Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата18.01.2017
өлшемі2,7 Mb.
#2181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Дәулеткерей.
Біздің ауыл көктемде,
Көл жағалай қонады,
Айдын шалқар көк көлге,
Аққу-қаздар қонады.
Қарақат
Ауыл қонды жайлауға,
Дала жатыр жадырап,
Қой қаптады қойнауда
Қозы,лақтар жамырап.
Жанерке
Атырау балығыңның дәмі қандай,
Сорпасын татып көрсең дәмі қандай?
Астынан асау теңіз аумен сүзіп,
Алады ерінбеген ерлер талай.
Ақнұр
Атырауым-кең байтақ туған далам,
Өзіңнен мен күннен күнге қуат алам,
Сен менің-ән жырым,
Көрікті сән гүлім,
Қаламсың көркейген Атырау.
Ләйлі
Атырау орналасқан аласаға,
Алыстан көрінбейді қарасада,
Бір кезде теңіз басқан ойпат еді,
Кететін бірте-бірте аласара.
Бексултан.
Каспийдің кім білмейді бекіресін,
Мақтамаймын мен оны асыра тым,
Бір ет,бір май аузыңнан дәмі кетпес,
Жемесең оны өмірде өкінесің
Арайбек.
Жағалай қалың қамыс теректері,
Жел соқса дір-дір қағып өбектеді,
Секіреді сары сазандар толқын асып
Төгілген маржан тастай себеттегі
Дархан.
Мұнай-газы елімнің берекесі
Қазағымсың сенсің ғой ,кең өлкесі,
Мақтаны елімнің
Артады сенімім,
Өзің деп ән айтам Атырау.  
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды
 психолого-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру
Атырау облысы,   Атырау  қаласы,  Дамбы  селосы
  №23 «Ынтымақ» балабақшасының әдіскері
Ищанова Айтбике Махбиденқызы
 «Мүмкінділігі шектеулі адамдарға  аса құрметпен қарау керек». 
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   “Қазақстан жолы-2050.  
Бір ел, бір мақсат, бір болашақ”  атты  халыққа жолдауынан
Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балаладың жеке 
даралық   ерекшеліктеріне,   қазіргі   қоғамдағы   орнына,   олардың   мінез-құлық   және   мінез 
ерекшеліктеріне   мән  бермеу бүгінгі  қоғам  дамуында   мүмкін  емес.   Дегенмен  «ерекше»  балаларды 
оқыту   мен   тәрбиелеу   және   әлеуметтендіру   күрделі   мәселе   болып   қалып   отыр.   Аталған   балалар   категориясын   қоғамға  
интеграциялауға дайындаудағы жағымды беталыстардың алдын-алу үшін оларды оқыту, тәрбиелеу және барлық өмірлік 
әрекеттерін ұйымдастыруда арнаулы (түзетім) білім берудің қазіргі проблемаларын талдаудан шығатын жаңа теориялық 
ықпал жасауды талап етеді және де бұл мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға  қатысты медициналық, педагогикалық, 
әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық және өзге де проблемалар комплексін ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады.
Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі 
жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды  
тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ, мұнан дамуға әсер ететін  
биологиялық   (табиғи)   және   әлеуметтік   (әлеуметтік   орта)   фактор   шығады.   «Психологиялық   ой   түйіндісі   бойынша  
физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың 
23

барлық   психологиялық   ерекшеліктері   биологиялық   емес,   әлеуметті   құбылыс   болып   табылады»деген   болатын 
(Л.С.Выготский)
Психиканың   тарихи-мәдени   қалыптасу   теориясында   Л.С.Выготский   кез-келген   кемшілік,   баланың   қоршаған   ортамен 
қарым-қатынасын   шектеуде,   оған   адамзаттың   мәдени,   әлеуметтік   тәжірбиесін   игеруге   кедергі   келтіретініне   баса   назар 
аударады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға  өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық  өмірге араласуға  
құқық беру қажеттігі  еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу,  
қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік білім беру жүйесін қолдау таппаған  
жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды. Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру 
жүйесінде   мүмкіндіктері   шектеулі   балаларды   интеграциялау   туралы   ұсыныстар   және   интеграциялық   оқыту   практика  
барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы Атырау  
қаласында да, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған   арнайы мектеп интернат пен балабақшасы   жұмыс жасауда.Осы  
мекемелердегі педогтар,дефектолог,лагопедтер ,жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы  
ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар 
қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда  білгілі бір жағдайда  
қалай жасау  керектігін  бірнеше   рет қайтара   көрсетіп  отырады..  Бірнеше   қайтара  жаттығу,  жүйелі   қойылатын   талаптар 
балаларда   қоршаған  ортаға   икемделуге   көмектесетін  жағымды   әдеттерді   шыңдайды.   Ал   танымдық   әрекеттерін   дамыту  
олардың жеке бас қасиеттеріне  әсер етеді, жасөспірімдер еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының  
сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, мұғаліміне  
көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі  
балалардың   тұлғалық қалыптасуы  туралы  айта  отырып,  олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы 
қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік 
шынайылық деген мағынаны білдіреді. Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды экскурсия, сюжетті-рольді ойындар, 
ертегі   қойылымдар,   театрландырылған   қойылымдар   барысында   сыртқы   ортаның   қасиеттерімен,   құбылыстарымен 
таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте 
қиын емес еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемдеуге бағытталған жұмыстар. Осындай  
жұмыстар барысында дамуында  проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше  жұмыс  істей алуға,  түрлі  
жағдаяттар   барысына   сай   әрекет   етуге,   өзін   өзгелердің   бағалауына   парапар   ұстауға   үйренеді.   Түзетім   жұмыстары  
барысында  жасаған жұмыстарына  сын көзбен қарауға  үйреніп қана қоймай, салыстырмалы  түрде бағалауға,  өзгелердің 
сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді.
Психологиялық-педагогикалық жұмыстарының бағыты ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік-
тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыруда  педагогтардың еңбектері орасан зор. Арнайы сабақтарда оқушылардың  
көлік, пошта, қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға  
үйрету   керектігін   де   басты   назарда   ұстайды.   Мысалы,   жаяу   жүргіншіге   арналған   белгілер,   ойнауға   тиым   салынатын  
белгілер, қандай мекеме екенін білдіретін сыртқы жарнамалар немесе жақын жердегі асхана, қонақ үй, емхана бар екені  
туралы   айтатын   белгілерді   көріп,   керегіне   жарата   алу,   кез-келген  жағдаятта   шығатын   жол   болатынын   түсіндіру  әрине  
жалпы пәндерге оқыту барысында алатын біліммен байланысты. Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы  
сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана  
отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы  
оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия  
және   сабақтар,   түрлі   ойындар   формасында   ұйымдастырылып,   бала   дамуында   жетекші   орын   алады.   Егер     сабақтарда 
«Тағамдар», «Дүкенде» тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақытарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ  
балалар     белгілі   бір   объектіні   сырттай   бақылап   қана   қоймай,   ересектердің   әрекеттеріне   еліктей   отырып,   өздеріде   жас  
шамаларына   қарай   әрекет   ете   алатындай   етіп   ұйымдастыру   өте   маңызды.   Мысалы,   дүкен   жұмысын   бақылаудағы  
экскурсиялар   балалар   сауда   залдарында   жүріп   түрлі   бөлімдерді   белгілер   арқылы   анықтауға   болатынын,   әр   тағамның 
жарамдылық, сақтау ерекшеліктеріне қарай бөлінетінін біліп қана қоймай, олардың өздері саудаларын төлеуге, сатушыдан 
керектерін сұрауға, сатып алған затын сөмкесіне орап салуға, сөмке сақтауға арналған шкафтарды, телешкілерді қолдана  
алуға,   ең   аяғында   дүкендегі   қалыптасқан   қоғамдық   тәртіп   ережелерін   сақтауға   үйренетіндей   және   өздері   әрекет 
жасайтындай етіп жоспарлану керек. Мұндай экскурсия үлкен, егжей-тегжейлі ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Егер 
педагог   әрбір   ұйымдастырылатын   әрекет,   іс-шаралардың   білімділік,   дамытушылық,   тәрбиелік   мақсатын,   алынған  
материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір баланың әрекеттерін  
сипаттау)   т.б.   тапсырмалар   жүйесін   дайындаса,   бұл   мүмкіндіктері   шектелген   балаларды   өз   ісіне,   жұмысына,   берілген  
тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, балаларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап,  
жүктей бастайды.  Практика мүмкіндіктері шектелген балалар жүйелі жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстар 
нәтижесінде тігін машинасында, компьютерде, қылқаламмен көптеген әдемі туындылар жасай алатынын, белгілі бір еңбек 
даярлығын,   кейін   түрлі   өндірісте   ұжыммен   бірлесе   отырып,   мүмкіндігіне   сай   айналыса   алатын   еңбек   түрін   анықтай  
алатынын көрсетіп отыр.
Қорыта айтқанда бала-ата-ана-педагог, отбасы және білім мекемесі арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы  
тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.
24

Қыс мезгілі көңілді
Атырау облысы, Атырау қаласы, Дамбы селосы
№23 «Ынтымақ» балабақшасының тәрбиешісі
Хамзаева Гүлайна Карапиденқызы
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қыс мезгілі көңілді»
Мақсаты: Білімділігі:  Балаларға маусымдық өзгеріс жайлы түсінік беру.  Қар мен мұздың қасиеттерімен таныстыру.  Қыс 
мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы:  Қыс мезгілі туралы өлең тақпақтар айтқызу арқылы баланың тілін, ойлау  қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі:  Өздерінің ойға түйгендерін қағаз бетіне түсіру арқылы    балалардың шығармашылығын жетілдіріп, табиғатты  
қорғауға, бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  қыс мезгілінде шанамен сырғанап, хоккей ойнап,  коньки теуіп жүрген балалардың суреттері, қол моторикасын 
дамытуға  арналған жаттығу жасау,  күннің бейнесін салу,  қардың суретін саусақ  арқылы салу,  интерактивті  тақта және  
күннің суреті.
Әдіс-тәсілі: тақпақтар жаттау,  сұрақ-жауап,  дидактикалық ойындар, әңгімелеу, суретпен  жұмыс, музыка.
Тәрбиеші: - Балалар, « сәлем сөздің-анасы» амандасу.
-   Адамгершілік,   әдептіліктің   баспалдағы.   Сондықтан   да   алдымен     қонақтармен   амандасып   алайық.Шаттық   шеңберіне 
тұрады.
                                                    Мейірімді жүрекпен,
                                                    Ақпейілді тілекпен,
                                                    Амандасып алайық,
                                                    Бір жадырап қалайық,
                                                     Ақпейілді тілекпен,
                                                    Амандасып алайық,
                                                    Бір жадырап қалайық
                                                    
Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Тәрбиеші:  Балалар мен бүгінгі сабағымды жұмбақ жасырумен бастағым келіп тұр.  Менің жұмбағымды шешуге 
дайынсындарма?
Аяз қысып,                             Кейде ұлып,
Өрнек сызып,                         Кейде жұлып,
Терезеңді торлайды.             Ұйытқып боран соғады.
Қарға омбығып,                     Бөбектерім айтыңдаршы.
Бет домбығып,                       Бұл қай кезде болады?
Сырғанап балдар ойнайды.
Балалар: Қыс мезгілінде.

 Балалар қазір қандай мезгіл?
Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде  неше ай болады?
3-ай Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қазір қандай ай?
Ақпан айы, қыстың соңғы айы.
-Балалар мына суреттерге қараңдаршы, қыс мезгілі, сендерге несімен ұнайды?
Қыста қар жауады, қардың түсі ақ болады. Ол аспаннан жапалақтап жауады.
Шаңғы тебеміз, коньки тебеміз, төбеден  төмен қарай сырғанаймыз, қар лақтырып ойнаймыз. Аққала жасаймыз.

Қыста қандай мерекелер болады?
Желтоқсан мерекесі.
Жаңа-жыл мерекесі.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Күн жылы болса, қар жауғанда аспаннан жапалақтап жауады.
- Ал жел болса борап, ұйытқып жауады.
- Аяз болса, қарды басқанда сықыр-сықыр етеді. Қарды басқанда оны байқап жүрсіңдерме?
- Иә, байқап жүрміз.
- Осы кезде топқа ақырып, аю кіріп келеді.
- Аю: Қайсысың мені тәтті ұйқыдан оятқан. Ой мына балалар ғой, балалар мен қайда келдім? Ал енді тәтті ұйқымнан оятқан 
екесіңдер, маған қыс мезгілі қандай болатынын айтып беріңдер. Балалар мені танитын боларсыңдар, мен қандай аңмын.
- Иә мен аюмын. Мен орманда өмір сүремін.Балалар мен сендер айтқандай жаз бойы бал жинап жеймін де, қыста тәтті 
ұйқыға кетемін. Сондықтанда қыс мезгілі  қандай  болатынын білмеймін. Балалар маған қыс мезгілі  қандай болатынын 
білуге көмектесесіңдерме?
- Балалар: Иа-иа-иа.
- Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біз әрқашанда бәріне көмектесуге дайынбыз.  Біз тату,  дос балалармыз.  Балалар  біз 
қызық ойын ойнайық, сөйтіп аюға қыс мезгілінің қандай болатынын көрсетейік.
Ойын: Қыс  мезгілі.
-Тәрбиеші:- Балалар мынау ненің суреті.
                        Көңілді күліп тұрған және көңілсіз тұрған күннің суреті.
                        Артында қорапша бар.
Шарты: Қыс мезгілінің қандай болатынын айтып мына қорапшаларға  саламыз.
25

1) Егер жақсы жағын айтсаңдар мысалы:  Жаңа жыл келеді, шаңғы тебеміз, коньки тебеміз, қар лақтырысып ойнаймыз, 
шанамен сырғанаймыз, ақша қар жауады.
2) Ал ұнамайтын жағын айтасыңдар: Мысалы: Қатты аяз болады, суық жел тұрады, аң-құстарға жем табылмай қалады, 
балалардың  шанадан құлап қалған, жарақаттанған. Балалар ұнайтын және ұнамайтын жағын қорапшаларға салады. Енді 
балалар аюға одан әрі түсінікті болуы үшін мынандай  тапсырмалар орындайық.
1-тап. Суретке қарап айтайық.
а) Қыс мезгілі көңілді ( көңілді қыс мезгілінің суреті)
ә) Аспаннан ақ қар төгілді (аспаннан қа қардың жауып жатқан суреті)
б)Шанамен біз ойнаймыз (шанамен ойнап жатқан суреті)
в) Шаңғы теуіп зырлаймыз ( шаңғы теуіп жүрген балалардың суреті)
2-тап. Аппақ мамықтай қарды баспай, секіріп, тақпақ айту крек.
Далида, Мұстафа, Ақниет, Сұлтан тақпақ айтады.
Сергіту сәті:
Аяқпен топ-топ-топ,
Алақанға лоп-лоп-лоп,
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп.
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру,
Бір оңға, бір солға,
Секіреміз кел мұнда.
3-тап. Көңіл-күймен айтып, қол моторикасын дамытуға арналған жұмыс.
Тәрбиеші балаларда екі топқа бөледі.
1-ші топқа. Күннің суретін береді. Соған балалар алақанды губкаға батырып, шуақтарын салуы керек. Балалар мына күннің 
шуақтары жоқ екен, соған шуақтарын салуларың керек.
2-ші топқа. Күннің бұлттанып тұрған кезі, оған балалар саусақпен қардың жауып жатқан суретін салады. Саусақты  губкаға 
батырып, қар жауып  жатқанын бейнелейді. Міне балалар «Қыс мезгілі көңілді» атты сабағымыз өз мәресіне жетті. Аю да 
риза болып, балаларға рахметін айтып, қыс мезгілінің көңілді екенін түсініп:
Балаларға мынадай сұрақ қояды:
- Балалар су қыста қатып қалса, неге айналады?
- Мұзға айналады.
- Дұрыс айтасыңдар балалар.  Даладағы мұзды жеуге болмайды. Сендерге мұзға ұқсайтын тәтті мұз кәмпит сыйға тартқым 
келеді. Оны апайларың таратып береді, сау болыңдар балалар деп аю шығып кетеді,
- Сау бол аю дейді балалар.
Балалар өте жақсы жауап бердіңдер. Мен сендерге  сұрақтар қоямын.
Егер ұнаса тамаша деп, ұнамаса үндемей қаласыңдар.
1) Көңілді-күйіміз қандай? -Тамаша!
2) Қыс мезгілі қандай? -Тамаша! -Тамаша!
3) Қысқы ойындар қандай?  -Тамаша!
4) Бізге кел 5) Ауа-райы қандай? Келген қонақтар қандай?  -Тамаша!
Сау болыңыздар апайлар!
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Көліктер
Атырау облысы, Атырау қаласы, Дамбы селосы
№23 «Ынтымақ» балабақшасының тәрбиеші
 Серікпаева  Мөлдір Мендібекқызы
Білім беру  саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен  таныстыру»
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты:  Білімділігі: Балаларға  көлік  туралы  түсінік  беру.
Дамытушылығы: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне   қарай   топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын   қызметі аясына  
қарай салыстыра  білуге үйрету. 
Тәрбиелілігі: Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын  кеңейту.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат, ойын.
Көрнекілігі: Тақырып мазмұнына  байланысты суреттер слайдтар.
Мотивациялық  қозғаушы.
Шаттық  шеңбер: 
Тәрбиелі  баласы,
Алдымен үлкенмен,
Амандасып  алады.
Қайырлы  таң  апайлар!
Қайырлы  таң  достарым!
Ұйымдастырушы - ізденушілік.
-Жылдың  қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде  неше  ай  бар?
26

-Қыс мезгілінде күн  қандай  болады?
-Қыс  мезгілінде  қалай   киінеміз?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Балаларды оқу  іс-әрекетінің тақырыбымен  таныстыру. Бүгін біздер «Көліктермен» танысамыз.
Балалар  ерте заманда көлік  түрлері  болмаған кезде  адамдар  алыс жерлерге қалай  барған? Ауыр жүктерді  бір жерден 
екінші  жерге  қалай  жеткізген?
Балаларға ерте  заманғы көліктер  туралы қысқаша  түсінік  беру. Сурет бойынша  әңгімелеу.
Балалар ерте   заманда   көлік түрлері     болмаған   кезде   адамдар көлік   ретінде және жүк   тасу үшін үй   жануарларын  
пайдаланған. Ат, түйеге арба   жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс   жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.  
Балалар қазіргі ғылым мен техника  дамыған заманда көлік түрлері  өте  көп. Көліктер әуе, су және  жер көліктері  болып  
үшке бөлінеді.
Әуе  көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран  жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді  қайық жатады.
Жер  көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б. жатады.
Ал  кәнекей барлығымыз саяхатқа шығайық, автотұрақа барайық. Балалар кәнекей барлығымыз  қалың киімізді   киелік. 
Автотұрақа әуенмен келеміз. Автотұрақтың иесі Самат ағаймен   танысамыз. Ол кісі балаларға   автотұрақ туралы  толық  
мағлұмат  береді. 
Ойын ойнатады:  «Ұшты-ұшты»
Шарты: ұшатын заттарды  айтқанда қолдарын жоғары  көтереді.
Самат ағай:   балалар өте   ақылды балалар екенсіңдер. Балалар   ағаймен қоштасты. Ал енді балабақшамызға қайтайық.  
Балалар    әуенмен   топқа  келеді.  Ал    енді    үстіміздгі    сыртқы  киімдерімізді  шешейік.    Балалар    шешініп   орындарына  
отырады. Балалардан  қорытындылап сұрау 
Рефлексивті коррекциялаушы.
Дидактикалық  ойын:  «Не  қайда  жүреді?»
Шарты: Көлемді бейнелі сурет  арқылы  көліктердің  жүру  жолдарын  тауып,  көліктерді  орналастыру.
Сұрақ  –жауап     әдісі    арқылы  балалардың    оқу    іс-әрекетінде    алған   білімдерін     қорытындылау.   Белсенді    араласқан  
балаларды  мақтап, мадақтау.
Күтілетін  нәтиже:
Меңгереді: көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра  білуі.
Игереді: тапсырмаларды орындайды.
Қолданады: күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.
 -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Баланың шығармашылық қызығушылығын арттыруға инновациялық технологияны тиімді пайдалану
Атырау облысы, Атырау қаласы, Дамбы селосы №23 «Ынтымақ» балабақшасының
II-санатты бейнелеу пәні маманы Утегалиева Света  Сергейқызы
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мүсіндеу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Салеметсіздерме құрметті әріптестер. Бүгінгі біздің тәжірбиелік кеңесте СТО әдісінің бірнеше әдіс-тәсілін тәжірбие түрінде  
қолданып   көреміз.   Әдіс   –тәсілдеріміз   педагогтарға   анағұрлым   түсінікті   болу   үшін   тәрбиеленушілердің   орнына 
тәрбиешілермен жұмыс жасаймыз.
Тәрбиешілер шеңберге тұрады. Алақандарын ашып, әр тәрбиеші өз атының бас әріпімен бастылатын бір сын есім айтады.  
Мыс : Света –сары, Зухра-зерек, т\б. Сын  тұрғыдан ойлау  әдісі: Монитордан көкөністердің  суреті көрсетіледі. Көкөністер:  
қияр,   сәбіз,   қызанақ.  Мақсаты:  Ойландыру,   берілген  суреттерге  қарап  баланы  сөйлету.   Бір  зат  турулы  өз  ойын   айтуға 
дағдыландыру.
Топтастыру әдісі: Осы үш көкөністің ішінен өздеріңізге ұнаған көкөністі таңдап, сол бойынша топтасып отырыңыздар.  
Мақсаты: балаларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сипаттама Әр топ өздерінің топтары туралы сипттама береді. Мыс:   қияр сопақ, жасыл т\б. Жарайсыздар әріптестер. 
Қызықтыру     әдісі: тосын сый;   тәрбиленушілерді қызықтырумақсатында түрлі көрнекіліктерді   өз қолыңменде жасауға 
болады.   Өзім   қолдан   жасаған,     балалардың   жұмыстарымен   толықтырылған   көрнекіліктерден   көрме   көрсетемін.  
–   Қараңыздаршы     мына   егінші   апа   -   ағаларымыз   жәрменкеде   сауда   жасап   тұр   екен   олардың   көк   өністері   таусылып  
қалапты.Саудагерлерге көк өністер жасап беремізбе, көмектесемізбе?
Ендеше   алдымыздағы   етмексаздан   қажетті   тусті   таңдап,   домалақтау,сопақтау   қимылдарын   орындап,   көкөністерді 
мүсіндейміз.    
Сен   маған,мен   саған   әдісі.   Бұл   әдістің   шарты   бойынша   әр   топтан   бір   тәрбиеші   шығып,   өз   топтпрының   бейнесімен 
бейнеленген карточканы алып келесі топқа береді. Солай үш рет қайталанады. Бұл карточкада сұрақтар жазылған. Мектепке  
дейінгі ұйымдарда   негізгі екі ұстанымды ата. Тәрбиелеу, дамыту мектепке дейінгі ұйымдарда неше сала бойынша білім  
беріледі. Саланы ата: мектепке дейінгі ұйымдар қандай бағдарламамен жұмыс жасайды. ҰОӘ кезінде сұрақтар баланың  
жасына,   тақырыпқа     сай   болуы   керек.   Нәтижеге   жету:   көк   өністеріміз   дайын   болса   егіншілеріміздің   себегіне   көк 
өністерімізді апарып салайық. Міне қараңыздаршы себегі толған егіншілер қуанып үйлеріне қайтып барады. 
Сын тұрғыдан ойлау әдісі: 
Сергіту сәті: «Молекула атом» ойын.   Ойын шарты: молекула деп айтқанда тәрбиешілер әуеннің ырғағымен әрлі - берлі 
жүреді. Атом екі  деп айтқан кезде екі-екіден бірігіп тұрып қалады. Атом төрт деген кезде төртеуден бірігіп тұрып қалады.  
Бірнеше рет қайталанады.
ВЕНН диаграмасы әдісі: Алма мен қиярдың суреттері көрсетіледі, осы екі тағамның ұқсастығы мен айырмашылығын атап 
айту керек. Осы әдіс арқылы ҰОӘ қортындылауға қолдануға болады.
Бүгінгі кеңесте біздер СТО әдісінің кейбір әдіс-тәсілдерімен  таныстық, бұл  әдіс- тәсілдер қол жетімді әрі тиімді тәсілдер.  
Құрметті әріптестер бүгінгі кеңесім сіздердің көнілдеріңізден шықты деп ойлаймын. Кеңесіміздің соңын тосын сыймен  
аяқтағым келеді. Алдарыңыздағы ақ парақшаға карандаш, желім мен кез-келген сурет сала қойыңыздар, мен оны жинап 
алап жылтыр сеуіп беремін. Бұл ТРИЗ әдісінің бір түрі. Осы мен бүгінгі кеңесіміз аяқталды. Назарлараыңызға рахмет!  
27

Білім беру саласы: Шығармашылық 
Бөлімі: Жапсыру 
Тақырыбы: Тауыс 
Мақсаты: 
Білімділік: бірнеше бөліктерден тұтас бейне құрастырып жапсыруға үйрету, қаптап қию, бірден бірнеше   бөліктерді қиюға 
үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: түстерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру, қол, саусақ, қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік: өз жұмыстарын бағалай білуге шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері: Қуан шаттан алақай,
                               Қуанатын күн келді,
                               Күліп шықты кун бүгін.
                               Қайырлы күн апайлар,
                               Қайырлы күн достар.
«Сын тұрғыдан ойлау» Балалар экраннан әртүрлі құстардың бейне клипін  көреді. 
Сұрақ қою арқылы олардың ойларын жинақтап, білетін мағлұматтарын естеріне түсіремін.Тауыс құсын көрсетіп, ол туралы 
тусіндіріп, тіршілігімен таныстырамын.
6
Тауыс құсы әлемдегі ең әдемі құс. Ол табиғатта өте сирек кездеседі. Көбіне ол хайуанаттар паркінде мекендейді. 
Сол себепті  «Қызыл кітапқа» енгізілген. 
«Ғажайып сәт» Мұңлы әуенмен  тауыс құсы келеді.
- Сәлеметсіздерме балалар, мен ертегілер елінен  келдім. Менің  сендер сияқты достарым жоқ. Көңіл-күйімде жоқ. 
- Балалар  мен тауыс құсын аяп, көмектескім келіп тұр.

Ал сендер ше? Ендеше балалар тауыс құсына арнап, тауыс құсын қағаздан жасап берейік.
Балалар қолдарына түрлі-түсті қағазды алып жұмыстарына кірісіп кетеді. Алдын ала дайындалған   қағазын алып сызық  
бойымен қияды.
Сергіту сәті. Қане, қанат жазайық,
                       Құс боп қалықтап  ұшайық.
                       Шық алға оң қанат,
                       Шық алға сол қанат.
                       Ұшып – ұшып алайық,
                       Орнымызға қонайық.
Балалардың дайын болған  жұмыстарын көремін.  Әдемі қиған балаларды  мадақтаймын.Тауыс  риза болып, көңілді әуенмен 
балаларға билеп  береді. Биінің соңында балалармен қоштасып өз еліне ұшып  кетеді. 
«Дидактикалық ойын» Не артық?
«Бес жол өлең» Тауыс құсының суретін көрсетемін.
Бұл не?   құс 
Ол қандай? әдемі, үлкен,
Ол не істейді? ұшады, жүреді, жейді.
Ол не? Тауыс.
«Бес жол өлең» арқылы балалардың осы тақырыптан  алған білімдерін байқап, оқу іс-әрекетін аяқтаймын.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет