Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»


Тұндыру әдісі. Аргентометрия. Мор, файенс және Фолгард әдістері. Меркуриметрия әдісінің негіздері мен қолданылатын ерітінділер мен индикаторлар



бет40/66
Дата24.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#28693
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
28. Тұндыру әдісі. Аргентометрия. Мор, файенс және Фолгард әдістері. Меркуриметрия әдісінің негіздері мен қолданылатын ерітінділер мен индикаторлар.

Аргентометрия. Галогендерді анықтау үшін күміс нитратының AgNO3 стандартты ерітіндісін қолданады. Әдістің түрлері:

Мор әдісі. Cl- және Brиондарын олардың түзарынан анықтауға негізделген:

Ag+ + Cl- → AgCl↓ ақ түсті тұнба,

Ag+ + Br → AgBr↓ ақшылт-сары түсті тұнба.

Эквиваленттік нүктеде күміс хроматының Ag2CrO4 қызыл-кірпіш түсті тұнбасы түзіледі. Эквиваленттік нүктеде . Күміс иондарының концентрациясы тепе-тең болғанда, жету үшін қажет CrO42—-иондарының концентрациясын есептеуге болады. Ол тең болады:

Күміс хроматы тұнбасының мұндай концентрациясын көзбен көруге болмайды. Күміс хроматы тұнбасын көзбен көру үшін анализденетін ерітіндісіне күміс нитраты ерітіндісінің бір тамшысын артық тамызып титрлесе болғаны, индикатор түсін байқаймыз.

Индикатор ретінде калий хроматын қолданады. Хроматпен титрлеу бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада, ерітіндінің рН-ы 6,5-10,5 аралығында болғанда жүргізіледі. Сілтілік ортада гидрохромат-ионмен тепе-теңдікте болатын хромат-иондары басымырақ, алдыңғысының түзілуі қышқылдау аймақта мына теңдеуге сәйкес басталады:

CrO42— + 2Н+ → НCrO4

рН<6,5 болғанда индикатордың сезгіштігі төмендейді, ал рН>10,5 болса тұнбаға түсіп, анализ нәтижелерін дұрыс көрсетпейтін күміс гидроксидтері және оксидтері түзілуі мүмкін. Мор әдісімен хлоридтер және бромидтер анықталады. Иодидтер мен роданидтерді бұл әдіс бойынша титрлеу олардың адсорбциялануына байланысты тәжірибеде мүмкін емес. Бұл жағдайда эквиваленттік нүктесін анықтау қиын.



Фольгард әдісі. Күмістің роданид-ионымен әрекеттесу реакциясын есепке алып, галогенид-иондарды анықтау үшін кері титрлеу әдісін қолданады. Галогенидтердің (хлорид не бромид) анализденетін ерітіндісіне күміс нитратының титрленген ерітіндісінің артық мөлшерін қосады, тұнбаға түспеген күміс иондарын темір (ІІІ) иондары бар роданид ерітіндісімен титрлейміз. Индикатор - темір (ІІІ) роданидтік комплексі. Пайдаланатын темір реакциясы 10-5М роданидті анықтауға мүмкіндік туғызады. Эквиваленттік нүктеде иондар концентрациясы тең болады:

Роданидтің мұндай концентрациясында темірдің роданидтік комплексінің бояуын анықтау мүмкін емес. Калий роданидінің артық тамшысынан анық қызғылт сары бояу пайда болады.



Фольгард әдісі күміс ионымен нашар еритін қосылыстар түзетін, мысалы, оксалаттар, фосфаттар және басқалар сияқты аниондарды титрлеуге мүмкіндік туғызады. Титрлеуді қышқыл ортада өткізеді, бұл әдістің елеулі құндылығы болып табылады.

Фаянс әдісі. Br, I-, SCN--иондарын адсорбциялық флуоресцеин индикаторларымен анықтау болып табылады. Адсорбциялық индикатор-қосылыстар тұнбаға адсорбцияланғанда өзінің түсін өзгертеді, ең бірінші түзілген тұнба бетіне онымен біраттас иондар адсорбцияланады. Бромидті күміс нитратымен титрлегенде AgBr тұнбасының бетіне Br-иондары эквиваленттік нүктесіне дейін көбірек адсорбцияланады, ал артық теріс зарядты бейтараптау үшін тұнба бөлшектеріне ерітіндіден оң зарядталған иондар тартылады. Эквиваленттік нүктесінен кейін Ag+-иондарының артықтары тұнба бетіне адсорбцияланады және енді зарядталған тұнбаны бейтараптау үшін ерітіндіден теріс зарядталған иондар қажет, мысалы, индикатор аниондары. Кейбір бояғыштардың аниондары адсорбцияланып, түсін өзгертеді. Адсорбциялық индикаторлардың әсер ету механизмі осыған негізделген. Хлоридті титрлеу үшін жиі қолданылатын адсорбциялық индикатор флуоресцеин болып табылады. Ол ерітіндідегі жасыл сары бояуын AgHal күйіндегі тұнба бетіне адсорбцияланған қызыл түске өзгертеді. Бұл индикатормен титрлеуді рН=7-10 болғанда жүргізеді, себебі ол әлсіз қышқыл болып табылады (рК=8)

Меркурометрия. Нашар дисоциацияланатын сынап Hg2+ қосылыстарының түзілуіне негізделген.

HgCl2, Hg(CN)2, Hg(SCN)2 т.б. индикатор ретінде натрий нитропуссиді қолданады: Na2[Fe(CN)5NO]∙2H2O

Hg2+ иондарымен ақ түсті тұнба түзеді. Сонымен қатар, эквиваленттік нүктені анықтау үшін кабозонды қолдануға болады. Ол Hg2+ катионымен көк күлгін түсті қосылыс түзеді.

Меркуриметрия. Нашар еритін Hg(I) қосылысының түзілуіне негізделген индикатор Fe(SCN)3 Hg(I) артық мөлшерінде түссізденеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет