Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қимақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде.
Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық страьегиясы.
“Ақтабан шұбырынды”, “Алакөл сұлама” жылдары
Қорытынды.
Кіріспе
Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақсоғыстары (Қазақ-Жоңғар соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданыойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир(Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген