Қазақстан климатына әсер ететін ауа массаларының типтері және рельеф түзуші факторлар



Дата13.02.2023
өлшемі3,15 Mb.
#67451

Қазақстан климатына әсер ететін ауа массаларының типтері және рельеф түзуші факторлар.

Орындаған:Дәутәлі.Б.Ж

Тексерген: Тлеубергенова.К.А


Атмосфера әрқашан қозғалыста болады.
Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады.
Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен аумақтың ауа райын қалыптастырады. Қазақстан атмосфералық циркуляциясының ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляцияның әсеріне байланысты болады. Мысалы солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қарай қозғап, 2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай Қазақстанға жетеді. Осы кезде республика жеріде материктің орталығында орналасқанына қарамастан климаттың континенттігі азаяды. Сөйтіп, Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық циркуляциясы-жалпы циркуляцияның бір тармағы болып табылады.
Экваторлық
Тропиктік
Қоңыржай немесе полярлық
Арктикалық

Ауа массалары


Ауа массалары – тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді. Әрқайсысының өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, көріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың өзі теңіздік және құрлықтық болып екіге бөлінеді. 
Ауа массаларының шарды қозғалту анимациясы
АУА МАССАЛАРЫ - белгілі бір жалпы қасиеттері бар және материктер мен мұхиттардың үлкен бөліктері бойынша влшенетін тропосфераның біртекті бөлігі; біртекті төселме беттің үстінде біртекті радиациялық жағдайда қалыптасады. Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ағыстардың бірінде тұтасымен орын ауыстырады және бір-бірінен атмосфералық Шептермен бөлініп тұрады.

АУА МАССАЛАРЫН ЖІКТЕУ


ауа массаларын жалпылама кинематикалық және жылылық сипаттамалары немесе олардың ошағының географиялық орны бойынша болу. Бірінші жағдайда: жылы, суық және жергілікті, ал екінші жағдайда ауа массалары арктикалық, қоңыржай ендік (полюс ауасы), тропиктік және экваторлық ауа деп бөлінеді. Бұлардың әрқайсысында ауаның теңіздік және континенттік тип тармақтары болады.

АУА МАССАЛАРЫНЫҢ БАТЫСТАН ТАСЫМАЛДАНУЫ


Қоңыржай ендіктің тропосферасы мен стратосферасындағы ауа массаларының, негізінен, батыстан шығысқа қарай тасымалдануы. Ауа температурасы мен атмосфера қысымының субтропиктерден полюстік ендіктерге қарай төмендеуінің салдарынан туындайды.

АУА МАССАЛАРЫНЫҢ КЛИМАТОЛОГИЯСЫ


Ауа райының әр түрлі режімдерімен байланысты әр типтегі ауа Иссаларының қайталануын сипаттайтын климат, яғни серпінді климатологияның қарапайым нұсқасы.

АУА МАССАЛАРЫНЫҢ ШЫҒЫСТАН ТАСЫМАЛДАНУЫ


1) тропиктер- пассаттар немесе полюстік ендіктер - әсіресе Антарктида маңындағы мұхит, ауаның шығыстан батысқа қарай тасымалдануы;
2) 20 км-ден жоғары бүкіл "жазғы" жарты шарымен өтетін ауаның шығыстан барайғы жазғы тасымалдануы.
Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай - шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді.
Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті.Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосферанң алмасуы жатады. Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары - Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары Орта Азиядан келеді.
Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті.Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосферанң алмасуы жатады. Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары - Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары Орта Азиядан келеді.

ЕБІ ЖЕЛІ


Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы тропиктік деп аталады. Қазақстан аумағы жаз бойы тропиктік ауа массасының ықпалында болады. Арктикалық ауа массасы Қазақстанға Солтүстік Мұзды мұхиттан келеді. Ауа өте мөлдір құрғақ болады. Қазақстан қыс айларында арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Бұл ауа қыста солтүстіктен енген кезде Қазақстанда антициклондық ауа- райы орнайды. Антициклондық ауа райы орнаған кезде күн ашық, құрғақ, қыста қатты аяздар болады. Қазақстан жерінде соғатын желдерге Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Ебі мен Сайқан желін, Жамбыл облысындағы Арыстанды қарабас желін т.б жатқызуға болады.

Назарларыңызға рахмет

  • Назарларыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет