Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата30.12.2016
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3

МАҚСАТЫ 

ҚҰРАЛДАР 

ҚОЛДАНУ 

ЕРЕЖЕСІ 

НӘТИЖЕ 

11 

 

ғана  тиімді  екенін  білді.  Ал  адамның  миы  жеті-жеті 



жарым  жасқа  дейін,  әсіресе,  алғашқы  үш  жылда 

қарқынды өседі.  

Доманның  әдістемесі  қазіргі  уақытта  да  қажет. 

Балаларын  ерте  оқуға  үйретуді  бастау  үшін  ата-аналар 

мен  тәрбиешілерге  көмектесетін  жаңа  әдістемелік 

кешендер  әзірленді.  Бұл  кешендер,  -  «Жөргектен  оқу», 

«Жөргектен  оқу  әліппесі»,  «Глен  Доманның  үлестірме  қағаздары»,  бұларды 

Ресейдің  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  да  шетелдердің  ата-аналары  мен 

тәрбиешілері сәтті қолдануда. 

 

«Жөргектен оқу»  

Бұл  технология  бала  өміріне  маңызды  кезең  ойлау  қабілетінің  –  миының 

белсенді  өсу  кезеңінде  және  өмір  бойындағы  «интеллектуалды  қуатының» 

қалыптасуына,  зейінін  маңызды  затқа  шоғырландырып,  ұстап  тұру  іскерлігін 

дамытуға  жағдайлар  жасайды.  Әріптер  мен  буындарды  алдын-ала  үйренусіз 

тұтас сөздерді жүгіртіп дербес оқу негізінде ақпараттардың үлкен көлемдерін еш 

қиындықсыз сақтайды. Баланың миы жаңаны қабылдауға барынша ашық, ол кез-

келген  ақпараттарды  жеңіл  меңгереді.  Сөзді  толық  қабылдай  отырып,  бала 

материалды  тезірек  меңгереді,  келіп  түскен  ақпаратты  жеңіл  өңдейді.  Бұдан 

кейін жылдам ойлауы дамиды – тез ойлап, талдау жасау іскерлігі. Бұл адамның 

ең маңызды қасиеттерінің бірі. 

Топтаманың  құрамына  800  сөзден  құралған  үлестірме  қағаз  енген,  олар 

кішкентай баланың сөздік қорын толықтырып, зейінін, ойын, есін, көруін, естуін, 

тілін дамытады. 

Сабақтар  балаға  белгілі  жүйемен  үлестірме  қағаздардан  көрсетуден 

құралады. Бір сабақ 5 секундқа жуық уақытқа созылады, балаға қызықты ойын 

түрінде өтеді.  

Сабақ  ірі  қызыл  қаріптермен  жазылған  сөздермен  танысудан  басталады. 

Келесі кезеңдерде сабақтарға есімдіктер, демеуліктер, қосымшалар, шылаулар, 

жұрнақтар мен жалғаулар жазылған үлестірме қағаздар енгізіледі. Топтамаға А. 

Маниченконың  «Баланы  оқуға  қалай  үйрету  керек»  кітабы  енген,  баламен 

жүргізілетін жұмыстың әдістемесі толық жазылған.   



 

«Жөргектен оқу әліппесі» 

«Баланы кемеңгер етудің ең тиімді тәсілі – оны үш 

жасқа  дейін  оқуға  үйрету»  -  деп  көптеген  жетекші 

балалар психологтері есептейді. 

Атап  айтқанда,  ерте  жастан  оқуға  үйретуде 

балабақша  бағдарламасын  меңгеріп  қана  қоймай,  кез-

келген  жетістіктерге  жетуге  көмектесетін  аса  ірі 

интеллектуалды әлеует қалыптасады.  

«Жөргектен оқу әліппесі» топтамасы: 

- интеллектісін, зейінін, есін, ойын дамытады


12 

 

- көптеген оң сезімдерін береді; 



- үйдегідей секілді серуенде, қонақта дайындалуға мүмкіндік береді; 

- баланы оқу үдерісімен қызықтырады. 



Топтаманың  құрамына  30  «кітапша-парақша»,  480  сөзден  құралған 

үлестірме  қағаз,  әріптер  жазылған  82  үлестірме  қағаз,  А.Маниченконың 

«Жөргектен  сөйлеп,  оқимыз.  Тіл  дамыту.»  кітабы  енген.  Онда  балалардың 

қызығушылықтарын  қолдайтын  ойын  үлгілері  беріліп,  ақпараттарды 

қабылдауын  жеңілдетуге  арналған  кестелер  мен  иллюстрациялар,  сабақтағы 

жетістіктерін,  жеңіл  бақылауға,  баланың  қызығушылық  деңгейі  мен  баланың 

ерте дамуына жеке бағдарлама құруға көмек береді. Сонымен қатар, ата-аналарға 

арналған видеокурстар бар: «Жөргектен сөйлейміз» - 2 DVD, «Жөргектен оқуға 

үйрету» DVD. 

 

Глен Доманның үлестірме қағаздары 

«Доманның  үлестірме  қағаздары»  6  айдан  асқан 

балаларды  дамытуға  арнайы  жасалған.  Олар  тілінің, 

ойының,  ес,  баланың  елестетуі  мен  жылдам  оқу  және 

жылдам  ойлауын  дамытуға  жағдайлар  жасайды. 

Сонымен қатар, баланы қоршаған ортамен таныстырып, 

сөздік  қорын  арттыруға  керемет  мүмкіндік.  Топтама 

артында  сабақтардың  өзіндік  күнделіктері  бар  және 

көрсетім  саны  белгіленген  үлестірме  қағаздардан 

құралған. Бала жиі қолданатын 150 сөз және «Алғашқы 

сөздер», 

«Күнделікті 

сөздер», 

«Жануарлар», 

«Сөз 


тіркестері» 

тақырыптарындағы 600 сөз тіркестері жазылған 5 интерактивті DVD дискілері 

бар.  

Сонымен  қатар,  дискілерде  оқуға  үйрету  және  тілдерін  дамыту  бойынша 



қызықты  ойын  сабақтары  бар  сөздер  мен  сөз  тіркестерін;  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінің  мағыналары  ашылатын  балалармен  түсірілген  видеороликтер, 

қызықты фотолар мен суреттерді; түрлі фонда және әртүрлі әріптермен жазылған 

сөздер  мен  сөз  тіркестерін;  сөз  жасаушылармен,  ойындармен  және  көңілді 

әндермен анимация көрсету. 

Әдістемелігі қарапайым: балаға бірнеше рет роликтерді 5 минуттан көрсету 

қажет, сөздерді тұтас оқуға, әріптер ұғымын дербес түсінуге үйренеді.  

 

 

«Үш тілдің патшалығы» 

Бұл технология мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік-коммуникативті 

құзыреттіліктерін  дамытуға  және  оларды  үш  тілге  –  қазақ,  орыс,  ағылшын 

тілдеріне  үйретуге  мүмкіндіктер  жасайды.  «Шикула  и  К»  баспасының  «Үш 

тілдің патшалығы» әдістемелік кешені қолданылады.  

Кешен құрамына: 

-  «Үш  тілдің  патшалығы»  (27  қоршаған  ортаның  тақырыптары:  сөздер, 

фразалар, әңгімелер, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ойындар) 5 кітабы; 



13 

 

- «Үш тілдің патшалығы» кітабына қосымша дәптері (бояу, шығармашылық 



тапсырмалар:  «Лабиринт»,  «Суреті  аяқта»,  «Артығын  тап»,  «Бірдей  заттарды 

тап» және т.б.); 

-  кітаптарға  арналған  тақырыптық  суреттер  (плакаттар)  –  3  тілде 

сүйемелдеу; 

- «Үш тілдің патшалығы» кітаптарына қосымша шағын кітапшалар (негізгі 

тақырыптар бойынша 28 кітапша). Шағын кітапшаларда сөздер мен үш тілдегі 

екі жолды өлеңдер берілген, бояуға арналған суреттер енеді.  

  

«Мультимедиа» 

Білім  беру  қызығушылығын 

«Мультимедиа» 

(Қытай)  технологиясы  ұсынады. 

«Мultimedia»  – 

көп орталылық немесе ортаның көптігін білдіреді. 

Орта деп  дыбыс,  видео,  мәтін  және басқалары да 

түсіндіріледі.  Мультимедиа  деп  персоналды 

компьютерді  мәтінмен  ғана  емес,  сонымен  бірге 

дыбыспен,  графикамен,  анимация  және  видеомен 

жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  бағдарламалық 

құралдар мен кешенді түсінуге болады.  

Мультимедиалық 

кешен 


құрамына 

балалармен  жұмыс  барысында  оқытудың  тиімділігі  жоғары  техникалық 

құралдар  кіреді:  сенсор  арқылы  басқарылатын  проекциялық  экран, 

мультимедиа

лық платформа, тілдік зертхана, интерактивті тақта, видео қабырға, 

бағдарламалық 

жасақтама.  

Мультимедиа  компьютерді  мәтінмен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  дыбыс, 

жоғары  сапалы  бейнелер,  видеофильмдерден  құралған  мәліметтер  қорымен 

жұмыс  істеуге  ыңғайлы  құрал  ретінде  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Сәйкес 

бағдарламалық  өнімдермен  жұмыс  сапасы  мен  деңгейі  тез  әрекет  етуге, 

компьютердің  жадында  сақтау  көлеміне,  дыбыстық  сипаттамаларға  және 

қосымша жабдықтардың соның ішінде CD-ROM-ның болуына тәуелді. 

Мультимедиа  бағдарламалары  –  ғылымды  қажетсінетін  және  қымбат 

бағалы  өнім,  өйткені  оларды  әзірлеуде  пәндік  саладағы  мамандар,  педагогтер, 

психологтер,  бағдарламашылардың,  сонымен  қатар,  суретшілер,  дыбыс 

операторлары,  сценаристер,  құрастырушылар  мен  басқа  да  мамандардың 

күштерін біріктіру  қажет.  Көптеген  елдерде қытай  аналогиясы  бойынша  білім 

берудің  түрлі  деңгейлерінде  оқыту  бағдарламалары,  соның  ішінде  мектепке 

дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары әзірленуде. Осындай білім беретін 

электронды бағдарламалардың келешегі алда.  

Мектепке 

дейінгі 

ұйым 


тәжірибесіне 

енгізілетін 

ақпараттық 

технологияларға  «Сөйлейтін қалам» мен «Дыбыстық карталар» таңбалық - 

белгілік технологиялар да жатады. Олардың оқыту мүмкіндіктері, ойлау, зейін, 

ес, қабылдау, елестету қабілеттерін дамытуға әсері зор. 

 

  


14 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бұл  технология  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктеріне, 

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру  стандартының  талаптарына  сәйкес.  Оқытудың  танымдық  мазмұнына 

«Сөйлейтін  қаламмен»  бірге  өлеңдер,  әңгімелер,  шығармашылық  жобаларды 

орындауға арналған тапсырмалар жинағы енеді.  

«Сөйлейтін  қалам»  қалам  түріндегі  кіріктірілген  акустикалық,  дербес 

қуаттандыру  және  ақпараттарды  сақтау  элементтері  бар  сымсыз  құрылғы. 

«Сөйлейтін қаламда» белгілерді сәйкестендіру және санау құрылғысы бар.  

Балалар  көрнекі  түсініктерімен  қатар,  басқа  тілді  білікті  дыбыстық 

сүйемелдеуін  алады.  «Сөйлейтін  қалам»  балаларды  оқытып  қана  қоймай,  ата-

аналар  мен  тәрбиешілерге  де  қажет,  өйткені  балалармен  жеке  жұмыс  істеу 

барысында  шетел  тілінің  оқытушысын  немесе  маман-педагогтің  көмегін  күтіп 

отырмайды.  



 

Сөйлейтін қаламы бар  

«Даналық әліппесі» 

Интерактивті 

оқу-әдістемелік 

«Даналық 

әліппесі»  кешені  балаларға,  отбасы  тәрбиесіне 

арналып 


әзірленді. 

Құрамында 

әдістемелік 

нұсқаулығымен  бірге,  12  кітабы  бар:  «Қобыз  үні», 

«Домбыра  күйі»,  «Бесік  жыры»,  «Халық  әні», 

«Халық  аңызы»,  «Халық  ертегісі»,  «Халық 

тағылымы»,  «Халық  жыры»,  «Нақыл  сөз»,  «Билер 

сөзі»,  «Аталар  сөзі»  және  «Бабалар  батасы»,  

«Сөйлейтін қалам» бар. 

 

 



15 

 

«Сөйлейтін  қалам»  қағаздағы  мәтінді  дыбыстайды,  қолдануда  қарапайым 



және ыңғайлы.  

Кешен мектеп жасына дейінгі балаларға, сонымен қатар, жоғары және орта 

деңгейдегі  оқу  орындарында  оқитындарға  арналған.  Халық  өнері  мен 

шығармашылығының озық үлгілерін қолдану арқылы 

ұлттық  және  ұлтжандылыққа  тәрбиелеуді  қайта 

жаңғыртып, таратудың бірегей жолы.  

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Даналық 

әліппесінің» алғы сөзінде: 



«Интеллектуалды 

технологиялар 

негізінде 

әзірленген  «Даналық  әліппесі»  сіздің  ой-өрісіңізді 

кеңейтіп,  біздің  халқымыздың  асыл  мұраларын  меңгеру  арқылы  шешендік 

шеберліктеріңізді дамытады, рухани әлемін байыту үшін құнды құрал ретінде 

қызмет етеді деп есептеймін»,- деп атап өтті. 

 

«Зерек» сөйлейтін қаламмен бірге дамытушы ойын топтамасы  

Озық  технологияларды  қолдана  отырып,  компания 

Қазақстан  нарығына  балаларды  дамытып,  оқыту  үшін  жаңа 

өніммен шықты. Жоғары технологиялық өнім педагогтерден, 

балалар 

психологтерінен, 

дизайнерлерден 

құралған 

шығармашылық топтың көп жылдық жұмыс нәтижесі болып 

табылады.  

«Зерек» дамытушы ойын топтамасын әзірлеу барысында 

қолданылған  әдістемелер  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және ғылым министрлігімен қолданды. 

 

«ZEREK» қаламы  – арнайы әзірленген кітап беттерінен ақпаттарды оқуға 

және кіріктірілген динамик арқылы дыбыстауға мүмкіндік беретін электронды 

құрылғы.  

Бұл  топтама  3  жасқа  (2-3  жасқа,  4-5  жасқа,  6-7  жасқа)  арналған  кітаптар 

сериясынан,  қаламның  өзінен,  2  Гб  есте  сақтау  картасынан,  МР3  плеерінен 

тұрады.  Плеердің  көмегімен  компьютерден  алдын-ала  жазылған  музыканы, 

ертегілермен  бесік  жырларын  тыңдап,  жұмбақтар  шешуге  болады.  Сонымен 

бірге топтамаға алфавит, файлдардың сақтаулы көшірмесі бар диск кіреді. Кітап 

бетіне берілген ақпаратты есту үшін «ZEREK сөйлейтін 

қалам»  сканерін  сол  беттегі  қызықтырған  бөлігіне 

апарып  жүргізу  қажет,  сонда  кіріктірілген  динамик 

арқылы  дауысын  шығарады.  Берілген  электронды 

құрылғы  дыбыстарды  дұрыс  айтуға,  әріптерді  атауда, 

сөйлемдерді  оқуда,  санауда,  сұрақтарға  жауап  беруде 

және  білімдерін  тексеруде  көмек  көрсетеді.  Бұл 

баламасы жоқ отандық өнім. 

Компанияда  3  тілде  (қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері)  оқыту  әдістемесі 

әзірленіп, енгізілуде.  


16 

 

Бұл  құрылғыны  қолдануда  тіліндегі  кемістігі  бар  балаларда  жақсы 



нәтижелерді  көрсетті.  Логопедтер  тілінде  кемістігі  бар  балаларға  қолдануды 

ұсынады.  



«E-Blocks» бағдарламасы 

Дамытушы 

технологияларға 

«E-Blocks» 

бағдарламасы да жатады.  

E-Вlocks  –  білім  беру  технологияларының  үздігі 

Positivo Informatica компаниясынан әзірленген ғажайып 

білім беру өнімдерінің бірі.  

E-Вlocks  бағдарламасы көптеген ұлттық және 

халықаралық 

марапатқа 

тағайындалып, 

марапатталды. 2005 жылы E-Вlocks Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық 

оқытудағы озық шешімі үшін WSA премиясын жеңіп алды.  

E-Вlocks – инновациялық сенсорлық оқыту әдісі, ол теория мен тәжірибені 

тұтас үдеріске біріктіреді.  

E-Вlocks бір ортада мультимедиалық бағдарламамен жасақтама мен алақан 

өлшемімен  бірдей  текшелердің  көмегімен  3  жастан  бастап  6  жасқа  дейінгі 

балаларды 

тілдерге, 

қисынды 

ойлауға, 

математикалық 

түсініктерін 

қалыптастыруға керемет жағдайлар жасайды. 

Бағдарлама мазмұнының міндеттері:  

-  дыбыспен,  суреттермен  және  анимациямен  сүйемелденетін  интерактивті 

тәжірибелік тапсырмалар;  

- өлеңдер мен әндер бойынша жаңа білімдерді қолдану және тапсырмаларды 

орындау;  

- ойын арқылы қайталау.  

Бағдарламада  классикалық  текше  ойынының  оқытудың  интерактивті 

әдістемелерімен  үйлесімділігі,  яғни,  мультисенсорлық  оқыту  жүзеге  асады.  E-

Blocks®  адамның  ақпаратты  қабылдауда  барлық  сезімдерін  қолдануға 

бағытталған. Бала естігенін, көргенін және қолымен жасағанын қабылдап, есте 

сақтайды.  Тілді  үйрену  барысында  қол  қимылдарының,  есту  және  түстерді 

қабылдауын  дамытуға  жағдай  жасайтын  бағдарламалық  қамтамасыз  ету 

қарастырылған 

Бағдарлама  тілді  дамытуға,  тілдерді  үйретуге, 

қоршаған 

ортамен 

таныстыруға 

көмектеседі. 

Балалардың белсенді танымдық іс-әрекеттеріне сүйене 

отырып,  «E-Blocks»  балаларға  сөздік  пен  үйренетін 

тілдің  құрылымына  белсенді  араласу  мүмкіндігін 

ұсынады,  балалардың  ақпараттық  тәжірибелері  мен 

білімдерін жинақтауға жағдай жасайды.  



Сөйлейтін плакат ойыны 

 

17 

 

Сөйлейтін плакат ойынының бірнеше міндеті мен тәртіптері бар.  



50 белсенді түймесі бар. Үлкен ойын алаңында (53х39 өлшемді) орыс халық 

ертегілерінің көріністері бейнеленген. Ойынды бірнеше 

адам ойнауға болады.  

Дамытушы  ойынның  интерактивті  текшесі  бар, 

ойыншы  лақтыра  отырып,  өз  фишкасын  неше  тор 

қозғауға 

болатынын 

анықтайды. 

Бағыттаушы 

сызықтардың  бойымен  текшені  лақтыра  отырып, 

ойыншы 

ертегі 


көріністерінен 

радиоспектакль 

тыңдайды,  жүрісті  жіберіп  немесе  бағыттаушы  сызық 

бойынша алға жылжи отырып, ертегі кейіпкерлерінің басынан өткен оқиғаларды 

басынан  кешіреді.  Сонымен  қатар  ойыншы  ертегіні  толық  немесе  ертегі 

кейіпкерлері  бейнеленген  алаңның  бөлігін  басу  арқылы  тыңдауға  болады. 

«Жұмбақтар» тәртібінде (250 жұмбақ) ойын алаңында бейнеленген заттар мен 

әріптерге  жұмбақтар  дыбысталады.  Ойыншы  жұмбақтың  шешуі  болатын 

түймені басуы тиіс.  

Үйрететін, сөйлейтін ойындар 

Үйрететін,  дамытатын  сөйлейтін  ойындар  сөйлейтін  плакат-ойындар 

технологиясына  негізделген.  Жолда  жүру  ережесі,  қоршаған  орта  (өсімдіктер 

және  жануарлар  әлемі,  мамандықтар,  т.б.)  тақырыбындағы  ойындар, 

интерактивті  тапсырмалары  бар  түрлі  ойындар  баланы  дамытады,  оның  есін 

шынықтырып,  тілін  дамытуға  жағдай  жасайды.  Құрал  өзіне  кез-келген 

бағдарламаны орнатуға мүмкіндік береді.  

Сөйлейтін кітап пен қалам  

Сөйлейтін  кітапты  қарапайым  кітап  секілді  оқуға  болады  немесе  парақ 

бетіне жүргізу арқылы сол парақта бейнеленген ертегі кейіпкерлері мен ертегіні 

дыбыстайтын  сөйлейтін  қаламды  қосып  тыңдауға  болады.  Сөйлейтін  қалам 

парақта бейнеленген ертегі кейіпкерлері мен заттардың дыбыстары, әуендерін, 

шуларын және олардың сөздерін дыбыстайды.  



Сөйлейтін әліппе  

«Дамытушы  ойындар»  топтамасынан  «Сөйлейтін  әліппе»  ойынының 

бірнеше тәртібі мен міндеті бар. 50 белсенді түймесі бар. Үлкен ойын алаңында 

(53х39  өлшемді)  алфавит  әріптері  мен  түрлі  аңдар,  сонымен  қатар,  осы 

әріптермен  басталатын  заттар  бейнеленген.  Ойын  тәртіптерінің  бірінде 

түймелерін  баса  отырып,  алфавиттің  әріптері  мен  осы  әріптен  басталатын 

сөздерін тыңдауға болады. Ойынның басқа тәртібінде түймелерді баса отырып, 

бейнеленген жануарлар мен заттардың шуылы мен дыбыстарын естуге болады. 

Үшінші «емтихан» тәртібінде ойыншыға затты немесе әріпті табуды ұсынады, 

жауабы  дұрыс  болмаған  жағдайда  ойыншыға  қайталауды  ұсынады,  дұрыс 

орындаған  жағдайда  ойыншыға  жаңа  тапсырма  беріледі.  «Жұмбақтар»  (250 

жұмбақ)  тәртібінде  ойын  алаңында  бейнеленген  әріптер  мен  заттарға 

байланысты  жұмбақтарды  шешуде  жұмбақтың  жауабы  басталатын  әріптің 

түймесіне басу керек.  



 

 


18 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА  



ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ 

 

Білім  беру  жүйесінің  барлық  сатыларының  алдында  тұрған  көкейтесті 



мәселелерінің  бірі:  білім  сапасын  арттыру,  оның    әдістемесін  жетілдіру  жас 

ұрпақтың  тұлғалық  дамуына  қолайлы  жағдай  жасау,  мемлекеттік  тілдің 

мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру 

стандарты  бойынша  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  барысында 

бүлдіршіндерге  қазақ  тілін  үйрету  нақты  бағдарламада  берілген.  Қазақ  тілін 

оқыту  «Біз  мектепке  барамыз»,  «Зерек  бала»  бағдарламалары  арқылы  жүзеге 

асырылады.  

Мемлекеттік тілге үйретудің басты принциптерінің бірі − тәрбие мен оқуды 

бірыңғай  үрдіске  біріктіру.  Қазақ  тілі  –  әлеуметтік,  рухани-адамгершілік, 

эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму 

барысында қазақ тілін оқыту күннен күнге арта түсуде.  

Мемлекеттік тілді нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіру 

керек, өйткені ол – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Қазіргі 

таңда  еліміздегі  мектепке  дейінгі  ұйымдарда,  көбінесе,  мемлекеттік  тілді 

үйрететін  педагогтардың  арнайы  мектепке  дейінгі  білімдері  жоқ,  яғни,  олар 

бұрын  мектептерде  жұмыс  жасаған  жоғары  білімді  педагогтар  болғандықтан, 

мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау әдістемесін толық меңгермеген. 

Демек,  мемлекеттік  тілді  үйретудің  әдістемесіне  тоқталмас  бұрын,    педагог, 

біріншіден,  балалардың  жас  ерекшеліктерін  білуі  өте  маңызды.  Педагогика 

ғылымының  көрнекті  қайраткері  Н.К.Крупская:  «Педагог, біріншіден, не  білуі 

тиіс  –  ол  адам  денесінің  құрылысы  мен  қызметін,  яғни,  адам  денесінің 

анатомиясы  мен  физиологиясын  және  оның  дамуын.  Онсыз  жақсы  педагог 

болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеу мүмкін емес» деген. 

Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық 

ерекшеліктерді  білу,  оны  тәрбие  жұмыстарында  тиімді  пайдалану  −  әрбір 

педагогтың міндетті ісі. 

Мектепке дейінгі жастағы балаларға тілді үйретуде маңыздысы әңгіме әдісі 

немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Тәрбиеші 

сұрақ  қояды,  балалар  өз  білгендері  бойынша  жауап  қайтарады.  Бұл  әдіс 

балаларды  ойландырады,  өздіктерінен  пікір  айтуға  итермелейді,  олардың 

белсенділіктерін  күшейтеді,  зейіндерін  сабаққа  аударуды  қамтамасыз  етеді. 

Эвристикалық  әдіс  кейде  проблемалық  әдіспен  ұштасады.  Әңгіме  кезінде 

балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар 

өздері  шешуге  тиіс.  Мысалы,  оларға  бақылауға  бірнеше  сөз  немесе  сөйлем 

беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына 

жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, 

мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек. 

Сабақтарда  өтіліп  отырған  материалға  балалардың  ой  жүгіртуіне,  пікір 

айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Тәрбиеші 

бірде  тіл  құбылыстарын  жеке-жеке  түсіндіріп,  сонан,  жалпы  қорытынды 

шығартады; бұл жолда қолданылған  әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші 


19 

 

жағдайда  анықтаманы  немесе  ережені  хабарлап,  сонан  соң  нақты  материалға 



қолдануды 

ұсынады, 

өздеріне 

мысал 


келтіреді. 

Мұндай 


жолмен 

ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.  

Қандай  әдіс  болмасын  әртүрлі  құралдар  арқылы  іске  асады.  Құралдар: 

оқулық,  сөздік  схема,  картина,  таблица,  кинофильм,  диафильм,  радио, 

магнитофон, т.б. бұл  құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез-келген 

әдісте қолданыла береді. 

 

Мектепке дейінгі  балалардың тілін дамытуға үйрету заңдылықтары  

 


Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет