Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет24/32
Дата22.12.2016
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

Алғашқы әскери дайындық  
 
«Алғашқы  әскери  дайындық»  (бұдан  әрі  –  АӘД)  меншік  түрі  мен 
ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 
беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-
техникалық  мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 
жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні  болып 
табылады. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  10-11-сыныптарында  «Алғашқы  әскери 
дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 
3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  оқу  бағдарламалары  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы 
әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған 
құжаттар мыналар:  
1)  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы» 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 
2)  «Азаматтарды  әскери  қызметке  даярлау,  ұйымдастыру  және  өткізу, 
сондай-ақ,  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу-материал  базасын  құру 
ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  
11  ақпандағы  №118  қаулысының  күші  жойылды,  оны  «Бастапқы  әскери 
даярлықты  ұйымдастыру  және  жүргізу,  сондай-ақ  оның  оқу-материалдық 
базасын  қалыптастыру  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Қорғаныс 
министрінің 
2014 
жылғы 
19 
желтоқсандағы 
№ 
609бұйрығыменауыстыру қажет. 
Алғашқы  әскери  даярлау  теориялық  және  практикалық  сабақтарда  іске 
асырылады.  Теориялық  сабақтар  оқытудың  дидактикалық  материалдарын, 
техникалық  құралдар  мен  инновациялық  әдістерді  қолдана  отырып  әңгімелеу 
және  сұхбаттасу  түрінде  өткізіледі.  Практикалық  сабақтар  қарулану  және 
әскери-техникалық  мүлікті,  құралдарды  және  өзге  де  жабдықтарды  қолдана 
отырып оқу материалын игеруге бағытталған. 
Оқу  пәнінің  мақсаттары  –  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде 
қызмет  ету  туралы  түсінігін  және  әскери  іс  негіздері  бойынша  оқушылардың 
білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының 
дамуын қалыптастыруға ықпал ету.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
185 
Оқу пәнінің міндеттері: 

 
оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет  ету 
үшін  алғашқы  әскери  дайындықтың  теориялық  тиянақты  білімдері  негізінде, 
практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау

 
оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  қызметі 
туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Оқу  пәнінің  мазмұны  мен  құрылымы  кіріспе  сабақ,  әскери  істің  негіздері 
бойынша  тараулар,  азаматтық  қорғаныс  және  медициналық  білім  негіздерінен 
тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу 
құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады. 
Оқушылардың  практикалық  дағдылары  мен  біліктіліктерін  шыңдау  және 
жетілдіру,  сонымен  қатар  әскери  істі  оқу-үйренуге  деген  қызығушылықтарын 
арттыру  мақсатында  оқу  жылының  соңында  спорттық-қорғаныс  сауықтыру 
лагерлерінде,  әскери  бөлім  (ӘБ)  базаларында  (ӘБ  басшылығымен  келісе 
отырып)  10-сынып  ұлдарымен  30  сағат  көлеміндегі  бескүндік  далалық  оқу 
жиыны  (ДОЖ)  өткізіледі.  Далалық  оқу  жиындары  алғашқы  әскери  дайындық 
курсын  өту  бағдарламасының  міндетті  кезеңі  болып  табылады.  Ол  жергілікті 
атқару  органдарымен  ұйымдастырылады  және  білім  беру  мекемелерінде 
қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.  
11-сынып  оқушыларының  АӘД  пәні  бойынша  нормативтер  мен 
практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының 
соңында  4  сағат  көлеміндегі  қорытынды  тексеру  сабақтары  (сынақ) 
қарастырылған.  
10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа 
(бөтен)  жерлерде  картасыз  бағдарлау,  сол  ауданда  өзінің  орналасқан  орнын 
анықтау  және  азимут  бойынша  жүру  бағытын  компастың  көмегімен  және 
компассыз  табуды  үйренеді.  Ал,  11-сыныпта  оқушылар  азаматтық  қорғаныс 
және  медициналық  білім  негіздері  сабақтарында  бейбіт  уақытта  және  соғыс 
кездерінде,  табиғи  апаттар,  ірі  көлемдегі  зілзалалар  және  жаудың  қазіргі 
заманғы  қырып-жою  қаруларын  қолданған  кезде  Қазақстан  Республикасының 
халқын  қорғау  бойынша  іске  асырылатын  іс-шаралар  үйретіледі.  Сонымен 
қатар  төтенше  жағдайлар  пайда  болған  аудандарда  және  зақымдану 
ошақтарында  қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу,  сондай-ақ  жарақаттанған 
адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады. 
Әрбір  оқу  орнында  меншіктік  түрі  мен  формасына  қарамастан  АӘД 
бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: 
1)  қамтамасыз  ету  табеліне  сәйкес  көрнекі  құралдар,  АӘД  оқытудың 
көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі; 
2)  алғашқы  әскери  дайындық,  тіршілік  қауіпсіздігінің  негіздері  және 
азаматтық  қорғаныс,  медициналық  білім  бойынша  арнайы  жабдықтарды 
сақтауға арналған бөлме
3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
186 
4)  рота  бойынша  күндізгі  кезекшінің  міндеттерін  іс  жүзінде  үйрететін 
орын; 
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын
6) тактикалық алаң; 
7) кедергілерден өту жолының кешені; 
8) жабдықталған ату тирі
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы. 
Оқу  орындарын  қару  және  өзге  де  әскери-техникалық  құралдар 
макеттерімен,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету  оқу  орнының  есебінен  іске 
асырылады. 
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:  
10-сыныпта  –  аптасына  1  сағат,  жылына  барлығы  34  сағат,  қосымша 
далалық  оқу  жиынына  30  және  сынаққа  4  сағат  вариативті  бөлімнен 
қарастырылған;  
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды. 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
187 
 
6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
2016-2017 оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін 
ұйымдастыруда  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  Заңы»,  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080  қаулысымен 
бекітілген  Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты,  «Жалпы  білім  беру 
ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беру)  түрлері 
бойынша  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  17  қыркүйектегі 
№375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.  
Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, 
оларды  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  ескеру  қажет:  материалдық-
техникалық  базасының  әлсіздігі  және  инфраструктураның  дамымағандығы, 
әртүрлі  жастағы  біріктірілген  сыныптарда  оқыту  қиындығы,  педагогикалық 
кадрлардың,  оқу-әдістемелік  және  ақпараттық  ресурстардың  жеткіліксіздігі. 
Оқушылар санының аздығы бәсекелестікті және коммуникативті іскерліктердің 
дамуын  төмендетеді.  Шағын  жинақты  мектептің  жағдайлары  оқушыларды 
бейінді  пәндермен  және  олардың  кәсіби  бағытын  ескеретін  таңдау  бойынша 
курстармен толық қамтамасыз ете алмайды. 
 
Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде 
келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:  
-
 
білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру
-
 
бір  пәндік  және  бір  тақырыптық  ұстанымдарға  негізделген  кіріктіре 
оқыту сабақтарын ұйымдастыру; 
-
 
біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру; 
-
 
даралап және саралап оқыту;  
-
 
оқу  процесінің  технологиясы  мен  мазмұнының  икемділігін  және 
вариативтілігін жүзеге асыру; 
-
 
білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту; 
-
 
тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мәдени  орталықтардан  шалғай 
орналасқандығын ескеру; 
-
 
оқушылардың  оқу  барысындағы  бір–біріне  өзара  көмектесуі  және 
ынтымақтастығы.  
Типтік  ережеге  сәйкес  шағын  жинақты  мектептерде  жекелеген  пәндерді 
оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып  кіші 
топтарға бөлінеді.  
Сыныптарды  басқа  бір  сынып-кешенге  біріктіргенде  әртүрлі  жастағы 
білім  алушылардың  саны  10-нан  аспауы  тиіс. ШЖМ-дегі  сыныптардың 
толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі. 
Мектептiң  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  оқушыларды  сыныптық-
құрамдарға  бiрiктiрудiң  мынадай  нұсқалары  болуы  мүмкiн:  2+3,  3+4;  2+4, 
2+3+4.  
1-сынып  оқушылары  жеке  оқытылуы  тиіс,  себебі  мектепке  енді  қадам 
басқан  оқушылардың  оқу  әрекетiне  бейiмделуі,  талаптануы,  зейіннің 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
188 
тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке 
оқыту керек.  
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), 
әрбiр  сыныппен  сабақтың  белгiлi  бiр  бөлiгiн  жеке  өткiзу  үшiн  жағдай  жасау 
мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.  
Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық 
материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi 
сақталуы керек:  
-
 
жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;  
-
 
математика  сабағы  бойынша:  2-сыныпта  15  минуттан,  3-сыныпта  
20 минуттан аспауы тиiс.  
Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды 
бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.  
Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте 
біріктірген  дұрыс:  5+6;  6+7;  7+8.  Мұндай  бiрiктiруде  бір  пәндік  ұстанымға 
негізделген  пән  ішіндегі  мазмұны  ұқсас  тақырыптарды  кіріктіре  оқытуға 
болады.  
Пәнішілік  байланысты  жүзеге  асыруға  болмайтын  жағдайда  пәнаралақ 
кіріктіре  оқыту  мүмкіндігін  қолдануға  болады.  Сабақтас  пәндерді  кіріктіре 
оқытуды  ұйымдастырғанда  пәндерді  келесідей  кіріктіре  оқыту:  тіл  -  әдебиет, 
тарих-әдебиет, 
химия-биология, 
тарих-география, 
география-биология, 
математика-информатика, физика-химия және т.б. ұсынылады.  
Кіріктірілген  сабақтардың  негізіне  білім  беру  мазмұнының  басты 
элементтерін  бөлуге  мүмкіндік  беретін,  жүйені  құрайтын  идеяларды, 
түсініктерді,  оқу  әрекетінің  тәсілдерін  дамытуды  қарастыратын  пәнаралық 
байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге 
мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу 
уақытын босатады.  
Біріктірілген  сыныптарда  пәнішілік  кіріктіре  оқытудың  мұғалімдер  мен 
оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:  
-  білім  беру  саласындағы  пәндердің  мазмұнын  әртүрлі  деңгейде  тұтастай 
игеру; 
-  оқушылар  әртүрлі  сыныпта  оқығанымен,  олардың  назарын  бір  пәннің 
мазмұнындағы  ұқсас  тақырыптарды  білім,  білік  дағдылар  негізінде  кешенді 
игеруге бағыттау; 
-  ұжымдық  оқыту  әдісін  тиімді  қолдану  және  білім  алушылардың 
коммуникативтік дағдыларын дамыту; 
-  жоғарғы  сынып  білім  алушылары  өзінің  білімін  кіші  жастағы  сынып 
оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану. 
9,  11-сыныптар  мектепті  бiтiрушiлер  болғандығын  ескере  отырып, 
олардағы  бала  саны  аз  болған  жағдайдың  өзінде  де  өзге  сыныптармен  қосып 
оқытылмайды.  
Шағын  жинақты  мектептегі  қызметті  ұйымдастыру  дамытатын 
педагогикалық  ортаны  құруды  талап  етеді.  Оның  негізінде  әртүрлі  жастағы 
оқушылардың  өзара  нәтижелі  әрекеттестігі  мен  өздігінен білім  алу  идеяларын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
189 
жүзеге  асыруға  болады.  Әртүрлі  деңгейдегі  бір  сыныптың  аясында  оқытуды 
саралау мақсатында жеке және топтық кеңестер, оқушылармен үйірмелік және 
факультативтік жұмысты қолдану ұсынылады.  
Шағын  жинақты  мектепте  оқу  процесін  ұйымдастыруда  тиімді 
педагогикалық  технологиялар:  деңгейлеп  оқыту,  саралап  оқыту,  ұжымдық 
оқыту,  дидактикалық  бірлікті  ірілендіру,  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  қолдану,  дамыта  оқыту,  модульдік  оқыту,  сын  тұрғысынан 
ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.  
Деңгейлеп  оқыту  оқушылардың  жас  және  білім  деңгейі  ерекшеліктерін 
ескере  отырып,  деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы  олардың  танымдық 
белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.  
Ұжымдық  оқыту  әдісі  динамикалық  жұптар  құра  отырып,  оқушылардың 
арасында  олардың  танымдық  өзара  қарым-қатынасын,  бірін-бірі  оқытуын 
ұйымдастыру  болып  табылады.  Ұжымдық  оқыту  әдісі  ауылдық  жерлерде 
оқушылардың 
аздығы 
жағдайында 
балалардың 
қарым-қатынасының 
тапшылығын  азайтуға,  монологтік  және  диалогтік  сөйлеу  қабілеттерін 
дамытуға  жағдай  жасап,  мұғалімнің  жалпы  сыныппен  жұмысын  азайтып, 
жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.  
Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін 
қамтамасыз  ететін,  мағыналық  қисынды  байланыстар  негізінде  білімдік 
ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер 
блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы 
аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.  
ШЖМ-ке  электронды  оқытуды  енгізу  жеке  және  өздігінен  оқытуды 
кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда педагогикалық әрекеттегі 
қиындықтарды  еңсеруге  мүмкіндік  береді.  Қашықтықтық  технологияларды 
қолданатын  электронды  оқыту  бейіналды  дайындық  пен  бейінді  оқытудың 
бірыңғай  ақпараттық-білім  беру  ортасын  құру  үшін  қосымша  мүмкіндіктер 
береді.  Физика,  химия  және  биология  бойынша  виртуалды  зертханалар  болса, 
мұғалімдер  аталған  пәндерді  меңгеруге  қажетті  оқу  жабдығының 
жеткіліксіздігі  мәселесін  шеше  алады.  Сондай-ақ,  педагог  әрекеті  ақпаратты 
жаңғырту 
емес, 
оқушыны 
оқу-танымдық 
процесте 
психологиялық-
педагогикалық  қолдайтын  тьютор,  сессиялық  және  сессияаралық  кезеңдерде 
магниттік мектеп оқушыларының проблемалық аймақтарының орнын толтыру 
бойынша  түзету  жұмысын  ұйымдастырушы  рөлінде  болады.  Мұғалім-
тьютордың көмекшісі рөлінде оқу материалын өздігінен игеру дағдылары мен 
іскерліктерін меңгерген оқушы да бола алады.  
Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық 
жүйесі  (бұдан  әрі  -  ЭОАЖ)  құрылды:  білім  беру  ұйымдарының  порталы, 
Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі  - ҰБДҚ), ішкі корпоративтік қор, 
электрондық  кітапхана,  білім  беру  ұйымын  басқару  жүйесі  және  электрондық 
оқытудың басқа да құрауыштары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық 
жүйесі  https://e.edu.kzсайтында  қолжетімді.  ЭОАЖ-нің  маңызды  құрауышы 
7511 цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) орналасқан электрондық 
кітапхана болып табылады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
190 
Цифрлық  білім  беру  ресурстары  –  бұл  оқу  пәнінің  нақты  тақырыбына 
әзірленген,  ЭОЖ-ге  қосылған  мектептерге  онлайн  қолжетімді  цифрлық 
форматтағы  дидактикалық  материалдар.  Әрбір  ЦБР  интегративті  кешен  және 
оқу  пәнінің  белгілі  бір  тақырыбы  бойынша  мультимедиялық  түсіндіру, 
интерактивті тапсырмалар мен тестілеу сұрақтар элементтерінен тұрады. ЦБР-
дің  бұл  құрылымы  электрондық  оқыту  жүйесінде  оқушылардың  белсенді 
өзіндік  жұмысын  қамтамасыз  етеді,  ал  мұғалімге  сабақтың  әрбір  түрі  немесе 
кезеңінің,  яғни  жаңа  материалды  түсіндіру,  материалды  бекіту  немесе  оны 
меңгеру  деңгейін  тексерудің  нақты  дидактикалық  міндеттеріне  байланысты 
оқытуды ұйымдастырғанда берілген ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.  
Мұғалімдерге  көмек  ретінде  цифрлық  білім  беру  ресурстарын  қолдану 
бойынша  оқу-әдістемелік  құралдар  әзірленген.  Олар  ҚР  БҒМ  порталының 
(https://e.edu.kz/98)  «Педагогтерге  арналған  басшылық»  бөлімінде,  сондай-ақ 
Ұлттық  ақпараттандыру  орталығының  сайтында:  http://nci.kzорналасқан    және 
ашық қолжетімді.  
Шағын  жинақты  мектеп  жағдайында  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны  қолдану  арқылы  ғылым  мен  мәдениет  және  т.б.  салаларда 
ақпараттардың  дереккөздерін,  электрондық  оқу  материалдарын  пайдалану, 
қашықтан  оқыту,  тірек  мектебімен  (ресурстық  орталықпен)  сессияаралық 
кезеңде  байланыс  орната  отырып, олардың  білім  қорларын  пайдалану    жүзеге 
асырылады.  
Әр  оқушының  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасау  арқылы  белсенді  тұлға 
тәрбиелеуде  дамыта  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдері  кеңінен 
қолданылады.  
Оқу  процесінде  әртүрлі  білім  құралдарын  және  педагогикалық 
технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:  
-  МЖМБС  талаптарына  сәйкес    оқу  пәндерінің  мазмұнын  игеру, 
оқушылардың білім сапасын арттыру;  
-  белгілі  практикалық  іс-әрекеттер  түрлеріне  оқушылардың  қабілеттерін 
дамыту;  
- оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді 
пайдалану; 
- оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау; 
-  белгіленген  білім  саласын  тереңдетіп  оқуға  оқушылардың  білім 
қажеттілігін қанағаттандыру;  
- оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту
- қашықтықтан оқыту.  
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық 
-  жасаралық  және  басқа  да  ерекшелік  ұстанымдарын  ескере  отырып,  оқыту 
технологияларының  бағыттарын  анықтау  қажет.  Шағын  жинақты  мектептер 
жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.  
Қазақстан  Республикасының  әрбір  өңірінде  құрылған  тірек  мектептері 
(ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда 
маңызды  рөл  атқарады.  Қазіргі  таңда  жұмыс  жасайтын  мектептер  базасында 
149  ресурстық  орталық  құрылған,  оған  464  магниттік  шағын  жинақты 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
191 
мектептер бекітілген.  
Ресурстық  орталықтар  (тірек  мектептер)  өзінің  білім  беру  әрекетінде 
келесі қағидаларға бағдарланады:  
-  тірек  мектебінің  білім  беру  ресурстарына  (оқу-әдістемелік,  ақпараттық 
және материалды-техникалық) магниттік мектептің қолжетімділігін қамтамасыз 
ету; 
-  ресурстық  орталықтар  (тірек  мектептер)  мен  магниттік  мектептердің 
білім беру процесін біріктіру және синхрондау мақсатында сессияаралық және 
сессиялық кезеңдердегі нақты, әрі бірізді өзара байланысқан бағдарламаларды 
әзірлеу; 
-  кіріспе,  аралық  және  қорытынды  тестілеу  нәтижесінің  негізінде  жеке 
траекторияны әзірлеу арқылы оқытуды жекелендіру; 
-  сабақтарда,  қосымша  сабақтарда,  шығармашылық  зертханалар  мен 
шеберханаларда,  сыныптан  тыс  шараларда  оқушыларды  әлеуметтендіру  және 
жағымды ынтаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау; 
-  ресурстық  орталықтың  бірыңғай  ақпараттық-білім  беру  ортасын 
ұйымдастыру 
мақсатында 
әртүрлі 
жастағы 
топ 
оқушыларының 
қызығушылықтарына,  бейімділіктеріне  және  мүмкіндіктеріне  сәйкес  бірыңғай 
ақпараттық-білім беруші кеңістікті құру
-  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  жағдайлар 
жасау; 
-  бейіналды  дайындық  және  бейінді  оқытуды  ұйымдастыру  арқылы 
оқушылардың ерте бейінділігін дамытуға жағдай жасау; 
-  шеберлік  сабақтарын, коучингтер  мен  семинарлар  ұйымдастыру  арқылы 
мектептің  әдістемелік  бірлестігінде  және  пән  кафедраларында  «бірдейлерді 
өзара оқыту» (магниттік мектептердің мұғалімдерін оқыту) негізінде ресурстық 
орталықта (тірек мектебі) қызметті ұйымдастыру.  
Магнитті  ШЖМ-нің  оқу-тәрбие  жоспарларын  ескере  отырып  тірек 
мектебінде оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарлары, бірыңғай жұмыс оқу 
жоспарлары,  бірыңғай  күнтізбелі-тақырыптық  жоспарлау,  әдістемелік 
жұмыстың жоспары, сессияаралық кезеңді жүргізу жоспары, тікелей сессияны 
жүргізу  жоспарлары,  қашықтықтан  сессия  өткізу  жоспарлары,  жобалық, 
зерттеушілік, бейінді бағыттағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары, 
оқытудың жеке маршруттарын әзірлейді және жүзеге асырады.  
Тірек  мектептер  (ресурстық  орталықтар)  базасында  шағын  жинақты 
мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында және 
соңында)  10  күннен  оқу  сессиялары  (бастапқы  –  қазан  айының  бірінші 
онкүндігінде,  сессияаралық  –  ақпан  айының  бірінші  онкүндігінде  және 
қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады. 
Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларын кіріспе тестілеп, 
оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс 
жоспарланады. Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу процесіне 
белсенді  қатысады.  Олар  физика,  химия,  биология  сабақтарында  толық 
жабдықталған  кабинеттерде  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  және 
ақпараттық технологияларды  белсенді  қолдануға мүмкіндік алады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет