Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Молодецкое ауылы Жаңаталап орта мектебі кмм бірінші санатты химия пәні мұғалімі



бет1/14
Дата27.11.2023
өлшемі66,2 Kb.
#129028
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Молодецкое ауылы
Жаңаталап орта мектебі КММ
бірінші санатты химия пәні мұғалімі
Құлжанбекова Бикамал Нұроллаевна


«Ерітінділер» тақырыбына ҰБТ есептерін шығару жолдары
Химия пәнінен есеп шығару арқылы оқушылар алған теориялық білімдерін бекітеді, нақтылайды, өздігінен ізденуге дағдыланады. Оқушылар өз білімдерінің олқы тұстарын толықтырып, қосымша, арнайы әдебиеттерді пайдалануды үйренеді. Есеп шығару да спортпен шұғылдану тәрізді , нәтижеге, жетістікке жету үшін көп жаттығуды, үнемі есеп шығаруды қажет етеді.
Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен қатар, химиядан теориялық білімі молайып, құбылыстар мен заңдар туралы терең түсінік қалыптасады. Осы мақсатта оқушылардың теориялық білімдерін практикалық әдіс – тәсілдермен бекіте отырып, ерітінділерге байланысты есептер, қызықты логикалық есептердің шығару жолдарын көрсету арқылы химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, келешекте мамандық таңдауына бағыт бере алады. 
Төменде ерітінділерге байланысты типтік есептердің шығарылу әдістемесі қарастырылады, оларды шешудің алгоритмі берілген. Соңында оқушылардың есеп шығару машықтарын берік етіп қалыптастыру мақсатында өз бетімен шығаруға болатын есептер ұсынылған. Сонымен қатар кейбір есептердің жауаптары бар.
Ерітінді — екі не одан көп компонентерден ( құрамына кіретін заттар) тұратын гомогенді жүйе. Ерітінділер сұйық , қатты, газ тәріздес болады. Ең маңызды ерітінділер –сұйық ерітінділер, олар газ, сұйық, қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі.
Химиялық процестермен байланысты өндіріс салаларының барлығы ерітіндіні пайдаланады. Ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады . Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады. Ерітінділердегі бөлшектердің мөлшеріне қарай ерітінділер жүзгін ( суспензия, эмульсия) ,бөлшек мөлшері (радиустары) – 10—5 — 10—3 см; коллоидты ерітінділер –10—7 — 10—5 см; шын(нағыз), молекулалық ерітінділер –10—8 — 10—7 см аралығында болады. Нағыз ерітінділерде таралып жүрген зат жеке молекулаларға не жеке иондарға дейін ұсақталады. Олар өте тұрақты, ұзақ уақыт дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаға ыдырамайды. Біз нағыз сулы ерітінделерді қарастырамыз. Ерітінділердің қасиеттері ерітіндіні құрайтын компоненттердің концентрациясына тәуелді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет