Қазақстан Республикасы Білім және ғылым


АҚБЕРЕН, АЛҒЫР МІНЕЗ ДИХАН – МЕНМІН!



бет22/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114

АҚБЕРЕН, АЛҒЫР МІНЕЗ ДИХАН – МЕНМІН!




Е.М. Қайыров


Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Павлодар қаласы
Бабалар сөзін, бабалар ізін, бабалардан қалған асыл мұраларды жинақтап, сақтап, өскелең ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелеуде ерекше орын алып, өңіріміздің әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосып жатқан республикамыздағы бірден бір музейлердің бірі – Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі. Биылғы жылы музей қоры тағы да құнды жәдігерлермен толықты. Жақында музей қызметкерлері Алматы қаласына арнайы іс сапармен барып, Қазақстанның халық жазушысы, драматург, ақын, композитор, журналист, соғыс ардагері Дихан - Баба Әбілевтің кабинетіндегі жиһаздарын, қолжазбалалары мен жеке заттарын әкелді.

Алымы зор, әдебиет майданының ерен жүйрігі, Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мойылды қыстауында дүниеге келген.

Дихан баба әдеби кітаптарды оқуға, өлең жазуға бала жасынан құмартты. Оның тұңғыш өлеңі «Қызыл әскерге» 1926 жылы «Қазақ тілі» газетінде, алғашқы әңгімесі «Сырлы шкафтың сыры» 1928 жылы

«Әдебиет майданы» журналында жарияланған.

Семей қаласында ауылшаруашылық техникумында оқып жүрген шағында 1927-28 жылдары губерниялық «Жаңа ауыл» газеті редакциясында істейтін белгілі ақын Сәбит Дөнентаевқа өлеңдерін

апарып көрсетіп, Сәбит Диханға өлең жазу жөнінде ақыл-кеңесін беріп тұрған.

Сол газет беттерінде жарық көрген «Кооператив», «Дәулетбай мен Дәмеш» өлеңдері Сәбит Дөнентаевтың тікелей көмектесуімен жарық көрді. Жасынан тұрмыс талқысын жоқшылықты өткерген ақын өмірден де, мектептен де үйреніп, білімін толықтырып, жетілдіре берді.

Ақынның соғысқа дейін жазған өлеңдері кедейдің байлардан көрген қорлығы, кедейлердің тап сезімінің оянуы, ауылдағы жаңа өмір, Отан қорғау, табиғат суреттері бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет