Араластыру әдісі бойынша қатты денелердің жылу сыйымдылығын анықтау жұмыстың мақсаты



Дата14.10.2023
өлшемі36,57 Kb.
#114195



№ 13 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ жұмысЫ
АРАЛАСТЫРУ ӘДІСІ БОЙЫНША ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ
ЖЫЛУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ


Жұмыстың мақсаты: үш қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: калориметр, таразы, әртүрлі ұсақ кірлер, химиялық стакан, термометр, әртүрлі денелер.


ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАША ТЕОРИЯСЫ
Денені қыздыру кезіндегі алған немесе оларды салқындату кезіндегі берген жылу мөлшері мынадай формуламен анықталады:
Q = cm (t-t ), (13.1)
мұндағы Q – денеге берілген жылу мөлшері; m – дененің массасы; с – дененің меншікті жылу сыйымдылығы; (t-t ) =  t – процестің басындағы және аяғындағы температуралар айырымы.
(13.1) формуладан меншікті жылу сыйымдылықты анықтауға арналған теңдеуді шығарып аламыз:
.
Осы формуламен өрнектелген жылу сыйымдылығы, t-t =  t температура интервалындағы орташа универсал жылу сыйымдылығы болып табылады. Берілген температурадағы шын меншікті жылу сыйымдылық орташа меншікті жылу сыйымдылықтың шегі болып табылады:
с .
Меншікті жылу сыйымдылықты тәжірибеден жылулық балансты қолдану жолымен анықтайды. Егер әртүрлі температурадағы екі денені тиістіргенде, онда температурасы жоғарырақ дене жылуды береді, ал температурасы төменірек дене жылуды ортақ температура орнағанға дейін ала береді.
Жалпы түрде балансының теңдеуі былай өрнектеледі: Qберілген=Qалынған.
Зерттелетін дененің температурасы t (судың қайнау температурасы), масасы М және меншікті жылу сыйымдылығы болсын дейік. Бұл денені температурасы суы бар калориметрге саламыз. Калориметрдің массасы , судың массасы , калориметрдің меншікті жылу сыйымдылығы . Калориметрдегі ең ақырындағы орныққан температурасы  деп белгілейміз.
Дененің берген жылуы былай өрнектеледі:
Q берілген = М ( -).
Калориметрдің ішкі ыдысы, калориметрдегі су және термометр t бастапқы температурадан -ға дейін қыздырылады.
Алынған жылу мөлшері былай өрнектеледі:
Q алынған = ( + )( - t).
Қоршаған ортаға шығындалған жылу мөлшерін есепке алмасақ, жылу балансының теңдеуін былай жазуға болады:
М ( -) = ( + )( - t).
Осыдан
. (13.2)
Оң жақтағы барлық шамалар тәжірибе арқылы анықталады.

ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ


Максимал дәлдікпен өлшеу арқылы сыналатын дененің массасы анықталады. Одан кейін оны жіпке байлап, ол оны қыздыратын ыдыстың қабырғасына тимейтіндей етіп іледі. Химиялық стаканның ішіндегі суды қайнауға дейін жеткізеді. Судың қайнау температурасын мынадай формуламен анықтайды: =100+0,0375(р-760), мұндағы р – атмосфералық қысым.
Бос калориметрдің ішкі ыдысын, одан кейін суымен қоса өлшейді және калориметрге құйылған судың массасын табады. Калориметрдегі су бөлменікінен 4-5° төмен болуы керек. Денені қыздырғаннан кейін (дене қайнаған суда 5-7 минут тұрады), оны аса сақтықпен, бірақ тез суық суы бар калориметрге салу керек. Қоспаның температурасы өлшенеді (температураны санау термометрдегі сұйықтың көтерілуі тоқтағаннан кейін басталады).
(13.1) формула бойынша меншікті жылу сыйымдылығын есептейді. Нәтижелерін жұмыстың таблицасын құрастырып, соған енгізіңіздр.
Әрбір ұсынылған денемен тәжірибені үш рет қайталау қажет.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР



  1. Араластыру әдісінің мәнісі неде?

  2. Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығы деп не аталады? Өлшем бірліктері.

  3. Неліктен суды бөлменікінен 4-5° төмен етіп алу керек?

  4. Жылу балансының теңдеуін жазыңдар және түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет