Қасқабасов С. Таңдамалы


Абай поэмаларында фольклорлық



Pdf көрінісі
бет69/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
Абай поэмаларында фольклорлық 
сюжеттердің пайдаланылуы
Абай Құнанбаев өз туындысында қазақ фольклорында ер­
теден жырланып келген жорық пен ғашықтық тақырыбына 
қатысты екі сюжетті пайдаланған. Оның бірі – жас жігіт 
қосылғалы тұрған қалыңдығын ауылда қалдырып, өзі жо­
рыққа кетеді. Жаудан өледі. Ауылда күтіп отырған қыз сүйікті 
жігітінің опат болғанын естіп, өмірмен қоштасады. Екінші 
сюжет: қартайған хан күші мен билігін пайдаланып, бір сұлу 
қызды сарайына алдырады. Соны алмақ. Бірақ қыз кәрі шалға 
тигісі келмей, жартастан суға құлап өледі.
Бұл екі сюжет те дәстүрлі, ауыз әдебиетінде кең етек 
алған. Алайда, Абай екеуін де өзінше баяндаған. Алғашқы 
сю 
жет бұрын көбінесе қаһармандық эпоста жырланып, ба­
тырдың орасан ерлігі мен әйелінің (немесе қалыңдығының) 
ақылдылығын дәріптейтін. Ал ұлы ақын бұл сюжетті мүлде 
басқаша, жаңа сипатта баяндаған. Ең алдымен, ол дәстүрлі 
сюжетті қаһармандық сипаттан арылтып, идеализациялық, 
фольклорлық сарыннан тазартқан да, өмір, тұрмыс шынды­
ғына сәйкестендірген. Абай шығармасында эпикалық пафос 
пен шайқас фоны көрінбейді, керісінше, оқиға барынша реа­


[
  252  
]
листік түрғыда көрсетіледі. Бұрынғы эпоста орын алып кел­
ген көтеріңкі көңілді күй қайғыға, трагедияға ауысады. 
Соның нәтижесінде Абай шығармасы жаңа жанр, дәлірек 
айтқанда – баллада болып шыққан. Мұнда баллада жанрына 
тән негізгі белгілер түгелдей бар десе де болады: драмаланған 
мазмұн, оқиға – белгілі бір тарихи фактімен байланысты 
емес, халықтың күнделікті өмірінде жиі кездесетін құбылыс
әлеуметтік маңызды ойдың бір отбасы немесе жеке адам 
тағдыры арқылы берілуі, әңгіме желісінің күрт үзілуі, автор 
позициясының айтылуы, т.б. Не­бары он шумақтан тұратын 
өлеңнің сегізінде ғана баяндалған сол кез үшін аса мәнді, 
актуальды идеяны ұстап тұрған сюжет егер бұрын эпоста ұзақ, 
көлемді жыр ретінде жырланса, бұл өлеңде өте тұжырымды 
баяндалып, оқиға күрт тоқталады да, түгел айтылып шығады. 
Сол сегіз шумақтың ішінде бесеуі айрықша – адамдардың бүкіл 
іс­әрекеті, тағдыры сонда. Міне, сол бес шумақ:
Қозғады жау батыр ерді 
Жауға сойқан салғалы. 
Қалыңдығы қала берді. 
Жатыр еді алғалы.
Қалыңдық құшып сүюге, 
Күйеуіне ынтызар. 
Келісімен тиюге 
Дайындалған ойы бар.
Көйлегін ақтап тіккіштеп, 
Күні-түні демалмай, 
Бітіруге жүр күштеп, 
Асыққансып, тоқталмай.
Жара басты кеудені, 
Жаудан өлді ар үшін. 
Ескермей өзге дүниені, 
«Аһ» деп өтті жар үшін.
Жамандық тұрмас күттіріп, 
Ел есітті, қыз білді. 
Ақ көйлекті бітіріп, 
Кебінім деп киді, өлді...


[
 
 253  
]
Өлеңдегі 1, 6, 9, 10 шумақтар автордың кейіпкерлерге, 
олар 
дың тағдырына деген өз пікірін, қатынасын білдіреді. 
Осы шығармада сюжет дәстүрлі болғанмен, фольклорда кез­
деспейтін адам әрекеттері, психологиясы көрсетілген, қай­
таланбас сипаттағы мінездер бейнеленген.
Жоғарыда айтылған екінші сюжет ақынның атақты «Бір 
сұлу қыз...» өлеңінде баяндалады. Бұл шығарма да баллада 
үлгісінде жазылған.
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, 
Хан да жанын қияды қыз жолында. 
Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын, 
Күтуші қыз-келіншек жүр соңында.
Деген сөз: «Бұқа буға, азбан дуға», 
Хан қарық боп, түсіп жүр айғай-шуға
Етімді шал сипаған құрт жесін деп, 
Жартастан қыз құлапты терең суға...
Міне, бүкіл сюжет, қайғылы оқиға екі­ақ шумақта айтыл­
ған, мазмұны драмаланған. Сайып келгенде, бұл сюжет те 
ежелден халық әдебиетінде бар, онда ұзын­сонар баянда­
лады. Мәселен, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды», «Қыз 
Жібекті» немесе «Хал бибі» тәрізді әпсананы атауға болады. 
Бұлардың бәрін дегі коллизия – біреу: жас қыз бен сүймейтін 
ер адамның арасын 
дағы қайшылық; тақырыптың идеясы 
да біреу; махаббат еркіндігі үшін күрес. Алайда, дәстүрлі 
ға шықтық жырларда немесе аңыздауларда бұл идея өте кө­
лемді, кең планда, эпикалық масштабта жырланса, Абай 
екі шумақпен жырланып отырған мәселеге қатысты өзінің 
ой­пікірін, авторлық позициясын білдіреді. Бұл өлеңде де 
баллада жанрының негізгі сипаттары бар: баяндау, оқиғаны 
драмаландыру, лирикалық сырласу, сюжет қақтығысының 
күтпеген жерден шешім табуы т.б.
Атап айтуға тұратын нәрсе сол – біріншіден, Абай осы 
екі шығармасы арқылы қазақ әдебиетінде баллада жанрын 
туғызды, екіншіден, екі балладасын да дәстүрлі сюжетке 
негіздегенімен, оны жаңаша, өзінің гуманистік позициясынан 
баяндап, оқиғаға, кейіпкердің іс­қимылына деген көзқарасын 


[
  254  
]
ашық айтты. Мұнда да ұлы ақынның гуманистік және де­
мократтық дүниетанымы, көзқарасы бой көрсетеді.
Жалпы, Абай шығармашылығына көз жүгіртсек, оның 
өмір ге деген көзқарасы қалай өзгеріп отырса, поэзияға, қазақ 
әдебиетіне, бүкіл шығыс мәдениетіне деген көзқарасы да солай 
өзгеріске ұшырап отырғанын байқауға болады. Айталық, ол 
жас шағында шығыс классикасы мен қазақ халық әдебиетіне, 
жырау мен ақындар поэзиясына үйір болып, соларға еліктесе, 
есейген тұста, керісінше, «ескі билерше бос мақалдағысы» 
келмейді, шығыс поэзиясынан да алшақтайды, тіпті жалпы 
фольклор мен орта ғасыр әдебиетіне тән стереотиптіліктен жә­
не эпосқа хас дәріптеу мен әсірелеуден қашады. «Ол кездегі 
Абай арапшыламақ, фарсыламақты теріс нәрсе деп түсін­
ген»
6
, – деп жазады М. Әуезов.
Ал 80­жылдардан, яғни кемеліне келген кезден бастап 
Абай бұл райынан қайтады. Бұл тұста ол Шығыспен қайта 
табысады, бірақ енді орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетін 
меңгеріп алып, үлкен білім биігінен Шығыс поэзиясына, 
әсіресе фольклоры на жаңаша назар салады. Бұл жолы ұлы 
ақын Шығысқа басқа өре де, басқа мақсатта қарайды. Сөйтіп, 
ол енді Шығыс пен Батысты ұштастыра, бірлікте, екеуін 
бүкіл адамзат цивилизациясының екі тармағы деп түсінеді, 
бір бүтіннің екі бөлшегі деп пайымдайды. Міне, осы себептен 
ақын шығыс фольклорының сюжетіне үш поэма жаза 
ды 
(«Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі»). Ол шығыстық 
сю 
жетті бөтенсімейді, қазақтікі емес деп қорықпайды. 
Себебі, біріншіден, бұл сюжеттің ва 
рианттары қазақ еліне 
ежел ден таныс болған, екіншіден, дәл осы сюжеттерді Абай 
орыс әдебиетінен де табады. Ал ол сюжеттер орыс әдебиетіне 
Батыстан келген еді, өйткені XVII ғасырдың аяғынан бас­
тап Батыс Еуропада Шығыс тарихына, мәдениетіне, этног­
рафиясына, фольклорына зор көңіл бөлініп, көптеген клас­
сикалық туындылар, оның ішінде ұлы Фирдоуси, Низами 
жаратындыларымен «Мың бір түн», «Махабхарата», «Пан­
ча тантра» сияқты фольклорлық жинақтар, ондағы жеке шы­
ғармалар Еуропа тілдеріне аударыла бастағанды. Олар орыс 
тілінде де тәржімаланған болатын. Міне, Абай үш поэмасына 
негіз етіп алған фольклорлық сюжеттер түп негізінде Шығыстан 
екені осыдан да көрінеді. Олай болса, Абайдың Батыс Еуропа 


[
 
 255  
]
арқылы орыс әдебиетіне келген шығыстық сюжеттерді 
жатсынбай, қазаққа белгілі, тума дүниелер деп табуы – өте 
заңды. Сондықтан да ол бұл сюжеттерді өз шығармашылығына, 
өзінің идеялық­эстетикалық, демократтық және гуманистік 
ойларын айтуға пайдаланған. Осы орайда Мұхтар Әуезовтің 
мына сөзін еске алуға болады. Ұлы ақын шығармашылығының 
үш қайнар көзі, үш қазынасы жайлы айта келіп, ол былай деп 
жазады: «Абайдың ақындық бітіміндегі ең бір ірі жағы осы 
айтқан үш қазынаның қайсысына барса да құр ғана үйренуші, 
еліктеуші боп қалған жоқ. Қайдан алсын, нені алсын – 
баршасын да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы ірі ақындық 
ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен өткізіп, өз өнерімен мық­
тап қорытып, өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым­табысы 
етіп ала білді...
Сондайлық басқаша тың жаңалықты Абай шығыс әдебие­
тінің қорына қол артқан кезде де мол тауып отырды. Абай 
өзінің жас шағынан жақсы білген классик ақындарды: 
Фирдоуси, Низами, Шейх, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Фи­
зули, Бабурлерді өмір бойы зор қадірлеп өткен. Ерте кезде 
оларға еліктеп жазған шығармалары да болған. Кейін Низа ми
Науаи жырлаған Ескендір жайын, Аристотель жайын батыс 
әңгімелерден алып қосқан жаңа сарындармен көркейтіп, жыр, 
дастан етеді»
7
.
Мұхаңның бұл сөздерінен шығатын қорытынды – Абай 
Шығыс сюжетіне негізделген поэмаларын жас кезінде емес, 
әбден кемеліне келіп, ақындық, ойшылдық қуаты толыс­
қан шақта жазған және өз заманының өте актуальды пробле­
маларымен ұштастырған. Сондай­ақ Мұхтар Омарханұлы атап 
көрсеткендей, Абай бұл сюжеттерді поэма етіп жазғанда тек 
Шығыс емес, сонымен бірге орыс, тіпті аударма арқылы жеткен 
Батыс әдебиетінен, тарихи және басқа да шығармалардан 
оқып білген жайттарды орныменен кірістіріп отырған. Бұл 
жағдайды, әсіресе, «Ескендір» поэмасынан айқын аңғаруға 
болады.
Ескендір жайында неше түрлі аңыздар, әпсаналар, хикаят­
тар өте ерте заманда пайда болып, бүкіл Шығыс пен батыс 
елдеріне жайылып кеткені аян. Солардың негізінде қадым 
дәуірде, кейін орта ғасырларда және бертінгі уақытта да сан 
алуан әдеби, тарихи шығармалар жазылып, атақты қолбасшы­


[
  256  
]
жиһангер барынша дәріптелген болатын. Ол туралы әпсана мен 
хикаяттар қазақ арасына да кең тараған еді.
Қазақ арасына тараған Ескендір жайындағы шығарма­
лардың сюжеті үш түрлі болатын.  Бірінші сюжеті мынадай: 
Ескендір патшаның басында мүйізі бар.  Мүйізі  бар  екенін 
ешкімге білдірмеу үшін ол шашын алдырған кісілердің бәрін 
өлтіріп отырған. Сондай шаштаразшылардың ішінен біреу тірі 
қалады. Күндердің бір күнінде әлгі шаштаразшы құпиясын 
жасыра алмай, құдыққа барып: «Ескендірдің мүйізі бар!» – 
деп  айқайлайды. Құдықтан қамыс өсіп шығады да,  желмен 
шайқалып, ән салады. Сөйтсе, қамыстан шыққан дыбыс: 
«Ескендірдің мүйізі бар!» – деген сөз болады да, елге тарап 
кетеді
8
. Әрине, фольклор болғандықтан бұл сю жет әр вариантта 
айтылған. Мысалы, Ескендірдің мүйізі кейде есек құлағы болып 
келеді  немесе  оның мүйізін жария  етуші қамыстан жасалған 
сыбызғы деп айтылады я болмаса оның мүйізі қасиетті болған 
деп те баяндалады.
Екінші сюжет бойынша, Ескендір өзінің Қызыр және Ілияс 
деген  жолдастарын ертіп, Зұлматқа өлмес суды іздей келеді. 
Бірақ ол суды алға қарай озып кеткен Қызыр мен Ілияс тауып 
ішеді де, соңынан Ескендір келіп жеткенде әлгі су ғайып бо­
лып кетеді (немесе  қарғалар ішіп қояды, кейде патшаның 
тамағынан судың өзі жүрмей қалады)
9
.
Абай өз шығармасына бұл сюжеттердің екеуін де алмайды. 
Оның қалаған сюжеті басқа: Ескендір патша әскерімен жо­
рықта жүріп, жұмаққа тап болады,  бірақ оның ішіне кіре 
алмайды. Жұмақтың күзетшісі оған адамның бас сүйегін сыйға 
тартады. Патшаның қасындағы данышпан бұл сыйлықтың 
мәнісін түсіндіреді
10
.
Алғашқы сюжеттің қазақ жеріне Низамидің «Ескен­
дірнамасынан», ал екінші сюжеттің Рабғузидің «Қисса су­
л­әнбиясынан» тарағаны белгілі, ал «үшінші сюжеттің түп 
төркіні қайда?» деген сауалға Низамидің дастанын атап жүрдік. 
Алайда, олай емес. Кейінгі жылдарда табылған материал мен 
зерттеулерге қарағанда, бұл сюжет көне заманғы Талмудта бар 
болып шықты. Талмудқа бұл сюжет өте ерте уақытта Таяу және 
Орта Шығыс жұртында тәмсіл­мисал түрінде айтылып жүрген 
шақта енген. Талмудтан көне дәуір мен орта ғасырлардың 
авторлары оны өз шығармаларында пайдаланған. Мысалы, 


[
 
 257  
]
антика мезгілінің «Александр туралы романында», XII ға­
сырда өмір сүрген неміс ақыны Лампрехтің «Александр» 
атты шығармасында бұл сюжет сәл өзгертілген түрінде орын 
алған. Жаңа заманда, яғни XIX ғасырда, аталмыш сюжетке 
Батыс Еуропа әдебиеті қайтадан көңіл бөлген. Мысалы, неміс 
романтикалық әдебиетінің көрнекті өкілі болған француз 
Альберт фон Шамиссо (1781­1830) Талмудтың осы сюжеті 
бойынша «Александр туралы аңыз» деген көлемді өлең жазған 
және бұл әңгімені Талмудтан алғанын хабарлап, өлеңге «Тал­
муд бойынша» деп анықтама берген. Мұнда сюжет толық 
сақталған, бірақ біршама кеңейтілген, әрі өлеңнің басында 
автор өзінің ескі мұраға және аңыздар мен әңгімеге құмар 
екенін айтады. Бұл түсінікті, өйткені Шамиссо ақындық 
жолды романтик ретінде бастаған. Ал романтиктер фольклорға, 
ежелгі заман әдебиеті мен мәдениетіне аса қатты көңіл бөліп, 
оларды тәржімалаған, дәріптеген, жырлаған, сөйтіп өздерінің 
идеялық мақсаттарына пайдаланған.
Орыс әдебиетіндегі романтизмнің аса көрнекті өкілі В.А. 
Жуковский (1783­1852) Шамиссоның осы «Александр туралы 
аңызын» 1844 жылы еркін аударып, «Моековитиянин» 
журналының 1845 жылғы №1 санында жариялаған (кейін 
бұл шығарма ақынның барлық толық жинақтарына енді). 
В.А. Жу ковский Шамиссо өлеңіндегі сюжетті толық сақтаған, 
ал Ескендірді суреттеуде сәл ауытқыған, оның психологиялық 
сезімін тереңдете көрсеткен, жаулағыш патшаның тойымсыз­
дығын аша түскен.
Сонымен, Ескендірдің жұмаққа барып, қу бас алып қайт­
қаны туралы Талмаудтағы сюжет XIX ғасырда орыс әде­
биетінде де жырланғанын көріп отырмыз. Бұл сюжетті Абай 
да пайдаланған. Қолда бар деректерге қарағанда, қазақтың 
ұлы ақыны Ескендір туралы бұл әңгімені Талмудтан да, В. 
Жуковскийден де оқыған сияқты. Талмудтың орыс тіліндегі 
толық аудармалары 1897 және 1902 жылдары жарық көр­
генін, ал В. Жуковский шығармаларының өткен ғасырда он 
шақты рет шығып, бүкіл Ресейде тарағанын еске алсақ, Абай 
оларды оқыған деуге толық негіз бар. Мәселен, В. Жуковский 
шығармаларының 1849 жылғы бесінші басылымы мен 1885 жыл­
ғы сегізінші басылымы бұрынғы Вер 
ный кітапханасында 
болған. Демек, бұл кітаптар, әсіресе 1885 жылғы басылым 
17­279


[
  258  
]
Семей қаласында да болуы әбден ықтимал және оны Абайдың 
оқымауы да мүмкін емес, өйткені ұлы ақынның орыс клас­
сиктеріне зор көңіл бөлген кезі – 80 жылдардан кейінгі шақ 
екені белгілі. Олай болса, өзі сүйіп оқитын Пушкиннің ұстазы 
Жуковскийді Абайдың білуі – еш таңғаларлық нәрсе емес. 
Керісінше, білмесе – таңдануға керек.
Сөйтіп, Абай «Ескендір» поэмасын жазбас бұрын В. Жу­
ковскийдің «Две повести» деген өлеңін және Талмудты 
оқыған. Соған қоса ол Шығыс елдерінде айтылатын аңыз­
әңгімелерді де, Фирдоуси, Низами поэмаларын да, қазақ 
арасындағы Зұлқарнайын туралы діни хикаяттарды да жақсы 
білген. Зерттеушілердің пікірі бойынша Абай «Ескендірді» 
1900­1902 жылдары жазған. Бұл тұста қазақ тілінде көптеген 
фольклорлық, әдеби, діни шығармалар жарық көрген­ді. 
Ескендір Зұлқарнайын жайында да жарыққа шыққан қисса, 
хикаят, аңыздар болды. Ол шығармаларда Ескендір пайғамбар 
ретінде, өте әділ патша бейнесінде көрсетіліп, мейлінше 
дәріптеле жырланған болатын (Тіпті Ыбырай Алтынсариннің 
өлеңінде де Ескендір Құрандағы мәнде көрсетілген еді). 
Міне, осыларды оқыған Абай халыққа шын Ескендірдің кім 
екенін ашып беру ниетімен «Ескендір» по 
эмасын жазған 
тәрізді. Ел арасында айтылып жүрген хикаяттар мен жазба 
шығармалардағы данышпан патша, әулие, пайғамбар, ал­
ланың сүйікті адамы, Әжуд­Мәжудтерді тоқтатқан Ескендір 
Зұлқарнайынды әшкерелеу, оның қайда, қай уақытта өмір 
сүргенін айту, өмірде қандай адам болға 
нын көрсету, сөй­
тіп Ескендір есіміне байланысты қате пікірді жоққа шы ғару 
Абайдың басты мақсаты болған. Бұл ұлы ақынның өмірге 
демократтық­гуманистік көзқарасынан, әдебиетке реа 
лис­
тік тұрғыдағы позициясынан туған мұрат еді. Біздің бол­
жауымызша, Абай бұл ойын жүзеге асыру үшін алдымен өзіне 
белгілі сюжетті қара сөз түрінде «Дала уәлаяты» газетінің 
бетінде жариялайды. Олай дейтін себебіміз, газетте басылған 
тексі мен «Ескендір» поэмасын салыстырғанда, сюжеттік қана 
емес, сондай­ақ Ескендір патшаға бұрын еш уақытта берілмеген 
мінездеме, сөздер мен сөз тіркестері, кейіпкерлердің сөздері 
бірдей екендігі көзге түседі. Айталық, бұрын ешқандай авторда 
немесе фольклорлық шығармада айтылмайтын Ескендірдің 
отаны Македония екенін хабарлау және кейіпкерге мінездеме 


[
 
 259  
]
беру газет тексінде де, Абай «Ескендірінде» де бірдей. Мысалы, 
газетте: «Бұрынғы заманда Македонияда Ескендір патша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет