Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


   ПУНКТУАЦИЯ – ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет195/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
10.   ПУНКТУАЦИЯ – ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 
ҒЫЛЫМ 
 
10.1 Пунктуация ғылымы, оның зерттейтін нысаны 
 
 Пунктуация  ғ ылымы  жазуда  қолданылатын  тыныс  белгілерінің 
құрамын,  атқаратын  қызметтері  мен  білдіретін  мағ ыналарын  және 
оларды қолдану ережелерін зерттейді. Тіл дыбыстарының таңбалары 
сияқты,  тыныс  белгілері  де  графикалық  шартты  белгі  болып 
табылады. Бірақ шартты белгі болғ андарымен, атқаратын қызметтері 
жағ ынан  да,  қолданылатын  орындары  жағ ынан  да  бұл  —  екі  бөлек 
категория. 
     Тыныс белгісі жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын 
күрделі  ұғ ымды  білдіреді.  Мағ ыналарының  күрделілігі  жағ ынан 
алғ анда,  тыныс  белгілері  жазу  тілінің  көнерек  заманында 
қолданылғ ан  пиктографиялық  немесе  идеографиялық  белгілер 
тәріздес. Қолдану орны жағ ынан, тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде 
емес,  сөйлеуде,  сөйлемде  қолданылады.  Сөйлеудің,  сөйлемнің 
қандай  бөлшектерден  құралғ андығ ын,  оларды  қандай  ырғ ақпен, 
қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай 
жерде  кідіріс  барлығ ын  байқату  қызметін  атқарады.  Сондықтан 
пунктуация  сөйлеуге,  сөйлемге,  яғ ни  синтаксиске  байланысты 
қолданылатын категория болып табылады. 
     Пунктуация  -  емле  сияқты,  дұрыс  жазудың,  жазылғ анды  дұрыс 
оқып,  дұрыс  түсінудің  құралы.  Тыныс  белгісі  —  жазу  тілінің,  жазу 
мәдениетінің,  әсіресе,  баспа  ісінің,  дами  түскен  кейінгі  дәуірінің 


 
295 
жемісі.  Баспанын  өркендеуі,  оның  халық  арасына  тарап,  оқушылар 
санының  артуы  жазу  мәдениетінің  көтерілуін,  оның  жалпығ а  бірдей 
ортақ заңдарғ а, ережелерге негізделіп, бір жүйеге келуін талап етеді. 
Жазылғ ан  пікір  оқуғ а  оңай,  түсінуге  жеңіл  болу  үшін,  оны  түрлі 
ықшамды  ұсақ  бөлшектерге  бөлу,  әр  бөлшектің  бір-бірімен 
мағ ыналық  қатынастарын  көрсету  қажеттіліктері  туады.  Сол 
қажеттіліктен келіп тыныс белгілері пайда болады. 
      Жазу  мәдениеті  дамуының  қазіргі  сатысында  тілдерде  тыныс 
белгілерінің  түрі  де,  атқаратын  қызметтері  де  әр  алуан.  Бірақ 
солардың  бәрі  бір  мезгілдің  ішінде,  бірден  пайда  бола  қалған  емес. 
Жалпы жазу тілі сияқты, тыныс белгілері де, оларға байланысты заң-
ережелер де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған. 
      Тарихшы ғалымдардың айтуына қарағанда, нүкте 15, сұрау белгісі 
16,  леп  белгісі  17,  көп  нүкте  18,  сызыкша  19-ғасырдан  бастап 
қолданылған  көрінеді.  Алғашқыда  тыныс  белгілері  жазылған  пікірді 
әр  түрлі  мәнді  бөлшектерге  бөліп  тұру  функциясында  ғана 
қолданылған.  Сонымен  бірге,  олар  түр-түрпаты  жағынан  да,  қызметі 
жағынан да қазіргі тыныс белгілерінен өзгеше болған. 
      Орыс  тілі  пунктуациясын  зерттеген  ғалымдар  орыс  тілінің 
қолжазба түрінде сақталған ертеректегі жазу нұсқаларында сөйлеудің 
әрбір мағыналы бөлшектерінен кейін, көбінесе жеке сөздерден кейін, 
нүкте  немесе  бірнеше  нүктеден  құралған  ромбик,  қос  нүкте  тәріздес 
түрлі белгілердің қойылғандыктарын және олардың өздері  де белгілі 
бір  заңға,  ережеге  негізделмей,  еркін  қолданылғандықтарын  айтады. 
Дәл  осы  тәріздес  жағдай  түркі  тілдерінің  көне  замандардан  қалған 
жазу ескерткіштерінде де кездеседі. 
Біздің  жыл  санауымыздын  VII  ғасырлары  шамасында  жазылып 
сақталған  «Орхон-Енисей»  жазулары  деп  аталатын  ескерткіштердің 
кейбіреулерінде  әр  сөзден  кейін  қос  нүкте  тәрізді  белгі  қойылса, 
кейбіреулерінен  кейін  төрт  нүктеден  құралған  ромбик  тәрізді  белгі 
қойылып  отырған.  Ал  араб  әрпімен  жазылып  сакталған  ертеректегі 
қиссаларда, дастандарда өлең жолдары арасына қойылған, тіліміздегі 
қазіргі  графикалық  белгілердін  бірде-біріне  ұқсамайтын  түрлі 
белгілер  кездеседі.  Бұл  жағдайлар  тыныс  белгілерінің  бастапқы 
функциясы  сөйлеуді  тек  әр  түрлі  мәнді  бөлшектерге  бөлу  ғана 
болғандығын,  бөлуші  белгілердің  түр-тұрпат  жағынан  қазіргі 
белгілерден өзгеше болғандығын байқатады. 
      Пунктуация  —  адамдар  арасында  қатынас  құралы  қызметін 
атқаратын  жазу  тілінің  маңызды  бір  саласы.  Сондықтан  жалпы  тіл, 
қала  берді,  жазу  тілі  сияқты,  пунктуация  да  жалпыхалықтық  болып 
табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық 


 
296 
таныған  заң-ережелер  басшылыққа  алынуға  тиіс.  Олай  болмаған 
жағдайда,  пунктуацияның  әрбір  белгісінің  мәнін,  атқаратын 
қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар 
мен  оқушылар  арасында  бірлік  болмаған  жағдайда,  тыныс  белгілері 
өзінін  қатынас  құралдық  қызметін  атқара  алмайды.  Егер  ол  жазу 
практикасында  орныққан,  көпшілікке  танылған  заң-ережелерге  сай 
болмай,  теріс  қолданылса,  оқуды,  түсінуді  қиындатады,  теріс 
түсініқтің тууына себепші болады. 
    Тыныс  белгілері  —  сөйлемдегі  бар  фактіні  оқушыларға  байқату 
үшін  қолданылатын  графикалық,  паралингвистикалык  шартты  белгі. 
Сондықтан  сөйлемнің  қандай  сөйлем  болуы,  қандай  құрамдарға 
бөлінуі  қай  тыныс  белгісін  қалай  қолдануға  байланысты  болмайды, 
қайта  керісінше,  қай  тыныс  белгісін  қалай  қолдану  керектігі 
сөйлемнің  мағыналық,  структуралық  ерекшеліктеріне  байланысты. 
Өйткені  тыныс  белгісі  сөйлемнің  мағыналық,  структуралық 
ерекшелігінен  туады  және  түгелдей  соған  бағынады.  Сол  себептен 
белгілі  бір  тыныс  белгінің  дұрыс  немесе  бұрыс  қолданылғандығы 
сөйлемнің мағыналық, структуралық ерекшелігі тұрғысынан қаралып 
айқындалады. 
Қазіргі  заманда  тілдерде  кездесетін  тыныс  белгілеріне  тән  тағы 
бір  қасиет  —  олардың  интернационалдығы.  Тыныс  белгілері  —  түр-
тұрпаты  жағынан  да,  мағыналары  мен  функциялары  жағынан  да 
тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді. 
     Қазақ  тілінің  пунктуациясы  кенжелеп  туып,  кеш  дамыды.  Қазан 
революциясына  дейін  белгілі  бір  жүйеге  келтірілген,  көпшілікке 
танылған  пунктуациялық  заң-ережелер  болған  жоқ.  Ол  уақыт  үшін 
пунктуациялық  ережелердің  болмауынын  өзі  де  табиғи  нәрсе  еді. 
Өйткені  тыныс  белгісі  баспасөз  үшін  керек.  Республикамызда 
баспасөздің  дамуы,  онын  бүкіл  халық  игілігіне  айналып,  оқушылар 
санының  артуы  жазу  мәдениетінің,  сауаттылықтын  шешуші  бір 
саласы  болып  табылатын  пунктуация  мәселесін  ғылыми  негізде 
қалыптастырып  реттеу  міндетін  қойды.  Тіліміздің  пунктуациялық 
белгілерін  калыптастырып,  олардың  мағыналары  мен  функцияларын 
айқындауда орыс тілі графикасының табыстары басшылыққа алынды. 
Ғалымдардың  айтуына  қарағанда,  орыс  тілі  пунктуациясының  бір 
жүйеге келтірілуі М.Ломоносовтың 1757 жылы жарық көрген «Россия 
грамматикасынан» басталатын көрінеді. 
     Тыныс  белгілері  өз  дамуының  бастапқы  дәуірлерінде,  сөйлеуді 
түрлі бөлшектерге бөлу сияқты бір ғ ана қызмет атқарғ ан болса, келе-
келе  олардың  функциялары  күрделеніп,  әрқайсысы  бірнеше  түрлі 
қызмет атқаратын, көп мағ ыналы белгіге айналғ ан. Графикамыздағ ы 


 
297 
қазіргі  тыныс  белгілерінің  басым  көпшілігі  —  бірнеше  түрлі  қызмет 
атқаратын  көп  мағ ыналы  белгілер.  М  ы  с  а  л  ы:  Аманның  мунда 
келгеніне  неше  күн  болды?  деген  сөйлемдегі  сұрау  белгісі  екі  түрлі 
қызмет атқарып тұр: біріншіден, сөйлемнің аяқталғ андығ ын білдірсе, 
екіншіден,  сейлемнің  хабарлы  не  лепті  емес,  сұраулы  сөйлем 
екендігін  білдіреді.  Ал  енді:  1.  Жақыптың  құлағы  әңгімеде,  көзі  желі 
басында.  2.  Ак,  үйдің  ішінде  Ермекбай,  Сайлаубектерге  Шолпан  қымыз 
сапырып  беріп  отыр.  3.  Белім  қайысқанша  көтерейін,  әже.  4.  Ей, 
қоңырсытып отырғаның не? 5. Сен не білуші едің? 6. Күні бүгінге дейін, 
шынын  айтқанда,  менің  өзім  де  осылай  болар  деп  ойламап  едім  (Ғ. 
Мұстафин) деген мысалдардағ ы үтірдің әр сөйлемде атқарып тұрғ ан 
қызметі әр басқа: біріншіде екі жай сөйлемді бір-бірінен бөліп тұрса, 
екіншіде бірыңғ ай екі мүшені бір-бірінен бөліп тұр; үшіншіде қаратпа 
сөзді  сөйлемнің  басқа  мүшелерінен  бөліп  тұрса,  тертіншіде  одағ ай 
сөзді,  ал  соңғ ыда  қыстырма  сөзді  бөліп  тұр.  Осылар  тәріздес 
функцияларды тыныс белгілерінің басқа түрлері де атқарады.  
 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Әуелбаев  Ш.  Қазақ  тілі  синтаксисі  мен  пунктуациясын  оқытуға 
арналған құрылымдық схема). — Алматы: Мектеп, 1971. 71-б. 
2.  Хасанов  Ә.  Синтаксис  пен  пунктуацияның  кейбір  мәселелері.  – 
Алматы: Ғылыми-методикалық кабинет, 1957. 
3.Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының 
негіздері. – Алматы, 1959. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет