Қазақстанды Ресейдің отарлауы– 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды

Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясатының үш бағыты
Гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру
Саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу
Қазақтардың сыртқы саяси жағдайларының күрделілігі орын алған жағдайдан шығу жолдарын іздеуді талап етті. 1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді.

1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді