Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


МƏДЕНИ МҰРАНЫҢ МАМАНДЫҚ ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ



жүктеу 1.31 Mb.
Pdf просмотр
бет2/14
Дата24.12.2016
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
МƏДЕНИ МҰРАНЫҢ МАМАНДЫҚ ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
 
Қоғамдық  дамудың  жаңа  кезеңіне  аяқ  басқанда  ұлттық  құндылыққа  мəн 
берудің  маңызы  зор.  Осы  үрдісті  қолдау  негізінде  «Мəдени  мұра» 
бағдарламасының  берері  мол.  Шынайы  сыр  шерткен  ұлттық  мазмұны  жоғары 
асыл  құнды  мұраларымызды  болашақ  ұрпаққа  жеткізу  жаңа  кадрларымыздың 
қолында.  «Мəдени  мұра»  бағдарламасы  рухани  мəдени  өміріміздегі 
жетістіктерді іске асыруда айрықша үлес қосып отыр. 
 
Мəдени  мұра  бағдарламасы  өнер  мамандарының  шығармашылық 
тəжірибесін  дамытуға  шынайы  белсенділік  танытып  келеді.  Мəдениетіміз 
ұлттық  шеңбермен  шектелмей  əлемдік  мəдениет  кеңістігінде  өмір  сүруі  тиіс. 
Мəдени даму үдесінің екі жағдайына басты назар аударуымыз қажет. Алдымен 
тұрақты  дамуына  мүмкіндік  жасау,  екіншіден  жаңалыққа  ұмтылуға  іс-қимыл 
көрсету.  Халықтың  рухани  мəдени  байлықтарын  қалпына  келтіре  отырып 

 
11 
ұлттық байлыққа ұмтылдыруға ізгілікті еңбек етуіміз керек. Тарихи мұраларды 
түгелдеуде  мемлекет  тұтастығының  символына  айналдыру  бүгінгі  күннің 
көкейкесті  мəселесі.  Жаңа  дəуір  тынысын  сезінуде  ұлттық  құндылықтарға 
ерекше мəн беру басты мақсатымыз. Ата-бабаларымыздың тарихқа қалдырған 
мəдени  мұраларының  тамырына  үңілу,  танылған  дүниелерімізді  толықтыру, 
көмілген  қазыналарды  ашып  алу  біздің  міндетіміз.  Ұлттық  құндылықтар  жер 
астындағы  қазбалармен  шектелмейді,  өнер  туындыларымен  өрбуі  тиіс.  Мұра 
дегеніміз  –  тек  тарихи  ескерткіштердің  жиынтығы  емес,  өміршең  өміріміздің 
жемісі.  Рухани  байлық  жер  көкірегінде  емес,  ел  көкірегінде  сақталуы  тиіс. 
Тəуелсіздігіміздің белгісі рухани мəдениетіміз айқындайды. Осы орайда үнемі 
мəдени  өркендеудің  арқасында  өркениетті  елдер  қатарына  қосыла  аламыз. 
Өркениеттік үрдістердің тенденциясы мен мəнін ашу ауқымды мəселе. Бүгінгі 
таңдағы  басты  мəселенің  бірі  қазақ  өркениетін  əлемдік  өркениет 
құндылықтарымен үйлестіру. Ұлттық мəдениет əлемдік мəдениеттің гуманистік 
үрдіс үлгілерімен сусындауы тиіс. Рухани мəдениетіміздің ертеңі мен болашағы 
əлеуметтік дүниетаным өрісімен өлшенеді. Өнерді өрендетуде парықты таным, 
парасатты  жігер  қажет.  Ұлы  мұраттарды  нағыз  шынайы  өнер  шығармалары 
қорғай алады.  
 
2008  жылы  13-ші  маусымда  Елбасының  қатысуымен  «Мəдени  мұра» 
бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысы 
болып  өткені  мəлім.  Кеңесте  Қазақстан  Республикасының  президенті 
Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев  Ақорда  залында  ұйымдастырылған  көрмеден 
құнды  жəдігерлер  мен  көркем  туындыларды  көріп  олардың  болашақта  мəнін 
жоғалтпау  туралы  ой-пікірін  ортаға  салды.  Жан-жақты  талқылау  барысында 
бүгінгі заман талабына сай қажетті мамандар қажет екендігіне ой түрткі болды. 
Əсіресе республикамызда «реставратор» мамандығы даярлайтын бірде-бір оқу 
орыны жоқ екендігі басты назарға алынды. Елімізде білім жүйесінде əлде болса 
шешілмеген  проблемалар  баршылық  ол  көркемдік  білім  беретін  жоғарғы  оқу 
орындарында «реставрация» мамандығын даярлау мəселесі өз шешімін таппай 
келеді.  Ащыда  болса  шындық  көнекөз  құнды  мұраларымызды  қалпына 
келтіретін,  көркем  туындыларды  өз  технология  дəрежесінде  өңдеп  сапасын 
сақтауға  баса  назар  аударуымыз  қажет.  Кəсіптік  мамандар  даярлауда  əлемдік 
үрдістерді зерделей отырып бүгінгі талапқа сай жаңа мамандар əзірлеу міндеті 
тұр.  Реставрация  дегеніміз  бейнелеу  өнері  мен  сəулет  өнері  туындыларын 
бастапқы қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді.  
 
Тарихи  даму  барысында  реставрациялау  қызметі  көп  салалы  болып 
бөлінгені  аян.  Əсіресе  көне  ғасырда  пайда  болған  ескерткіштердің  түп 
нұсқасын  толық  сақтау  үшін  жан-жақты  жағдай  жасалуы  тиіс.  Осы  орайда 
көркем  туындылардың  құндылығын  жоғалтпау  білікті  кəсіби  маман 
реставратор  кəсіби  кадр  əзірлеу  еншісінде  демекпін.  Бүгінгі  таңда  Ресейде 
оннан  аса  арнаулы  реставрация  мамандар  даярлайтын  орта  жəне  жоғарғы  оқу 
орындары  баршылық.  Атап  айтқанда  Суздальдық  көркем-реставраторлықұ 
бөлімі  жəне  С.Г.  Строганов  атындағы  Мəскеу  жоғарғы  көркемсурет 
педагогикалық  университеті,  Н.Е.  Репин  атындағы  кескіндеме,  мүсін  жəне 
сəулет  өнері  академиясын  т.б.  айрықша  атауға  болады.  Дегенменде 

 
12 
реставраторлар  даярлауда  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  мен  оқу-əдістемесін 
құралдардың  жетіспеуі  назарға  алынып  отыр.  Отандық  мəдени  ескерткіштер 
мен  көркем  құнды  туындыларды  өз  деңгейінде  сақтау  үшін  зерттеуде 
реставрациялық  ғылыми  теориялық  аспектілерді  жүйелі  жүргізу  үшін  барлық 
ғылымдармен  сабақтастыруды  негізге  алған  жөн.  Суретші-реставратор  –  көне 
дəстүрлі  өнердің  көлеңкесінде  өмір  сүріп  келді.  Өйткені  реставрациямен  өз 
мүмкіндігінше  суретшілер  ғана  айналысты.  Ресейде  өз  заманында  суретші 
Андрей  Рублев  икондарды  қалпына  келтіруде  ерекше  еңбек  сіңірген. 
Шетелдерден  Ресейге  келген  кескіндемешілер  Пфанцелот  Иоганн-Фридрих 
Грот көне картиналарға реставрация жасау технологиясын енгізуде Эримэтажда 
ең алғаш рет реставрациялау шеберханасын ашқаны бізге мəлім. ХІХ ғасырда 
көркемсурет академиясында суретші мамандар мен қатар реставратор мамандар 
даярлау  мəселесі  қарастырылған.  Реставраторлардың  басты  мақсаты  –  зақым 
келген  ескерткіштер  мен  шытынап  бұзылған  картиналарды  қайта  өңдеп 
қалпына келтіруде əрбір шығарманың табиғи өз қалпын жоғалтпауға тырысты.  
 
1933  жылы  11  маусымда  өткен  еуропалық  коммерциялық  емес 
ұйымдардың  реставратор  өкілдері  қабылданған  құжатта  кəсіби  біліміне 
қолданатын  негізгі  талаптар  мен  этикалық  кодекс  ЮНЕСКО  шеңберінде 
қарастырылған «қоғамның мəн беретін объектісі көркем тарихи деректемелер, 
эстетикалық,  ғылыми,  рухани  жəне  діни-мəдени  құндылықтар»  деп  атап 
көрсетілген. Олар материалдық мəдени мұраны құрауда келешек ұрпаққа жетуі 
тиіс  делінген.  Басты  қамқорлық  консерватор  –  реставраторлар  қоғамына 
жүктелді.  Бұл  қоғам  келешек  ұрпақ  алдында  жауапты  кодекс  консерватор-
реставратор 
рөлін 
нақтылай 
түсті. 
Консерватор-реставратор 
өзіне 
жауапкершілігін ала отырып диагностикалық зерттеуді жүзеге асыруда мəдени 
құндылықты  сақтау  жағдайын  айқындайды.  Реставратор  зақымдалған  немесе 
жоғалған  мəдени  құндылықты  қамтамасыз  етуде  қайта  қалпына  келтіруде 
қызмет көрсетуі тиіс. Мұндай қағидалар Қазақстан Республикасының «Мəдени 
мұра» бағдарламасында да өз шешімін табуы тиіс деген үміттеміз. 
 
Астана  қаласында  өткен  кеңейтілген  «Мəдени  мұра»  кеңесіне  қатысқан 
Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академия ректоры Арыстанбек 
Мұхамедиұлы жаңа  мамандықтар  ашу  жайлы  оң пікір  танытты.  Осы  мəселені 
іске асыруда Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрі Жансейіт 
Қансейітұлы  Түймебаев  мырза  жаңа  мамандар  даярлауға  арнаулы  лицензия 
берді. «Мəдени мұра» бағдарламасын қолдау барысында ашылған мамандықтар 
түрлерін атап өтуді жөн көріп отырмыз.  
 
Өнертану  050416  мамандығынан  «Мəдени  мұра  ескерткіштердің  əдеби 
аудармасы»  (көне жазба). Мамандандыру, Сəндік өнер 050417 мамандығынан 
«Сəндік  өнер  шығармашылығын  реставрациялау»  мамандандыру  бөлімін  ашу 
өз  дəрежесінде  жүзеге  аспақ.  Өнер  академиясының  білікті  ұстаздары  əлемдік 
бəсекеге  қабілетті  кəсіби  суретші  мамандар  даярлауда  белсенділік  көрсетуге 
əзір.  Суретші-рчставратор  мамандандыру  даярлауға  базалық  жəне  іс-
тəжірибелік мүмкіндік баршылық.  
 
Əрине  «Мəдени  мұра»  бағдарлама  жүйесі  мемлекеттік  тұрғыдан  өз 
шешімін  табуда  қабілеті  кадрлар  даярлауға  мүмкіндікке  жол  ашты.  Қазіргі 

 
13 
ғылыми  теориялық  жаңару  барысында  негізгі  екі  конструктивтік  ой-тұжырым 
бар. Ең алғаш көнекөз мұралық құндылықтарды қалпына келтіру, сонан кейін 
көне  құнды  мəдени  мұралық  заттарды  өзінің  табиғи  технологиясымен  өңдеп 
жасау.  Осыған  байланысты  реставрациялық  ғылымды  қалыптастырудың 
мүмкіндіктерін  үш  жағдайда  қарастыруға  болады.  Біріншіден  қайта  жаңарту 
əдістері  мен  идеялары,  екіншіден  қайта  жаңартудағы  іс-тəжірибелік 
мүмкіндіктері,  үшіншіден  практикаға  асырудағы  сəйкестікті  атауға  болады. 
Реставрациялаудың  ғылыми  əдісін  қарастыруда  көне  көркем  туынды  да 
қолданған  материалдар  мен  əдіс-тəсілдерді  жете  зерттеп  меңгеру  арқылы 
реставрациялау  мамандығын  əзірлеуде  кəсіби  суретшілікті  басшылыққа  ала 
отырып (химия, физика, биология) ғылымдарымен пəн аралық байланыс жасау. 
Реставрация жасаушы маман сəндік қолданбалы заттармен кескіндеме өнерінің 
тарихи күйін қалпына келтіруде өте мұқият зерттеуі тиіс. Реставратор суретші 
мамандығын  даярлауда  Ресей  оқу  орындарының  іс-тəжірибесіне  сүйінуіміз 
керек.  Ең  алдымен  практикалық  іс-тəжірибе  жүргізуде  өнер  мұражайларының 
қорларындағы  құнды  материалды  зерттеп  меңгеру,  сараптау  жүйесі  басты 
назарға  алынуы  тиіс.  Өнер  оқу  орны  Республикамыздағы  музей-
мұражайларымен  бірлесе  отырып  ортақ  мүддеде  жұмыс  істеуі  қажет.  Əсіресе 
Ресейде  жарық  көрген  мына  əдебиеттерді  мүмкіндігінше  пайдаланған  жөн. 
Атап  айтқанда  Д.И.  Киплика  «Кескіндеме  жəне  оның  құралы»  (1908  ж.),  В.А. 
Щавинского  «Көне  картинанын  материалы  туралы»  (1908  ж.),  П.Я.  Агеева 
«Кескіндеме  бойынша  техникалық  естеліктер,  Көне  жəне  орыс  икона 
жазушылардың  бояулары»  (1886  ж.),  Ф.Ф.  Петрушевского  «Кескіндемедегі 
бояулар»  (1891  ж.),  Е.В.  Кудрявцев  «Картина  реставрациялау  техникасы»  (М. 
1948  ж.),  В.В.  Филатов  «Орыс  қондырғылы  темпералық  кескіндемесі. 
Реставрация жəне техника» (М. 1961 ж.), Н.Н. Семенович «Музейлік маталарды 
қалпына  келтіру.  Теория  жəне  технология».  (Л.  1961  ж.)  т.б.  оқулықтарды 
ұтымды қолдануымыз қажет.  
 
Ең  алғаш  көркемсурет-технологиялық  анықтамалар  ХVІ  ғасырда 
Аугсбург,  Лейпциг,  Франкфурт  баспаларынан  1531-1535  жалдары  жарық 
көрген.  Содан  бері  тізбектеліп  ара  үзіп  əртүрлі  мемлекеттен  шыққан 
реставраторлар  жайлы  əдебиеттердің  тізімін  жүйеге  келтіру  арқылы  ғылыми 
сараптамалар  жасап,  іріктеп  ең  қажеттісін  практикалық  іс-тəжірибеде 
қолдануға  мүмкін  жасауымыз  керек.  Қазақ  ұлттың  өнер  академиясы  қабілетті 
мамандар  даярлауда  үлкен  сүрлеу  жолына  түсіп,  бəсекелес  елдер  қатарлы 
мамандар даярлауды көздейді. Шын мəнінде үлкен өмірге жаңаша көзқараспен 
бет  алуда  ұлттық  құндылықтарымызды  реттейтін  əрі  өз  қалпына  келтіруге 
ерекше  үлес  қосатын  «реставратор»  даярлау  бүгінгі  күннің  мəселесі.  Құнды 
көркеммұраларымыз  ата-бабаларымыздың  берген  сыйы  болғанымен  қаз 
қалпында сақтап өміршең етуі өскелең ұрпақ қолында. Руханилыққа жетудің ең 
игілікті жолы мəдени құндылықты меңгеру болып табылады. Қайткен күнде де 
біз қазақ өркениетінің өзіндік болмысын мəдени мұрасы арқылы тани аламыз. 
Болашағын ойлаған ел ғана ұлттық мұрасын сақтай алады демекпін. 
 
 

 
14 
Əдебиеттер: 
1. Х. Маданов; Қазақ мəдениетінің тарихы. Алматы, 1998 
2. М. Орынбеков; Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1996 
3. М. Дүйсенов; Сағанатас сырлары. Алматы, 1992 
4. А. Сейдімбеков; Күңгір-күңгір күмбездер. Алматы, 1981 
 
 
 
 
С
. . Аманжолов 
Л.Н. Гумилев атындағы Е)У, кафедра ме*герушісі, 
«Жас Суретші» зертхана ме*герушісі, 
педагогика ғылымдарыны* докторы, профессор 
 
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ АРНАЙЫ ҒЫЛЫМИ, ОҚУ-
ƏДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ 
 
Егемен  еліміздің  көркейіп  дамуына  ғылымның,  білімнің  жəне  өнердің 
қосатын  үлесі  ерекше.  Қазіргі    қоғамдағы    мамандар  бəсекелестігіне  төтеп 
беретін  жан-жақты  өнерлі,  мəдениетті,  жоғары  білімді  маман  дайындау  басты 
мəселеге  айналып  отыр.  Мемлекетіміз  қазір  рухани  байлығымызға,  ертеңгі 
ұрпақ мəселесіне баса назар аударуда. Бүгінгі мектепте отырған оқушыларымыз, 
біздің  еліміздің  болашағы,  мемлекетіміздің  ертеңгі  тізгінін  алатын  азаматтары 
деп  қарауымыз  қажет.  Ендеше  біздің  жастарымызға  берілетін  білім  сапасы  да 
өте жоғары болуы тиіс, ол үшін, отандық білім беру жүйесін əлемдік білім беру 
үрдісіне  сəйкестендіруіміз  керек,  бұл  қазіргі  заманның  қойып  отырған  талабы. 
Орта  мектепте  өтілетін  басқа  пəндермен  қатар,  бейнелеу  өнері  сабағына  деген 
дұрыс  көзқарас  қалыптастыру,  оқытудың  озық  тəжірибелерін  қолдану,  ұлттық 
құндылықтарымызға  деген  жастардың  қызығушылықтарын  арттыру,  оның 
қазіргі таңдағы мақсаттары мен міндеттерін айқындау біздің борышымыз. 
Баланы, əсiресе бастауыш сыныптан бастап, бейнелеу өнерiне жүйелі түрде 
оқыту,  қашанда  мемлекеттің  кезек  күттiрмейтiн  мiндеттерiнің  бiрi  болып 
табылады.  Ұлы  Абай  атамыздың  33  қара  сөзiнде  өнер  жайлы  былай  делінген: 
«егер мал керек болса, колөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. 
Алдау  қоспай,  адал  өнерiн  сатқан  қолөнерлi  -  қазақтың  əулиесi  сол».  Əулие 
деген  қазақтың  түсiнiгiнде  ең  құдiреттi,  қасиеттi,  киелi  адам  деген  мағынаны 
бередi.    Бұл  қара  сөзiнде өнердi, жалпы өнер адамын  қазақтың  қастерлi  адамы 
деп əулиеге теңеп  отырғаны     тегіннен тегін емес. Мысалы, өнерлi адамдар өз 
қолдарымен  жасаған  əдемi  заттарын  киелi  деп  қастерлеп,  төрге    қойып,  оны 
өзiнiң  өсiп  келе  жатырған  балаларына,  немерелерiне  мұра  қылып  қалдырып 
отыратынын  білеміз.  Бұл  дəстүр  бiздiң  елiмiзде  ғасырдан  ғасырға  жалғасын 
тауып  келеді.  Соңғы  уақытта  елiмiзде  Ел  басымыз  Н.Ə.Назарбаевтың 
қолдауымен  халқымыздың  “Мəдени  мұрасына”  ерекше  көңiл  бөлiнiп,  теңдесі 
жоқ жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Еліміздің мəдени мұрасы-орны толмас құнды 
рухани,  мəдени,  экономикалық  жəне  əлеуметтік  қазына.  Бұл    ісіміздің 

 
15 
маңыздылығы  сол,  ол  біздің  болашақ  жастарымыздың  бойына  ұлтжандылық, 
отансүйгіштік  сезімдерін  қалыптастырады.  Техника,  космос  тағы  басқа  
салалардағы жетістіктерді басқа озық елдерден барып үйреніп қайтуға болар, ал 
ұлттық  өнерімізге,  ұлттық  салт-дəстүрімізге  байланысты  тарихи  деректерді 
оқып  үйренуге  мүмкіншілік,  тек  өзіміздің  елімізде  ғана,  оны  ешқандай  озық 
мемлекет  өзімізден  артық  зерттеп,  өзімізден  артық  көрсете  алмайды.  Біздің 
елімізде  Мəдени  мұраның  маңыздылығына  мəн  беріп,  зерттеуді  қолға 
алғанымыз,  шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болуда. Мəдени 
мұра  бағдарламасының  əрі  қарай  жүйелі  түрде  іске  асырылу  құқығына  ие 
болуы,  барлық  елге  өнегелі  іс  болуда.  Бұл  біздің  егемен  еліміздің  болашағына 
деген  ұлтжандылық  көзқарасымыздың  бiр  керемет  айғағы  деп  бағалауымыз 
қажет.  Қазiргi  егемен  ел  болып,  керегемiз  бекiп  жатырғанда,  өнерге 
жанашырлық  жасау  арқылы  біздің  жастарымызға  ұлттық  өнерімізді  жеткізе 
білу,  əрбір  қазақ  азаматының  парызы.  Ұлттық  өнерімізді  жастарға  үйрететін 
негiзгi  салалардың  бiрi  –  бейнелеу  өнерi  болып  саналады.  Бейнелеу  өнерiнің 
маңыздылығы  сол,  ол  адамның  өткен  уақыттағы  жəне  өзі  өмір  сүріп  отырған 
ортасының  əсемдiгiн  өнер  тұрғысынан  түсiнуiне,  эстетикалық  талғамының  
дұрыс  қалыптасуына  жол  көрсететiн  ең  алғашқы  білім  болғандықтан,  өзінің 
ерекше  мақсаты  мен  міндеттері  бар.  Сурет  салуды  сүю  деген  –  ол  өмiрдi, 
табиғатты,  айнала  қоршаған  ортаны  сүю.  Ол  адамның  ақыл-ойын,  парасатын 
өсiредi,  танымын  кеңейтедi,  iзгiлiкке,  əсемдiкке  үйретедi.  Өмiрде  кездесетiн 
келеңсiз  құбылыстармен  күресуге  баланы  тəрбиелеп,  халқына,  елiне,  жерiне 
деген  сүйiспеншiлiкке  баулиды.  Бейнелеу  өнері  қашанда  қамқорлықты,  оған 
асқан  жауапкершiлiкті,  жанашырлықты  əрқашанда    қажет  ететiнi  белгiлi.  Осы 
бейнелеу  өнерiн  жүйелi  оқыту,  оған  баланы  жастайынан  баулып  тəрбиелеу  iсi 
баршамыздың  алдымызға  байыпты  мiндеттер  қойып  отыр.  Қазiргi  дамыған 
заманда бəсекеге қабілетті, бiлiмдi, өз iсiнiң маманын тəрбиелеп шығару басты 
мақсатымыз.  Бейнелеу  өнерiнің  қарапайым  заңдылықтарына  мақсатты  жəне  
жүйелі  түрде    үйрету  мектеп  қабырғасынан  бастап  жүзеге  асырылады. 
Сондықтан,  сабақты  сапалы,  қызықты  өткiзу,  балалардың  өнерге  деген 
қызығушылығын,  сүйiспеншiлiгiн  арттыру  тiкелей  пəн  мұғалiмiне  ғана 
байланысты.  Бейнелеу  өнерi  сабағының  қоғамдағы  алатын  орны  өз  алдына 
ерекше. Бейнелеу өнерi сабағының негізгі мiндетi – балаларға бейнелеу өнерiнiң 
барлық  түрлерiнен  жалпы  мағлұмат  беру,  қарапайым  заттардың  суреттерiн 
бейнелеудi  меңгерту,  өмiрдегi    əдемi  мен  жаманды  ажырата  бiлудi  үйрету, 
ұлттық өнерімізді оқыту арқылы оқушылардың ұлттық, эстетикалық сезімдерін 
қалыптастыру.  Əрбiр  оқушы  бейнелеу  өнерi  сабағы  арқылы  өзiн  қоршаған 
ортадағы  заттардың    əдемiлiгiн,  табиғаттың  əсемдiгiн  жəне  осы  əдемiлiктердi 
көрiп  сезiну  арқылы  өзiнiң  шығармашылық  қабiлетiн  жетiлдiре  алады.  Əрине 
бұл  қабiлеттiлiк  пен  тəрбиені  əрбір  оқушыға    дарыту,  бір  ғана  сабақтың 
нəтижесінде жүзеге асырылмайды, оған уақыт қажет, сондықтан бұл өз ретiмен 
жүретiн  процесс.  Бейнелеу  өнерi  сабағында  əрбір  оқушы  өздерiнiң  көру,  есте 
сақтау,  ойлау  жəне  қиял  түйсiктерi  арқылы    берілген  тапсырмалардың  немесе 
тақырыпқа  байланысты  табиғат  құбылысының  түрлі    қасиеттерiн    бейнелеуге 
мүмкiндiк алады. 

 
16 
Біздің    қолданып  жүрген  бейнелеу  өнерiнің  əдiстемелiк  нұсқаулары  мен 
оқулықтарында  осындай  ерекшеліктер  ескерілуі  қажет.  Біздің  жаңа 
оқулықтарымыздағы  тапсырмалар  бiр  ғана  бағытта  жазылуда,  ол  балаға  тек 
бейнелеу  өнері  тапсырмаларының  түрлерi  бойынша  сурет  салғызуды  үйретуге 
арналған.  Қазiргi  талап  бойынша  мектеп  мұғалiмдерiне,  балалардың  жас 
ерекшелiктерiнің ғылыми негіздеріне, байланысты берілетін   тапсырмалардың 
көлемі  мен  мазмұнын    жəне  оқыту  жолын  көрсететiн  оқу  құралдары  қажет. 
Балалардың  салған  суреттерін  зерттеген  орыс  ғалымы  В.Бакушинский  
балалардың  сурет  салуды  меңгеруі,  ата  тегіне  байланысты,  егерде  ата  тегінде 
суретші  болмаса,  ондай  балалар  ешуақытта  сурет  салуды  меңгере    алмайды, 
оларды  үйретіп  қажеті  жоқ  десе,      бастауыш  сынып  оқушыларына,    тек  еркiн 
тақырыпқа  байланысты  тапсырмаларды  ғана  берген  дұрыс,  өйткені  жас 
балаларға  сурет  салудың  техникаларын  ерте  үйретiп  қажетi  жоқ,  немесе 
бастауыш сынып оқушыларының кейбір салған суреттерiн құр «шимай сызық» 
деп  баланың  суретiне  немқұрайлықпен  қарап  келгенімізді  білеміз.  Атақты 
орыстың  психологы,  оқушылардың  сурет  салу  мүмкіншіліктерін  зерттеген   
Е.И.Игнатьев  осындай  пiкiрлердiң  пайда  болуының    басты  негiзi,  ол  баланың 
салған  суреттерiнiң  ғылыми  негiздерiн  толық  түсiнбеушiлiктен  дейді.  Жалпы 
орта  мектепте  пəн  мұғалiмнiң  басты  назары  сурет  салуға    икемi  бар  балаларға 
ғана  аударылып,  орташа,  төмен  балалар  ескерілмей  қалуда.      Бұл  мəселенің 
əртүрлі себептері бар,  біздің ойымызша, негізгі себебі болашақ  бейнелеу өнері 
жəне  сызу  мұғалімдерін  дайындауда  бейнелеу  өнеріне  байланысты 
шығармашылық  психология,  баланың  сурет  салудағы  психологиялық 
ерекшеліктері,  бейнелеу  өнеріне  байланысты  ғылыми  негіздерінің  терең 
оқытылмайтындығы.  Астана  қаласының  Білім  басқармасының  бастығы 
Т.Бимендинаның  келісімімен  жəне  Астана  қаласында  эстетикалық  бағыттағы 
№61  орта  мектептің  директоры,  суретші-ұстаз  Ұ.Арқабаеваның  қолдау 
көрсетуімен,  2009  жылы  қараша  айында  бейнелеу  өнері  сабағын  оқытуды 
жетілдіру,  мектеп  ұстаздарын  ғылыми  жұмысқа  бейімдеу,  ғалымдар  мен 
əдіскерлерді  бірлесіп  жұмыс  істеуге  жұмылдыру  жұмыстарын  жүзеге  асыру 
мақсатында    «Жас  суретші»  ғылыми,  оқу-əдістемелік  зертхана  аштық.. 
Зертхананың  3  жылдық  жоспары  жасалды.  Зертханаға  жоспар  бойынша 
Қазақстандағы  бейнелеу  өнерін  оқыту  əдістемесіне  байланысты  ғылыми 
жұмыстарымен  танымал  ғалымдар,  мектеп  ұстаздары,  магистранттар  мен 
студенттер  қатыстырылды.    Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университеті  Бейнелеу  өнері  жəне  сызу  мамандығының  3-4  курстарының 
студенттері  осы  зертхана  арқылы  арнайы  педагогикалық  практикаларын  өтеді. 
Жыл  соңында арнайы  зертхананың отырысы  өткізіліп,  онда  зертхананың  əрбір 
мүшесі жылдық есбін береді. Əрбiр денi сау бала бейнелеу өнерiн орта мектеп 
деңгейiнде толық меңгерiп шыға алатынын  бiздiң жүргiзген көп жылғы ғылыми 
–  iзденiс  жұмыстарымыздың  нəтижелерi    де  дəлелдеп  бердi.  Бұл  жерде  мына 
мəселенi  есте  сақтауымыз  қажет,    біріншіден,  орта    мектепте  бейнелеу  өнерiн 
оқыту  тапсырмалары  болашақ  кəсiпқой  суретшiлер  дайындауға  арналмаған, 
екiншiден, ондай мiндеттi мектеп деңгейiнде шешуге ешқандай да мүмкiншiлiк 
жоқ,  дегенмен,  жалпы  орта  білім  беру  стандартының  талабына  сəйкес  білім 

 
17 
беруге міндеттіміз. Болашақта   жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң 12 жылдыққа 
көшуi  туралы  дайындық  жұмыстары,  басқа  пəндер  сияқты,  бейнелеу  өнерiн  
оқытудың жаңа ұлттық бағдарламасы мен жаңа буын оқулықтарын дайындауды 
мiндеттеп отыр.  Қазiргi жахандану заманында Бейнелеу өнері сабағына аз сағат 
бөлінуі,  мектептерде бейнелеу өнерi сабағының толық пəн ретiнде жүргiзiлмей 
қажетсiз  сабақ    ретiнде  қалып  қоятыны,  сабақты  арнайы  білімі  жоқ 
мамандардың    жүргізуі  өкiнiштi  жағдай.  Біздің    мектеп  пəндеріне  деген 
көзқарасымыз  саясатпен  санасып  қалатын  сияқты,  қоғамда  техникалық  білімді 
жетілдіру  керек  десе,  мектепте  техникалық  мамандыққа  қажетті  пəндерге 
қосымша  салат  беріліп  жатады.  Мысалы,  адам  денесіндегі  мүшелерінің 
əрқайсының  орындайтын,  атқаратын  өз  міндеттері  бар,  егерде  денесінің  бір 
мүшесі кем болса, ол адам мүгедектер қатарына жатқызылады. Міне мектептегі 
оқытылатын пəндердің барлығы да осындай адамға білім, тəрбие беруде қажетті 
деп  санауымыз  керек.  Өнер  сабақтарына  мəн  бермеуімізден,  бiз  болашақ 
жастарымыздың рухани, адамгершілік сезімдерінің таяз болуына қандай ықпал 
жасайтынымызды  сезбеймiз.  Орта  мектептерде  өтiлетiн  басқа  сабақтар  мен 
қатар  бейнелеу  өнерi  де  толық  жүйелi  түрде  жүргiзiлуi  тиiс  –  ол  қазіргі  өмiр 
талабы. Көркемдiк тəрбие беруде бейнелеу өнерiнiң тағы бiр негізгі атқаратын 
мiндетi  –  ол  əрбiр  баланың    бойына  мəдениеттілікті  қалыптастыру,    табиғи 
қабiлетiн  дамыту,  соған  қолдау  жасау,  болашақта  суретшi  мамандығын 
меңгермесе де, өмiрге қажетті қандай да болмасын мамандықтың білікті маманы 
болып шығуына ықпал жасау. 
Бейнелеу  өнерінің  қоғамға,  жеке  адамның  білікті  маман  болып 
қалыптасуына    қаншалықты  үлесі  бар  екендігі  туралы  көп  мысал  келтiруге 
болады.  Атақты  Кеңес  одағының  3  дүркiн  батыры,  ұшқыш  Иван  Кожедуб 
мектеп  қабырғасында  сурет  сабағының  дұрыс  жолға  қойылуының  арқасында, 
сурет салуды жақсы меңгергендігі, көз өлшемінің қалыптасуына көп əсер беріп, 
жаумен соғысу кезiнде   көз өлшемiнің көп көмегi тигенiн үнемi мақтанышпен 
есiнен  шығармаған.  Аты  əлемге  танымал  авиаконструктор  А.С.Яковлев  те  осы 
бейнелеу  өнерiнiң  арқасында  жеткен  жетiстiктерiне  байланысты:  мен  тағы  бiр 
нəрсе  үшiн  мектепке  дəн  ризамын,  онда  сурет  салу  жақсы  жолға  қойылған 
болатын. Сурет сала бiлгенiм, менің болашақ мамандығымды таңдауыма себеп 
болды  дейді.  Өйткенi  инженер-конструктор  əлде  қандай  машина  жасауды 
ойластырған  кезде,  ол  өзiнiң  болашақ  туындысын  егжей-тегжейлi  көз  алдына 
келтiруге тиiс жəне оның бейнесiн қарындашпен қағаз бетiне түсiре бiлуi керек. 
Белгілі географ А.Половкин тiптi «география жəне сурет салу» деп аталатын бiр 
тұтас  кiтап  та  жазған  екен.  Осындай  бейнелеу  өнерiнiң  өмiрге  қажеттiлiгi, 
адамды ауыруынан емдеуде қолданыс тапқаны туралы айтылған хирургтардың  
жəне  тағы  басқа  да  мамандық  иелерiнiң  ойлары  дəлел  бола  алады.  Бейнелеу 
өнерінің  қоғамдағы  маңыздылығына  келетін  болсақ,  бейнелеу  өнері    əр  салада 
тиімді  қолданыс  тауып  жатыр.  Қазiргi  кездерi  сурет  салғызу  арқылы  ауыруды 
емдеу,  психотерапиялық    əдiстердiң  бiр  түрi  ретiнде  пайдаланылып  келеді. 
Адамның мінезінде қандай психологиялық ауытқулар бар екенін анықтау үшін 
де, сурет салғызу арқылы зерттеу жұмыстары кейінгі кезде көптеп жүргізілуде. 
Бейнелеу өнерін меңгеру, əрбiр оқушының сурет салудағы біліктілігін дамытып 

 
18 
қоймай,  адамның  рухани  жəне  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастырады,  жалпы  
егемен еліміздің өркендеп дамуына  зор əсерін тигiзедi. 
Сондықтан  орта  мектепте  бейнелеу  өнерiн  оқыту  кезiнде  тəрбие  мен 
оқытудың бiрлiгi, тек педагогикалық жағын емес, адамның мəдени құндылығын 
мағыналы түрде арттырады.   
Ал  қазiргi  уақытта  жастардың  бойында  кəсібилік,  белсенділік,  креативтік, 
бəсекеге  қабілеттілік,  патриоттық,  экологиялық  тəрбиелердi  қалыптастыру  əр 
мемлекеттің  басты  міндеті.  Осы  міндеттердің  орындалуына  себебін  тигізетін  
пəндердiң  бiрi  -  бейнелеу  өнерi.  Сондықтан  орта  мектепте  бейнелеу  өнері 
сабағының  өз  деңгейiнде  жүргiзiлуiне  мəн  беріп,  асқан  жауапкершілікпен 
қарауымыз  қажет.  Сапалы  өтілген  бейнелеу  өнері  сабағынан    жастарымыз 
қоғамдық  орындарда  мəдениетсіз  қылықтарға  бармайды,  нашақорлық  індеті 
белең  алып  отырғанда  бейнелеу  өнерінің  қосымша  үйірмелерінің  қажеттілігі 
қазір  өте  маңызды.  Мысалы,  бейнелеу  өнерімен  айналысатын  оқушылар,  сая 
бақтардағы  жақсы  нəрсенi  сындырып  кетуге,  көпшілік  орындарда  шемішке 
шағуға,  түкіруге,  əдемi  заттың  бетiн  сызуға,  бүлдiруге,  былапыт  сөз  айтуға 
бармайды,  қарапайым  мəдениеттiлiктерден  жұтаң  болмайды.  Бейнелеу  өнерi 
сабағында  пəн  мұғалімі  оқушыларға  сурет  салғызуды  ғана  үйретумен 
шектелмей,  тəрбиелік  мағынада  үнемі  əңгіме  айтып  отыру  қажет.  Бейнелеу 
өнері  бойынша  оқытудың  жаңа  технологияларын  кеңінен  қолдануға  іздену 
жұмыстары  жоспар  бойынша  «Жас  суретші»  ғылыми,  оқу-əдістемелік 
зертханасында жүргізіліп жатыр.      
Бейнелеу  өнерінің  туындылары  қоғамда  эстетикалық  тəрбиенiң  негiзгi 
құралы  болып  есептелiнедi.  Лувр,  Эрмитаж,  Орыс  мұражайы,  А.С.Пушкин 
атындағы  Бейнелеу  өнерінің  мұражайы,  Третьяков  галереясы,  Ə.Қастеев 
атындағы бейнелеу өнерінің мұражайларындағы ертеден бастау алған Бейнелеу 
өнерiнің  ғажайып  туындылары,  оның  орындалысы,  шынайлылығы,  қолданған 
бояулардың  үйлесімділігі,    əсемдiгi  адам  баласын  осы  уақытқа  дейiн 
тамсандырумен келедi.   Бұл бейнелеу өнерінің  киелілігі. 
Қазір  батыстың  жеңіл  мазмұнды,  сапасы  төмен,  мағанасы  жоқ, 
композициялық  шешімі  таяз,  бейнелеу  өнерінің  заңдылықтарын  сақтамаған 
жұмыстарына еліктеген өзінше «туынды» деп атап жүрген жұмыстарға еліктеу 
белең  алуда.  Көрмелерде  осындай  жеңіл  жұмыстарға  мəн  бере  бастаған 
сияқтымыз.  Сондықтан  орта  мектеп  қабырғасынан  бастап,    бейнелеу  өнерiн 
оқыту  мен  ұйымдастыруды жетілдіруіміз  қажет.  Ол  үшін, мектептегі  Бейнелеу 
өнерi  сабағын  басқа  мамандықтың  мұғалімдері  өткізуге  тиым  салынуы  керек, 
бейнелеу  өнері  сабағына    бөлiнген  сағаттарды        математика,  тiл  сабақтарын 
терең оқыту үшін,  қосымша сағат ретiнде пайдалануға жол берілмеуі қажет.  
Қоғамда  қалыптасқан  Бейнелеу  өнерi  мұғалiмiне  деген  көзқараста  көңiлдi 
көтермейдi. Мектепке келген Бейнелеу өнерінің мұғалімі, ол сол мектептiң тегiн 
безендiрушiсi, оның қолынан бəрi келедi, мектеп аралық көрмеге қатысуда, сол 
мектептiң  намысын  қорғап,  барлық  жұмысына  жауап  беретін  жалғыз  мұғалiм. 
Мұғалімнің  күнделікті  сабаққа  дайындалуына,    тұрмыс  жағдайына, 
шығармашылықпен  айналысуына  уақыты  болмайтынына  біз  мəн  бере  
қоймаймыз. 
Əрбір 
жаңа 
сабаққа 
дайындалуға 
мұғалiмнiң 
уақыты 

 
19 
жетiспейтiндiктен,  сабақ  сапасыз,  қызықсыз  өтiледi.  Көне  грецияның 
суретшiлерi  мен  ойшылдары  сурет  салу  тек  қана  қол өнердi дамыту  үшiн ғана 
қажет  емес,  жалпы  бiлiм  мен  тəрбие  беруге  қажет  деп  есептеген.  Бейнелеу 
өнерiнің      балаларға  жастайынан  эстетикалық  тəрбие  беретiн  құрал  екенiн 
дамыған елдердiң барлығы түсiнген, оның iшiнде жапон елi жəне батыс еуропа 
елдерi күнi бүгiнге дейiн  оған көп көңiл бөлетiнiн жиi ұйымдастырып отыратын 
балалардың  көрмесiнен  айқын  көруге  болады.  Шет  елдерде  балалардың 
суреттерiнен  халықаралық деңгейде көрме ұйымдастырылып тұрады жəне оны 
тамашалауға  өнер  сүйер  қауыммен  бiрге  ғалымдар,  жазушылар,  кəсiпқой 
суретшiлерде  қызығушылық  танытады,  оның  өзiндiк  себебi  бар.  Бұдан  жалпы 
бейнелеу  өнерiнiң оның  iшiнде  балалар  суреттерiнiң өмiрдегi  алатын  орнының 
ерекше  екенiн  түсiнуге  болады.  Ресейдiң  өзiнде  балалардың  суретiне  деген 
көзқарас  ерекше.  Бала  суретін  зерттеуге  арналған  екi  ғылыми  зерттеу 
зертханасы  Кеңес  одағы  кезiнен  бастап,  əлi  күнге  дейiн  жұмыс  iстеп  келеді. 
Бірінші  зертхананы  педагогика  ғылымдарының  докторы,  Ресей  бiлiм 
академиясының  академигi  В.С.Кузин,  екiншiсiн  Кеңес  одағының  халық 
суретшiсi, академик Б.Неменский басқарады. Зертханаларда балалар суреттерiн 
зерттеп  жүрген  атақты  ғалымдар  мен  тəжiрибелi  əдiскерлер  еңбек  етедi.  Алға 
қойған  мақсаттары  –  бəсекелестiк  негiзiнде  бейнелеу  өнерiн  оқытуға 
байланысты жаңа   оқыту əдiстемесiн дайындау, оны ғылыми негiзде дəлелдеп, 
түрлi  оқулықтар,  оқу-əдiстемелiк  нұсқаулар  мен  оқу  бағдарламаларын 
құрастыру,  арнайы  бөлінген  мектептерде  тəжiрибелер  өткiзу  арқылы 
министрлiктiң қолдауымен оқу процесіне қолданысқа енгiзу. Осындай мəселенi 
қолға алу мақсатында біздің «Жас суретші» зертханамыз жұмыс істеп жатыр.   
     Бейнелеу 
өнерi  сабағын  бастауыш  сыныптарда  оқытудың  өзiндiк 
ерекшелiктерi  бар.  Егемендiк  алғаннан  бастап,      бейнелеу  өнерiн  орта 
мектептерде оқытуға  арналып жазылған жаңа буын оқулықтар басылып шықты. 
Бұл  оқулықтардағы    берiлген    тапсырмалардың  көпшілігін    балалар      көшiрiп 
салу  жолымен  орындайды.  Қазіргі  таңда  біз  балалардың  өздері  ойлап  шешім 
жасай  алатын  тұлға  етіп  тəрбиелеуіміз  қажет  екенін  ескеретін  болсақ,  бұндай 
тапсырмалар  балалардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуғак  ері  əсер  береді. 
Оқушыларға  арналған  арнайы  жұмыс  дəптерлерiнде  мысалы,  затқа  қарап  салу 
тапсырмаларын  4  түрлi  кезең  арқылы    салу  жəне  оны  қандай  бояу  түрлерiмен 
бояу  қажет  екендiгiн  көрсететiн  бейнелеу  жолдары    ұсынылған.  Осы  
көрсетiлген  тапсырмаларды  орындаған  оқушылардың  жұмыстарына  талдау 
жасау  барысында,  сыныптағы  оқушылардың  көпшiлiгi    тапсырмаларды 
ешқандай  ойланбастан,  қалай  болса  солай,  сол  қалпында  көшiре  салатынын 
аңғардық. Бұның негізгі себебi, 4 түрлі кезеңмен салудың жолдарын оқушылар 
не  үшiн  қолдану  керектiгiн  толық  түсiнбеуінен.  Сурет  салу  кезінде  оқушылар 
қосымша  сызықтарды  қолдану  арқылы  бейнелеуді  толық  білмейді.  Қосымша 
сызықтарды  қолдану  заңдылықтарын  балаларға    тек  сабақ    жүргiзушi  мұғалiм 
ғана  түсiндіре  алады,  мысалы,  тақтаға  жаңа  тапсырманы  орындау  жолдарын 
мұқият түсiндiру барысында. Оқушының сурет салуға қызығушылығын оятуда, 
кейбiр  балаларға  дайын  суреттен  қарап  көшiрiп  салудың  да  тигiзетiн  пайдасы 
бар екенін Ресей ғалымдары дəлелдеген.  Көшіріп салу əдісін үнемі қолдануды 

 
20 
əдетке айналдырса,  баланың қиялы, ойлауы, еске түсiру процестерi жəне жеке 
даралық  қабiлеттерi  дамымай  тежелiп  қалатын  көрінеді.  Белгiлi  балалар 
суреттерiн зерттеушi  орыс психологы Е.И.Игнатьев балалардың көшiрiп салуға 
дағдылануын  зерттеу  нəтижесінде  мынадай  қортындыға  келген.  «Егерде  орта 
мектепте  балаларға  сурет  салуды  үйрету    тек    көшiрiп  салу  жолымен 
жүргiзілетiн  болса,  онда    балалардың  жалпы  қабiлетi  бастапқы  мектепке 
келгендегi деңгейiнде қалып, жоғары  көтерiлмейтiнiн анықтаған». /2 / 
     Бұл  жерде  басты  ескеретiн  мəселе,  ол  бейнелеу  өнерi  сабағындағы 
тапсырмаларды орындау, басқа оқитын пəндерге қарағанда шығармашылықпен 
жүзеге асырылатынын жəне сабақты жүргізудегі қолданатын   оқыту əдiстемесi 
айрықша болатынын түсiну. Сурет салуды жетілдіруде маңызды мəселенің бірі, 
сыныптағы  оқушылардың  қабiлетiне  қарай  тапсырма  құрастыру,  бiз  қазiргi 
оқулықтарда арнайы көркем өнер мектептерiнiң өнерге бейiмi бар балаларына 
арналған  күрделі  тапсырмаларын  оқулыққа  енгіздік,  бұдан  тапсырмалардың  
бірізділігі  бұзылды  жəне  күрделендiрілдi.    Осындай  мəселелердi  жаңа  оқулық 
дайындау  барысында  қайталамас  үшiн,  авторлар  оқу  құралындағы 
тапсырмаларды  балалардың  жас  ерекшелiктерiне  байланыстыра  білуі  қажет. 
Мектеп  мұғалiмi  балалардың  сурет  салу  қабiлеттерiнiң  ғылыми  негiздерiн 
түсiнiп,    баланың  салған  суретiн  бағалау  кезiнде  оның  табиғи  мүмкiншiлiгiн 
ескерiп, əрбiр салған баланың суретiн шығармашылық туынды ретiнде қарауын 
басты  назарда  алуы  ең  негізгі  талап  болып  саналады.  Əрбiр  сыныпта  өтiлетiн 
бейнелеу өнерi пəнiндегi затқа қарап салу, тақырыпқа байланысты композиция 
орындау,  сəндiк  сурет  сабақтарында  берiлетiн  тапсырмалар,  бiр-бiрiмен  өзара 
байланыста болуы басты шарт. Осындай талаптарды жоғары деңгейде орындау 
пəн  мұғаліміне  тікелей  байланысты.  Қазіргі  ұлттық  білім  беру  жүйесіне 
қойылып  отырған  мəселелерді  айқындау  мақсатында  сəуір  айының  соңында 
Астана  қаласында  2008  жылы  ашылған  эстетикалық  бағыттағы  түңғыш  №61 
орта  мектепте  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім  академиясы,  Л.Н.Гумилев 
атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті,  Астана  қаласының  Білім  басқармасы, 
Астана  қалалық  Білім  беру  жүйесіндегі  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жəне 
қайта  даярлау  институтымен  бірлесе  отырып  «Мəдени  мұра»  ұлттық 
Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет