Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/14
Дата22.12.2016
өлшемі2.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты 
Институт философии, политологии и религиоведения  Комитета науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
Грета Соловьева, Елена Бурова
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ 
ҚҰНДЫЛЫҒЫ РЕТІНДЕ: 
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
КАЗАХСТАНСКАЯ СЕМЬЯ КАК БАЗОВАЯ ЦЕННОСТЬ 
ОБЩЕСТВА: СОСТОЯНИЕ И ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ
Алматы
 2013

2
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
ӘӨЖ 316
КБЖ 60.5
С 60
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану
институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынды
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, социология ғылымдарының докторы, 
профессор З.К. Шәукенованың жалпы редакциясымен
Рецензенттер:
доктор философских наук, профессор Т.Х. Габитов
доктор философских наук, доцент А. Сағиқызы
С 60      
Соловьева
 
Г.Г., Бурова Е.Е.
Қазақстандық  отбасы  қоғамның  негізгі  құндылығы  ретінде:  жағдайы  және 
даму  үрдістері  /  З.К.  Шәукенованың  жалпы  редакциясымен.  =  Казахстанская  семья 
как базовая ценность общества: состояние и тенденции развития / Под общ. ред. 
З.К. Шаукеновой. –  Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. – 196 б.
ISBN – 978-601-7082-98-7
Отбасы қоғам мен тұлға үшін әлеуметтену үрдісі іске асатын, дәстүрлер сақталып 
әрі жаңарып отыратын, азаматтылықтың бастауы  қалыптасатын маңызды орта  болып 
табылады.  Авторлар  «Отбасы  Қазақстан  қоғамы  тұрақтылығының  факторы  ретінде» 
атты  ғылыми-зерттеу  жобасының  ауқымында  жүргізілген  әлеуметтанулық  зерттеудің 
нәтижелеріне  сүйене  отырып,  заманауи  қазақстандық  отбасының  даму  үрдістеріне 
өзіндік түсініктеме береді. Қазақстандықтардың отбасы және еркектер мен әйелдердің 
жаңа  гендерлік  рөлі  туралы  түсініктерінің  негізінде  отбасының  үлгісі,  отбасындағы 
құндылықтар иерархиясы, отбасын мемлекет тарапынан қолдау және өзге де мәселелер 
талданады.
Аталмыш еңбек қалың оқырмандарға және заманауи қазақстандық отбасының даму 
үрдістеріне қызығушылық танытатындардың барлығына арналады.
Семья – важнейшая для личности и общества группа, в которой происходит социа-
лизация, сохраняются и модифицируются традиции, формируются истоки гражданствен-
ности. Авторы на основании результатов социологического исследования, проведенного 
в рамках научно-исследовательского проекта «Институт семьи как фактор стабильности 
казахстанского общества», предлагают интерпретацию тенденций развития современной 
казахстанской семьи. На основе представлений казахстанцев о сущности семьи, о ее моди-
фикациях в связи с новыми гендерными ролями мужчин и женщин анализируются мо-
дель семьи, иерархия ценностей семейной группы, проекции в отношении государствен-
ной поддержки семьи и другие контексты.
Издание адресуется широкому кругу читателей, всем, кто интересуется тенденция-
ми развития современной казахстанской семьи. 
ӘӨЖ 316 
КБЖ 60.5
ISBN – 978-601-7082-98-7                                                  © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
                                                                                                     және дінтану институты, 2013
                                                                                                © Соловьева Г.Г.,Бурова Е.Е., 2013


МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
 КІРІСПЕ.............................................................................................................
5
1
ЗАМАНАУИ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ҚАТЫСТЫ 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ...................................
8
1.1 Қоғам өміріндегі отбасының рөлі – респонденттер 
көзқарасымен...........................................................................................
8
1.2 Заманауи отбасы дағдарыс кешуде ме?............................................. 11
1.3  Халықтың ажырасу динамикасына деген көзқарастары.............. 14
2
ОТБАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАР ӨЗГЕРІСІ.................
19
2.1 Гендерлік рөлдер тұрғысындағы отбасы өмірі жайлы 
стереотиптердің өзгеруі........................................................................
19
2.2 Қоғамның әлеуметтік тұрғыдан өзгеруі аясындағы  
отбасының модификациясы................................................................
25
2.3 Этносаралық өзара әрекеттесу аясындағы қазақстандық 
отбасы......................................................................................................... 29
2.4 Ерлі-зайыптылардың діни сенімдеріне байланысты 
неке беріктілігін бағалау........................................................................ 31
3
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 
МЕН ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕР  ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ.......................
38
3.1 Отбасылық өмірге қатысты респонденттердің құндылықтарды 
таңдау  иерархиясы................................................................................
38
3.2 Үй жұмысын бөлісу отбасы үлгісінің көрсеткіші ретінде............
47
4
ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ РЕТІНДЕГІ ОТБАСЫНА 
ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ БАҒАЛАУ.................
54
4.1 Отбасының тиімді дамуына бағытталған мемлекеттік 
саясат шараларын бағалау...................................................................
54
4.2 Қазақстандық отбасының келешегін жобалай бағалау................
61
4.3 Қазақстандық отбасының болашағы қандай 
стратегиялармен байланысты?...........................................................
64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 67
НҰСҚАУЛАР...................................................................................................... 70

4
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
ВВЕДЕНИЕ...............................................................................................................
72
1
 ОБШЕЕ ВОСПРИЯТИЕ ИНСТИТУТА СОВРЕМЕННОЙ 
СЕМЬИ КАЗАХСТАНЦАМИ...................................................................
75
1.1 Семья в жизни общества глазами респондентов..................................
75
1.2 Существует ли кризис современной казахстанской семьи?...............
78
1.3 Отношение респондентов к динамике разводов...................................
81
2
ТРАНСФОРМАЦИЯ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ О СЕМЬЕ.........................
87
2.1 Изменения стереотипов о семейной жизни в разрезе 
гендерных ролей............................................................................................
87
2.2 Модификации семьи, связанные с социальной 
дифференциацией общества.....................................................................
94
2.3 Казахстанская семья в контексте межэтнического 
взаимодействия.............................................................................................
98
2.4 Оценка прочности брака в зависимости от религиозных 
убеждений супругов..................................................................................... 100
3
ПРЕДСТАВЛЕНИЯ КАЗАХСТАНЦЕВ О СЕМЕЙНЫХ 
ЦЕННОСТЯХ И ГЕНДЕРНЫХ РОЛЯХ.................................................
107
3.1 Иерархия ценностных предпочтений респондентов 
в отношении семейной жизни..................................................................
107
3.2 Распределение домашних обязанностей как проекция 
модели семьи.................................................................................................
118
4
ОЦЕНКА ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПОЛИТИКИ В ОТНОШЕНИИ 
СЕМЬИ КАК СОЦИАЛЬНОГО ИНСТИТУТА....................................... 126
4.1 Оценивание мер государственной политики для 
эффективного развития семьи................................................................... 126
4.2 Проективные оценки будущей казахстанской семьи................................. 134
4.3 С какими стратегиями связано будущее казахстанских семей?.............. 137
ЗАКЛЮЧЕНИЕ....................................................................................................... 140
РЕКОМЕНДАЦИИ................................................................................................ 144
СТАТЬИ И КОММЕНТАРИЙ............................................................................. 147
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану
институты туралы мәлімет........................................................................................... 190
Информация об Институте философии, политологии
и религиоведения Комитета науки Министерства образования
и науки Республики Казахстан.................................................................................... 192
Information about the Institute of Philosophy, Political Science
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan........................................... 194


КІРІСПЕ
Соңғы  жылдары  отбасы  мәселесі  тек  әлеуметтанушылар-
дың  ғана  емес,  сонымен  қатар  көптеген  елдердегі  кең  қоғам-
дастықтың назарына ілініп отыр. Бұл мәселе Қазақстан үшін де 
өзекті,  ол  демографиялық  жағдаймен  немесе  еліміздегі  халық 
санын арттыру мәселесімен ғана емес, отбасының патриархалды 
үлгісінің түбегейлі өзгеруі, отбасына деген жаңаша түсініктердің 
пайда болуы, эгалитарлы үлгінің қалыптасуы мен дамуы, ата-
ана  мен  баланың  гендерлік  рөлдерін    анықтау,  дәстүрге  деген 
ерекше көзқарастар және  т. б. мәселелерге тікелей байланысты. 
Отбасы – біздің әрқайсымызға ғұмыр бойы сүйеу болатын, 
негізгі әлеуметтік қауымдастық болып табылады. Отбасы маңыз-
ды әлеуметтік институт (макродеңгей) пен кішігірім әлеуметтік 
топ  (микродеңгей)  ретінде,  тұлға  мен  қоғам  қызығушылық-
тарын үйлестіретін делдалдық рөлді атқарады, мемлекет тұрақ-
тылығын анықтайтын маңызды бөлім және де өскелең ұрпақты 
әлеуметтендіру қызметін атқарады. Отбасының жетістігі, тұрақ-
тылығы әлеуметтік тұрақтылықтың басты шарты және азамат-
тық қоғам дамуы бағытының көрсеткіші болып табылады. 
Қазақстанда «Неке және отбасы», «Қазақстан Республика-
сындағы бала құқығы» заңдарының қабылдануына мемлекеттік 
отбасы  саясаты  үнемі  іске  асырылуына,  отбасы  жағдайын 
жақсарту мен әлеуметтік рөлін көтерудегі нақты шаралар қол-
дануына қарамастан ажырасу мен толық емес жанұялардың 
саны  көбеюде  және  бұл  жас  ұрпақтың  әлеуметтенуін  күр-
делендіре  түсуде.  Көптеген  жастар  ресми  некеге  тұрудан 
бас  тартып,  балалардың  әлеуметтенуі  мен  мәдени-тарихи 
тәжірибенің жалғасуына қайшы келетін  өзге жолдарды артық 
көреді. Отбасылардың көптеген пайызы толыққанды емес, ба-
сым  бөлігінде  кәмелетке  толмаған  жас  балалар  мен  аналар, 
бұл көрсеткіш отбасына жүктелген әлеуметтену қызметтерін 
қажет деңгейде іске асыруға  мүмкіндік бермейді.
К і р і с п е

6
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
Қазақстандық отбасының түрлі аспектілерін әлеуметтану-
лық  зерттеу,  тек  қана  даму  мәселелерін  ғана  емес,  сонымен 
қатар,  дәстүрлі  типтен  жаңаша,  яғни,  эгалитарлы  үлгіге 
өту  бағыттарын  анықтау  –  отбасы  саясатына  қатысты  тиімді 
мемлекеттік шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді. Қазақ-
стан  полимәдени  және  көпұлтты  мемлекет  болғандықтан, 
заманауи  отбасының  даму  бағытын  зерттеу  барысында  эт-
ностар  тәжірибесін  ескерген  жөн,  себебі,  бірэтносты  отба-
сымен  қатар  аралас  ұлтты  отбасылық  топтар  да  баршылық. 
Көпконфессиялы  қазақстандық  қоғамның  аясында  отбасы 
мүшелерінің дүниетанымдық таңдаулары мен діни көзқарас-
тары әр түрлі ерлі-зайыптылардың некесін сақтап қалу мәсе-
лесі өзекті болып табылады. 
Қазақстандық қоғамның бірлігі әр түрлі сатыдағы ұрпақтар 
үшін ортақ келетін дәстүр мен рухани-өнегелік құндылықтар 
арқылы  анықталады.  Сондықтан,  отбасы  феноменін  зерттеу 
барысында түрлі ұрпақтағы қазақстандықтардың отбасы құн-
дылықтарына  деген  қатынасын  зерттеуге  аса  мән  беріледі. 
Қазақстандықтардың 40%-дан астамы – ауыл тұрғындары. Ур-
банизация  үрдісіне  қарамастан,  ауылдық  отбасы  да  өзгеріп, 
күрделі нарық заманына бейімделуде. Зерттеу барысында тек 
қалалық қана емес, ауылдық тұрғындардың да отбасына, әйел 
мен еркектің, ата-ана мен баланың гендерлік рөлдеріне  деген 
көзқарастарына аса мән берілген. 
2012  жылдың  маусымында  «Демократия  институты» 
ғылыми-зерттеу  ассоциациясы  қоғамдық  бірлестігі  ҚР 
БҒМ  Ғылым  комитеті  Философия,  саясаттану  және  дінтану 
институтының тапсырысымен заманауи Қазақстандағы отба-
сы институтының құндылықтары мен даму бағыттарына деген 
халықтың  көзқарасын  анықтау  үшін  зерттеулер  жүргізілген 
болатын.
Зерттеудің  мақсаты  жас  ұрпақты  әлеуметтендіру  мен  қо-
ғамның  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  етуде  маңызды  қызмет 
атқаратын,  дәстүрлі  әлеуметтік  топ  ретіндегі  отбасына  деген 
тұрғындардың көзқарастарын білу. 
Көздеген  мақсатқа  жету  үшін  келесі  міндеттер  тұжы-
рымдалды:


- отбасы институтының рөлі мен олардың өміріндегі ала-
тын орны туралы қазақстандықтардың пікірлерін зерттеу;
- нақты отбасы үлгісіне қатысты түрлі әлеуметтік топтардың 
құндылықтарды таңдау жүйесін  анықтау; 
-  заманауи  қазақстандық  отбасыларында  көрініс  тапқан  
гендерлік рөлдердің ерекшеліктерін зерттеу;
- ата-ана және жеке отбасындағы дәстүр сабақтастығының 
негізін табу;
-  отбасының  әлеуметтік  даму  бағыттарын  анықтау  және 
Қазақстан  қоғамының  тұрақтылығына  әсер  ететін  әлеуетін 
көрсету;
-  отбасы,  бала,  ата-аналардың  гендерлік  қызметтеріне  қа-
тысты  мемлекеттік  саясатты  жетілдіру  бойынша  тәжірибелік 
нұсқаулар дайындау.
Сауалнамаға  Қазақстан  Республикасының  18  жастан  жо-
ғары  азаматтары  қатысып,  отбасын  әлеуметтік  топ  ретінде 
қабылдау,  оның  тұлға,  мемлекет  пен  қоғам  өміріндегі  рөлін; 
әке мен ананың, ата-ана мен баланың отбасындағы гендерлік 
рөлін анықтап; мемлекеттік отбасы саясатына қатысты пікір-
лерін білдірді. 
Ақпарат  жинақтау  үшін  зерттеу  барысында  астыртын 
сұрақтары  бар  сауалнама  әдісі  қолданды.  Зерттеу  жұмысы 
таңдамалы  топ  негізінде  жүргізілді,  бұл  анық  әрі  нақты 
мәліметтер  алуға  мүмкіндік  тудырды.  Іріктеу  Қазақстан  Рес-
публикасындағы  орта  жастағыларды  (18-ге  толған  және  одан 
жоғары азаматтар) жынысы, жас мөлшері, ұлты, білім деңгейі, 
тұрғылықты жері бойынша (қоныстанған елді мекендері бой-
ынша) анықтады.
  Іріктеу жиынтығының  көлемі кездейсоқ және  көпсатылы 
іріктеу  бойынша  таңдалынып  алынған  1200  респонденттен 
тұрады.  Іріктеу  сатысының  географиясы  Қазақстан  Респуб-
ликасының барлық обылыстары, сонымен қатар Астана және 
Алматы қалаларын қамтыды. Іріктеу қателігі ±1,84 % құрайды.
К і р і с п е

8
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
1 ЗАМАНАУИ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНА ҚАТЫСТЫ 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Қоғам өміріндегі отбасының рөлі – респонденттер 
көзқарасымен
Заманауи  отбасына  қатысты  қойылған  сұраққа  берілген 
жауаптар арқылы респонденттер отбасын қоғамның ажырамас 
бөлігі ретінде түсінетіндері белгілі болды.
– диаграмма
 
 «Сіздің пікіріңізше, біздің қоғамымыздың өмірінде қазіргі 
отбасы қандай рөл атқарады?» сұрағына жауаптар, %
Респонденттердің  80,3%-ы  қоғам  және  мемлекет  сияқты 
әлеуметтік  құрылымдарды  бір-бірімен  тығыз  байланыстыра-
ды, мемлекет және қоғам тұрақтылығы (33,6%), жас ұрпақтың 
әлеуметтенуі  (30,9%),  отбасы  мүшелерінің  тұрмысы  мен  мем-
 
17,2 
30,9 
33,6 
15,8 
2,5 
Отбасы – мемлекет пен қоғамға қатысы 
жоқ, әйел мен еркектің жеке ісі 
Отбасы – жас ұрпақты ұдайы өндіретін, 
тәрбиелейтін қоғам негізі 
Отбасы – бұл қоғам мен мемлекеттің 
тұрақтылығы оның беріктілігіне 
байланысты махаббат пен сыйластыққа 
негізделген шағын топ 
Отбасы  – бұл өзінің мүшелерінің 
экономикалық байлығы мен мемлекет 
экономикасының табыстылығын 
қамтамасыз ететін үй 
Жауап беруге қиналамын 


лекет  экономикасының  жақсаруы  (15,8%)  саласында  отбасы 
рөлінің  маңызы  зор  екендігін  атап  өтті.  Олардың  тек  17,2%-ы 
отбасының  мемлекет пен қоғамға қатысы жоқ, еркек пен әйелдің 
жеке мәселесі деп есептейді.
Отбасының  әлеуметтік  статусын  анықтайтын  сұраққа  беріл-
ген  жауапта  еркектер  мен  әйелдер  тең  пікірді  білдірді.  Отба-
сын  жеке  мәселе  деп,  еркектердің  18%-ы,  әйелдердің  16,5%-ы 
санайды.    Еркек-тердің  32,2%-ы  және  әйелдердің  34,9%-ы  отба-
сын  сүйіспеншілік  пен  өзара  түсіністікке  негізділген,  қоғамдық 
болмыстың негізі болып табылатын кішігірім топ деп санайды.
Қазақ  ұлтының  өкілдері,  Қазақстан  қоғамындағы  отбасы-
ның  рөлін  өзге  этностарға  қарағанда  жоғары  бағалайды. 
Қазақ респонденттердің 14%-ы (21,8% орыстар, 18,3% өзге ұлт 
өкілдеріне қарағанда) отбасы – ол әйел мен еркектің  жеке ісі, 
оның  қоғам мен мемлекетке қатысы жоқ дейді. Қазақтардың 
34,9%-ы  (32,2%  орыстар,  31,7%  өзге  ұлт  өкілдеріне  қарағанда) 
отбасы қаншалықты берік болса, мемлекет пен қоғам да сон-
шалықты тұрақты деп санайды.
Қоғам  өміріндегі  отбасының  рөліне  қатысты  қойылған 
сұраққа  барлық  жастағы  топтардың  жауаптары  бірауыздан 
шықты. «Отбасы – махаббат пен сүйіспеншілікке негізделген 
шағын  топ,  қоғам  мен  мемлекет  тұрақтылығы  осы  топтың 
қаншалықты берік болуына байланысты» деген анықтаманы 
таңдағандардың саны 31,2%-дан 36,9%-ға дейінгі көрсеткішке 
ие.  Барлық  жастағылардың  көзқарасы  бойынша,  екінші 
орында  «отбасы  –  жас  ұрпақтарды  дүниеге  әкелетін  және 
тәрбиелейтін  қоғамның  негізі»  бағанасын  (27,4%-дан  36% 
аралығы),  үшінші  орында  (30  пен  45  жас  аралықтағыларды 
қоспағанда) «отбасы – күйеуі мен әйелінің жеке ісі, оның қоғам 
мен мемлекетке еш қатысы жоқ» деген бағананы таңдағандар,  
төртінші орында 30 пен 45 жас аралықтағыларды қоспағанда), 
«отбасы  –  өзінің  мүшелері  мен  мемлекеттің  экономика-
лық  жағдайын  жақсартатын  үй  шаруашылығы»  бағанасын 
таңдады.  Нәтижесінде,  нарықтық  экономикада  маңызды 
саналатын  үй  шаруашылығы  ретіндегі  отбасының  рөлі  мен 
«орта  таптың»  қалыптасу  мәселесі  әлі  де  болса  толығымен 
анықталмаған.
1 Заманауи отбасы институтына қатысты 
қазақстандықтардың түсініктері

10
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
«Сіздің пікіріңізше, біздің қоғамымыздың өмірінде қазіргі 
отбасы  қандай  рөлді  атқарады?»  сұрағының  жауаптары  көр-
сеткендей,  отбасының  қоғамдағы  құрылымы  (қоғам  негізі, 
шағын  топ)    мен  функционалдық  рөлін  (жүректері  махаббат 
пен  сүйіспеншілікке  толы,  жауапкершілігі  мол  жас  ұрпақты 
дүниеге әкеліп, тәрбиелеу) анықтау мәселесі 1 және 2 орынға 
шығады.  Үшінші  және  төртінші  орынды  келесілер  алады:                                                                                                 
а)  «отбасы  –  мемлекетке  ешқандай  қатысы  жоқ  күйеуі  мен 
әйелінің  жеке  ісі»  (мұндай  пікірді  әрбір  бесінші  ғылыми 
дәрежесі  бар  немесе  орта  және  толық  емес  орта  білімі  бар-
лар  санайды)  және  ә)  «отбасы  –  экономикалық  қызмет  пен 
тұрақты дамуды қамтамасыз ететін шаруашылық» бағанасын 
таңдағандар.
Жауаптар  көрсеткендей  әлеуметтік  жағдайы  төмен  от-
басылар  өзгелерімен  салыстырғанда  отбасы  мен  қоғам 
қатынасын  төмен  бағалайды.  Әйел  мен  еркектің  жеке  ісі 
деп,  отбасының  әлеуметтік  рөлін  төмен  бағалайтындардың 
көрсеткіші  –  16,2%,  отбасы  –  жас  ұрпақты  тәрбиелейтін 
қоғамның  негізі  деп  мойындайтындар  –  29%  және  олар 
қоғам  мен  мемлекеттің  тұрақтылығы  отбасына  тәуелді  деп 
санайтындардың  саны  (гендерлік  қатынас  барысында  көбіне 
қолданылатын тезис) – 32%. 
Әлеуметтік жағдайы жоғары отбасылардың қатарындағы 
бірде-бір  респондент  (кірісі  150000  теңгені  құрайтындар) 
отбасы  әйел  мен  еркектің  жеке  ісі  дегенмен  келіскен  жоқ. 
«Отбасы  жас  ұрпақты  тәрбиелейтін  қоғам  негізі»  дегенді 
қолдайтындардың  саны  50%,  ал  қалған  50%-ның  пікірі  осы 
ойға  жақын,  дегенмен  қоғам  мен  мемлекет  тұрақтылығы 
отбасы  қаншалықты  берік  болуына  байланысты  дейді. 
Кірісі  75  мыңнан  100  мыңға  дейінгі  теңгені  құрайтын 
респонденттердің  басым  бөлігі  отбасының  әлеуметтік 
маңыздылығын  мойындайды,  ал  32%-ы  қоғам  мен  мемле-
кет тұрақтылығының негізі отбасы дегенді қолдайды. Кірісі                                                                                                                                           
150000  теңгеден  жоғары  болатын  респонденттердің  бұл  сұ-
раққа берген жауаптарының көрсеткіші өзгеше – 61,5% және 
15,4%,  яғни,  жоғары  көрсеткіш.  Аталған  категориялардың 
ішінде,  жағдайы  жоғары  отбасылар  мемлекет  игілігі  үшін 

11 
отбасы  институтының  маңызды  екеніне  басымдық  береді. 
Өйткені олардың экономикалық жағдайы, сапалы білім алу-
ға,  саяси  ресурстарға  қолдары  жетімді.  Байқағанымыздай, 
әзірге  отбасындағы  бақыт  жайлы  сөз  қозғалған  жоқ.  Бай 
адамдар  жан  жылуынан  айырылған,  бақытсыз  болулары 
мүмкін,  ал  кедейлер,  керісінше,  өмірлері  сүйіпеншілікке   
толы,  бақытты  болулары  әбден  мүмкін.  Дегенмен  мате-
риалдық  жағдайдың  жақсы  болуы,  бақытты  өмір  сүрудің 
алғышарты екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бақытты 
адамдардың  көп  болуы,  мемлекетті  де  жетістіктерге 
жеткізеді. 

Каталог: doc
doc -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
doc -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
doc -> «Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»
doc -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
doc -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
doc -> №3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет