Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет1/20
Дата18.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы
органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет
стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 
,
34-бабына
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 

9-1
 және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы
15-2-баптарына
Заңының 6-бабының 


 сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 
2)
3) тармақшаларына
29-бабына
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.05.2014 
№ 538
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 
N 115
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
№ 544
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
№ 544
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін
құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      6) «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      7) «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      8) «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      9) 
күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 
N 45
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      10) «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      11) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу»
мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      12) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
№ 544
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      14) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      15) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға
жатақхана беру» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      16) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге
асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      17) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
№ 544
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      18) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты

      19) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      20) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      21) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері
шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік
қызмет 
;
стандарты
      22) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      23) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 
N 115
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      24) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 
N 115
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      25) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру
қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      26) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде
демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      27) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 
N 115
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      28) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 
N 115
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      29) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 
N 115
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      30) «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет 
;
стандарты
      31) «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына білім
беру қызметін жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет 
 бекітілсін.
стандарты
      32) 
алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.05.2014 
№ 538
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 
№ 699
 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2013 
№ 855
 
; 18.10.2013
№ 1115
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 04.02.2014 
N 45
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 19.02.2014 
N 115
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі); 23.05.2014 
№ 538
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2014 
№ 544
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. 
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 
№ 983
 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулыға 
 сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші
қосымшаға
жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысына    
қосымша       
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізімі
      1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет
стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561
қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №
140 
 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №19, 148-құжат).
қаулысы
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 550 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 321-құжат).
      3. «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
31 наурыздағы № 336 
 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 350-құжат).
қаулысы
      4. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011
жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 
 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №
16-тармағы
5, 93-құжат).
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттік қызмет стандарты
      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.05.2014 
 қаулысымен (алғашқы
№ 538
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).    
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысына    
қосымша       
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 
 қаулысымен (алғашқы
N 115
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік
қызметінің стандарты
      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
 қаулысымен (алғашқы
№ 544
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
««Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына
құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
 қаулысымен (алғашқы
№ 544
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған
конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандарты
      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 
 қаулысымен (алғашқы
№ 699
ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар
қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, Астана
қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 18-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Халықаралық
бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) мекенжайлары осы

стандартқа 
 көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық)
1-қосымшада
арқылы баламалы негізде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі –
портал) арқылы 
.
көрсетеді
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Заңының 
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573
29-бабына
қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу 
 (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетіледі.
қағидаларына
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) уәкілетті ұйымның www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) уәкілетті ұйымның немесе орталықтың үй-жайларындағы стенділер мен ақпараттық
тақталарда;
      4) www.e.gov.kz порталында орналастырылады.
      Сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың 1414
телефоны бойынша алуға болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) уәкілетті ұйымда – конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы ақпарат көрсетілген құжаттарды
қабылдау туралы немесе құжаттарды Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның
жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігіне жеке тәртіппен қарау үшін жіберу туралы қағаз тасымалдағыштағы қолхат не
мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап;
      2) орталықта және порталда – уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан
әрі – ЭЦҚ) куәландырылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы ақпарат көрсетілген құжаттарды
қабылдау туралы немесе электрондық құжат нысанында құжаттарды жұмыс органына жеке тәртіппен
қарау үшін жіберу туралы қолхат не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден
бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қағидаларда белгіленген «Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындауға арналған конкурсқа қатысудың талаптары мен шарттарына сай келетін Қазақстан
Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      осы стандарттың 
 белгіленген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы
11-тармағында
тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері;
      уәкілетті ұйымда, порталда – бір жұмыс күнінен аспайды;
      орталықта – бес жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет
көрсету мерзіміне кірмейді), бұл ретте:
      өтініш иесі өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алғанға дейін
күтудің ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
      өтініш иесі өтініш жасаған күні орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет
көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті ұйымда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және
мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат
9.00-ден бастап 18.30-ға дейін дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
      2) орталықтарда құжаттар қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге
дейін үзіліссіз орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, демалыс және мереке
күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жүзеге асырылады.
      Уәкілетті ұйымда қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге
асырылады.
      Орталықта қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге
асырылады;
      3) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет:

      1) мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар
үшін жағдайлар жасалған (пандустар) уәкілетті ұйымда не орталықтың ғимаратында көрсетіледі.
Залда анықтама бюросы, электронды кезек терминалы (орталықта), күтуге арналған креслолар,
бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған;
      2) порталда – мемлекеттік қызметті тұтынушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:
      уәкілетті ұйымға:
      1) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің
негіздемесі көрсетілген қағаз жеткізгіштегі өтінішті;
      2) осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс органы бекіткен нысан бойынша «Болашақ»
2-қосымшаға
халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткер толтырған
сауалнаманы;
      3) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген
нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
      4) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесін
(Қағидалардың 4-тармағының 
 көрсетілген үміткерлер қосымшаны ұсынбайды),
5) тармақшасында
сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса, білімі туралы құжатты тану және
нострификациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін не Заңның 39-бабының
5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы өзге де
құжаттың көшірмесін;
      5) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар
салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      6) бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сай, нәтижесі бар шет тілінен
емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың көшірмесін;
      7) осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс органы бекітетін
3-қосымшаға
нысан бойынша жұмыс берушінің өтінішін (бұдан әрі – өтініш) маман даярлауға (мемлекеттік
қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер қатарынан философия
докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог
қызметкерлер, өз бетімен түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін,
тағылымдамаға үміткерлер санаттары бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      8) Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметінің кезеңдері үшін еңбек қызметін
растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін (өз бетімен түскендер, мемлекеттік
қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер санаттары бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер және
тағылымдамаға үміткерлер үшін);
      9) жұмыс берушіден ұсыным хатты (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер
қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен
түскендерді қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер
үшін);
      10) оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз
(қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға,
резидентурада оқуға түскен адамдар үшін - шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын
қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелерін және бар болған жағдайда, шетелдің
жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын),
нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік
немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы
үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманы (өз бетімен түскендер санаты
бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      11) мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар
тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептері ашып көрсетілген) көрсетілген тағылымдамаға
қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге

дейін арттыру шартын қоспағанда) шақыртуын растайтын құжаттардың көшірмелерін (тағылымдамаға
үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      12) осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын
4-қосымшаға
сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан тапсырысты (жоғары оқу орындарының
түлектері санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      13) жұмыс органы белгілеген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен
талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасын (тағылымдамаға үміткерлер санаты
бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      14) осы дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен белгіленген мерзімдерден
аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспарын (философия докторы
(PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа
қатысатын үміткерлер үшін) ұсынады;
      орталыққа:
      1) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің
негіздемелерін көрсете отырып, Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат
көшірмесі нысанындағы өтінішін;
      2) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс органы бекіткен нысан бойынша «Болашақ» халықаралық
2-қосымшаға
стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер толтырған сауалнаманы;
      3) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан
бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
      4) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломын (Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында
көрсетілген үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған
болса, білімі туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің көшірмесін не Заңның
39-бабының 5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану
туралы өзге де құжаттың көшірмесін;
      5) жеке куәлік пен паспортты;
      6) бар болған жағдайда, орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық
көшірмесі нысанында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес, нәтижесі бар шет тілінен емтихан
тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификатты;
      7) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
осы стандартқа 
 сәйкес, жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс органы бекіткен нысан
3-қосымшаға
бойынша маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын (бұдан әрі – тапсырыс) (мемлекеттік
қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша
доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өз бетімен
түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін, тағылымдамадан өтуге үміткерлер
үшін);
      8) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметінің кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын
құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін (өз бетімен түскендер, мемлекеттік
қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер санаттары бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін,
тағылымдамаға үміткерлер үшін);
      9) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
жұмыс берушіден кепілдеме хатты (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер
қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен
түскендерді қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер
үшін);
      10) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері
нысанында оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз
(қаржылық шарттарды және резидентурада оқуға түскен адамдар үшін шет тілін талап етілетін
деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттарды және бар болған
жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын

(оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ
мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы
ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманы (өз бетімен
түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      11) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту
мерзімдері, құны (есептері ашып көрсетілген) көрсетілген тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік
ұйымның шартсыз (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын
қоспағанда) шақыртуын растайтын құжаттарды (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа
қатысатын үміткерлер үшін);
      12) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс органы бекіткен көшірмесі нысаны бойынша жұмыс орнын
4-қосымшаға
сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан тапсырысты (жоғары оқу орындарының
түлектері санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      13) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
жұмыс органы белгілеген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға
сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасын (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша
конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін);
      14) орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында
осы дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдің
жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспарын (философия докторы (PhD), бейіні бойынша
доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер
үшін).
      ХҚО жеке басын, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі зейнетақы аударымын төлеуді
куәландыратын құжаттардың мәліметтерін орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық
құжат нысанында ХҚО-ның ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Порталда:
      1) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің
негіздемесі көрсетілген өтініш электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға
тіркеледі;
      2) осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс органы бекітетін нысан бойынша «Болашақ»
2-қосымшаға
халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлердің толтырылған сауалнамасы
электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      3) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген
нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама электрондық көшірмелер түрінде
электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      4) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы (Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында
көрсетілген үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған
болса, білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің нотариалды
куәландырылған көшірмесін не Заңның 39-бабының 5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере
отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесі электрондық көшірмелер
түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      5) жеке куәлік пен паспорт – көшірмесі электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау
салуға тіркеледі;
      6) бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес, нәтижесі бар шет тілінен
емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификат электрондық көшірмелер
түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      7) осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс органы бекіткен
3-қосымшаға
нысан бойынша маман дайындауға жұмыс берушінің тапсырысы (бұдан әрі – тапсырыс) (мемлекеттік
қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша
доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өз бетімен
түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін, тағылымдамаға үміткерлер санаты
бойынша конкурсқа қатысатындар үшін) электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға
тіркеледі;

      8) Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметінің кезеңдері үшін еңбек қызметін
растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі (өз бетімен түскендер, мемлекеттік
қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер және тағылымдамаға үміткерлер санаттары бойынша
конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін) электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға
тіркеледі;
      9) жұмыс берушіден кепілдеме хатты (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер
қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен
түскендерді қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін)
электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      10) оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз
(қаржылық шарттарды және резидентурада оқуға түскен адамдар үшін шет тілін талап етілетін
деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелері және бар
болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын,
курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты,
сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу
орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманы (өз
бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін) электрондық көшірмелер
түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      11) мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары берілген
мерзімдері, құны (есептері ашып көрсетілген) көрсетілген қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз
(қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда)
шақыртуын растайтын құжаттардың көшірмелері (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа
қатысатын үміткерлер үшін) электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      12) осы стандартқа 
 сәйкес жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жұмыс орнын
4-қосымшаға
сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан тапсырыс және осы жоғары оқу
орнының ғылыми кеңесінің ұсынымы (жоғары оқу орындарының түлектері санаты бойынша конкурсқа
қатысатын үміткерлер үшін) электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      13) жұмыс органы белгілеген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен
талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасы (тағылымдамаға үміткерлер санаты
бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін) электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау
салуға тіркеледі;
      14) осы дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден
аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары (философия докторы
(PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа
қатысатын үміткерлер үшін) электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын, зейнетақы аударымдарын төлеуді
куәландыратын құжаттардың мәліметтерін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті лауазымды тұлғаның
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
      12. Оқу немесе тағылымдамадан өту үшін сауалнама нысандары, жұмыс органы белгілеген
тапсырыстар және мемлекеттік қызметтер алу туралы басқа да ақпараттар уәкілетті ұйымның
интернет-ресурсында www. bolashak.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті ұйымның немесе орталықтың
күту залында стендтерде және арнайы бағандарда www.e.gov.kz мекенжайы бойынша порталда
орналастырылған.
      Портал арқылы хабарласқан кезде мемлекеттік қызметті алушы электрондық құжат нысанында
сауалды толтыруы қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау, мекенжайы мен телефоны www.bolashak.gov.kz электрондық поштасы
мекенжайы бойынша уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында «Үміткер/Байланысу» бөлімінде қолжетімді
уәкілетті ұйымның құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бөлімінде жүзеге асырылады.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда
жүзеге асырылады.
      Порталға хабарласу кезінде электронды сауалды жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке
кабинетінде» жүзеге асырылады. Сауал автоматты түрде уәкілетті ұйымға – таңдап алған қызметке
сәйкес адресатқа жіберіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға уәкілетті ұйымға өтініш жасаған кезде мыналар

көрсетіле отырып, осы стандарттың 
 көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат
11-тармағында
беріледі:
      1) конкурстық іріктеуге рұқсат беру туралы не жеке тәртіппен қарау үшін Жұмыс органына
құжаттарды жіберу туралы ақпарат;
      2) тапсырылған құжаттардың қабылдау күні мен тізбесі;
      3) құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ байланыс
деректері, портал арқылы байланысқан жағдайда, құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру
бөлімінің байланысу деректерімен уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы бар қолхат
беріледі.
      Орталыққа өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) сауалды қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қосымша берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты
көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталда «жеке кабинетке»
мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетіле
отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы есеп-хабарлама жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) уәкілетті ұйымда – осы стандарттың 
 көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол
1-тармағында
әкеп беру арқылы (мемлекеттік қызметті алушының өзінің немесе сенімхат бойынша өкілінің келуі);
      2) орталықта – қолхат негізінде құжаттар тапсырылған орталыққа қолма-қол әкеп беру арқылы
(мемлекеттік қызметті алушының өзінің немесе сенімхат бойынша өкілінің келуі);
      3) порталда – мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» жеткізіледі.
      16. Уәкілетті ұйым осы стандарттың 
 көрсетілген құжаттардың бірін мемлекеттік
11-тармағында
қызметті алушы ұсынбаған жағдайда, Қағидалардың 
 көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ
11-тармағында
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
 көзделген негіздер бойынша
40-бабында
құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет