Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі бойынша сөзжасамдық ұялар мен тізбектерге семантикалық талдау жүргізу



Дата13.10.2022
өлшемі34,76 Kb.
#42882

Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі» бойынша сөзжасамдық ұялар мен тізбектерге


семантикалық талдау жүргізу


Жоспар:

1.Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені


2. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері


3. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуы, ол дәлелденген ғылыми еңбек.


Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өзкізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы заңдылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.


Сөзжасамды тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.


Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалрымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О. Винокур, Е. С. Кубряков, Е.А. Земская, Н.Д. Арутюнова, А.Н. Тихонов, И.С. Улухановтарды айтуға болады.


Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы


Ф. А. Ганиев өзінің сөзжасамның мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам-татар тіл білімінің бір саласы”деген тақырып бөлініп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген.


Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері,2)сөз таптарының сөзжасамы.


Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Өйткені тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен байланысты, себебі олардың бәрі тілді зерттейді, сондықтан оларда байланыс болмауы мүмкін емес.


Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.


Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты.


Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам -жүйесінің негізі көне түркі тілінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері да-мып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты.


Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сездермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалған (күнтүз, Темір-қапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркес, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сол кездің сөзжасам жүйесіне жатады: [кат\ 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.


Бұл келтірілген мысалдар қазақ тілінің қазіргі сөзжасамдық жүйесінің түп негізі түркі халықтарының ең көне заманынан бастау алғанын көрсетті. Ал түркі тілдерінде қазір көне түркі жазбаларындағы сөзжасам жүйесі сол қалпында қалмағаны түсінікті. Өйткені түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің қазіргі күрделі сөзжасамдық жүйесі көне түркі тілінен бастау алғанымен, содан бері үнемі дамудың нәтижесінде қалыпта-сқан. Сондықтан қазіргі қазақ тілінің күрделі сөзжасам жүйесі ұзақ уақытта қалыптасқан, ол тіл дамуының нәтижесі. Тілдің сөзжасам жүйесі көне қүбылыстарға жатады, ол күмән туғызбайды. Өйткені сөз жасаушы тұлғалар, сөз жасаудың тәсілдері, үлгілері күнде құбылатын, күнде жаңаратын құбылыстар емес. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің даму әрекетінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де өзгеріс болып тұрады, бірақ ол ете баяу болады және ол, көбіне тілде бар үлгілердің белгілі бір кезеңде белсенді қызмет етуі арқылы, ол қызметтің бәсеңдеуі арқылы, не сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөзжасамдық түрлердің қолданудан шығуы сияқты т.б. өзгерістер ретінде болады. Мысалға көне жазба ескерткіштер тіліндегі туынды сөздер саны мен қазіргі тілдегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының тілден тыс жағдайларға қатысын былай қойғанда, оның сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысы бар. Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазірде морфологиялық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, бірақ көне жазба ескерткіштермен салыстырғанда, қазіргі тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай, сөзжасам құрамы түрлі жұрнақтар арқылы толыққан. Сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын өте көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, олардың әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың баюына да үлесі болғаны анық көрінеді. Сөйтіп, тілдің сөзжасам жүйесінің толығып отыруы, сөзжасамдық заңцылықтардың тілде орнығып қалыптасуы баяу болса да, тіл дамуында үнемі болып отыратын құбылыс екені даусыз. Бірақ ол ерекше жылдамдықпен болатын құбылыстарға жатпайды. Соңғы 40-50 жыддың ішінде қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз. Жаңа жұрнақтар арқылы сөзжасам жүйесінің баюы, толығуы тез болып тұратын кұбылыс емес. Тілімізде - хана сияқты жаңа жұрнақтың қосылуы, пайда болуы - өте сирек құбылыс. Алғаш біріккен сөздің бір сыңары ретінде қызмет атқарған бұл морфема, кейін жұрнаққа айналғаны белгілі. Бұрын шайхана, ас-хана, жатақхана, наубайхана, кітапхана, баспахана сияқты аздаған сөзде қолданылатын бұл морфема бірте-бірте қолданылу өрісін кеңейтіп, қазір өнімді жұрнаққа айналды. Мысалы, емхана, дәріхана.


Қазақ тілінде сөз қысқарту тәсілі қазан төңкерісіне дейін мүлдем болмаған деген пікірден аулақпыз. Бұл тәсіл тілде бұрын да болған. Ол адам аттарында қолданылып, оған сый-құрмет, үлкейту, кішірейту, еркелету мәнін қосатын. Ол қазіргі тілде де өте жиі кездеседі: Жәке, Сәке, Сызаң, Сәбе, Айнаш, Жаңаш, Қантай, Жантай т.б. осы сияқты қолдануларды алайық. Мұндағы қысқартудың бір ерекшелігі кісі аты тек қана қысқартылып қоймайды, оған -ке, -еке, -аң, -а, -е, -ш, -тай сияқты белгілі морфемалар қосылады. Сөйтіп, мұнда да сөздердің белгілі тобы қысқаратыны, қысқаратын сөздің алғашқы буыны сақталатыны және оларға белгілі морфемалардың қосылатыны сияқты белгілі заңдылық бар. Кісі аттарын қысқартып айту - дүние жүзіндегі тілдердің көбіне тән құбылыс. Көпшілік тілдерде кісі атын қысқартып айту адамның бала кезіне тән. Орыс тілінде де ол - бар құбылыс, бірақ тек бала шаққа емес, жастық кезең деу орынды. Мысалы: Екатерина - Катя, Елизавета - Лиза, Мария - Маша, Евгения - Женя, Николай -Коля т.б.




Бұл - қазақ тіліне де тән құбылыс: Садуақас - Сәкен, Қанапия - Канаш, Жәмила - Жәміш, Қожахмет - Қожаш т.б. Осы тәсіл арқылы кісі аттарының мүлдем өзгеріп, қысқарған аты халық есінде қалғаны да бірсыпыра. Оған мысал баршылық. Мысалы, атақты жазушы Сейфуллиннің халыққа Сәкен атымен белгілі екені -тарихи шындық. Ал ақынның нағыз аты Садуақас екенін көпшілік біле бермейді. Ақынның қысқа аты оның нағыз атына айналған. Сол сияқты қазақтың атақты ғалымы Сәтбаев халыққа Қаныш атымен әйгілі. Ал оның толық аты - Ғабдұл-Ғани көпшілікке таныс емес. Оны қысқартып, туыстары Қаныш деп атаса, ол кейін ғалымның негізгі атына айналған. Халыққа белгілі қоғам қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты көпшілік Димаш Ахметұлы атайтынын да халық ұмыта қойған жоқ. Осы айтылғандар тілдердің көбінде кісі аттарын қысқартып қолдану зандылығы көне замандардан бар құбылыс екенін дәлелдейді. Бірақ кісі атын қысқарту түрлі тілде түрліше қалыптасқан. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі бойынша бала, жастар атын қысқартып еркелету мәнін қосумен бірге үлкен адамдар атын қысқартып, оған сый-құрмет мәнін қосу қалыптасқан. Ондай қысқартуға белгілі қосымшалар косылуы да тілдерге жат құбылыс емес. Мысалы қытай тілінде кісі атына -сан морфемасы қосылып, сый-қүрмет мәні қосылатыны белгілі. Олай болса, кісі атын қысқартып атау - жалпы тіл атаулыда бар қүбылыс. Ал оның түрлі тілде өзіндік ерекшелігі бары да заңды. Сондықтан қазақ тілінде кісі атын қысқартьш қолдану - тілдегі қалыптасқан заңдылықтардың бірі. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің жалпы даму заңдылығына бағынады. Тіл бірден өзгеріп, жаңа сапаға көшетін құбылыс емес, ол үнемі даму үстінде қызмет етеді. Тілдің заңдылыктары екшеліп, нығайып, барған сайын орнығып, даму үстінде қалыптасады. Бұл тілдің сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысты. Сондықтан да сөзжасам тәсілдері мен көрсеткіштері көне замандарда-ақ белгілі бір жүйеге түсе бастағаны жазба ескерт-кіштер тілі арқылы белгілі. Бірақ қазіргі тілдің сөзжасам жүйесінің өте, әбден қалыптасқан екені талассыз тәсілі белгілі тілдік нұсқаларға негізделетінін естен шығаруға болмайды. Олай болса, тілдің сөзжасам жүйесіне сөзжасам нұскалары да жата-ды. Тілде сөз жасауға қатысатын нақтылы тілдік нұсқалар бар. Сөз жасау әрекеті тілде бар нұсқалардың негізінде ғана болады. Сөзжасам единицалары деп сөзжасамды жүзеге асыратын тілдік бірліктер аталады. Тілдік нұсқаларға сүйенбей, жоқтан ешбір сөз жасалмайды. Ол жөніндегі ғалымдар пікірі бойынша да және түрлі тілдердің сөз жасау тәжірибесінде де жоқтан сөз жасау кездеспейді. Сол сияқты түркі тілдерінің, қазақ тілінің сөз жасау тарихы жаңа сөз тілде бар тілдік нұсқа-лардың негізінде ғана жасалатынын дәлелдейді. Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын тілдік нұсқаларға түбір және сөзжасамдық жұрнақ жатады. Түбір сөз тілде турлі жағынан қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі нұсқалардың бірі ретінде толық зерттелді деуге келмейді. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол - сөз жасамдағы негізгі тұлға. Түбір сөздің сезжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен түбірлердің сөз жасаушы негізгі нұсқаның бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты. Сөзжасам ісіндегі түбірдің негізгі нұсқа болып саналатын себебі түбір сездің лексикалық мағынасы жаңа сөздің лексикалық мағынасына арқау болады, негіз болады, өйткені тілде бір лексикалық мағьша екінші лексикалық мағынаның негізінде жасалады. Сөздің лексикалық мағынасының негізінде туынды сөздің жаңа мағынасы жасалады: бала-лы, бала-лық, бала-ң, бала-жан, бала-пан т.б. Келтірілген 5 туынды сөздің бәрінің мағынасында байланыстылық бар, себебі олардың бәрінің мағы-насының жасалуына бала деген бір сөз негіз болып тұр. Міне, ол осы 5 туынды сөздің мағынасына арқау болғандықтан, оларда мағына ұқсастығы, жақындығы бар, олардың мағыналық байланысы көрініп тұр. Сөйтіп, түбір сөздің мағынасы мен ол арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы өте тығыз байланысты және ол кездейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақталатын заңдылық. Оның сөзжасамда атқаратын қызметі өте күшті. Сөзжасамға түбір сөз ретінде қатысатын сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, оларға тілде дербес сөз түрінде қодданылып жүрген сөздер жатады. Бұл сөзжасамдағы негізгі заңдылыққа жатады. Өте сирек жағдайда қазіргі тілдің даму сатысының дәрежесінде кейбір туынды түбірлер тілде толық мағынасы жоқ сөздерден жасалғандай болып көрінеді. Өйткені олардын құрамындағы негіз сөздер тілде казір дербес қодданылмайды. Мүндайда негіз сөздің лексикалық мағынасы байқалмайды. Бірақ бұл тілдің қазіргі кезеңіне, дәуіріне, сатысына байланысты: ұял, үұят, оян, оят, жұбан, жұбат, шалқала, шалқасынан, шалқалай, момын, момақан сияқты туынды түбірлерге негіз болып тұрған ұя, оя, шалқ, жұба, мом түбірлерінің қазір лексикалық мағынасы анық көрінбейді. Олар қазір тілде жеке лексикалық сөз ретінде қолданылмайды, сөздік қорда ол сөздер сақталмай, қолданудан шығып қалған. Сондықтан олардың лексикалық мағынасы анық көрінбейді, танылмайды, бірақ осы туынды түбірлер жасалған кезде ол негіз сөздердің лексикалық мағынасы болған. Лексикалық мағынасы болмаса, одан туыңцы түбір жасалмас еді. Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлық түрі қатыса алады. Оларды атағанда, мынадай: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Сөзжасамға негіз сөз қызметіне қатысатын бұл түбірлердің көбі (негізгі түбірден басқасы) – сөзжасам әрекетінің нәтижесінде ту-ған туыңды сөздер. Сондықтан туынды сөздер де лексикалық мағыналы сөздер ретінде сөзжасамда жаңа сөз жасауға қатыса береді. Туынды сөздер арнайы тоқталуды қажет етеді. Бұл арада туынды сөз жасауға осы түбірлердің негіз сез қызметінде қодданылуы сөз болып отыр. Алайда аталған түбірлердің сөз жасауға қатысы бірдей дәрежеде емес. Соңдықтан тіддің сөзжасам жүйесіңдегі түбір сөздердің атқаратын қызметінде де ерекшелік бар. Мәселен, негізгі түбірлер сөзжасам ісіне ең белсенді қатысатын түбірлер: бас-тық, кез-де, ақ-та, жи-ын, біл-ім, тау-лы, өнім т.б. Туынды түбірлер де сөзжасамға қатысады, бірақ олар негізгі түбірлерден өнімсіз. Ал біріккен сөз, қос сөздер мен қысқарған сөздер жаңа сөз жасауға сирек қатысады, олардың сөзжасамдық қабілеті нашар: бүгін-гі, биыл-ғы, колхоз-шы, совхоз-шы, бес-алты-сыз, алпыс-жетпіссіз, Екібастұз-дық, белбеу-лет.б. Сөз жасау ісіне тілдің сөздік құрамындағы сөз атаулының қатысы да бірдей дәрежеде емес. Тілімізде байырғы сөздермен қатар басқа тідден енген сөздер де өте көп. Осы екі топтағы сөздердің сөзжасамға қатысын салыстырғанда, оларда айырма бар. Байырғы сөздердің сөзжасам әрекетіне қатысы белсенді түрде болса, басқа тідцен енген сөздер сөзжасамға одан әлдеқайда бәсең түрде қатысады. Тілдегі әр негізгі түбір талай туынды сөздің жасалуына негіз болған. Мысалы, жел деген негізгі түбір сөзден 110 туынды түбір жасалған. Олардың бәрі бір түбірден тараған бір сөзжасамдық ұяға жатады. Мұндай сөзжасамдық ұялар тідде жиі кездеседі және олардың құрамы өте күрделі. Қазіргі тілде бір сөзжасамдық ұяның құрамындағы туынды сөздердің саны жүзден артуы жиі кездесетін құбылыс болса, көне жазба ескерткіштер тілінде ондай жағдай мүлдем кездеспейді. Осының өзі-ақ сөзжасам көрсеткіштерінің өнімділігі күшейгенін, қызметі артқанын анық көрсете алады. Бұл сөзжасамдық жүйенің дамуының нәтижесі. Сонымен бірге қазіргі тілде қызмет етіп жүрген сөзжасамдық көрсеткіштердің негізі көне жазба ескерткіштер тілінде болғанымен, сөзжасамдық көрсеткіштердің ол кезде атқарған қызметі мен қазіргі атқарып отырған қызметінің арасында үлкен айырмашылық бар. Оны сол кездегі туынды сөздер мен қазіргі туынды сөздерді сан жағынан салыстыру арқылы көреміз. Өйткені туынды сөздер - сөзжасамдық тәсілдердің тілде атқарған қызметінің нәтижесі. Бұл сөзжасамдық тәсілдердің тілде атқаратын қызметі бар-ған сайын дамып, орнығып отырғанын, ол тәсілдердің тідде қалыптасып заңдылыққа айналып, үнемі сөзжасамдық қызметі күрделеніп отырғанын дәлелдейді. Жоғарыда айтылғандардан сөзжасам жүйесін сипаттайтын ірі құбылыстарға сөзжасам тәсілдері жататыны анықталды. Бірақ сөзжасамның әр жасалуы - өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сез табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдін іштей айырмасы бар:

1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі;


2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей өз сөз табының құрамында қалуы.


Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сез дыбыстық құрамын сақтай отырып, сөз мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар:





  1. қорған, айтыс, жарыс - етістік, қимыл, бірге, біреу - сан есім, сандық ұғым, басқа - сын есім, өзге - есімдік. Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу -есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, басқа, өзге -сын есімге көшкен мағынасы келтірілді. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация) тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану -көбіне ықшамдау заңдылығына байланысты бо-латын құбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш "жеті күн" мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үші, жетісі,қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Соққан, туысқан, суыртпақ, қашаған, туған сияқты зат атаулары да жоғарыдағы сияқты сөздермен бір жол, тәсіл арқылы заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге кешуі, бірден, етпетінен, басқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артқа, әзірге, қазірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асқан. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына қарай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет атқарған. Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда лексика-семантикалық тәсілдің өзіндік орны барын білдіреді. Сөзжасамдык тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам процесінің нәтижесіне жатады. Сондықтан туынды сөздер сөзжасам ілімінің зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.

Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.


Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:


1) синтетикалық тәсіл,


2) аналитикалық тәсіл,


3) лексика-семантикалык тәсіл.


Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.


Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.


Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.


Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.


Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарган сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған. Сондай-ақ белбеусіз, колхоздас деген туындыларға біріккен сөз бен қысқарған сөз негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де - лексикалық мағыналы сөздер яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болған, өйткені лексикалық, мағыналы сөзсіз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды. Сондықтан синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның кұрамындағы негіз сөзге байланысты болады. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болатындықтан, оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалык тәсілге ғана қатысты мәселе емес, ол-жалпы сөзжасамға катысты қалыптасқан, толық, қатал сақталатын зандылық.


Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалган туынды сөздің мағынасы байланысты болатындыктан, туынды түбірдің қай сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнім деген туынды түбірдің лексикалык мағынасы - өну әрекеті арқылы шыққан заттың аты. Өн, өнім сөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.


Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.


Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.


Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.


Туынды түбірдің құрамындағы негіз сөздің лексикалық мағыналы сөзден болуы міндетті шарт саналуы оның туынды түбірдін лексикалық мағынасын жасауға қажеттілігіне байланысты.


Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші түлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.


Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.


Сонңмен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан түрады. Мысалы, өнерпаз>өнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы сияқты барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші морфемадан яғни лексикалық мағыналы сөз бен жұрнақтан тұрады.


Синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жүрнақ екінші орында тұрады.


Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты. Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды.


Туынды түбір жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік қызметі бар. Оның негізгі қызметі - туынды лексикалық мағына жасау. Сондықган көпшілік сөзжасамдық жұрнақгар лексикалық жаңа мағына жасайды. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған -шық жұрнағы ойын негіз сөзінен басқа лексикалық мағына яғни ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда мұндағы ойын сөзінің лексикалық мағынасынан ойыншық туынды түбірінің лексикалық мағынасы басқа.


Сөзжасамдық жұрнақтардың көбі осылайша жаңа лексикалык мағына жасайды. Олар-тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды деген ұғымды қалыптастырған.


Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сездің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботакан, бірінші, біреу, ондаған т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.


Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын «модифицирующие значения» деп атаған.


Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:


1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,


2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар. Айталык, бір топ жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы, саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқгы туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сәнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді, көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жұрнақтар сындық белгі мағынасын жасаған.


Мына туынды түбірлердегі жүрнақтар қимыл мағынасын жасаған: басқар, байы, сына, ағар, бөліс, карай, көкте, үзар, ақта, жина т.б.


Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.


Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.


Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.


Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады. Қазақ тілінде де аналитикалык тәсіл көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатыр. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақшашты (сын-есімдер); кырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); так-түқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (елікгеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).


Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.


Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.


Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың әрьдайсысы өзінің жеке түрғандағы мәнін саісгамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалықтөсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аанлитикалық тәсілдің төрт түрі бар.


Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық тәсілдің бұл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі сөздер де бір-бірінен басқа-басқа болады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, крс сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.


Сөзжасамның лексика-семантикалык, тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.


Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б.


Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:


1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі,


2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.


Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде баска мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік.


Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді.


Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған.


Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артта, әзірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет аткарған.


Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда біртұтас лексикалық мағына болғанымен, олар білдіретін ұғым күрделі. Осындағы алып кел, алып шық деген күрделі етістіктердің әрқайсысы күрделі қимылды білдіреді. Алып кел біртұтас лексикалық мағыналы сөз, бірақ ол-білдіретін қимыл әрі алу, әрі келу қимылын қамтитын күрделі қимыл атауы. Алып шық та сол сияқты екі қимылдан тұратын күрделі кимылды білдіреді. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен кірігіп, біртұтас күрделі ұғымға көшкен, біртұтас күрделі кимыл атын жасаған. Сол сияқты күрделі сан есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі зат есімдер де жалпы күрделі сөз атаулы күрделі ұғымды білдіреді. Күрделі сөздің мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағыналарының қосындысынан жасалады. Ал күрделі сөздің жасалуы өмірде күрделі кұбылыстардың болуымен байланысты. Ол күрделі сөздерді туғызады.


Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына жатады.


Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағьшаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.


Туынды сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туьінды сөздер-сөзжасам заңдылықтары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа кұбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.


Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның кажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.


Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қодданылғанына түсінік беру қажет.


Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіңе карамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.


Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөз табына жататын сөздер аталады. Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.


Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан құралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде сөзжасамдық тәсілдер түрлі болғандықтан, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көмірқышқылы, ұзын, сонар деген туындылар бір емес. Сол сияқты АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де айырма бар, бірақ осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдық бірліктер мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жататыны көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға қатысты, сөзжасамнын мәселесінің бірі. Ал негізгі тубір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.


Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған.


Туынды сөздер қүрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың синтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалык тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден түрады.


Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.


Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, қүқық, баға т.б. Бүл сөздердің күнделік өмірде қолданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер қүрайды.


Туынды түбір


Туынды. түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б.


Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бүл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі колданылатынына қарамастан, олардың әркайсысын өз мәнінде қолдану керек.


Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген.


Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы керек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткер дегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды білдіреді. Бұлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық үғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды.


Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген туынды түбірлерде негіз сөздің сындық, белгі мағынасы туынды түбірде заттық, ұғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын.


Таулы, ақылды, өнерлі сиякгы туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналық өзгеріс әр топта әр түрлі. Бүдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында қандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондықтан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туынды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.


Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.


Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, ұшкыш<ұш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың қүрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр.


Осы туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтың әрқайсысы тілде бірнеше басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен бұл туынды түбірлерді салыстыру арқылы жұрнақтың тілдің сөзжасам жүйесінде бары аныкталады.


Бұл жағдай тарихи түрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес. Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар қазіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. Қазіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар қазір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сақталуы да олардың белгілеріне жатады.


Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туыңды түбірлер зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туынды түбірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қыскар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.


Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнактары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол сөз табының сөзін жасайды. Сондықган туынды түбір сөздің бәрі де белгілі бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табының сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнің сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б.


Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:


1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ;


2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жүрнактың мағынасынан жасалады;


3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады;


туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.


Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”, “Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.


Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал. Айталық, суффикстік тәсілде негізге суффикс жалғанса, мұнда екі сөзжасамдық тұлға қатысып тұрады.


Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын мағына. Сөзжасамдық мағына өзінің белгісі мен реңі жағынан грамматикалық және лексикалық мағыналардан ерекшеленеді. Ол жекелеген тұлғаның немесе сөздің дара мағынасы емес. Сөзжасамдық мағына сөздің тұлғалық және семантикалық күрделі құрылымына тән, кемінде екі сөзжасамдық тұлғаның қатысуы арқылы немесе сөздің семантикалық дамуы арқылы пайда болады.


Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей –зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған.


Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:


негіз сөздің қай сөз табына жататыны;


негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;


сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Яғни сөзжасамдық тәсілдің бірлігі, айталық, аффикстік тәсілде сөз тудырушы аффикстің бірдей болып келуі: келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б.


Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше.


Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады.


Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.




Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет