Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру қағидаттары



бет1/7
Дата17.09.2022
өлшемі108,81 Kb.
#39338
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қаржы жүйесі

Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру қағидаттары

Қаржы жүйесі

«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы жүйесі

Сонымен бірге жалпы инстуционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет бір-бірімен өзара байланысатын қаржылық қатынастардың жиынтығы.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі – тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынас- тардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.

Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталуы

Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анық- тамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

  • қаржылық қатынастардың жиынтығы;
  • ақшалай қорлардың жиынтығы;
  • басқарудың қаржылық аппараты.

Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.

  • Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.
  • Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъект- ілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктеме- сінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет