Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет1/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5


  1. Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік. Күрделі белоктар (-хромо- және гликопротеиндер) құрылысы, өкілдері, маңызы туралы түсінік.Нәруыздардың атқаратын қызметтері.

Нәруыздар – тірі организмде кең таралған альфа-аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулалық полимерлер. Нәруызды басқалай белок, протеин деп атайды. Табиғатта нәруыздардың 1010 -1020 дәрежесінде түрлері кездеседі. Адам ағзасында 1 млн.-нан астам түрі бар екендігі анықталған. Адам нәруыздары 19 аминқышқылдарынан тұрады.
ҚҰНДЫ, ҚҰНСЫЗ НӘРУЫЗДАР
Нәруыздар құнды және құнсыз болып бөлінеді. Құнды нәруыздар – құрамында 8 алмастырылмайтын аминқышқылдары болады. Егер де құрамында 1 алмастырылмайтын аминқышқылы жетіспесе құнсыз нәруыз деп аталады. Жалпы алмастырылмайтын аминқышқылдары тірі организмде синтезделмейді, сол себеппен ағзаға тағаммен бірге түсіп отырады, оларға: лизин, триптофан, треонин, метилаланин, валин, лейцин, изолейцин, фенилаланин жатады. Ал алмастырылатын аминқышқылдары организмде синтезделеді, оларға: тирозин, цистейн, аргинин, гистидин жатады.
НӘРУЫЗДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жалпы нәруыздар бірнеше қызмет атқарады:

  1. Құрылымдық қызметі – тірі ағзалардың пластикалық, тіректік құрылымын қамтамасыз етеді.

  2. Каталитикалық қызметі – метаболизмге қатысатын ферменттер – нәруыздардан тұрады.

  3. Қоректік қызметі – дамып келе жатқан ұрық үшін негізгі қорек көзі болып табылады.

  4. Тасымалдау қызметі – қан арқылы суда ерімейтін заттарды тасымалдауға қатысады.

  5. Жиырылу қызметі – жүрек жұмысы, тыныс алу, бұлшықет жиырылуы, ішектің жиырылуы нәруыздар арқылы атқарылады.

  6. Реттеуші қызметі – ағзадағы гомеостаздың тұрақтылығын сақтайды.

  7. Қорғаныштық қызметі – ағзаға түскен бөгде заттар мен бактерияларға жауап ретіндее антиденер түзілуіне қатысады.

  8. Электротрансформатикалық қызметі – ағзадағы электрлік, осмостық энергияны АТФ-энергиясына айналдырады.

  9. Генетикалық ақпаратты тасымалдауға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет