Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет1/80
Дата27.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#128961
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80

Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
  • Түркі тілдері тіл туыстығына қарай 6 топқа бөлінеді:


1

Қыпшақ бұтағы



қазақ, құмық, қарақалпақ, қарашай, мақар, қарайым, ұрым, қырышақ

2

Оғыз бұтағы

әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, балқан түріктері, түрік


3

Қарлұқ бұтағы

өзбек, ұйғыр


4

Аралық бұтақ

қырғыз, алтайық, хақас, тува, салар, сары ұйғыр, шор, тофа, шұлым


5

Чуваш



6

Саха




  • Көне түркі тілдері мыналар: хазар, бұлғар, ғұн, көк түрік, сақ, авар.


  • Түркі тілдері орналасу аймағына қарай 6 топқа бөлінеді:


1

Оңтүстік тобы

түрік, гагауыз, әзербайжан, түркімен


2

Батыс тобы

қарайым, қарашай, құмық, татар, башқұрт


3

Орталық топ



қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз

4

Шығыс тобы

өзбек, ұйғыр, сары, салар


5

Солтүстік тобы

алтай, шор, хақас, тува, тофа, саха


6

Чуваш тобы





  • Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастырады.


  • Түркі халықтарының жазба тілі V-VIII ғасырларда дүниеге келген. Тіл ғылымында бұл жазба ескеркіштері "Орхон-Енисей ескерткіштері" деп аталады. Олар: "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" т.б. Бұл жазуларды көпке дейін ғылыми түрде оқуға мүмкіндік болмады. Сондықтан оларды рун (құпия) жазулары деп атады.


  • X-XV ғ.ғ. түркі халықтарының жазбаша тілі ерекше дамыды. Осы кезеңде дүниеге келген шығармалар: Махмұт Қашқари "Диуани лұғат ит-түрк" (1073-1074, Жүсіп Баласағұни "Құдатғу білік" (1067-1070), Ахмет Яссауи "Диуани хикмет" (XII ғ.), "Кодекус Куманикус " (1003) т.б.


  • Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды:


Араб жазуы (1929 жылға дейін);


Латын жазуы (1929 – 1940 ж.ж. арасы);
Кириллица (орыс) жазуы (1940 жылдан бастап);
  • Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Қытай, Монғолия т.б.) өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет