Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


 Қатысымдық құрылым (relational structure)



Pdf көрінісі
бет90/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   343
2. Қатысымдық құрылым (relational structure) жай сөйлемдердің бірізді иерархиялық 

тізбегінен тұратын біртұтас мəтін мазмұнының ұйымдастырылуын қарастырады. Мəтін ұй-

ымдастырылуы оның өзара мəтінішілік байланыс аспектісінде қарастырылады. Риторикалық 

құрылым теориясы осы деңгейге жатады. Теорияның негізгі ұғымдары – дискурстық бірлік-

тер мен олардың арасындағы қатынас түрін сипаттайтын риторикалық байланыстар. 

3.  Дəстүрлі  синтактикалық  құрылым (syntactic structure).  Авторлардың  түсіндіруі 

бойынша теорияның қолданылу мақсаты:

1) риторикалық құрылым теориясы мəтінде клауздар (ағылш. clause- сөйлем) арасындағы 

риторикалық  байланыстарды  сипаттайды  (Tомпсон,  Mанн,  1986;  Стюарт,  1987;  Tомпсон, 

Mанн, 1987; Tомпсон, Mанн, Maтиссен, 1992);



113

2) кең ауқымдағы мəтін түрлеріне (мысалы, жаңа хабарлар жүргізуде) аналитикалық тал-

дау жасауда қолданылады (Ноэл, 1986; Фокс, 1987);

3) салыстырмалы-салғастырмалы риторикалық зерттеулер жүргізуге қолданылады (Гай, 

1985, Конг, 1998);

4) нарративті дискурс түріне талдау жасауға ыңғайлы, мысалы, зерттеуші Kамф (1986) 

жапон жəне испан тілдерінде сөйлейтіндердің əңгімелерінің тіларалық, грамматикалық жəне 

риторикалық ерекшеліктерін сипаттауға қолданған

5) мəтін интерпретациясын жасау кезінде пропозициялар байланысын сипаттауда, мəтін 

когеренттілігін айқындауда қолданылады. 

Теорияны жазбаша мəтін жанрларын (əкімшілік анықтамалар, ғылыми деректер, саяси 

эсселер, газет-журнал мақалаларын, жарнамалық кітапшаларды, аспаздық рецептер) сипат-

тауда қолдануға болады [2, 244]. 

Теория авторларының ұсынуымен риторикалық байланыстардың 24 түрі қарастырылып, 

оларға жекелеген анықтамалар берілген. Байланыс түрлері əр тілдің ерекшелігіне сай барлық 

мəтін түрлерін бір қалыпта сипаттауға жарамсыз болған жағдайда, оны зерттеушілердің өз 

қалауынша толықтыру мүмкіндігі бар екендігі ескеріліп, ашық күйінде қалдырылған. 

1999 – 2001 жылдары риторикалық құрылым теориясын ресей ғалымы А.Л. Литвиненко 

орыс тілінің ерекшеліктеріне сай өңдеп, дискурс бірліктерін сипаттауда қолданып, дискур-

стың ауызша түріне қатысты диалог репликаларын ескере отырып, оны толықтырып, комму-



никативтік байланыстың 20 жуық байланыс түрін қосады [3]. Қазіргі кезде бұл байланыс 

түрлері зерттеушілер еңбектерінде кеңінен қолданылып жүр. Көрнекілік ретінде төмендегі 

кестелерімізде дискурсты семантикалық тұрғыдан талдауда жиі кездесетін риторикалық бай-

ланыс түрлерінің қысқаша нұсқасы ағылшынша (У.Maнн, С.Tомпсон) - орысша (А.Л. Литви-



ненко) – қазақша (А.М. Жалалованың аудармасы) ұсынылып отыр.

Кесте 1 – Себеп-салдарлы бір ядролы (mononuclear) симметриялық байланыс түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет