Арматура зауыты – еліміздің өнеркәсібінің барынша серпінді дамып келе жатқан секторы, Қазақстанның маңызды құрамдас бөлігі. Арматура зауыты халық шарашылығында өндірістік күштің маңызды элементін, яғни еңбек құралын жасауда маңызы зор.
Қазақстандағы арматуралық зауыттар толық өндірістік цикл бойынша сымқұбырлы арматураларды шығара бастауға кірісті: жобалық-конструкторлы құжаттарды өңдеуден бастап дайын бұйымдарды бояу мен жинауға дейін. Сондықтан барлық арматуралық зауыт бөлмелерінде құйма, ұсталық және механикалық құрастырушы цехтар арқылы жүзеге асырылады. Кейбір кәсіпорындарда технологиялық жарақ бөлігі бар құрал-саймандық өндірістер кездеседі. Сол сияқты, арматура зауыттарындағы жұмыс барысы толығымен автономды және ол өз уақытында тек металдардың жеткізілуіне тәуелді. Арматура зауытында шығарылатын өнімдер қатарына келесідей сатылар қатынасады: дірілді сорғылар, сужылытқыштары, бойлерлер, полиэтиленді жинақтаушы бактар, гидроаккумуляторлар, реттегіш арматура, электромагнитті қақпақшалар және т.б. Зауыттың өндірістік процесі оның құрамына кіретін цехтарында, шаруашылықтарында (қойма, транспорттық және тағы басқа), сонымен қатар негізгі қызметі өнімді дайындау, жоспарлау және ұйымдастыру болып табылатын жасау, технологиялық, жабдықтау, өтім, диспетчерлік және т.б. бөлімдерінде іске асады.
Жұмыс мақсаты: технико-экономикалық есептеулер негізінде өндіріс орнын электрмен жабдықтаудың сыртқы сұлбасын таңдау. Ол үшін өндіріс орнының есептік жүктемесін анықтау және сыртқы жабдықтау сұлбасындағы коммутациялық аппаратураны таңдау қажет. Басты төмендеткіш қосалқы станцияда және трансформаторлық қосалқы станцияда конденсаторлар батареясын қою арқылы реактивті қуатқа компенсация жасау. Зауыт ішінде БТҚС-дан ТҚС-ға дейін, синхронды қозғалтқышқа дейін және доғалы болат балқытқыш пешке дейінгі жоғары кернеулі кабельдерді таңдау және кабельді журналды толтыру, зауыттың басты жоспарын, бір сызықты электрлік схемасын, арнайы бөлімнен ДББП сипаттама сұлбаларын сызу қажет.
Экономикалық бөлімде капиталды салымдарды, станция мен оған байланысты тораптардың шығындары қосалқы стансаның, тарату құрылғыларының және электр беріліс желілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарымен және энергожүйенің тораптары арқылы жіберілген электр энергиясының толық өзіндік құны энергияның берілісі мен таратылуына кететін шығынмен, сондай-ақ тұтынушыларға жіберілген энергияның мөлшерімен анықталады.
Еңбек қорғау бөлімде зауыт цехтарындағы зиянды және қауіпті факторларға талдау жасалады, трансформатордың өртенуі немесе жарылуы кезінде ол барлық жағынан өшіп қалады, бұдан кейін өрт сөндіруді кез келген өшіру түрін қарастырамыз.