Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм


 Майлықожаның шығармашылық қырлары



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата02.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#5103
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3.3.1. Майлықожаның шығармашылық қырлары 
                 ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  өмір  сүрген  көрнекті 
тұлғаларымыздың  бірегейі  Майлықожа  Сұлтанқожаұлының  шығармашылық 
келбетіне  тоқталғанда  аңғарарлық  бір  жайт  -  оның  рухани  мәдениетіміздің 
тарихындағы  орнының  тек  біржақты  қаралатындығы.  Ашып  айтсақ,  өткен 
ғасырдың  орта  тұсында  өмір  сүрсе  де  өмір  деректеріндегі  зерттеулердің 
шалалығы  бір  мәселе,  сауат,  білімі  туралы  сөз  қозғалмайды  да,  өскен  ортасы 
туралы дәйек мардымсыз, шығарма мәтіндері ауыздан ауызға жеткен қолжазба 
түрінде ғана, оның ішінде дінге қатысы бар туындылары әр замандарда әртүрлі 
редакцияларға  ұшыраған,  ұшырасқан  айтыскермен  тіл  қағыстырып, 
айтқанының  қайсысы  өзінікі,  қайсысы  біреудікі  екенін  тек  өзі  білетін,  оған 
қоса  қожалығы  тағы  бар,  Түркістан  аумағынан  шыққан  «оңтүстік  өлкесінің 
шайыры»  екендігі  тағы  бір  себеп,  қоңыр  домбырасымен  көлеңкеде  термесін 
айтып уақытын өткізген, қарапайым ауыл ақыны ғана секілді. Айтқанға ауыр 
болғанымен, 
бүгінгі 
ұрпақ 
үшін 
шын 
мәніндегі 
Майлықожаның 
әдебиетіміздегі  келбеті  осындай-лық.  «Майлықожа  да  ертедегі  қазақ 
ақындарының  дәстүрін  мықтап  ұстаған,  түр  жағынан  енгізген  тың 
жаңалықтары  жоқ.  Солай  бола  тұрса  да,  ол  шығыс  әдебиетінің  үлгілерімен 
жақсы таныс болғандықтан өз шығармаларының өрісін кеңейтуге, оларға жаңа 
өрнек,  бояу  беруге  мүмкіншілігі  мол  екенін  аңғарамыз.  Сонымен  бірге 
Майлықожа  кей  сәтте  жазба  әдебиет  үлгілеріне,  дәлірек  айтқанда,  шығыс 
ақындарының  шығармаларына  еліктейді,  солардан  мол  әсер  алады»  [39,  25]. 
Бұл  М.Сұлтанқожаұлының  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  өткен  ХХ  ғасырда 
алған бағасы.  
«Әншейінде көргенде,  
 
Көп қазақтың бірі едім. 
 
Сөйлер сөзге келгенде, 
 
Ақындардың дүрі едім» [40, 5],- депті Майлыекеңнің өзі.  
Оның көп қазақтың бірі екендігі рас. Бірақ оның жалпы адамзаттық деңгейде 
ой қозғай алған ойшыл екендігін айтатын кез енді келді.  
          Жарты  ғасырға  жуық  үзіліссіз  шығармашылық  жолында  Майлы 
ақынның қозғамаған тақырыбы жоқ. 

86 
 
«Аңғарып көрсем пайымдап
Қара қандай, ақ қандай? 
Белгісі жоқ көп сөзден, 
Қандай да болса хат қандай? 
Шын жүректен шыққан сөз, 
Тасқа  таңба  басқандай»  [41,  25],-  деп  ақ  пен  қараны,  түбінде,    хатқа 
түскен таңбаға телген ақынның көзі тірісінде басылған жеке кітабы жоқ. Оның 
сауат  деңгейінің  қаншалықты  болғаны,  қандай  тілдерді  білгені  де  бізге 
белгісіз.  Тек  өзінен  тараған  ұрпақтарынан  қалған:  «Ал,  келді!  Ойбай,  келіп 
қалды!»  -  деп  репрессия  жендеттерінен  қорқып,  дарияға  (Сырдария)  бір 
сандық  кітапты  ағызып  жіберіпті»  деген  сөзі  бар.  Көзі  көргендерден  құлақ 
естігендердің  естігені,  Майлыекең  оқтын-оқтын  өлеңдері  мен  жырларын 
арнайы  Тәшкен  барып  хатқа  түсіртіп  отырған  екен.  Дәлелді  қажет  ететін 
бейресми деректерді былай қойғанда, арнайы дәлелдеп жатпай-ақ, «Артық қой 
халыққа қылған бір әділ іс», «Дүниеге көңілім сүйінесің», «Алал дінің – иман 
дүр»,  «Он  сегіз  мың  әлем  халық»,  «Алал,  арам  деген  бар»  атты  туындылары 
қанындағы қасиетпен қатар М.Сұлтанқожаұлының дәстүрлі медреселік білімді 
игергенін,  оның  ішінде,  «Құранды  оқу  мен  аудармаға  байланысты  бірқатар 
усул  ілімдерін  (ілім  негіздері)»,  оның  ішінде  қираат  ілімі,  таухид  ілімдерін 
алғандығының  көрінісі.  Дін  тарихын  саралап  таныған  ақынның  «Қиссасул 
Әнбия»  (А.Йүгінеки),  «Диуани  хикмет»  (Қожа  Ақмет  Йассауи)  секілді 
біршама  кітаптарға  сауатының  жеткені  анық.  Қырғыздың  Асыл  деген 
болысының тойындағы болыс сөзін сөйлеген Жаныс ақынның:  
«Еліңнен келіп қапсың, елге қоңырат, 
Сандалған елден-елге делбе қоңырат. 
Үлкенді үлкен, кішіні кіші білмей, 
Бұл қандай мастығың еді, сөйле, қоңырат»,-дегеніне Майлықожаның: 
«Болды ғой кемсітпекке сенің әптің
Кем бе еді болыстықтан менің бақ(ы)тым. 
Қырғыздың бір анасын «ит» деуші еді, 
Алдымнан  келмей  жатып  иттей  қаптың»  [41,  201],-  деп  сол  жиында 
үлкен дау тудырып, атақты қырғыздың манабы Шабданның шамырқанғанына 
мысын  бермей,  «Қиссасул  Әнбияның»  бет-парағын  айтып  тұрып,  сөзін 
жергілікті  хат  білетін  молдалар  арқылы  дәлелдетіп,  одан  айтылған  сөздің 
парқын  күллі  қауым  мойындап,  аяғында  ақынға  айып  төлеп,  ақын  ретінде 
ауылына әспеттеп алып қала жаздағаныны да белгілі. Бұдан өзге: 
«Сарттан өткен Науаи 
Тілдің гәусар гүлі еді, 
Парсыда өткен Фирдауси 
Заманында  дүр  еді»[42,  200],-  деп  өнеріне  ұстаз  іздеген 
Майлықожаның  әлем  әдебиетінің  классиктері  әйгілі  шығыс  жұлдыздарының 
шығармаларымен  етене  таныс  болғандығы,  ғазал,  мәснәуи,  хамса  т.б.  шығыс 
әдебиеті  дәстүрлерін  таза  түсінгендігі  сол  -  «Зарқұм»,  «Әбділлә  бала», 

87 
 
«Ысламнама»,  «Әмір  Әмзе»,  «Зәйіт  ұры»  секілді  бірнеше  дастандары  өз 
уақытындағы,  тіпті,  қазіргі  әдебиетіміздің  қорын  молықтырып  отыр.  «Ақын 
еңбектері  тіпті  Ұлы  Октябрь  революциясынан  бұрын-ақ  қазақ  халқына  дос 
ниеттегі  орыс  зиялыларының  қамқорлығы  арқасында  баспа  бетін  көргені 
соңғы  кезде мәлім болып отыр. Бұған Түркістан мұғалімдік семинариясының 
оқытушысы  Я.Я.Лютш  құрастырып,  О.В.Базилевский  дегеннің  жалға  алып 
тұрған  баспаханасында  1888  жылы  бастырып  шығарған  «Қырғыз 
хрестоматиясы»  деп  аталатын  кітабы  айқын  дәлел.  Түркістан  өлкесін 
мекендеген  қазақтардың  халық  әдебиеті  нұсқаларының  жинағы  болып 
табылатын бұл кітапта ақынның бес өлеңі бар»[41, 3],- дейді Ә.Оспанұлы. Көзі 
ашық,  көкірегі  ояу  әдебиет  өкілі  –  М.Сұлтанқожа  шығармашылығындағы 
шығыс  әдебиетінде  кездесе  бермейтін  жанрлар  -  сатиралық  өлеңдері  («Бадам 
кедей», «Тұрлыбекке», «Әруақ айтса – жын болар» т.б.), қара сөзбен айтылып, 
жазылған  хикаяттары,  ертегі,  аңыз  әңгімелері  («Екі  патша»,  «Ала  қарға  мен 
түлкі»,  «Үш  ауыз  сөз»,  «Жиренше»,  «Шық  бермес  Шығайбай»  т.б.),  «Шора 
батыр» романы, мысал жазу («Бұлбұл»,  «Қасқыр»,  «Аңқау мен қу»  т.б.) әдісі  
оның заманындағы  жазушы-зерттеушілермен тығыз  байланыста  болып,  орыс, 
батыс әдебиеті жанрларымен де хабардар болғандығының белгісі деп білеміз. 
«Ә.Диваев  қиссаларды  және  халық  поэзиясын  жатқа  білетін,  өз  ойынан  да 
шығаратын  сегіз  қырлы  талант  иесі  Сұлтанқожаұлы  Майлықожадан 
лирикалық  өлеңдер  мен  ғашықтық  жырларды,  ертегілер  мен  мысқыл 
өлеңдерді,  соның  ішінде  қазақ  арасына  кең  тараған  «Алдар  көсе»  мен  «Шық 
бермес  Шығайбай»,  «Жиренше»  жайындағы  әңгімелерді  жазып  алады»[43, 
350],-  деген  сөздерге  дәлел  Мәскеу  қаласында  шығарылып  тұрған 
«Этнографические  обозрение»  журналының  1907  жылғы  сандары.  Демек 
бойына  қонған  өнерді  «өнер»  деп  қастерлеп,  оны  шешенсөз  ілімі  бойынша 
мағыналық  сала  (маани),  көркемдік  сала  (бәди),  шешенсөз  ілімінің  сөзді 
жеткізе білу өнері (баян) секілді дәстүрлі медреселік ілім жолдарымен дамыта 
білген  Майлықожаны  заманынан  артық  туған  терең  сауатты  ойшылдарының 
қатарына жатқыза аламыз. 
         «ХІХ  ғасырда  ұлан-байтақ  қазақ  даласының  әр  қиыр,  әр  бұрышынан 
дербес өзгешеліктері бар авторлардың ақындық мектебі қалыптасты. Мәселен 
олар  мыналар:  Батыс  Қазақстанда  –  Махамбет,  Мұрат,  Шернияз  есімдері, 
Орталық  Қазақстанда  –  Шортанбай,  Дулат,  Шөже,  Оңтүстік  Қазақстанда  – 
Майлықожа,  Нұралы  және  Молда  Мұса  секілді  жазба  ақындар;  Жетісуда  – 
Сүйінбай  мен  Жамбыл  т.б.  болып  табылады»[44,  50],-  дейді  әдебиеттанушы 
ғалым  М.Қаратаев.  Сыпыра  жыраудан  басталатын  жауынгерлік  жыраулық 
дәстүрден  «жазба  ақындардың»  жаңа  кезеңге  түрлік,  мағыналық  жағынан 
табиғи  ауысуы  әдебиет  тарихының  заңдылықтарына  сай  келеді.  Оған: 
«Жыраулар  дәстүрі  мен  жаңа  әдебиеттің  аралығында  күрделі  ақындық-
эстетикалық  процесс  өтті...  Бұл  әдеби-көркемдік  түлеп-жаңғыру  заңдылығы 
ХІХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  барынша  айқын  көрінді.  (Махамбет, 
Дулат,  Майлықожа  т.б.).  Тарихи  жыраулық  мектептерінің  тынысына  жаңа 

88 
 
ағымның,  жаңа  дәуір  әдебиетінің  айшықтары  кірігіп,  жалпы  әдебиеттің 
табиғаты  түлеп-түрлене  бастады»[45,  61],-  деген  пікір  дәлел.  Ел 
тәуелсіздігімен  бірге  тәуелсіз  зерттелініп,  кітап  баспасынан  тәуелсіз  шыққан 
Майлықожа  ақынның  шығармаларының  бүгінге  дейінгі  жинақталған 
дүниелерінің  толық  нұсқасын  (Майлықожа.  Шығармалар.  Жинап,  зерттеп, 
жариялай жүріп құрастырған Ә.Оспанұлы.- Алматы. 2005ж.) аңдап қарағанға, 
ауыз  әдебиетінің  ертегі,  аңыз,  хикаят  жанрларының  үлгілері,  тарихи,  діни 
дастандардың  түр-түрі,  арнау,  жоқтау,  айтыс,  прозалық  шығармалар,  сан-
салалы 
өлең-толғаулар 
және 
терме 
мақамдары 
кәсіби 
әдебиет 
зерттемелеріміздің  бастауы  -  «Әдебиет  танытқыштарға»  (А.Байтұрсынұлы) 
мысал болып енбей қалғанымен, қазақ әдебиетінің әдемі үлгісін «танытатын» 
нағыз  нұсқа  боларлық  дүниелер  екендігіне  әділ-уақыт  өз  төрелігімен  өз 
заманына  алып  келген  секілді.  Қалай  болғанда  да  ақын  шығармаларының 
бүгінгі ғылыми айналымға түсуі, өлең-сөздерінің терең зерттелінуі, сан-салалы 
шығармаларының  оқулықтар,  әсіресе  мектеп  оқулықтарына  жүйелі  түрде 
енуіне  жаңа  ғасырдағы  майлықожатанушылардың  жасар  жұмысы  көп. 
Жұмыстың  бірінші  бастамасы  -  әдебиет  әлемімізді  жоғарыда  айтып  өткен 
біржақты  көзқарастан  арылту.  Ол  үшін  әлі  де  болса  табан  тер,  көз  майын 
тауысар  ақын  шығармаларын  жинау  жұмыстарын  жалғастыра  отырып, 
табылған  дүниелерді  ақпарат  құралдары  мен  баспалар  арқылы  бүгінгі  ұрпақ, 
жалпы оқырмандарға аманаттай жеткізу қажет. Әрине, «ХІХ ғасырдан бастап 
орыс  ғалымдары  мен  қазақ  оқығандары  ел  аралап,  жыршы-жыраулардың 
орындауларынан  естіп,  жазып  алған  кейбір  ақындар  шығармаларын  Мәскеу, 
Санкт-Петербург,  Қазан,  Уфа,  Орынбор,  Омбы,  Томск,  Астрахань  және  тағы 
басқа  қалалардағы  мұрағаттар  мен  мұражайларға,  қолжазбалар  қорына 
өткізген...  Өткен  ғасырдың  алғашқы  жылдарынан  бастап  ел  ішіне  ғылыми 
экспедициялар  сапарға  шығып,  әдебиет  сүйер  қауым  өкілдерінен, 
жыршылардан,  құймақұлақ  көнекөз  қариялардан  түрлі  мұралар  мен  сөздерді, 
ақын-жыраулардың  шығармаларын  жазып  алып,  сонымен  бірге,  зиялы 
адамдардың  жинақтаған  қолжазбаларын  алып  келіп  мұрағаттарға  өткізіп 
отырған»[45,  376],-  деп  білсек,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институты  және  ҚР  Ұлттық  ғылым  академиясының  Ғылыми  кітапханасының 
қолжазба қорынан басқа Тәшкент кітапханалары, сондай-ақ жоғарыда аталған 
Ресей қалалары кітапхана қорларындағы дүниелердің басын толық жинау оңай 
жұмыс емес.  
Бірақ, «Білсең таңның атарын, 
Көрерсің күннің батарын, 
Кейінгі жұртқа меймансың  
Кеткен соң құрбы-қатарың, 
Керуен көшіп барады 
Нар менен тізіп атанын, 
Жарық дүние аман бол 
Тең құрбы өскен қатарым 

89 
 
Майлықожа ақынның 
Мүбәрәк қылғай сапарын» [41, 516],- деп өмірмен өлеңмен қоштасқан 
екен ақын. 
Қорытынды:  Майлықожа  елді  -  бірлік  пен  ынтымаққа,  жасты  -  білім 
мен  еңбекке,  адамды  -  ақыл  мен  парасатқа,  имандылыққа  шақырып  өткен 
шайыр. Сондықтан оның сырлы сөздеріне бүгінгі қоғамымыз зәру. Сөзге кенде 
емеспіз,  дегенмен,  бүгінгі  өмірдің  ой  тәрбиесіне,  оймен  өмір  сүру 
формуласына Майлықожаның айтқандарын, оның сөз жеткізу әдісін пайдалану 
ұтымды  тәсіл  болар  еді.  Алдағы  уақытта    заманынан  асып  туған  әдебиет 
өкілінің  шығармашылығын  оған  қонған  дарын,  ол  білген  білім,  оның  өнер 
шеберлігі,  оның  ақындық  жүрегі  деңгейінде  үңіліп  қазақ  қана  емес,  азия, 
жалпы ислам әлемі, тіпті, әлем данагөйлері деңгейінде зерттеуіміз қажет.     
 
  
ІV ТАРАУ. ХІХ-ХХ ҒАС. ТОҒЫСЫНДАҒЫ  
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ  
 
4.1. Қазақ ойшылдары мұрасының ХХ ғасырдағы орны  
       Сөз жоқ, кез келген халық бостандықты аңсап, әрбір ұлт дербес ел болуды 
қалайды. Қарақан басын ойлайтын, өз құлқынының құлдары ғана саяси-рухани 
еркіндікті    ойлап  басын  қатырып  жатпас,  сірә,  олар,  Абайша  «тамағы  тойса 
жатуға»  даяр  «қайғысыз»  пенделер.  Сол  сияқты  әлдебір  халықтың  да 
еркіндікке  ұмтылысы  азайса  я  жоғалса,  бұл  оның  рухының  өшіп-сөнуінің 
белгісі.  Мұндай  ұлттың  болашағы  бұлдыр,  тілі  мен  мәдениеті  ендігі  жерде 
гүлдей  алмайды,  күллі  рухани  әлемі  құлдырауға  бет  алады  (тегінде    «рухани 
әлем», «рухани сұраныс» деген түсінік-тіркестер лексикамызға кейіннен енген, 
сірә.  Абай,  Шәкәрім  «рухани»  сөзін  «жан  құмары»  деп  жазады).  Қысқа 
қайырғанда,  еркіндік,  дербестік  ұғымдары  рухтың,  жан  дүниенің  мәселесі. 
Қасиетті  кітаптарда    Жаратушы  Құдірет  ә  бастан  адам  баласына  ерекше 
ақылмен  қоса    еркіндік  рухын  силап,  оған  ғашық  болу  қасиетін  дарытқан 
делінетіні сол. 
        Айталық, алаш қозғалысы  – қазақ халқы рухының мәселесі, екінші түрде 
ішкі болмысының айнасы. Әйтпегенде қазақ даласында осыдан 90 жыл бұрын 
өткен тарихи оқиға  зор қызығушылық туғызар ма, оның маңызы  уақыт озған 
сайын  төмендеудің  орнына  асқақтай  түсер  ме  еді?  Өзімізге  жақсы  мәлім  73 
жыл  жасаған  өкіметтен  гөрі  жасындай  жарқ  етіп,  небары  бір  жарым  жыл 
жасаған жұмбағы мол құрылым ыстық та қымбатырақ көрінер ме еді? 
         Дербес мемлекет құру, сайып келгенде, әр ұлтқа да түпкі, табиғи һәм ұлы 
мақсат екенін жаңа айттық. Ұлы болатыны, бұл мақсат көп құрбандықты талап 
етеді, сол үшін бүкіл адамзат тарихы күреске толы. Оның ішінде көшпелі ата-
бабаларымыздың  шежіресі  де  бостандық  үшін  арпалыс  тарихы.  Жаңа 
тарихымыздың  басы  -  алаш  қозғалысы  да,  1986  жылы  Алматы  қаласында 
өткен  жастардың  бұлқынысы  да  сол  арпалыстың  заңды  жалғасы  екені  сөзсіз. 

90 
 
Тәңірі  қолдап,  1991  жылы  ақыр  аяғы  толық  дербестіктің  екі  тізгін,  бір 
шылбыры қолымызға тиді. Осымен, түпкі ұлы мақсат орындалды. 
          Әр  нәрсенің  пісіп-жетілу  уақыты  болатыны  сияқты,  алаш  қозғалысы  да 
өзінің пайда болу, өсу, гүлдену кезеңдерінен өтті. Ендеше соларға рет-ретімен 
тоқталып  көрелік.  Абай  заманы  ХІХ  ғасырдың  екінші  жарымында  туған 
халқымызды,  бір  жағынан  қараңғылық,  яғни  прогресс  жолынан  шет  қалу, 
екінші  жағынан  отарлық  езгі  қос  өкпеден  қысқаны  баршаға  аян.  Алайда 
аталған екі мәселенің қайсы шешуші болғанын айырып алу біздің міндет. Бұл 
туралы  сөз  төменіректе.  Әзірге  алаш  қозғалысы  пайда  болуына  себепкер  екі 
жәйтті тілге тиек етелік. 
        Бірінші  жәйт,  оқыған  жастардың  қарамы  жылма  жыл  көбейіп,  ұлттық 
интеллигенцияның  тарих  сахнасына  шығуы.  Екіншісі  -  баспасөз  ісінің  жолға 
қойылуы.  Бұл  екеуі  де    Абай  заманында  тек  арман  ғана  болған,  қазақ  елінің 
өзге елдерге теңелу жолында маңызы-мәні өзгеше құбылыстар екені сөзсіз.  
         Сөйтіп,  өткен  ғасырдың  бірінші  ширегі  тарихымызға  «ояну  дәуірі» 
ретінде алтын әріппен жазылуы  жайдан емес, өнер мен ғылым, мәдениет  пен 
прогресске  ұмтылыс  шын  мәнінде  ұлт  тарихының  ең  қажетті,  ең  шешуші 
факторына айналған-ды.  
         Енді  кешегі  көзіміз  көрген  Кеңестер  Одағы  заманына  ой  жүгіртелік.  
Патшалық  Ресей  құрамындағы  ұлт-ұлыстардың  өзін-өзі  билеу  еркі  ұлы  дүбір 
қос төңкеріс – Ақпан және Қазан төңкерістері арасында-ақ ең түбегейлі мәселе 
ретінде  алдыға  қойылған-ды.  Ұлттық  аймақтардың  бәрінде  де  күшті 
бұлқыныстар  өтті.  Алайда  демократияшыл  партиялар  (кадет,  эсер  т.б.)  бітеу 
жараны  ашуға  асықпады.  Оның  себептері  көп,  әсіресе,  орыс  ұлтшылдығы, 
шовинистік  пиғыл  зор  тосқауыл  болды.  Кімнің  кім  екендігі  көрінетін  сын 
сағаттағы  солқылдақтығы  үшін  Ресей  демократтары  тез  арада  өз  сыбағасын 
толықтай  алды.  Большевиктер  «жер  –  шаруаларға»,  «өкімет  –  кеңеске», 
«бейбітшілік – халыққа» дегенге саятын жалаң ұрандарымен қалың бұқараны, 
сондай-ақ «әрбір ұлтқа - тәуелсіздік» деген жалған уәдемен ұлт зиялыларының 
үлкен бөлігін өздеріне оңай қаратып алғанын білеміз. 
        Ұлт  мәселесі  монархияның,  Николай  патшаның  түбіне  қалай  жетсе,  оны 
шешуге  асықпаған  Уақытша  үкімет  те  соның  кебін  киді.  Сондықтан  да  жер 
жердегі  ұлт  зиялыларына  тарих  берген  мүмкіндікті  уыстан  шығармай, 
ауқымды істерге батыл кірісуден өзге жол қалмаған еді.   
         Объективті шындықты, тарихи хәлді жақсы білген алаш арыстары әзірге 
жақын  мақсатты,  Ресей  құрамында  автономиялық  ел  болуды  қанағат  тұтты, 
Алаш  үкіметінің  ресми  құжаттарында  тек  «Алаш  автономиясы»  деген  тіркес 
қана  бар.  Анығы,  бұл  автономия  көп  нәрсеге  Мәскеудегі  Орталық  биліктің 
көзін  ашты.  Нақты  айтсақ,  1920  жылғы  автономияның,  Қазақ  АССР-ының 
құрылуына  себепкер  болды.  Яғни  бұл  фактіге  коммунистердің  әділдігі, 
рақымшылығы деп емес, төгілген қан мен тердің ақысы деп қараған жөн. Рас, 
1936  жылдан  он  бес  республика  ішінде  Қазақстан  да  жеке  мемлекет  деген 

91 
 
статус  алып,  Қазақ  ССР-ы  аталды.  Алайда  бұл  большевиктердің  алдарқатуы, 
«саяси ойыны» ғана еді, іс жүзінде баяғы автономия статусы өзгерген емес. 
         Біз  осыған  дейін  қазақ  жаңғыруының  сыртқы  себептеріне,  яғни  тарихи, 
саяси  һәм  әлеуметтік  жағдаяттарға  қысқаша  шолу  жасадық.  Ал,  енді  ояну 
дәуірінің,  қазақ  қозғалысының  ішкі  себептері,  рухани  –  идеялық  негіздері 
қайсы? Осыған келейік.  
        Батыс  ойшылы  Дрэпердің  «Европа  ақыл-ойының  даму  тарихы»  атты 
екітомдық  белгілі  кітабында  бүкіл  әлем  тарихына  зор  ықпал  еткен 
оқиғалардың  қай  қайсы  да  бір  ұшқыннан,  бір  идеядан  бастау  алатыны 
дәйектеледі. Дрэпер адам рухына тікелей әсер ететін идеяның сұрапыл күшке 
ие  екені  туралы  былай  деп  жазады:  «Ой-идеяның  бір  адамнан  екінші  адамға 
көшуінің  өзі  керемет.  Бір  май  шамынан  (свеча)  екіншіні,  одан  үшіншіні  әрі 
қарай    бірінен  соң  бірін  шексіз  тұтата  беруге  болатыны  сияқты,  кенен  ой  да 
адамнан адамға ауысып, аумағын ұлғайта бермек және ешқашанда өзінің ішкі 
күшін  жоғалтпайды».  Автор  өз  ойының  дәлеліне  жер-жаһанға  исламның 
таралауын  қарастырған  еді.  Әлем  картасын  өзгерткен  келесі  құбылыс: 
отырықшылық  және  көшпелі  өркениеттердің  қақтығысы  болған  Шыңғысхан 
қозғалысы  да  ең  алдымен  идея  әсерінің,  оның  күш-қуатының  дәлелі  емес  пе. 
Айғақты жақынырақ дәуірден алар болсақ, кешегі Ресей империясын күйретіп, 
ол  ол  ма,  бүкіл  әлемді  тағы  бір  өзгертіп,  дүр  сілкіндірген  Қазан  төңкерісінің 
өрті Маркстің идеясынан тұтанғаны өзімізге жақсы белгілі.    
        Бүгінгі отандық ғалымдар арғы қазақ тайпалары ислам дінін қабылдауына 
Иассауи әулие таратқан ілім, идея зор ықпал еткенін дәйектеп отыр.  Ал, бергі 
орта ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, қалыптасуына «Қасым ханның қасқа 
жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»,  «Тәуке  ханның  Жеті  жарғысы»  сияқты 
заңдарда ұйыған тұғырлы идеялар бастау болғаны мәлім.    
         Олай болса, Қазақстан аумағында ХХ ғасырдың бірінші ширегінде өткен 
ояну дәуірі қалай, қандай идеядан тұтанған екен? Екінші түрде айтқанда, оған 
түрткі  ұшқын-себептердің  ең  түпкісі  кәне?  Ол  ұшқын  -  Абай  идеясы,  Абай 
рухы екені кәміл.  
          Неге  десеңіз,  Абайдың  шәкірті  болу  үшін  оның  көзін  көру,  не  қасында 
жүру, тіпті ақын-жазушы я қалам қайраткері болудың өзі де шарт емес. Абай 
исі  қазаққа  өмір  оқулығын  жасап,  әр  адамға  бақыт  жолын  көрсетті.  Осы 
тұрғыдан  келгенде,  ақындық  мектебі  зәредей  ғана  ұшқын.  Бұл  мектеп 
болмаған күннің өзінде де Абай аты Абай болып мәңгі қала берер еді. Гәп, ол 
сілтеген  бағыттан  адаспай,  жаңылмай,  көрсеткен  жолына  түсуде,  яғни  ар-
ожданы таза, халқына пайдалы азамат бола білуде  екені хақ.  «ХХ ғасырда,  - 
деп жазады Мұхтар Әуезов бұл жайында, - Абайдың әсері көпке жайылып, кең 
өріс  таба  береді».  Суға  түскен  тастан  толқындар  қалай  пайда  болса,  Абай 
шәкірттерінің ауқымы  да сол сияқты ұлғая береді.  
        Мәселен,  Ахмет  Байтұрсынов  «Қазақтың  бас  ақыны»  атты  мақаласында 
1912-13  жылға  дейінгі  ахуал  туралы:  «Ақмола,  Семей  облыстарында  Абайды 
білмейтін адам жоқ» деп мәлімдеген болса, уақыт озған сайын Абай рухының 

92 
 
таралу  географиясы  жылдам  кеңея  берді.  Айталық,  ХХ  ғасырдың  20-шы 
жылдарында  Қазақстанның  түкпір-түкпіріндегі  кез  келген  ауылда  Абайды 
сүйіп  оқитын,  көп  өлеңін  жатқа  сауылдата  жөнелетін  адамдар  кездесетін 
болған.  Жазушы  С.Мұқанов  өзінің  «Өмір  мектебі»  атты  кітабында  атап 
айтатын фактінің бірі осы.  
         Көшпелі  қазақ  тұрмысы  мен  отырықшылық  тұрмыс  арасында,  сөз  жоқ, 
шыңырау жатты. Абайдың зор еңбегі, жоғарыда айтылғандай, идеясының әсері 
туған  халқын  осы  шыңырауға  құлап,  опат  болудан  аман  алып  қалуымен 
шектелмейді.  Ұлт  данасы  «қалың  елі  қазағына»  мәңгі  ескірмейтін  жолды 
аршып,  өмірдің  ақиқат  заңдарын  көрсетіп  кетті.  Ұлы  ұстаздың  жан-жүрегін, 
рухын  терең  таныған  да  танытқан  талантты  шәкірті  Мұхтар  Әуезовтің  әйгілі 
эпопеяны «Абай жолы» деп атауында міне осындай мағына-мән бары анық.    
        Сонымен,  қолда  бар  дерек-дәйектермен  оқырман  қауымды  таныстыра 
отырып,  ХХ  ғасырдың  бірінші  ширегінде,  кеңірек  алғанда  50-ші  жылдарға 
дейін  қазақ  халқының  қоғамдық  санасына  Абай  рухы  өзгеше  әсер  етті,  Абай 
шын мәнінде исі қазақтың ұстазы болды деген тұжырым жасағымыз келеді. 
        1960-1991 жылдары қазақ мәдениеті мен әдебиетінің зор табыстарға жетуі 
осының  айғағындай.  Амал  қанша,  философияда  да,  басқадай  әлеуметтік 
ғылымдарда  да  Абай,  Шәкәрімнің  рухы  үстем  болды  деп  айта  алмаймыз. 
Соның  өзінде  де,  өткен  ғасырда  өмір  сүрген  көрнекті  тұлғаларымыздың  дені 
атап айтқандай, әр зерделі қазақтың көңілі төрінде Абай тұрды, одан асқан ұлы 
ұстаз, одан көреген көсем болған емес. Не себептен? Мұны Абайдың жұмбағы, 
мейлі феномені де еркіңізде.  
          Данышпан  Конфуций  Қытай  қоғамының  дамуына  қандай  ықпал  етсе, 
қазақ үшін Абай тап сондай ұстаз хакім.  Абай өзінің шығармаларын жазғанда 
әлдекімдер  маған  еліктеп  өлең  немесе  басқадай  туындылар    жазса  демеген, 
мұраты - қазақтың өмірі мен мінезін түзеу, жеке адам бақытына, бүкіл қоғамға 
жол табу болғаны хақ. Қала берді пендеге фәни өмірдің сырын ашу, ұғындыру. 
Өлеңдерінде де, қарасөздерінде де ақын осы мақсаттарын нықтап отырады.     
        Шәкәрім  Құдайбердіұлы  -  Абайдың  бас  шәкірті  әрі  ақын  ағасы  жайған 
өрнек-өнегені  қай  қырынан  да  жалғастырған  ұстазымыз.  Кемеңгер  ақын  
Алаштың төбе биі болып қызмет етті, сондай-ақ төл шығармашылығы арқылы 
әрі  қозғалыс  қайраткерлерінің  ішіндегі  ең  жасы  үлкен  ақсақалы  ретінде 
Алаштың атақ-абыройын көтеруге ерекше үлес қосты. Ақырында Шәкәрімнің 
тұңғыш құрбан екендігін де ұмытпай, есте ұстасақ мақұл. Қысқасы, кемеңгер 
ақын  туралы  сөзіміздің  тақырыбымызға  еш  бөтендігі  жоқ,  қайта    Алаш 
қозғалысының рухани негізіне тереңдей түсуге септігі тиеді деген ойдамыз. 
         Алдымен  қарт  ойшыл  Шәкәрім  мен  алаш  жастары  арасындағы 
жарастықты, яғни қайғы-қуаныш, көксеген арман ортақтығын сөз етелік.  
        Шәкәрім  ұлтжанды  болған  ба?  Сөз  жоқ,    Шәкәрімнің  космополитшіл, 
ұлтсыз  кісілермен  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайды.  Дәлелге  жас  қаһарман 
Қазы  Нұрмұхамбетұлының  қазасында  қажының  жиылған  елді  жылатқан 
жүрекжарды  сөздерін  алсақ  та  жеткілікті.  Онда  Шәкәрімнің:  «Оқығандар! 

93 
 
Жастар!  Мынау  жолдастарыңды  ұмыта  көрмеңдер.  ...Және  өздерің  де  бұл 
оқиғаға қажымаңдар. Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім 
жетті. Алпыс жасқа келгенде мұндай ұлты үшін жанын қиып, құрбан болатын 
азаматты көрермін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін өлсем де, арманым 
жоқ» деген сөзінен артық дәлел бола ма.  
       Ұлтжандылық  -  алаш  арыстарына  ортақ  сипат.  Олардың  ішінен  кімді 
алсаңыз  да,  Қази  сияқты  Құдай  тағала  қазаққа  берген  шын  ұл  болғанына 
көзіңіз жетеді.  Ұлтжандылық деген керемет сезімді Сұлтанмахмұт: 
                                Алаш туының астында 
                                Куә болсын арымыз! 
                                Көркейтуге Алашты 
                                Құрбандық біздің жанымыз!, - 
деуімен жырға қосады. 
         Осы  жылдан  соң-ақ  Алаш  қозғалысына  қатысқан  жандар  түгелімен  
Мәшһүр Жүсіп: 
                      Ит дүние, мұнша неге олақ болдың, 
                      Ұстауға құйрық­жалы шолақ болдың, ­ 
дегендей,  торғайдай  тозып,  бүкіл  империя  кеңістігіне  жан  сауғалап  тентіреп 
кеткені  шындық.    Бұл  жағдайда  да  алаштықтар  адамдық  борышы  -  халыққа 
адал қызметін тоқтатпай, оқу-ағарту ісі арқылы жалғастыра берді.   
        Қазақ  халқы  ұмыта  алмаған  бір  керемет  -    рухани  көсем  Шәкәрімнің 
ойлау үлгісі һәм ойлау деңгейі.   
       Адамның ой, сана көкжиегі алдына қойған өмір мақсаты, заманы, жасы т.б. 
жағдаяттардың  әсерінен  үнемі  өзгеріске  түсіп  отырмақ.  Осылайша  жігіт 
Шәкәрім әуелде ырғызбайшыл болды, онан соң мұқым Тобықтының намысын 
жыртқан сатыдан да өтті.  Қырықтан соң, қалың елім, қазағым деп қабырғасы 
қайысқан  оның  санасы  өзі  араласқан  мен  білем  деген  алаш  жастары  сияқты  
ұлтжанды  болу,  ұлт  мүддесі  үшін  басты  байлау  деңгейіне  де  жетті.  Көңілі 
мұны да қанағат тұтпай әрі қарай басқыштай берді.       
        Оқыған-түйгені  мол  алаш  арысының  бірі  М.  Тұрғанбайұлының  1918 
жылы “Абай” журналының №3 санында “Ұлтшылдық” атты мақаласы берілді. 
Оған  пікір  айтқан  “Ұлтшылдық  туралы”  деген  шағын  мақаласында  Шәкерім: 
“Ұлтшылдық  мәдениетті  туғызса  да,  ақ  жүрек  туғыза  алмайды.  Ақ  жүрек 
дегеніміз  –  “ұждан”  (әмма  жанға  махаббат,  шапағат,  ғадәлет),  қазақша  тамам 
адам  баласын  бауырындай    көріп,  жаны  ашып,  әділет  қуу.  Осы  айтылғандай, 
ақ жүрек көбеймей тұрып,  адамшылық жеңе алмайды”  – деп жазады. Сөйтіп, 
алпыстан  асқан  жасында  Шәкәрім:  «Мен  ұлтшыл  емеспін»  деп  мәлімдейді. 
Бұл  азамат  соғысының  қатігездігінен  түршігіп,  елсіз  аулаққа  кетердегі  сөзі. 
Әлсізге  әлімжеттілік  жасағандар,  әділдікті  мылтықтың  күшімен  орнатам  деп 
шатасқандар  да  өздерін  «ұлтшыл»  санады,  бәлкім,  гуманист  Шәкәрім 
«ұлтшыл» деген сөзді, әсіресе, орыс ұлтшылдығына қарата айтқан болар.  
         Сонымен,  рухани  ұстаздардың,  Абай,  Толстой,  Шәкәрім  сынды  әлем  ой 
алыптарының ұлтын сүюі өзгешелеу. Олар  үлкен жүрекпен, Абай айтқан «үш 

94 
 
сүю»  жөніменен  сүйеді.  Өйткені,  дүниенің  көрінбейтін  заңдары  барын, 
Абайша  Алланың  хикметін  өзгелерден  гөрі  анығырақ  сезеді,  біледі.  Нақты 
айтсақ,  Тәңірінің  тәртібі  мен  заңы  махаббат,  әділет  арқылы  мүлтіксіз 
орындалатындығын. Хакім даналардың осыған сенімі кәміл, осы түпкі ақиқат 
үшін жандары пида. Олай болса, Абай, шәкірті  Шәкерім және алаш арыстары 
ой-санасы ұшар биікке  жеткен ұстаз ойшылдарымыз.   
          

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет