Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Отбасының жақсы өмір сүруі үшін қажет жағдайлар



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата22.12.2016
өлшемі2,59 Mb.
#246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Отбасының жақсы өмір сүруі үшін қажет жағдайлар 
%
Орын
параметрлер
%-дық 
көрсеткіштері
1
Отбасының қаржылық жағдайы
95,3
2
Жеке  баспананың болуы
94,7
3
Отбасы мүшелерінің денсаулығы
94,3
4-5
Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат
92,8
4-5
Балаларының болашағына деген сенімділік
92,8
6
Балаларына сапалы білім беру мүмкіндігі
92,7
7
отбасындағы жасы үлкен кісілерге келсек
91,4
8
Келісімге келу
89,6

45 
9
Түрлі ұрпақтар арасындағы сыйластық пен өзара 
түсіністік
88,4
10
Ата-ана мен баланың қызығушылықтарын іске асыру
87,2
11
Отбасына деген мемлекет тарапынан әлеуметтік 
қолдау
87,2
12
Отбасының туысқандарымен, көршілерімен, 
достарымен, әріптестерімен араласу мүмкіндігі 
83,0
13
Демалыс уақытын бірге өткізу
80,0
14
Демалыс кезіндегі бірге сапарға шығу 
78,0
15
Мамандығы бойынша қызмет ету
76,1
Жауаптарды  талдау  барысында,  ата-аналар  арасындағы 
сүйіспеншілік, үлкендерге деген сыйластық, бала тәрбесі және 
оның болашағын ойластыру сияқты отбасы құндылықтары, эк-
зистенциалды және әлеуметтік негіздері өз ретімен орналасты.  
Қазақстандық респонденттердің аға ұрпаққа деген құрметтері 
байқалады,  бұл  отбасы  мүшелерінің  жауапкершілік  пен 
сабақтастық    сияқты  дәстүрлі  түсініктерінің  барын  білдіреді. 
Махаббат отбасындағы маңызды фактор болып есептелгенімен, 
көбісі  қаржы,  баспана,  және  денсаулықты  бірінші  қатарға 
жатқызады.  Экономикалық  жағдай  махаббатты  басып  озып 
отыр. 
Жауаптардың  келесі  топтамасы,  отбасында  ата-анала-
ры мен баларының көзқарастары сәйкес келмесе де, бір-бірін 
құрметтеп,  келісімге  келіп,  ортақ  мәмілеге  келетіндіктерін 
көрсетеді. 
Респонденттер  отбасының  жетістігі  мемлекет  тарапынан 
көрсетілген әлеуметтік қолдауға байланысты екенін атай оты-
рып, отбасы мен мемлекеттің көздегендері бір екенін айтады.
Уақыт  тапшылығына  қарамастан,  респонденттер  туыста-
ры,  көршілері,  достары,  әріптестерімен  араласуды  жоғары 
бағалайды, тек ауылдық қана емес, қалалық отбасылар да жан-
жағындағылармен  араласқылары  келеді.  Респонденттердің 
демалыс  күндерін  отбасыларымен  өткізуді  қалайтындары 
байқалады. 
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері

– 
кестенің жалғасы

46
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
Алған  біліміне  сәйкес,  мамандық  бойынша  қызмет  жаса-
уды  соңғы  қатарға  қойғанымен,  респонденттердің  үштен  екі 
бөлігі отбасы жетістігін еңбек жолымен байланыстырады.  От-
басы  өз  мүшелерінің  мансапқа  жетуін,  қаржылық  жағынан 
емес, оларды әлеуметтенуімен, өмірінің мәнді болуымен бай-
ланыстырады. 
Барлық  респонденттер  отбасы  құндылықтарын  таңдайды. 
Жағдайы  төмен  отбасылар  «отбасындағы  жақсы  қарым-
қатынастарды»  таңдауда  жоғары  көрсеткішті  көрсетті.  Жағ-
дайы  орташа  отбасыларында  76%-ды,  ауқатты  отбасыларын-
да  бұл  көрсеткіш  100%-ға  жетті.  Материалдық  қажеттілікті, 
жағдайы төмен отбасылардың – 77,6%-ы, жағдайы орташалар 
60%-ды,  ең ауқаттылардың – 50%-ы таңдады. Бұл жерде әрине 
ауқатты  отбасыларға  қарағанда,  жағдайы  төмен  отбасылар-
дың материалдық қажеттіліктері жоғары болғандықтан, осын-
дай көрсеткіштерді көрсетіп отыр. 
Жағдайы  төмен  отбасылардың  пікірінше,  отбасының 
же-тістігі  үшін,  өз  баспанасының  болуы  (96,9%),  қаржылық 
жағдай  (96,5%)  маңызды.  Бұл  көрсеткіштер  табыстың  жо-
ғарылауына қарай өзгере түседі. Бірақ ауқатты дегендердің 
өздері  100%-ды  көрсетеді.  Жағдайы  төмендер  үшін  үшінші 
орында  махаббат  тұр,  оны  94,6%-ы  таңдады.  Отбасының 
табысы  жоғарылаған  сайын,  махаббаттың  орны  92,3%-ға 
дейін  төмендеп  кетеді.  Бай  адамдардың  тек  50%-ы  үшін 
ғана  махаббат  құндылық  болып  табылады,  қалған  50%-ы 
үшін  маңыздылығы  жоқ.  Ал  төртінші  орында  тұрған  «Ба-
лаларына  сапалы  білім  беру»  (93,8%).  Бұл  көрсеткіш  табыс 
жоғарылаған  сайын  азая  түседі.    Байлардың  50%-ы  ғана 
маңыздылығын атап өтсе, қалған 50%-ы үшін маңыздылығы 
жоқ. Үлкендерге қамқорлық көрсетуді жағдайы төмендердің 
90,7%-ы  маңызды  деп  санаса,  байлардың  50%-на  маңызды, 
қалған  50%-ына  отбасының  жетістікке  жетуі  үшін  оның 
маңыздылығы шамалы. Болашағына сенімді екенін, жағдайы 
төмендердің 93,1%-ы, ең бай адамдардың 100%-ы атап өтті. 
Кірістің  белгілі  бір  деңгейге  дейін  көтерілуі  (отбасының 
бір  мүшесіне  шаққанда  100000  тг-ден    150000  тг-ге  дейін)  ма-
териалды да, рухани қажеттіліктердің маңыздылығын кемітеді. 

47 
Бірақ бұл жағдай тек бірден бай дегендердің қатарына өткен 
кезде  ғана  көрініс  береді.  Олар  материалдық  жағдайды  алға 
тартып,  махаббат, балаларға деген қарым-қатынас сияқты ру-
хани құндылықтарды екінші орынға ысырады. Табыс, кірістің 
жоғары болуы бірінші орынға сезімді емес, байлықты қойып, 
отбасылық қатынастарды өзгертіп жібереді.
«Сіз үшін не айтарлықтай маңызды болып табылады?» де-
ген сұрақты талдау барысында, респонденттердің оған берген 
жауаптары  көбіне  бірдей  болып  келеді.  Респонденттер  үшін 
құндылықтары  жағынан  маңызды  болып  табылатындарды 
бірнеше топтарға бөлуге болады. 
Респонденттер  бірінші  үш  орынға  (64%-дан  85%-ға  дейін) 
мықты  денсаулық,  отбасындағы  жақсы  қарым-қатынас,  ма-
териалдық  жеткіліктілікті  қояды.  Келесі  орынға  (7,5%-дан 
27,9%-ға дейін) махаббат пен табысты мансапты қояды. Үшін-
ші  орынға  қызықты  жұмыс,  саяхаттау,  тұлғалық  тұрғыда  да-
муды  (1,9%-дан  7,7%-ға  дейін)  қояды.  Төртінші  орынға,  қо-
ғамдағы  төзімділікті,  Отансүйгіштікті,  өз  беделін,  әріптестері 
арасындағы  өзаратүсіністікті  (1,2%-дан  4,8%-ға  дейін)  қояды. 
Ал  түрлі  жастағы  респонденттер  үшін  материалдық,  руха-
ни  адамгершілік  тұрғысындағы  жеке  мәселелер  ғана  емес, 
қоғамдық маңызы бар қағидаларды, төзімділікті, патриотизмді 
де  маңызды деп атап өтеді. 
3.2 Үй жұмысын бөлісу отбасы үлгісінің 
көрсеткіші ретінде
Отбасындағы  міндеттерді  бөлісу  гендерлік  тұрғыдан  от-
басылық өмірдің шынайы көрінісін береді, отбасы үлгісі өзге-
рістерінің бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. 
Сұралғандардың 31%-ы еркек пен әйел мәселені тең шешу 
керектігін  атап  өтіп,  гендерлік  сауаттылықты  танытты.  Бірақ, 
бұл көрсеткіштер нақты болып жатқан жағдайлармен мүлдем 
түйіспейді.
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері

48
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
17 – диаграмма
 «Сіздің отбасыңызда әдетте міндеттер қалай бөлінеді?» 
сұрағының жауабы, %
Талдау  отбасында көптеген қарама-қайшы, түсініксіз жайт-
тардың бар екендігін аңғартады. Қаражат табу мәселесі бойын-
ша, 39,6% отбасының асыраушысы еркек екені, ал әйелдердің 
6,2%-ы  отбасының  асыраушысы  екені  анықталды.  42,4%  рес-
понденттердің  отбасында  ерлі-зайыптылар  теңдей  табыс  та-
бады, ал қалған 11,8%-ында отбасының барлық мүшелері де 
табыс  табады.  Бұл  көрсеткіштің  ешқандай  жаңалығы  жоқ, 
себебі қазіргі таңда әйел отбасы бюджетіне еркектен кем емес 
үлес қосуда.  
Анықталғандай,  отбасындағы  міндеттер  әйел  мен  еркек-
ке  тең  бөлінбейді.  Отбасының  35,1%-да  бала  тәрбиесімен 
әйелдер айналысады (2,5% еркектермен салыстырғанда). Бірақ, 
отбасының  52,2%-ында  бала  тәрбиесімен  еркек  пен  әйел  тең 
айналысады.
Отбасындағы  үй  шаруасымен  әйелдердің  37,4%-ы  айна-
лысса,  2,8%-ында  еркектерге  жүктелген,  ал  37,5%  отбасында  
үй  шаруасымен  еркек  те,  әйел  де,  22,3%  отбасының  барлық 
мүшесі тең айналысады.
Бұл  көрсеткіштер  көңіл  қуантарлық  болғанымен,  үй  ша-
руасын еркек пен әйелге бөлісуде теңсіздіктер байқалады. Егер, 
 
Анасы (жары) 
Әкесі (жолдасы) 
Ата-ана (ерлі-зайыптылар) 
Отбасының барлық 
мүшелері 
6,2 
39,6 
42,4 
11,8 
35,1 
2,5 
52,2 
10,1 
37,4 
2,8 
37,5 
22,3 
8,9 
7,6 
44,6 
38,9 
Отбасылық демалысты 
ұйымдастыру 
Үй шаруасы 
Бала тәрбиесі 
Ақша табу мәселесі 

49 
отбасының 42,4%-да еркек пен әйел табысты тең тапса,  еркектің 
2,8%-ы ғана үй шаруасымен  айналысады. Ал отбасы демалы-
сын  ұйымдастыруда  біраз  жетістіктер  байқалады:  демалысты 
ұйымдастырумен  еркек  пен  әйелдің  44,6%-ы  тең  айналысса, 
38,9%-да  отбасының  барлық  мүшесі,  тек  8,9%  –  әйел,  7,6%-да 
еркек  айналысады.  Мүмкін,  бұл    замануи  отбасының  гендер-
лік өзгерістерге әкелетін саласы болар.
Жалпы  бұл  сұрақ  отбасындағы  шынайы  көріністі  анық-
тау  үшін  қойылған  болатын.  Негізі  әйел  мен  еркектің  таң-
даулары  бір-біріне  сәйкес  келу  керек.  Бірақ,  «қаржы  табу» 
мәселесіне  келгенде,  мүлдем  өзге  көрсеткіштер  байқалады. 
Ер  азаматтардың  43,5%-ы  ақша  табу мәселесі  өз  мойындары-
на жүктелген десе, әйелдердің 36,0%-ы бұл нұсқаны қолдайды. 
Керісінше  жағдайда,  отбасындағы  табысты  әйел  табады  де-
ген  пікірді  еркектердің  3,5%-ы,  әйелдердің  8,7%-ы  қолдады. 
Гендерлік  тұрғыдан,  жауаптар  тең  болды:  отбасы  бюджетіне 
үлес қосады дегенді еркектердің 41,4%-ы,  әйелдердің 43,2%-ы, 
ал отбасының өзге мүшелері табыс табады дегенді еркектердің   
11,6%-ы, әйелдердің  12%-ы айтты. 
Егер  бұл  сұрақты  (Отбасы  басшысы  кім  болу  керек?) 
гендерлік  тұрғыдан  қарастырсақ,  отбасының  құндылықтарды 
таңдау  бағыттары  өзгелерді  басып  озады.  Ер  азаматтардың 
56,2%-ы  отбасының  басшысы  сөзсіз  еркек  болу  керек  десе, 
43,5%-ы  отбасының  негізгі  асыраушысы  болу  керек  дейді 
(әйелдердің  тек  36%-ы  ғана  қолдайды).  Гендерлік  стереотип-
терден арылудың орнына, гендерлік теңдіктің өзгеруіне әкелген 
әлеуметтік-экономикалық үрдістер  күннен-күнге даму үстінде 
болғандықтан  бұл  көрсеткіштерді  беріп  отыр.  Гендерлік 
тұрғыдағы  болып  жатқан  өзгерістердің  тағы  бір  себебі  әлеу-
меттік  мәселелер  мен  қиыншылықтыр.  Көп  жағдайда  еркек-
тер  отбасын  асырай  алмағандықтан,  әйелдердің  осы  рөлді 
атқаруына тура келеді. Үй жұмыстарын бөлісу барысында да, 
гендерлік тұрғыдағы өзгерістер көп. Еркек өз қызметімен ай-
налысып жүріп, үй жұмыстарына араласпайды, ал әйел болса 
қаншалықты табысты қызмет атқарып жүрсе де, жары мен от-
басын сақтап қалу үшін, өзіне екі есе жүк артып, барынша үй 
жұмыстарымен айналысады. Жұмысқа үлгерген әйел, үй ша-
руасына да үлгереді – бұл оның өмірлік ұстанымы.  
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері

50
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
«Үй  шаруасы»  бағанасында,  жоғарыда  айтылғандардың 
дәлелі  байқалады,  еркектердің  35,1%-ы  үй  шаруасы  әйелге 
жүктелген  десе,  әйелдердің    39,6%-ы  мұны  растайды  (бұл 
көрсеткіш  еркектердің  өздерін  тым  жоғары  бағайтын  пси-
хологиялық  себептермен  түсіндіріледі).  Дегенмен,  олардың  
3,5%-ы ғана үй шаруасымен айналысатынын мойындаса, әйел-
дер  еркектердің  2,2%-ы  ғана  айналысатынын  алға  тартады.  
«Ерлі зайыптыларды екеуі де» деген бағанасында еркектердің 
40,3%-ы мен әйелдердің  34,9%-ы үй шаруасымен тең айналы-
самыз десе, 21,2% еркектер мен 23,3% әйелдер үй шаруасымен 
отбасының  барлық  мүшелері  айналысады  дейді.  Осы  орай-
да  гендерлік  өзгерістер  айтарлықтай  байқалып  тұр:  еркектер 
отбасының шаруасын айналып кете алмайды.
Бала тәрбиесіне қатысты еркектердің 35,8%-ы бала тәрбие-
сі  әйелдің  мойнына  жүктелген  дейді  (әйелдер  еркектердің           
34,5%-ы  ғана  бұл  мәселемен  айналысады  дейді).  Бала  тәр-
биесімен  еркектердің  2,6%-ы,  әйелдердің    2,5%-ы  ғана  кей 
жағдайда ғана тек еркектер айналысады дейді. 
«Бала  тәрбиесімен  ата-анасы  бірге  айналысады»  деген 
бағананы  еркектердің  51,6%-ы,  әйелдердің    52,8%-ы  таңдады. 
Бала тәрбиесі – отбасында болып жатқан өзгерістердің маңыз-
ды  қыры.  Ең  қиын  әрі  жауапты  болып  табылатын  –  бала   
тәрбиесі  қашан  да  әйелдің  мойнына  жүктелген.    Бірақ  бұл 
дәстүр қазіргі таңда өзгерді. Әкенің бала тәрбиесінен бас тар-
туы балаға да, қоғамға да, тіпті әкенің өзіне де кесірін тигізеді. 
Қазіргі  таңдағы  гендерлік  өзгерістер,  еркектердің  бесік  арба-
мен  қыдырып  жүргені,  баламен  бірге  ойнағаны,  мектептеге 
ата-аналар  жиналысында  отырғандығынан  байқаймыз  және 
олар  мейірімді,  қамқор  болуды  ұят  деп  есептемейді,  мұны 
респонденттердің берген жауабынан да көруге болады. 
Келесі  «отбасы  демалысы  ұйымдастыру»  бағанасы.  Дема-
лысты  ұйымдастырумен  бірге  айналысамыз  деп,  еркектердің 
45,4%-ы,  әйелдердің  43,9%-ы  жауап  берді.  Гендерлік  тарапы-
нан  өзгерістер  болғанымен,  құндылықтар  деңгейінде  өзге 
көрсеткіштер байқалады. 
Бұл  сұраққа  түрлі  ұлттағы  қазақстандықтардың  жауап 
беруі барысында  қарама-қайшылық кездеседі: құндылықтарды 

51 
таңдау  барысында  гендерлік  өзгерістер  байқалғанымен, 
қазақ  респонденттер  көбіне  еркекті  басшы  деп  санайды.  Осы 
тұста  мүлдем  өзге  көрініс  пайда  болды:  отбасында  гендерлік 
өзгерістер  болғанымен,  нақты  жағдайда  мүлдем  басқа  бағ-
дарлар анықталды. Қазақтардың 56,7%-ы отбасының басшысы 
еркек болу керек дей тұра,  40,1%-ы қазақ отбасында тек еркек-
тер табыс табады (35,5% орыс және 45,7% өзге ұлт өкілдерімен 
салыстырғанда).  Сәйкесінше,  құндылықтар  деңгейі  бойын-
ша,  олардың  25,9%-ы  отбасындағы  теңдікті  қолдаса,  қазақ 
отбасының  42,4%-ы  табысты  тең  дәрежеде  табады  (41%,  орыс 
және 45,7%) өзге ұлт өкілдерімен салыстырғанда).
Өзге  ұлт  өкілдерінде  де,  гендерлік  тұрғыда  өзгерістер 
байқалады.  Бала  тәрбиесімен  өзге  ұлт  өкілдерінің  47,4%-ы, 
қазақ  отбасының    34,9%-ы,  орыстардың  28,9%-ында  тек  ана-
сы  айналысады.  Есесіне,  өзге  ұлт  өкілдерінің  44,8%-ы,  қазақ 
отбасының  52,5%-ы, орыстардың 55,2%-ы бала тәрбиесімен ата-
анасы бірге айналысады. Орыс ұлтында гендерлік теңдік басым 
болғанымен,  қазақ  және  өзге  ұлттың  отбасында  да  гендерлік 
даму  байқалады:  қазақ  отбасының  тең  жартысы  бала-шағасы 
мен жарын барынша әлпештеп отыр.   
Қала/ауылға  бөліп,  тұрғылықты  жеріне  қарай  талдау  жа-
сайтын  болсақ,  бұл    жердегі  респонденттер  әр  түрлі  жауап 
береді.  Зерттеу  нәтижелері,  ауылдық  респонденттер  (21,8%) 
қалалықтарға  қарағанда  (11,2%)  отбасын  –  тек  экономикасы 
жағынан қамтамсыз ететін емес, қоғам негізі болып табылатын 
орта деп санайды. 
Бұл  жерде  олардың  отбасындағы  басшы  еркек  болу  ке-
ректігін  меңзеп  тұрғаны  анық  байқалып  тұр.  Ауылдықтар-
дың  59,4%-ы  қалалықтармен  (44,5%)  салыстырғанда,  отбасы 
басшысы  еркек  болу  керек  деп  санайды.  Тек    23,9%-ы  ғана, 
қалалықтармен  (36,4%)  салыстырғанда  әйел  мен  еркек  тең 
шешім қабылдаймыз дейді.  
Келесі  нұсқа  бойынша,  қалалықтардың  32,3%-мен  са-
лыстырғанда  ауылдық  респонденттердің  49,2%-ы  табыс-
ты  еркек  табу  керек  десе,  ал  бала  тәрбиесі  әйелдің  міндеті 
(ауылдықтардың  41,6%-ы,  қалалықтардың  30,2%-ы)  деп 
есептейді.  Ауылдықтар  үй  шаруасын  (41,6%-ы,  ал  қала-
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері

52
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
лықтардың  34,2%-ы)  міндетті  түрде  әйелдерге  не  отбасы 
мүшелеріне (19,3%-ы, қалалықтардың  24,6%-ы) жүктейді.  
Гендерлік рөлдерге қатысты, ауылдықтардың қалалықтар-
ға  қарағанда  көзқарасы  өзгеше.  Бұл  айырмашылық  көбіне, 
отбасындағы  еркек  пен  әйелдің,  әке  мен  ананың  рөлін  анық-
тайтын  экономикалық  жағдайға  байланысты.  Осы  орайда, 
ауылдық  отбасын  дамыту  мен  қолдау  бағдарламасын  дайын-
дау мемелекеттің назарында болу керек. Бұл ауылды көтеруге 
де, ауыл тұрғындарының әлеуетін дамытуға септігін тигізеді.   
«Сіз  отбасыңызда  үй  шаруасын  қалай  бөлісесіздер»  сұ-
рағына  жауап  беру  барысында,  респонденттердің  жасы 
неғұрлым  жас  болса,  олар  соғұрлым  табыс  табу  мәселесі  ер-
кекке  де,  әйелге  де  тең  бөліну  қажет  деп  санайды.  Осылай-
ша,  18–29  жас  аралығындағы  респонденттердің  48,6%-ы, 
61  жастан  асқандардың  36,5%-ы    жауап  берді.    Жасы  үлкен 
респонденттердің 13%-ы отбасын материалдық тұрғыдан қам-
сыздандыруға  отбасы  мүшелерінің  барлығының  атсалысу  ке-
ректігін айтты. 61 жастан асқандардың  36,6%-ы, 18-ден 29 жас 
аралығындағылардың  35,2%-ы отбасының негізгі асыраушысы 
еркек дейді. Жас ұрпақтың еркекке қатысты гендерлік стерео-
итптерден арыла бастағаны байқалады. 
Жас респонденттердің бала тәрбиесімен тек әйел айналыса-
ды дегенді де жоққа шығарады, олардың  56%-ы бала тәрбиесі-
мен  ата-ана  бірге  айналысады  десе,  61  жастан  асқандардың  
48,1%-ы отбасындағы рөлдерді өзара бөлісетінін айтты.
Үй  шаруасын  бөлісуде  жас  респонденттердің  39,7%-ы,  45 
жастан асқандардың  33,6%-ы ерлі-зайыптылардың екеуі де ай-
налысатынын айтты. 
Отбасының  демалыстарын  ұйымдастыру  бағанасында 
да  ұқсас  көрсеткіштер  басым:  ұйымдастырумен  ерлі-зайып-
тылардың  екеуі  де  айналысатындарын  38,4%-дан  49,4%-ға 
дейінгі  аралықты,  отбасының  өзге  мүшелері  айналыса-
тындарын  37,4%-дан  43,3%-ға  дейінгі  аралықты  көрсетті. 
Бұл  көрсеткіш  қазақстандықтардың  бірігіп  демалуға  деген 
ұмтылыстарының  басым  екенін  көрсетті  және  де  осы  бағыт 
мемлекеттік  бағдарламаларды  дайындау  барысында  ескерілу 
қажет.

53 
Үй  шаруасын  бөлісуді  білімі  жоғары  азаматтар  (дәрежесі 
барлардың – 57,7%-ы, жоғары білімі барлардың 49,4%-ы) өзге 
топтағыларға  қарағанда  (31%-дан  43%-ға  дейін)  гендерлік 
түсініктерінің  жоғары  екендігін  аңғартты.  Бұл  бағытта  білімі 
жоғары  азаматтардың  отбасын  асыраудағы  мүмкіндіктерінің 
жоғары екендігі байқалады. 
Білім  деңгейіне  қарамастан,  респонденттердің  бәрі,  бала 
тәрбиесімен  ерлі-зайыптылардың  екеуі  де  айналысатындық-
тарын  айтты.  Бұл  жердегі  көрсеткіштер  мынадай:  орта 
білімі  барлар  –  41,6%-ды,  дәрежесі  барлар  67,3%-ды  көрсетті.  
Неғұрлым  білімдері  жоғары  болған  сайын,  бала  тәрбиесімен 
айналысуды әйелге ғана жүктемей, ортақ іс деп санайды. 
Ұқсас үрдіс үй шаруасын бөлісу барысында да байқалады, 
білімі  жоғарылар  үй  шаруасын  бөлісуді  ортақ  деп  санаса, 
білімдері төмен азаматтар үй шаруасымен тек әйел ғана айна-
лысу керек деп есептейді. 
Отбасылық  демалысты  ұйымдастыруға  ерлі-зайыптылар-
дың екеуі де ат салысу керектігін өзге топтағыларға қарағанда 
дәрежесі барлар (55,8%) мен жоғары білімі бар респонденттер 
(52,7%)  жоғары  көрсеткішке  ие.  Демалысты  ұйымдастыруда 
отбасының барлық мүшелері атсалысу керектігін білім жоқтар 
(62,5%),  орташа  білімі  бар  (46,6%)  немесе  аяқталмаған  орта 
білімі барлар (41%) жоғары бағалайды. 
Заманауи  қоғамда  табыс  табуышының  рөлі  айтарлықтай 
өзгерген. Еркектердің 43,5%-ы бұл рөлді өздері атқарады деп 
санаса, әйелдердің  36,0% -ы бұл пікірге қосылады.  Отбасының 
негізгі асыраушысы әйел дегенге еркектердің  3,5%-ы, әйелдердің  
8,7%-ы келіседі. Ал гендерлік тұрғыда, тең пікір қалыптасқан, 
еркектердің  41,4%-ы,  әйелдердің  43,2%-ы  отбасы  бюджетін 
бірдей толықтыратындарын, отбасының барлық мүшелері та-
быс табатынын еркектердің 11,6%-ы, әйелдердің 12%-ы айтады. 
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері

54
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
4  ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ РЕТІНДЕГІ ОТБАСЫНА 
ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ БАҒАЛАУ
4.1  Отбасының тиімді дамуына бағытталған мемлекеттік 
саясат шараларын бағалау
Қазақстан  өзін  әлеуметтік  мемлекет  ретінде  таныта  оты-
рып, үнемі отбасын қолдау саясатын жүргізеді. Отбасы инсти-
тутын  қолдау  үшін  мемлекет  қандай  істерді  жүзеге  асыруда, 
азаматтардың нені күтетіні зертеу барысында анықталды.  
18 – диаграмма
«Сіз қалай ойлайсыз, отбасына қатысты Қазақстанның мемлекеттік 
саясатында қандай шаралар өте маңызды, ал қайсылары аса маңызды 
емес?» сұрағына жауаптар, % 
 
72 
81,8 
80 
82,3 
69,9 
63,6 
78,5 
63,9 
62,2 
23 
15,7 
17,1 
15,2 
21 
27,2 
16,8 
25,6 
27,9 
Ана болудың әлеуметтік маңызын көтеру 
Жас отбасыларына арналған қол жетімді 
тұрғын-үй бағдарламасы 
Көпбалалы отбасына төленетін жәрдемақыны 
көбейту 
Бала туылған  кездегі ана капиталдың берілуі 
Отбасына арналған теледидарлық 
бағдарламалардың мазмұнын мемлекеттік … 
Отбасылық құндылықтарды БАҚ, білім жүйесі 
арқылы насихаттау 
Мүгедектер отбасына көмектесу 
Бала тууды ынталандыру 
Балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін 
жоғарылатуға ықпал ететін заңнаманы … 
Жауап беруге қиналамын  Маңызды емес 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет