№1 билет 1) Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай? Сөйлеу тілінің қолданылатын орны: Көбіне таныс ортада, бейресми жағдайда емін-еркін әңгімелесуде қолданылады
Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері: Дыбыстарды түсіріп айту, қыстырма сөздер, диалект сөздер, кейде тұрпайысөздер кездеседі 2) Дефис пен сызықшаның айырмашылығын айт. Дефистің қойылатын орындары: 1) лексикалық мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөздер арасына: инженер-технолог, батыр-ұшқыш; 2) қос сөздердің арасына: ел-жұрт, алай-дүлей; 3) сөзді тасымалдағанда; 4) реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзімен қатысты сөзбен араларына дефис қойылады: Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл - оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады. №2 билет 1) Ғылыми стильдің мақсаты, қолданылу аясы, стильдік сипаты қандай? Ғылыми стильдің мақсаты : Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. Ғылыми стильдің қолданылу аясы : Ғылыми еңбектерде, зерттеулерде – жазбаша түрі; ал ғылыми мәжіліс, кеңес т.б. – ауызша түрі.
Стильдік сипаты : Ресми, анық, дәл, нақты, дәлелді.
2) Қазақ тілінде қандай сөздер тасымалданбайды? Тасымалданбайтын сөздер: 1) бір буынды сөздер: ас, ұлт;
2) бас әріптен қысқарған сөздер: ИнЕУ, ҚазҰПУ;
3) қысқартылған кісі есімін фамилиядан айырып тасымалдауға болмайды: М.Әуезов, А.Қасымбек;
4) қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды: 5т, 30м;
5) сөздің жалғыз әрпін қалдырып тасымалдауға болмайды: і-лім, а-на
№3 билет