экономикалық  Саяса-

ты  туралы  жариялаймын.  Мен 

2015  жылға  арналған  халыққа 

жаңа  Жолдауымды  осыған  ар-

наймын.  Ол  контрцикпикалық 

сипатқа 

ие 


болады 

жəне 


біздің 

экономикамыздағы 

құрылымдық 

реформаларды 

жалғастыруға бағытталады. Бұл 

нені білдіреді?

              Сыртқы  нарықтардағы 

жағдай 


оңтайлылығымен 

ерекшеленіп,  мұнай  мен  біздің 

экспорттық  өнімдерімізге  баға 

айтарлықтай  жоғары  деңгейде 

болған  жылдары  біз  шикізат 

экспортынан түскен табыстарды 

Ұлттық қорға бағыттап келдік. 

(Жалғасы 2-3 беттерде) 

      Аудан  əкімінің  əр  аптаның 

дүйсенбісі  күні  сағат 9-да 

өткізетін  кезекті  аппараттық 

кеңесінде (10.11.2014) 

«Ауданның 

жол 

қызметі 


мекемелерінің 2014-2015 

жылдардағы  күзгі-қысқы  ма-

усымда  жергілікті  жолдар-

ды  күтіп  ұстау  жұмыстарына 

дайындығы  туралы»  мəселе 

қаралды. 

    Бірінші  болып  «Арқалық 

ауданаралық  жол  пайдала-

ну  кəсіпорны»  коммуналдық 

мемлекеттік 

мекемесіне 

қарасты  Амангелді  жол  пай-

далану 

бөлімшесінің 



бас-

шысы  С.Ахмедин  хабарлама 

жасады. Ол өздеріне Арқалық- 

Торғай  тас  жолының 110-111 

шақырымы аралығындағы жол-

дарды  күтіп-ұстау  жұмыстары 

жүктелгенін, 

осыған 


сай 

мекеменің  штаттық  кестесінде 

13 адам қызмет ететінін, мұның 

сыртында  маусымдық  жөндеу 

жұмыстарына  келісім  шартпен 

4  адам  жұмысқа  тартылғанын 

атап  көрсетті.  Мекеме  бойын-

ша  қысқа  əзірлік  жұмыстары 

жүргізілген.  Қыс  уақытында 

өздеріне 

міндеттелген 

жол 


бойында  көліктердің  далада 

қалмай,  қауіпсіз  əрі  уақытылы 

жүріп-тұруы  үшін 1 автогрей-

дер, 1 шнекоротор, 1 К744, 1 

Ваз «Нива-21214» жол көліктері 

тиісті  жөндеуден  өткізілген. 

Биылғы  жылдың  наурыз-сəуір 

айларында барлық су ағар тазар-

тылып, жолдың жиегі, автокөлік 

бекеттері  түрлі  қоқыстардан, 

лас  заттардан  тазартылған.  Со-

нымен  қатар  Арқалық-Торғай 

тас  жолы  бойында  орналасқан 

Есір, Шөптікөл, Ағайдар, Кемер, 

Қарасу,  Махат,  Сəт,  Құмкешу 

автобекеттерінің 

іші-сырты 

əктеліп,  сырланған.  Мамыр-та-

мыз  айлары  арасында  ағымдық 

жол  жөндеу  кезінде 140-177 

шақырым 

аралығындағы 

барлығы 3400 шаршы  метр 

жердің 


ой-шұқырлары 

ас-


фальтталды.  Автогрейдер  жол 

көлігімен 173-176, 132-135 

шақырым аралығындағы жолдар 

құмнан тазартылды. 

    Маусым  айында 1 жыл-

дан  бері  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілмеген 

аудан 


орталығындағы 

Д.Божманов 

көшесінің 1080 шаршы  метр 

тас  жолына  күрделі  жөндеу 

жұмыстары жүргізіліп, аудандық 

тұрғын 


үй 

коммуналдық 

шаруашылық, 

жолаушылар 

көлігі  жəне  автомобиль  жолда-

ры  бөлімі  мемлекеттік  мекемесі 

арқылы  жергілікті  жолдарды 

күтіп  ұстауға  жəне  ағымды  жол 

жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге 

бөлінген 5 615 000 теңге 

көлеміндегі  жұмыс  толығымен 

орындалды.  Қыркүйек  айын-

да  МТЗ-82  көлігі  қыста  қар 

ұстамас үшін жолдың жиегіндегі 

шөптерді шауып, тазартты. 

  Мекеме  бойынша  қысқы 

уақытта  жұмыс  істейтін  барлық 

техникалар  жөндеуден  өткізіліп, 

дайын тұр.

    Келесі  кезекте  Амантоғай 

жол  пайдалану  бөлімінің  бас 

инженері  С.Бекқалиев  хабар-

лама  жасады.  Ол  да  бөлім  бой-

ынша  техникаларды  қысқа  дай-

ындау  жұмысы  өз  дəрежесінде 

жүргенін  мəлімдеді.  Мекемедегі 

1  автогрейдер, 1 шнекоротор, 

1  анквадор,  Урал-4320, 1 К744, 

1  ЗиЛ, 1 Газ 52, техникалары 

күрделі  жөндеуден  өткізілгенін 

айтты. Сол сияқты, жанар-жағар 

май,  қосалқы  бөлшектер  де 

Арқалық  ауданаралық  жол  пай-

далану мекемесімен қажеттілікке 

сай  қамтамасыз  етілгенін  мəлім 

етті.  


 

Əулиекөл-Жалдама 

тас 

жол  бағыты 94 шақырым  



аралығындағы 

жолдардың 

бойындағы  орналасқан  барлық 

50 суағарлар  жəне автобекеттер 

маңайы  əртүрлі  қоқыстардан 

тазартылып,  автобекеттің  іші-

сырты  тазартылып,  сырланып 

қойылғанын  айтты.  Биылғы 

жылдың  мамыр-тамыз  айла-

ры  аралығында  Мойылды, 

Сарыөзен  көпірлерінің  көлік 

өтетін  бөліктерінің  маңайы 

əртүрлі  қоқыстардан  тазарты-

лып,  күтіп-ұстау  жұмыстары 

жүргізілген. 

Əулиекөл-

Жалдама  тас  жолының  бой-

ында 257-218 шақырым 

аралығындағы 3200 шаршы 

метр  жердің  ой-шұқырлары 

асфальтталып, 

автогрейдер 

арнайы 

техникасымен 234 



шақырымдағы 488 шаршы 

метр,  жəне 218 шақырымдағы 

1184  шаршы  метр  жолдың 

үстіңгі  төсеніші  асфальттары 

қырылып  алынып,  асты  кеп-

кен  соң,  қайтадан  тегістелініп 

төселінген. 

(Жалғасы 3-4 беттерде)

Аудан əкімі

ҚЫС КЕЗІНДЕ ТЕХНИКАЛАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ЖАСАСЫН

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ


2

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 45  (7635)

14 қараша 2014 жыл

    Ұлттық  қордың  негізгі 

міндеттерінің 

бірі 


біздің 

экономикамыздың 

сыртқы 

естен  тандырулар  алдындағы 



орнықтылығын,  оның  ішінде, 

табиғи 


ресурстарға 

баға 


төмендеген 

жағдайда 

да, 

жоғарылату болып табылады.



    Осы  жылдардың  бəрінде 

шикізат  өндіру  мен  одан 

түскен  табыстарды  біз  осы 

Қорға  салып  келдік. 10 мил-

лиард  долларды  біз 2007-2009 

жылдардағы  дағдарысқа  қарсы 

күреске  бағыттадық.  Қалған 

ақшаны  ішіп-жеп  жəне  жұмсап 

қойған 

жоқпыз, 


сақтадық 

жəне  көбейттік.  Қазір  біз  осы 

резервтерді  пайдалануға  тиіс 

болатын  кезең  туындап  келеді. 

Бұл  қаржы  қиын  уақыттарды 

еңсеріп, 

экономикамыздың 

өсімін 


ынталандыруға 

көмектесетін 

болады. 

Бұл 


ресурстар 

қысқа 


мерзімдік 

шараларға  арналмаған.  Олар 

экономиканы  əрі  қарай  қайта 

құрылымдауға 

бағытталатын 

болады. 


Нақты 

айтқанда, 

көліктік, 

энергетикалық, 

индустриялық  жəне  əлеуметтік 

инфрақұрылымдарды,  шағын 

жəне  орта  бизнесті  дамытуға 

бағытталады.

    Ақпан  айында  Ұлттық 

қордан  экономикалық  өсім  мен 

жұмыспен қамтуды қолдау үшін 

2014-2015 жылдарға 500 милли-

ард теңгеден екі транш бойынша 

1  триллион  теңге  бөлу  туралы 

шешім  қабылданған  болатын. 

Басталған  жобаларды  аяқтау 

жəне  аса  өткір  мəселелерді 

шешу  үшін  Үкіметке  Ұлттық 

қордан 500 миллиард  теңге 

көлеміндегі 

екінші 

транш 


қаржысын  мына  мақсаттарға 

бағыттауды тапсырамын.

    Бірінші.  Шағын  жəне 

орта  бизнесті,  сондай-ақ,  ірі 

кəсіпкерлікті  жеңілдікпен  не-

сиелеуге  қосымша 100 милли-

ард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ 

жəне  химия  өнеркəсібіндегі, 

машина  жасаудағы,  сондай-ақ, 

қызмет көрсетулер саласындағы 

жобаларды  жүзеге  асыруды 

қамтамасыз етеді.

 

Екінші. 

Банк 


секторын 

сауықтыру 

жəне 

«жаман» 


несиелерді сатып алу үшін 2015 

жылы  Проблемалы  несиелер 

қорын  қосымша 250 миллиард 

теңге көлемінде капиталданды-

руды  қамтамасыз  етуді  тапсы-

рамын.


    Үшінші.  Жаңа  инвести-

циялар  тарту  үшін  тиісті 

жағдайларды  жақсарту  қажет. 

Осы  мақсатта 2015 жылы 

«құрғақ 

порттың» 

бірінші 

кешені  құрылысын  аяқтауға, 

«Қорғас-Шығыс 

қақпасы» 

жəне  Атырау  мен  Тараздағы 

«Ұлттық  индустриялық  мұнай 

химиясы    технопаркі»  арнайы 

экономикалық 

аймақтары 

инфрақұрылымдарына 81 мил-

лиард  теңге  бағыттауды  тапсы-

рамын.


 

Төртінші

Бұған 


дейін 

бөлінген 25 миллиардқа  ЭКС-

ПО-2017  кешені  құрылысын 

жалғастыруды  несиелеу  үшін 

2015 жылы қосымша 40 милли-

ард теңге бөлуді тапсырамын.   

 

Бесінші

ЭКСПО-2017 

қарсаңында  бізге  Астананың 

көліктік  инфрақұрылымын  да-

мыту  туралы  ойластыру  қажет. 

Астана аэропорты осы жылдың 

өзінде-ақ  өзінің  максималды 

өткізу  қабілеті - 3,5 миллион 

адамға жетеді. Сондықтан оның 

əлеуетін  ұлғайту  үшін 2015 

жылы жаңа терминал құрылысы 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жолдауы



НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

мен  ұшу-қону  жолағын  қайта 

жаңғырту  үшін 29 миллиард 

теңге  бөлуді  тапсырамын.  Бұл 

өткізу  қабілетін 2017 жылға 

қарай  жылына 7,1 миллион 

жолаушыға  дейін  ұлғайтуға 

мүмкіндік береді.

    Құрметті қазақстандықтар!

   Экономиканы дамытуда жаңа 

сыртқы 

тəуекелдерді 



есеп-

ке  ала  отырып,  бізге  іскерлік 

белсенділік 

пен 


жұмыспен 

қамтуды  ынталандыру  үшін 

жаңа  бастамалар  қажет.  Жаңа 

Экономикалық 

Саясаттың 

Тұғыры мен бүгін жариялағалы 

отырған 

Инфрақұрылымдық 

дамудың жоспары болады. Ол 5 

жылға есептелген жəне қатысуға 

100-ден  астам  шетелдік  компа-

ниялар  ниет  білдіріп  отырған 

ҮИИДБ-ны  жүзеге  асырудың 

Екінші  бесжылдығына  сəйкес 

келеді.  Жалпы  инвестициялық 

портфель 6 триллион  теңгені 

құрайды, мемлекеттің үлесі - 15 

пайыз.


***

      Қазақстан - ұшқан  құстың 

қанаты  талатын  ұлан-ғайыр 

аумақтың  иeci.  Сондықтан, 

аталған жоспар орасан қаражат 

пен  еңбекті,  аса  ауқымды 

жұмысты  қажет  етеді. «Елдің 

өркенін  білгің  келсе,  жо-

лына  қара»  деген  қағида 

қалыптасқан.  Барыс-келіс  пен 

алыс-берісте  жол  қатынасы 

айрықша  маңызға  ие.  Көне  за-

мандарда  ірі  қалаларымыздың 

көбі Ұлы Жібек жолын жағалай 

қоныс тепкен.

        Қазір  де  қайнаған  тіршілік 

күре  жолдардың  бойында.  Жол 

-  шын  мəнінде  өмірдің  өзегі, 

бақуатты  тірліктің  қайнар  көзі. 

Барлық  аймақтар  теміржолмен, 

тасжолмен,  əуе  жолымен  өзара 

тығыз байланысуы керек. Аста-

нада тоғысқан тоғыз жолдың то-

рабы  елорданың  жасампаздық 

рухын  тарататын  өмір-тамырға 

айналуы  тиіс.  Аймақтардың 

өзара  байланысын  жақсарту 

елдің  ішкі  əлеуетін  арттыра-

ды.  Облыстардың  бip-бipiмeн 

сауда-саттығын,  экономикалық 

байланыстарын  нығайтады.  Ел 

ішінен  тың  нарықтар  ашады. 

Осылай,  алысты  жақын  ету - 

бүгінгі  Жолдаудың  ең  басты 

түйіні болмақ.

       ***  

      Бірінші.  Көліктік-логисти-

калық 


инфрақұрылымдарды 

дамыту.  Ол  макроөңірлерді 

хабтар 

қағидаты 



бойынша 

қалыптастыру  аясында  жүзеге 

асырылатын  болады.  Оның 

үстіне, 


инфрақұрылымдық 

қаңқа 


Астанамен 

жəне 


макроөңірлерді  магистаралды 

автомобиль, теміржол жəне əуе 

жолдарымен  шұғыла қағидаты 

бойынша  өзара  байланысты-

рады.  Бірінші  кезекте,  негізгі 

автожолдар  жобасын  жүзеге 

асыру  қажет.  Бұлар  Батыс 

Қытай - Батыс  Еуропа;  Астана 

-  Алматы;  Астана - Өскемен; 

Астана - Ақтөбе - Атырау;  Ал-

маты - Өскемен;  Қарағанды - 

Жезқазған - Қызылорда; Атырау 

- Астрахань.

     Сондай-ақ, елдің шығысында 

логистикалық  хаб  жəне  баты-

сында  теңіз  инфрақұрылымын 

құруды  жалғастыру  қажет.  Ба-

тыс  бағытта  Каспий  порты 

арқылы  экспорттық  əлеуетті 

арттыруға  Құрық  портынан 

ауқымды  паромдық  өткел  жəне 

Боржақты - Ерсай  теміржол 

желісі  ықпал  ететін  болады. 

Үкіметке  Қытайдың,  Иранның, 

Ресей 

мен 


ЕО 

елдерінің 

«құрғақ» жəне теңіз порттарын-

да  терминалдық  қуаттар  салу 

немесе жалға алу мəселесін ой-

ластыруды тапсырамын.

 

Екінші. 

Индустриялық 

инфрақұрылымдарды 

да-


мыту. 

Инфрақұрылымдық 

жобаларды 

жүзеге 


асыру 

құрылыс 


материалдарына, 

көліктік-коммуникациялық, 

энергетикалық  жəне  тұрғын 

үй-коммуналдық 

салалар 

үшін  өнімдер  мен  қызмет 

көрсетулерге үлкен сұраныс ту-

дырады.


 

Осыған 


байланысты, 

біріншіден, 

жұмыс 

істеп 


тұрған  арнайы  экономикалық 

аймақтарда  инфрақұрылымдар 

қалыптастыру 

жұмыстарын 

аяқтау  керек.  Үкіметке  жəне 

əкімдерге  оларды  нақты  жо-

балармен 

толықтыру 

бой-

ынша  жедел  шаралар  алу 



қажет.  Екіншіден,  өңірлерде 

ШОБ  өндірісін  дамыту  мен 

қосымша 

инвестициялар 

тартуға 

бағытталған 

жаңа 

индустриялық  аймақтар  салу 



мəселесін  ойластырған  жөн. 

Туризм  үшін  инфрақұрылым 

-  жеке  бағыт.  Оның  басты 

басымдығы  жұмыс  орындары 

санын  көптеп  құру  мүмкіндігі 

болып  табылады.  Мұнда  бір 

жұмыс орнын құру өнеркəсіпке 

қарағанда 10 есе арзанға түседі.

 

Үшінші. 

Энергетикалық 

инфрақұрылымдарды 

дамы-


ту.  Өткен 5 жылда  энерге-

тикада 


индустрияландыру 

бағдарламасы шеңберінде үлкен 

жұмыстар  жүргізілді.  Соған 

қарамастан, 

магистралдық 

желілердің  шектеулілігі  елдің 

оңтүстік  өңірлерінде  электр 

энергиясының,  орталық  жəне 

шығыс  облыстарында  табиғи 

газдың  тапшылығын  туында-

тып  отыр.  Екі  жобаға  назар 

салу  керек. «Екібастұз - Се-

мей - Өскемен»  жəне  «Семей 

-  Ақтоғай - Талдықорған - Ал-

маты»  бағыттарында  жоғары 

вольтты  желілер  салу  қажет. 

Бұл 

қазақстандық 



электр 

стансаларының  елдің  барлық 

өңірлерін  теңдестірілген  энер-

гиямен 


қамтамасыз 

етуіне 


мүмкіндік береді.

        Төртінші.  ТКШ  мен  су- 

жəне  жылумен  қамтамасыз  ету 

желілері  инфрақұрылымдарын 

жаңғырту. 

Инвестицияларға 

жалпы 

қажеттілік 



қаржыландырудың 

барлық 


көздерінен 2020 жылға  дейін 

жыл  сайын  ең  азы 200 милли-

ард теңге бөлгенде кем дегенде 

2 триллион теңгені құрайды.

        Бүгін  ТКШ-ны  жаңғыртуға 

инвестициялар  салуға  Еуропа 

Қайта  құру  жəне  даму  банкі, 

Азия  даму  банкі,  Ислам  даму 

банкі,  сондай-ақ,  жеке  инве-

сторлар  үлкен  қызығушылық 

танытып  отыр.  Ұзақ  мерзімді 

инвестициялық тарифтер ұсыну 

арқылы  олардың  барынша  тар-

тылуын  қамтамасыз  ету  қажет. 

Тарифтердің 

айтарлықтай 

ұлғаюына  жол  бермеу  үшін 

ондай  жобаларды  мемлекет 

қосымша  қаржыландыруы  ке-

рек. Осыған байланысты жылу- 

жəне  сумен  қамтамасыз  ету 

жүйелерін  жаңғырту  қарқынын 

жеделдету 

үшін 


бюджет-

те  қарастырылған  қаржыға 

қосымша  жыл  сайын 100 мил-

лиард  теңге  бағыттау  ұтымды 

болмақ.   

 

Бесінші. 

Тұрғын 

үй 


инфрақұрылымдарын  нығайту. 

Агломерациялар  қалыптастыру 

айтарлықтай 

тұрғындар 

ағынымен қатарласа жүреді. Бұл 

еңбек  нарығы  мен  қалалардың 

инфрақұрылымына, 

соның 


ішінде,  тұрғын  үй  қорына 

қысым  туғызады.  Сондықтан 

жалға  берілетін  тұрғын  үй 

құрылысына 

көзқарасты 

қайта  қараған  жөн.  Мемлекет 

əлеуметтік  жалдамалы  баспа-

наны  салып,  оны  тұрғындарға 

сатып  алу  құқын  бере  отырып, 

ұзақ  мерзімді  жалға  ұсынады. 

Баспананы  тікелей,  делдал-

дарсыз  жəне  несиеге  барынша 

төмен  пайызбен  ұсыну  оның 

сатып  алу  құнын  арзандатуға 

мүмкіндік  береді.  Бастапқы 

жарнаның болмауы мен ипотека 

үшін төмен пайыздар баспананы 

қазақстандықтардың  көптеген 

жіктері  үшін  қолжетімді  ете 

түседі. 


Сондықтан 2015-

2016  жылдар  ішінде  жалға 

берілетін тұрғын үй құрылысын 

қаржыландыруды 

қосымша 

180  миллиард  теңге  сомасында 

ұлғайтамыз.

 

Алтыншы. 

Əлеуметтік 

инфрақұрылымдарды 

да-

мыту.  Бірінші  кезекте,  бұл 



-  апатты  мектептер  мен  үш 

ауысымда  оқыту  проблемала-

рын  шешу.  Бұл - біздің  Сай-

лауалды 


тұғырнамамыздың 

негізгі 


индикаторларының 

бірі. 


Үшжылдық 

бюджет-


те 

қарастырылған 

қаржы 

бұл  проблеманы 2017 жылға 



дейін 

шешуге 


мүмкіндік 

бермейді.  Сондықтан  Үкіметке 

қосымша 70 миллиард  теңге 

бағыттауды  тапсырамын.  Бала-

лар бақшасының жетіспеушілігі 

-  басқа  мəселе.  Мектепке 

дейінгі  мекемелерде  орын-

дар  тапшылығын  түбегейлі 

қысқарту  үшін 3 жыл  бойы 

қосымша 20 миллиард  теңге 

бағыттауды 

тапсырамын. 

Əкімдер  жеке  секторды  тарта 

отырып,  бұл  жұмыспен  барын-

ша айналысуы тиіс.

 

Индустрияландыру 



бағдарламалары 

шеңберінде 

базаларында  ғылымның  эконо-

мика салаларымен жəне маман-

дар  дайындаумен  байланысы 

қамтамасыз  етілетін 10 ЖОО 

анықталды.  Осы  мақсаттарға 

2017  жылға  дейін 10 милли-

ард  теңге  бағыттай  отырып, 

осы  жоғары  оқу  орындарының 

материалдық-техникалық  база-

сын  қалыптастыруды  тапсыра-

мын.

    Жетінші.  Шағын  жəне 



орта  бизнес  пен  іскерлік 

белсенділікті  қолдау  бойынша 

жұмысты  жалғастыру  қажет. 

Бүгінде  Ұлттық  қордан  ШОБ-

ты  қолдауға  жəне  несиелеу-

ге  бағытталған 100 миллиард 

теңге  толықтай  игерілді.  Бұл 

4,5  мың  жұмыс  орнын  құруға 

мүмкіндік  берді.  Бұл  қаржыға 

сұраныс  ұсыныстан 23 милли-

ард теңгеге асып түсті. Бизнесті 

10  жылға  бар-жоғы 6 пайыз-

бен  несиелеудің  бұрын-соңды 

болмаған 

шарты 

жасалды. 



Мұндай шарттар біздің елімізде 

бұған дейін болған емес. ШОБ-

ты 

экономикалық 



өсімнің 

драйвері 

ретінде 

дамыту 


жəне  оның  үлесін 2050 жылға 

қарай  ІЖӨ-нің 50 пайызына 

ұлғайту  бойынша  жұмысты 

жалғастырған  жөн.  Сондықтан 

шағын  жəне  орта  бизнес  үшін 

2015-2017  жылдары  жалпы  со-

масы 155 миллиард  теңге  не-

сие  желілерін  АДБ,  ЕҚДБ, 

Дүниежүзілік  банк  есебінен 

тиімді пайдалану қажет.  



(Жалғасы 3-бетте)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЖАҢА  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  САЯСАТЫ





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет