Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері мен тәртібі»
Орындаған: Есқазина Аида
ҚТӘ-202 топ
2023 жыл
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері мен тәртібі
Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалар білім алу үшін мекемелерді таңдауға кұқылы, сол себепті бүл жерде оқудын әр кезеңінде білім, икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу жағдайларын ескеру қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі кажеттілігі калыпты түлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету. Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше кажеттіліктерін толық қанағаттандыру аркылы жүреді.
Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойылады: – оқытудың түзету-дамыту бағыты; – оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесін қалыптастыруы тиіс, – оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру; 15 – оқытудың ғылымилығы; – оқу материалының білім беретін оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы; – білім мазмұны өмір, тәжірибесімен тығыз байланыста болуы; – оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты камтамасыз ету;
Бағалау – оқу үдерісі мен оның нәтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол - білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білім, білік сапасын немесе олардың шығармашылық бағыт-тағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға және түзетуге көмектесетін тәсіл. Бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін әр түрлі сапалық және сандық бағалау түрлері, құралдары, әдістері мен формаларынан тұратын жүйе ретінде іске асыры-лады. Ол тек оқудың соңғы оқу нәтижесін қорытындылауда ғана емес, сонымен бірге оқу және оқыту үдерісімен толықтай және үздіксіз бірге жүріп отырады. Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен бір-бірімен тығыз бай-ланысты және оқыту әдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу және оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың негізгі тұжырымдарын, логикасын және үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға алынады. Тұжырымдап айтқанда, баға-лау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі. Сондықтан бағалау оқу бағдарламасы, мақса-ты, оқу мазмұны және әдістемелерімен тығыз байланысты болуы керек. Критериалды бағалау дегеніміз не?