Ауызекі сөйлеу мәдениеті, стилі, әдебі



Дата15.10.2022
өлшемі48,04 Kb.
#43326
Байланысты:
Нургазина Сания

Ауызекі сөйлеу мәдениеті, стилі, әдебі

Орындаған: Нургазина Сания


Ауызекі тіл, ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады.
Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар. Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді.
Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді.
Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін).
Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады.
ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация)
Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі)
Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады
Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту
Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады
Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді"
Ерекшеліктері:
Ауызекі сөйлеу мәдениеті
Тіл мәдениеті
ауызша сөйлеу мәдениеті
жазба тіл мәдениеті
Ауызша сөйлеу мәдениеті:
1 орфоэпия қағидаларын сақтау,
2 мәнерлеп сөйлеу
3 ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа дағымды етіп айтуға негізделеді
Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);
полемикалық (дауласу) сөз
көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше,сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады. Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады,өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі.Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып барғаны жөн.
Көпшілік алдында көбінесе баяндама, дәріс оқылады. Оны қоғамдық, экономикалық, мәдени мәселелерді көтеруге байланысты қарым-қатынас орнатуда, ақпарат құралдарында да қолданады. Мұндағы маңызды мәселе, айтатын сөздің мазмұндылығы, қажеттілігі, көпті қызықтыруы.
Ауызекі сөйлеу әдебі
Пайдаланған әдебиеттер:
  • Қордабаев . Жалпы тіл білімі А.1974
  • Хасенов Ә.Тіл білімі.Алматы, 1986


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет