«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


А.БАҚТЫГЕРЕЕВА ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК



Pdf көрінісі
бет20/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
А.БАҚТЫГЕРЕЕВА ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ 
 
Нурова А.Ж. 
КЯЛ-21-1М оқу тобының магистранты- Қызылорда, Қазақстан
Ғылыми кеңесші Айтбаева А.Е. Қорқыт ата атындағы ҚУ 
Aiman_aitbaeva@mail.ru

Қызылорда, Қазақстан 
Әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің ұлттық болмысты айшықтап тұратын мінез-
құлығы – әдеби шығармадағы ұлттық мінез деп танылады. Ол кейіпкер өз туындысы 
арқылы өзін белгілі бір халықтың азаматы екендігін және өзінің психологиясынан хабар 


62 
беретіндігін, сонымен қатар, жазу мен көркемдеудегі өзіндік стиль ерекшеліктерін анық 
көрсетеді.
Сондай-ақ, адамның ұлттық мінезі, ұлттық болмысы – сол адамның руханиятынан, 
саяси және әлеуметтік жағдайының бағдарынан толық мәлімет беріп тұрады. Әр ұлттың 
қалыптасуы мен сол халықтың әдеби туындыларын бөлек қарастыруға болмайды. 
Сондықтан да шығармада ұлттық мінез бен ұлттық болмысты көрсету үшін сол халықтың 
салт-дәстүрі, дүниетанымы, сол уақыттағы экономикалық жағдайы мен ұлт психологиясын 
білу керек, сусындау керек. 
Бұл жөнінде З.Қабдолов: "Ақын өмірге өз халқының көзқарасымен қарап, әр нәрсені 
ұлттық психологияға сәйкес құбылыстай сезініп, толғанғанда ғана ұлттық сипатты 
бейнелеп беруі мүмкін"[1] деген ой айтады. Бұл дұрыс та. Мысалы, "Игорь полкі туралы 
жыр" орыстардың, "Махабкарата" Үндістан халқының, "Нибелунга туралы жыр" 
немістердің, "Манас" қырғыздардың, "Ер Тарғын" қазақтардың дүниетанымын, мінез-
болмысын айқындайтын шығармалар болып табылады. Сонау ғасырлардан бері қазақ 
әдебиетінің шоқтығы биік туындылары қазіргі уақытқа дейін өз тұғырында десек, артық 
айтқандығымыз емес. Сол межеден шығып жүрген әдебиет майталмандарының басым 
көпшілігі ер адамдар екендігіне таласымыз жоқ. Десе де, әдебиетке өз еңбектерімен, өз 
шығармашылықтарымен танылып, оқырман жүрегіне жол тауып жүрген әйелдер 
шығармашылығы да аз емес. Солардың бірі де бірегейі – 1944 жылы 23 тамызда Батыс 
Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында дүние есігін ашқан қазақтың, Жайықтың ақ 
шағаласы атанған ақын қызы – Ақұштап Бақтыгереева.
Қазақ поэзиясында өзіндік орны, қолтаңбасы бар қаламгер әрқашан осы замандағы 
қоғамды, адамды толғандырып отырған әлеуметтік құбылыстарды өз туындыларына арқау 
етіп, елдік мақсат-мүдде тұрғысындағы тақырыптарды тілге тиек етеді. Қазақтың белгілі 
ақыны Ақұштап Бақтыгерееваның таңдамалы өлең-жырлары, балладалары, шетелдік 
ақындардың туындыларынан аудармалары, өзінің өмірден түйген ой-толғамдары мен 
өмірдің кейбір қарын аштырар қылықтарына қатысты жазған қайрау өлеңдері мен мақала, 
шағын әңгімелері бар. Осыншама туындыларында ақын, қазақ менталитетіндегі, салт-
дәстүріндегі, тарихындағы үндерді де қосып өткен. Қазақ халқының әдебиеттегі ұлттық 
мінезі 
Ақұштап 
Бақтыгерееваның 
шығармашылығында 
толық 
суреттелген.
Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ 
поэзиясына жаңа өрнек алып келді деп айтуға да толық негіз бар.
Ақұштап Бақтыгерееваның көп шығармалары лирикалық сарында жазылған. Бұл – 
заңдылық. Себебі, қазақ әйелінің оның ішінде қазақ ақын қызының ғұмыры сыршыл сезімге 
толы болады. Десе де, қазақ қызы дегенде қайсарлық қасиеттің де шет қалмайтынына 
тарихтың сарғайған парақтары куә. Ақын өз халқының болмысын суреттеп тұрады деуге 
енді толық негіз бар. Лирикалық сарын мен өжеттілікті, қайсарлықты бір арнаға тоғыстыра 
алу тек қазақ қызының қолынан келер іс шығар. Оған дәйек ақынның «Анаға жазған 
хаттардан» деген өлең жолдарындағы тармақтар: 
Біз – үшеуміз, сен жалғыз арқалаған,
Бізге сенен сусын боп нәр тараған.[2] 
Бұл өлең жолдарындағы алғашқы тармақ «сен жалғыз арқалаған» тіркесі арқылы ана 
тағдырын, әйел адамның бар ғұмырының жеңіл, жақсы болмағандығын, осы уақытқа дейін
өмірден талай теперіш көріп жеткендігін тілге тиек етіп, екінші тармағына ана мейірімі, 
шексіз махаббатын суреттейді. Бұл – қазақ қызының өлеңдегі ұлттық мінезін айшықтап 
тұрған өлеңнің бірі. Ақындар дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, 
мөлшерін салыстырып және қарама-қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, 
білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, 
өмірге деген көзқарасын өз халқының ұлттық мінезін көрсетеді. 
А.Бақтыгереева шығармашылығында сын есімнен келетін антонимдік қатар 
ақынның туындыларының сәнін келтіріп, айтар ойларын нақты әрі түсінікті етіп, 
шендестіре қолданады. Ақын шығармашылығында ұлттық мінезді айқындаушы болып 


63 
негізгі рөлді алып тұрған осы қарама-қарсы мағынадағы дос пен қас және өлім мен өмір, 
сондай-ақ күн мен түн және сор мен бақ сөздері десем де болады.
Ақынның Жайыққа арналған өлеңдерінде етістіктер әр түрлі формада келіп
баяндау, суреттеу қызметінде жұмсалған. Олар түбір күйінде, есімше, көсемше, тұйық 
етістік түрінде және жіктелген формада кездеседі. Ашық рай формасындағы етістіктер –ып, 
-іп, -п көсемшелер актив қолданыста болып, поэтикалық бейнені айқындай түседі.
Қандай тілде болсын фразеологиялық единицалар астарлы, оброзды мағынада 
қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. 
Ақұштап Бақтыгереева поэзиясында да осы қолданыстар жиі орын алып жатады.
Кей күні тыныштық таппаған, 
Кеудемде ұлиды ақ боран.
* * *
Ақ пейіл кеңдігіңе бас ұрамын
Өлшеусіз еңбегіңді жасырар кім?![2] 
Осы сынды «ізімді жасырып, жігерім құм болды» деген фразеологиялық тіркестер 
ақын шығармашылығында кезедседі.
Тілдегі сөздердің өзара тіркесу қабілеті бірдей емес. Қайсыбірі кез келген сөзбен 
тіркесіп білгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі аз ғана сөздермен одақтасып, 
сонымен ғана тіркеседі. Тіркесу қабілеті әр түрлі. Ал әртүрлі сөзді, тіпті мағыналық 
тұрғыдан үйлеспейтін сөздің мағынасын өлеңге сыйдырып қою – үлкен өнер.
Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығында ең басты жетістік көркем ой мен 
көрікті де сұлу ұйқастардың үндестігі. Олардың ой түйіндеулері қаншалықты салмақты 
болса, поэтикалық тілі де соншалықты бай, соғұрлым кең. Сырты сұлу суық сөздер емес, 
сырлы да мағыналы сөз ақын өлеңдерін одан әрі ажарландырып қана қоймай, одан әрі 
мазмұнын байыта түседі. Қорыта айтқанда, көркем ой, көрікті тіл, ақылды пайым ақынның 
ішкі жандүниесінің, ақынның қырағылығының, ой жүйрігінің көрінісі болса, шынайлық пен 
шындық өмір тәжірибесінің, ақындық-азаматтық мұраты мен ұстанымының, рухани 
дүниетанымының көрініс нәтижесі. Ақұштап ақын: «Ақ айдын айырбас боп тас қалаға, 
Тұрсам да жайлы баспанада. Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан, Мен, апа, секілдімін 
ақ шағала»[3]жырлағандай, оның поэзиясы көркем ой мен көрікті тіл жымдасып ақынға 
тән келбет түзеген. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қабдолов З. Көзқарас.-Алматы: Жалын,1997 
2. Бақтыгереева А. Сүмбіле.,1990 
3. Бақтыгереева А. Жайық қызы.,1980 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет