Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қайшақұдық ауылы



жүктеу 1.22 Mb.
Pdf просмотр
бет22/32
Дата24.12.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қайшақұдық ауылы
Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
 Нуктыгалиева Раушан Бекқабылқызы
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды 7 санымен таныстыру 7 санының пайда болуы, оның құрамымен, 7 көлеміндегі
есептер құрастыру.
Тәрбиелік: Балалардың партада түзу отыруға, өздігінен ізденуге тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке,
шапшандыққа үйрету.
Дамытушылық: Балалардың партада түзу отыруға, өздігімен ізденуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер таяқшалар.
Сабақта қолданылатын методикалық әдіс тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
I – Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың зейінін сабаққа аудару.
- Балалар, қазір математика сабағы, бүгін бізде ерекше сабақ, біздің сабаққа қонақтар келіп отыр.
Психологиялық кезеңі:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды ардақтап
Бас иеміз біз.
Тура, кері санау 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
Балалар біздің сабаққа орманнан аңдар келіпті.
Аңдар: Балалар аң патшасы арыстан ормандағы алаңқайдан мектеп ашқалы жатыр. Бізде білім алғымыз келеді. 
Мектепке қабылдану үшін мына тапсырмаларды білу керек, деп арыстан бізді мектепке алмады, балалар бізге 
көмектесіңдер.
Қана тапсырмаларды көрсетіңдерші:
(Аңдар конверт береді)
Конвертттің ішіндегі тапсырмаларды ашу. Балалар тапсырмаларды сендер, білесіңдер (өтілген сабақты еске түсіру)
1. Жылдың қай мезгілі? (қыс)
2. Жылдың төрт мезгілін ата?
3. Қазір қай ай? (ақпан)
4. Сандар туралы санамақ айту
5. Геометриялық фигураларды атаңдар? (геометриялық фигураларды бейнелеу жасау)
6. 1 – ден 6 – ға дайін тура және кері санау
Жаңа сабақ: 7 саны және 7 санының құрамы.
6 балапанға 1 балапанды қос
6 + 1 = 1 + 6 =
5 сәбізге 2 сәбізді қос.
5 + 2 = 2 + 5 =
4 қоянға 3 қоянды қос.
4 + 3 = 3 + 4 =
Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік.
7 санын
Аптаның 7 күнін ата
Дүйсенбі  Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі
Жұма  Сенбі Жексенбі
«Балапанды құтқару» ойыны
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа
5, 4, 2, 6, 1, 3, 7.
Сергіту сәті
Ал санайық санамақ
Саусақтарға қарап ап
Қана, қана санайық
Санын біліп алайық
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
Қолындағы саусағын нешеу
Санамақ
1 дегенім білім
2 дегенім елім
3 дегенім үкі
4 дегенім тақия
5 дегенім бесік
6 дегенім асық
7 дегенім жейде
Көйлек дейді кейде
Сабақты қорытындылау
Өткір болсақ ұғарсың
Тапқыр болсақ табарсың
Оқысыз өрге басарсың
Жауабын жылдам табарсың
Үйге тапсырма
Бағалау
128

Батыс Қазақстан облысы  Казталов ауданы, Қайшақұдық ауылы
Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін
                                                           мектебінің шағын орталық тәрбиешісі
Барасова Армангүл Абылаевна
Тақырыбы: «1 - 10 - ға дейінгі сандарды қайталау»
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, 
логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе сандар, суреттер
Барысы: Балалар бүгін біз « Математика патшалығына саяхат
жасайық. Қане, дайынбыз ба?
1 - кезең. « Санды тап» ойыны
Слайд 1 көрсетіледі.(балалар сандарды атайды.)
Қолдарындағы кеспе сандарды көрсетеді. Балалар осы сандар туралы санамақ білеміз бе? Кім айтады?
1 - дегенім – бесік,  Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім – елім, Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім – үміт, Үміт артар жігіт.
4 - дегенім – төзім, Төзе білем өзім.
5 - дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл, Тыңдағаның мақұл.
7 - деген – жалау, Жүректегі алау.
8 - деген – сөзің, Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан, Қорға соны, ботам!
Суретпен жұмыс.(заттардың санын санау )
Ал енді кері санайық. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
2 - кезең. «Кім жылдам?» ойыны Слайд 2 көрсетіледі (балалар артық затты табады.)
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(қарындаш )
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде.
Бірін - бірі көрмейді.
(көз)
3 - кезең. «Ойлан тап.
Слайд 5. ( сандарды қосып, теңдіктің шешуін дәлелдеу.)
4 - кезең. Адасқан сандарды тауып, сұрақтарға жауап беру.
1. Көп саннан азға қарай сана
2. Қайталанған санды тап
3. 7 - ден үлкен санды тап
4. 7 - ден кіші санды ата
5. 3 - тен кіші санды тап.
5 - кезең. Тиісті таңбаны қой, есепті шығар.
Жауабын тексер.
Міне, балалар өз білімімізді тексердік. Жарайсыңдар!
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Көпкүтір ауылы
Көпкүтір бастауыш жалпы білім беретін
                                                          мектебінің шағын орталық тәрбиешісі
Байбалина Айнур Сериковна
Тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні.
Мақсаты: 1.Балаларды Наурыз мерекесімен, қазақтың  салт-дәстүрімен  таныстыру.
         2.Өлеңдер, ертегілер, ойындар  арқылы балаларға қазақтың  салт-дәстүрін таныту.
         3. Өз салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, тақырыпқа сай кабинет жабдықталған, нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, ұлттық 
тағамдар,
Барысы:
Кіріспе: Наурыз жыл басы, көктем мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, 
дастархан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би 
биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады. 
Халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Бұл түні «Қыдыр 
түні» деп аталады. Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондырады.
Би: Қаражорға
Тақпақтар:

Ұлыс күні қар еріп,
           Сай саланы сындырар
          
           Дүние біткен гүлденер
         
           Жыл басы Наурыз мереке
129


Наурыз келді Құт болып
          Мына бізге сүт болып,
          Аққа аузымыз толады
          Бір жақсылық болады
 
Ойын: Арқан тарту
Арқан тарту- халық арасында ертеден келе жатқан танымал оындардың бірі. Көп күш жұмсалатындықтан арқан тартуға 
көбіне ер адамдар қатысады. Ойын өтетін жер тегіс болуы шарт.
Тақпақ: 
Наурыз тойын әдемі
 Наурыз күні күлімдеп
Әжем еске түсірді
 Шықты бүгін шығыстан
Біздерге арнап әдемі
 Қарға қалған тұншығып
Наурыз көже пісірді
 Жанданады тіршілік
Салт-дәстүр
Әр ұлттың өзінің салт- дәстүрлері болады. Мысалы қазақтың салт- дәстүрлері: шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, 
қырқынан шығару, келін түсіру, бесікке салу т,б.
Бүгінгі көрсетілетін салт-дәстүр бесікке салу.
Бесікке салу— нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдерішашуын,жол-
жоралғысынала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгіліұрпақөсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы 
бір-екікеліншектіңкөмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесітүбектіңтесігінен балаларға тәтті үлестіреді. 
Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдергекөйлек,жаулықсияқтысыйтартылады. 
Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. ЖәнеБесік 
жырыайтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін. 
Тақпақ: 
Наурыз дала гүлімен
            Қасиеті 
көп дейді
Жүрек әні қосылды
 
Татып көрдім мен өзім
Жас қайыңның берілген 
  Әлі 
аузымнан кетпейді
Өмір күні қосылды
 
Дәмі Наурыз көженің
Ойын: Күш сынасу.
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын 
айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан 
білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Ән: Дастархан
Наурыз көже- Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас. Наурыз көже аса қасиетті ас болып саналады. Наурыз көже жеті түрлі 
дәмнен дайындалады:
1.Тұз
2.Су
3.Ақ құрт, қатық, айран
4. Ет
5.Кеспе
6. Бидай
7. Күріш не тары
Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 
сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. 
Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер 
пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын 
сорпаға айранмен қосып араластырамыз.
Қорытынды:
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр - дегендей
Құрметті қонақтар, балалар көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, 
бірлік, мәртебе әкелсін.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
130

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Казталов ауылы
А.Оразбаева ат. орта жалпы білім беретін
мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Молдағалиева Камшат Ізғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Көгершін-  бейбітшілік құсы.
Мақсаты:  Қазақ сазгерлерінің шығармашылығын басқа халықтардың шығармашылығы- мен байланыстыра отырып, 
тақырып  бойынша  әндерді  үйрену, орындау, салыстыру, талдау. Көгершін- бейбітшілік құсы екенін музыка тілімен 
жеткізу.
Тәрбиелік мәні:  Бейбітшілік, береке, тыныштық, киелі сөздерінің мән- мағынасын сабақ барысында ұғындыра отырып, 
музыка арқылы өз бойына сіңіре білуге және өмірмен байланыстыру арқылы өз қажетіне жарата білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні:  Сабақ барысында музыкалық талдаулар жасай отырып, оқушылардың музыкалық сауаттарын 
дамыту. Хормен ән айту дағдыларын одан әрі жетілдіру және есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі:  жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: венн диаграммасы, талдау, баяндау, салыстыру
Көрнекілігі: слайдтар, сырнай аспабы, үнтаспалар, қосымша кеспелер т.б
                  С а б а қ т ы ң  ө т у  б а р ы с ы :
Ұйымдастыру бөлімі: (музыка ойналып тұрады)
Мұғалім: - Саламатсыздар ма, оқушылар? Орнымыздан тұрайық. Көзімізді жұмамыз.
(Көздерін ашқанда тақтадан 1-ші слайд шығады.)
- Тақтадағы суретке қарайықшы. Керемет көрініс бейнеленген. Біз ойша осы жерде жүрміз. Көңіліміз көтеріңкі. Енді 
бір- бірімізге шын жүрегімізге жылы сөздер мен тілектер айтайық.
( Алақандарына журек бейнесін ұстаған оқушылар бір- біріне құстардың теңеуіне байланысты жылы сөздер айтады)
Мұғалім: - рахмет, оқушылар! Отыра қойыңыздар! «Жақсы сөз- жарым ырыс»- дегендей бұл айтқандарыңыздың бәрі 
орындалсын!
Олай болса, бүгінгі сабағымызды құстардан бастайық. 
   (2- ші слайд)
- Құстар туралы не білесіңдер?
- Қандай киелі құстарды білесіңдер?
- Қай ел қандай құсты киелі санайды?
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Мұғалім:-"Көк құрақ – көлдің  сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең  жақсы 
көретіні - құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-
ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, 
бүркітті – ер жүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, бейбітшілік құсы – көгершін.
(3- ші слайд. кітаппен жұмыс)
Көгершін- көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.
(4-ші  слайд. дәптермен жұмыс)
Мұғалім: -дәптерімізге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып қояйық.
                Көгершін- бейбітшілік құсы.
Музыка тыңдау:  Летите, голуби.
                                    Сөзін жазған: М. Матусовский
                                    Әнін жазған: И. Дунаевский
(5- ші слайд «Летите, голуби» әніне талдау жасау)
1. Өлшемі қандай?                 ¾ өлшемді
2. Екпіні қандай?                    орташа
3. Құрылымы қандай?            шумақтық
4. Әнді кім орындады?           хор
5. “Несите, голуби, несите,
    Народам мира наш привет!” сөзін қалай түсінесің? (2-3 оқушы жауабын тыңдау)
 (6- шы слайд. А. Жұбанов шығармашылығы)
(7- ші слайд. «Ақ көгершін» әніне талдау жасау)
Дауыс жаттығуын жасау: дыбыс қатарын бірнеше тоналдықта қайталау.
(8-ші  слайд. «Ақ көгершін» әнінің сөзі жазылған)
Ән үйрету: Ақ көгершін
                         Сөзін жазған: Н. Баймұхамедов
                         Әнін жазған: А. Жұбанов
1. Ақ көгершін, көгершін,                     
    Қолғанат құс сен едің.
    Бар, кезіп кайт ел үшін,  
    Кең дүниенің көлемін.
    Әділеттің құсы деп,
    Көз алмастан жолыңнан,
    Бақыт болып қоншы деп,
    Ұшырамын қолымнан.
                Қайырмасы:
           Ел тілегін алып ұш,
           Адамзаттың бағына.
           Қара бұлтты жарып ұш,
131

           Мұхиттың арғы жағына.
    Сенен көзін алмайды,
    Ақ нитетті бар адам,
    Ақ қанатың талмайды
    Әділеттен жаралған.
    Тыныш бейбіт өмірдің, 
    Белгісі боп қанат қақ.
    Әлемге ортақ көңілдің 
    Қайт шыңына қонақтап.
                Қайырмасы.
Әнді үйретудегі орындалатын іс- әрекеттер:
-
Сөзін оқып талдау
-
Әнді өзім орындап беремін
-
Әуенімен үйретемін
-
Топпен орындау
-
Қатармен орындау
-
Тізбектеп орындау
(9- шы слайд. Сергіту сәті)
Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық, 
                       Бір тынығып алайық. 
                       Әсем қимыл біз жасап,
                       Құстай қанат қағайық!
                       Бойымызға күш жинап, 
                       Бір демалып алайық!
 (10-шы слайд. Н. Тілендиевтің «Аққу» күйінің ырғағына би қимылдарын жасау)
Мұғалім: - Оқушылар, сіздер би қимылдарын жасаған музыканы естіп көрдіңдер ма?
Бұл музыкада ненің бейнесі бар?
(оқушы жауабын тыңдау)
Мұғалім: (11- ші слайд)- Оқушылар, бұл күй Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі болатын. Қазақ халқы аққу құсты киелі 
санайды. Оларды әсемдіктің, сұлулықтың, шынайылықтың, бақыттың  белгісі деп атаған. Олардың мүсіндері домбыра 
және қобыз аспаптарына ұқсас.Жапондықтар- ақ тырналарды бейбітшілік белгісі десе, үнді халықтары тауыс құсын 
бейбітшілік белгісі деп атайды.
(12 слайд. Қортынды сұрақтары)

 Бүгінгі сабақтан не білдің?

 Сабақтың қай бөлімдері ұнады?

 Қандай музыкалық шығармалармен таныстың?

Егер де көгершін сенін қасыңа келсе не айтар  едің?
(13- ші слайд. Бағалау  Оқушылардың жауабына қарай бағалау.
(14- ші слайд. Үй тапсырмасы)
Бейбітшілік” тақырыбына ой толғау жазу;
“Ақ көгершін” әнін жаттау;
 1-тапсырманы және 2- тапсырманы дәптерге жазып орындау; 
Мұғалім:- Сабақ аяқталды, сау болыңыздар! 
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Көктерек ауылы
Көктерек  орта жалпы білім беретін
мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Бақтығалиева Аягүл Нохатқызы
Баяндаманың тақырыбы: Өзін – өзі тану пәні мен халықтық педагогиканың өзара үйлесімділігі .
Өзін – өзі тану пәні мен халықтық педагогиканың өзара үйлесімділігі .
  Қазіргі таңда білім  беру жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері өзекті болып 
отыр. Сондықтан рухани - адамгершілік тұрғысынан білім беру-әр тұлғаның азаматтық қабілетінің жоғары болып, кез 
келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіру.
  “Өзін өзі тану-өмірді тану” деп грек философы Сократ айтқандай, басты мақсат-әр адамның өмірден өз орнын 
табуына ықпал ету. Ұлттық құндылықтарды меңгерте отырып, баланы халқының адал ұлы мен қызы болуға, нағыз 
адам деген ардақты атқа лайық болуға үйрету-біздің міндетіміз.
  12 жылдық білім тұжырымдамасында “тәрбиенің мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді 
етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, 
білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру”-делінген.
  Халықта “Ағаш түзу өсу үшін оны шыбық кезінде баптау және түзеу керек, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете 
алмайсың” деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық 
сияқты адамгершіліктің құндылықтарын сіңіріп, өзіне-өзі сенімді болуға, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы 
мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Адамның адамшылығы-жақсы 
ұстаздан” деп ұстаз рөлін жоғары бағалаған.
  Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне қойылар талап жоғары. Өзін-өзі тану бағыты-жалпыадамзаттық рухани 
құндылықтарды өз бастауы деп білетінін айтсақ, ол ұлтымыздың салт-санасымен, дәстүр-қалпымен сабақтасып жатыр. 
132

Қазақта әр маусымның өзі табиғи қалпына сай халықтық дәстүрлермен ерекшеленеді. Ұлыстың ұлы күні саналатын 
Наурыз мерекесіне қатысты “Самарқанның көк тасы еріген күн...” деген тіркес ежелден бар. Жастарды 
кішіпейілділікке, достыққа, кешірімге баулу арқылы “Самарқанның көк тасы ерігенде, біздер неге татуласпаймыз?” дей 
отырып, өзара достыққа, кешірімге баулудың маңызы зор. Мектепте өтетін Наурыз мерекесінің түрлендіріліп, жаңаша 
заманауи бағдарламалармен айшықталып жүргізілуі әр балаға қуаныш сыйлап, қазақ халқының ұлттық мерекелерінің 
мәртебесін көтереді.  
  Халықтың денсаулығы-ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Қазақ халқы “Бірінші 
байлық-денсаулық”, “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” деп жан саулығы мен тән саулығын, қоршаған 
ортаның тазалығын сақтауға, нығайтуға мән берген. Салауатты өмір сүру, адам денсаулығына зиян заттардан аулақ 
болуды балалар бойына қалыптастыруда “Денім сау болсың десең...”, “Менің денсаулығым-менің болашағым” 
тақырыбы бойынша өткен сабақтарда  эссе- толғаулар жазып, нақыл сөздердің мағынасын ашты. Экологиялық 
мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау, аялау туралы тақырыптарда оқушылар табиғат-тіршіліктің бастауы, адам 
табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсініп, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы білімдерін кеңейтті. “Табиғат- тал 
бесігің , аялай біл!” тақырыбына эссе-толғау жазып, пікірталас өткізді. “Табиғатты қорғау-дәстүріміз” атты тәрбие 
сағатында оқушылар табиғатпен үйлесімділік таба біліп, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейтті, табиғатқа 
жауапкершілікпен қарап, ұқыпты болу-әр азаматтың міндеті екенін түсінді. “Көгалдандыру-көптің ісі” атты мектеп 
маңын көгалдандыру жұмысына белсене араласып, әр оқушы өз үлесін қосып, әр тіккен шыбықтың еңбекпен 
отырғызылуына мән берді.
  Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі-жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие 
болу, рухани бай адамды қалыптастыру. “Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі” деп ұлы 
педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты-ата-ана мен мұғалімдер арқылы 
қалыптасады. Жас жеткіншекті жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас 
болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. “Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, 
жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа”, “Жаман дос жолдасын қалдырар жолға” деген мақалдардың мағынасы 
терең. 
  Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік, ешқашан ескірмек емес. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, 
олардың өнерлерінде, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрінде. “Әлдилеген әлемді бесігімен...” тақырыбында өткен 
сабақта оқушылар ана туралы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдердің мағынасын ашып, аналарының балаға 
мейірімін, махаббаты мен үлкен еңбектерін ақтауға, балалық сүйіспеншілікпен жауап беріп, құрметтеуге тәрбиеленді. 
  Көрнекті педагог В.Сухомлинский “Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай қалыптасады” 
дегеніндей, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата 
білсек, ертеңгі азамат-жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
  Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне 
құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптасады. “Ынтымағы жарасқан қазақ елі” тақырыбында өткен 
сабақта оқушылар Қазақстан Республикасында мекендеп, бақытты өмір сүріп отырған 131 ұлт пен ұлыстың өзара 
достық қарым-қатынасы және еліміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің маңызы туралы түсінді. Әр ұлттың әнін айтып, 
биін билеп, достық көңілмен, ынтымақты өмір сүруге, отанын сүюге тәрбиеленді. 
  Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау-ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, қоғамдық орындарда 
үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. “Үлкенді сыйла”, “Сәлем бер, жолын 
кесіп өтпе” деген ұлағатты сөздердің мәні өте зор. “Ата-анаң-алтын тұғырың”, “Ата-ананың қадірін білмеген-
халық қадірін білмес” деген мақал-мәтелдің мағынасына терең бойлап, “Ата-анам-берік қорғаным” тақырыбына эссе 
жазды. “Ата салты-асыл қазына” атты тәрбие сағатында оқушылар ата салтының ұлттық құндылық ретіндегі мәнін 
ашып, салт-дәстүрдің, ата салтының ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын түсінді. 
   Қазақ намысшыл халық “Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді” дегендей,                                отанын сүюдің 
негізі-ұлттық намыс. “Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!” деген сөздің мағынасы өте кең, 
оқушылармен осы тақырыпта өткен пікірталас қызу талқылауға түсіп, әр оқушы өз ойын нақты дәлелдермен түсіндірді. 
Мектепте “Ұланымын елімнің” тақырыбында жоғарғы сынып ұлдары арасында өткен сайыстың мақсаты XXI ғасырда, 
білім мен ғылым дамыған замандағы қазақ жігіттерінің бойындағы асыл қасиеттер мен ер азаматтың қоғамдағы рөлі 
туралы білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушылардың бойындағы іскерлік, тапқырлық қасиеттері мен 
өнерлерін шыңдау арқылы отансүйгіштікке, имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу негізінде елге деген сүйіспеншілігін 
арттырып, әскери борышын өтеуге дағдыландыру. Сайыста балалар өздерін отанның жас ұландары екенін көрсетіп, 
дәлелдеді.  
  Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында: “Біздің жас мемлекетіміз өсіп-
жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз заманының жауапты да 
жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болмақ, олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі 
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады...”деп атап көрсетті.
Каталог: 2015
2015 -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
2015 -> Сборник состоит из четырех разделов: Государственный язык
2015 -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
2015 -> Реферат Скачать Во время не обращает защитники и академический в
2015 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
2015 -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
2015 -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
2015 -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
2015 -> Бекітілді/утвержден


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет