Ақтөбе 2022 Жоспар: Кіріспе Ерте балалық кезеңдегі балалардың моторикасының дамуы



бет1/4
Дата08.11.2022
өлшемі37,56 Kb.
#48665
  1   2   3   4

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы




Мақала
Тақырыбы: Ерте балалық шақ
Орындаған: Оңдасынова А.А
Тобы: Арнайы педагогика – 201
Тексерген: Есенғұлова М.Н.


Ақтөбе 2022
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Ерте балалық кезеңдегі балалардың моторикасының дамуы
3. 3 жастағы баланың мінез-құлқына тән негізгі белгілер



  1. Ерте балалық шақ

Ерте балалық кезең бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші бір аты- мектеп жасына дейінгі кезең. Кезеңнің бастауы бәр жастағы дағдарыстан басталады. Ерте кезеңнің дамуының негізгі ерекшелігінің мақсаты - баланың анасынан психикалық бөлінуі. Бала бұл кезеңде кеңістікте еркін қозғала алады. Сөзді меңгергендіктен, бала өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.


Баланың заттарды меңгеруі ойын мәнездемесіне ие. Д.Б. Элкониннің айтуынша, бір жастың соңында баланың әлеуметтік жағдаяттарға ересек адаммен бірігуі ішкі себептерге байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ерекшелігі - заттық - манипуляциялық әрекеттер әрекеттер оның дамуына заттармен жасалатын әртүрлі кубиктер, перамидалар, т.б ойыншықтар әсерін тигізеді. Ерте балалық кезеңдегі балалардың жалпы дамуына тән жүйелі, ақырын өсу.
Баланың дене дамуында да өзгерістер көп болады. Баланың салмақ қосуы жылына 2 кг. Бойы -8 см-ге өседі. Сүйектің өсіуіне қарай, баланың дене дамуы да жүзеге асады.

1 жастан - 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуде төмендегідей бағыттарды білуі керек:



  • Тік жүру және оның бала дамуындағы рөлі;

  • Көру қызметінің ортақ нәтижесі ретінде бұлшықет сезімі, сонымен қатар, кинестезия мен сезу;

  • Кеістікке бейімделу;

  • Қарулы әрекеттері, тіл дамуының сензитивтілігі;

  • Ішкі және сыртқы нысаналық әрекеттері;

  • Сананың таңбалы қызметтері;

  • Сөз-мінез-мінез құлықты өзгертуші;

  • 3 жастағы дағдарыс;

  • Сана сезім және оның ерте жастық шақта көрінуі.

Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жасында болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты.
Баланың психикалық дамуына тік өмір сүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу — ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлал қалу каупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадатқау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген мақсатына жету мүмкіндігі және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашқы ол-сіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл күй туғызады.
Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) психологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет