1 блок «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсат-міндеттері



бет1/14
Дата19.12.2023
өлшемі51,74 Kb.
#141023
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі
1 блок
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсат-міндеттері.
1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы» , «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйрету:
2. Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері.
3. Тарих, тіл білімі, музыка, бейнелеу өнері, философия, әдебиеттану, эстетика т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылады.
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.


Пәннің басқа ғылым салаларымен байланысы.
Қазіргі әдебиеттану ғылымы тіл білімімен, тарихпен, фи- лософиямен, әлеуметтанумен, психологиямен тығыз байла- нысты. Әдебиеттану ғылымының қоғамдық ғылымдармен байла- нысы жан-жақты: философия, эстетика, герменевтика оның ме- тодологиялық негізін құраса, фольклористика, жалпы өнертану - зерттеу объектісі мен мақсаттары жағынан, тарих, әлеуметтану, психология жалпы гуманитарлық бағыты тұрғысынан жақын.
Әдебиеттану ғылымы, оның ішінде сын эстетикамен тығыз байланысты. Эстетика қоғамдағы көркемдік даму тәжірибесінің теориялық жинақталуы болып табылады.
Филология ғылымының біріне жататын әдебиеттанудың тіл білімімен де байланысы терең. Филология тіл және әдебиет деп бөлінеді де, тіл ғылымы фонетика, лексика, грамматика деп жіктеледі. Әдебиеттану - әдебиет, сөз өнері жайлы ғылым болса, тіл білімі – тіл жайындағы ғылым. Әрине, екеуі екі түрлі ғылым, мақсаттары да түрліше. Тіл білімі сөз өнерінің құбылыстарын, адамның сөйлеу қызметіндегі ерекшеліктерді, сол адам сөйлеген тілдегі даму заңдылықтарының ерекшеліктерін көрсетеді. Әде- биеттану халықтың көркем әдебиетін, оның мазмұны мен форма- сының даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет