Графика жазу түрлерін, қаріп түрлерін пайдалану деген сияқты жазба мәтіннің бүкіл тұрпатын ұйымдастырады. Ал кейбір жазуларда алфавиттегі әріп таңбалары жетпеген фонемаларды белгілеуді ұйымдастырады.
Орфография жазба мәтіннің белгілі бір стандарт құрылыммен ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді дифференциялауға көмектеседі (сөздерді бірге/бөлек/ дефис арқылы жазу, кіші/бас әріп).
Пунктуация бүкіл мәтіннің, мәнмәтіннің оқырманға дәл, анық жетуін қарастырады.
Орхон әліпбиінің вокализм жүйесі 8 дауыстыдан, консонантизм жүйесі 16 дауыссыз дыбыстан тұрған. а, а; о, ő; u (ұ), ű (ү) бұл жерде назар аударатын қиындық а (ә) дыбы-сын белгілейтін таңба [е]-ні де, [і]-ні де белгілеген. 16 дауыссыз в, č, d, g/γ, k/q, j, l, m, n, n’, ŋ, p, r, s, š, t, z дыбыс 32 әріппен таңбаланған. өйткені жуан дауыстылармен келген сөздерде дауыссыз бір таңбамен, жіңішке дауыссыздармен келген сөзде басқа таңбамен белгіленген.
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ. бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ. басына дейін қолданды. Бұл жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және жәдид
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі
Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (ژ) же), گ) ге), چ) че) پ) пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ک) ңе), و) ве), 1-і ауған жазуынан (ى) иамәжһул, е) алынды
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі
қадим жүйесінің басты ерекшелігіне дауысты негізінде жазылады. Мысалы: нече – هچن) нче), йане – هني) йне), мұнда – ادنم) мнда), қырғыз – زغرق) қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады.