Ата-аналарға, мұғалімдерге арналған жадынама Аутизм: деген не, себебі,белгілері,түрлері



бет1/3
Дата02.05.2023
өлшемі38,92 Kb.
#89037
  1   2   3


Ата-аналарға, мұғалімдерге арналған жадынама
Аутизм: деген не, себебі,белгілері,түрлері

Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады.
Аутизмнің пайда болуына не әсер етеді? Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін вакцинацияның салдарынан пайда болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы » да себеп болады. Ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дамуында кінарат (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стрестер әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет