18-сурет. «Еңбекақы төлемі» шотының балансы бойынша нетто динамикасы
млн. АҚШ доллары.
Халықаралық аударымдар жүйесі арқылы шетелге жіберілген ақшалай
қаржылардың жалпы көлемі 204,1 млрд. тенгені құрады (ЖІӨ 0,7%). Жеке
тұлғаларменен 185,9 млрд. теңге сомасына 1 461,9 мың транзакция
жүргізілді. Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жеке тұлғаның
бір ақша аударымының орташа сомасы 109 мың теңгені құрады.
Ақша аударымдары мен төлемдердің негізгі көлемі – аударымның
жалпы көлемінің 47,4% Ресей Федерациясының резиденттерінің пайдасына,
26
сәйкесінше Өзбекістанға – 16,3%, Қырғызстанға – 6,2%, Әзірбайжанға –
3,0%, Украинаға – 2,8% және Түркияға – 2,2% жолданды.
5-кесте. Жеке тұлғалармен шет елге жіберілген ақша аударымдары
туралы мәліметтер
Ақшаны алушы
резиденттің елі
Саны (мың.тр.)
Сомасы (млн. теңге)
Ресей Федерациясы
738,9
88 184,1
Қытай
26,6
17 128,8
АҚШ
9,9
1 137,3
Түркия
22,2
4 120,7
Германия
7,9
1 022,7
Өзбекістан
287,9
30 332,8
БАЭ
5,0
1 278,3
Латвия
0,9
132,0
Англия
2,3
376,2
Гонконг
0,1
24,3
Украина
45,3
5 191,2
Швейцария
0,6
243,5
Литва
1,5
397,2
Қырғызстан
128,6
11 571,3
Италия
1,0
96,1
Сингапур
0,1
15,4
Беларусь
12,2
1 680,6
Әзірбайжан
29,8
5 538,5
Армения
11,4
2 277,2
Тәжікстан
24,1
2 251,7
Басқа елдер
105,7
12 891,5
Жалпы қорытындысы
1 461,9
185 891,4
Ақпарат көз: ҚР Ұлттық банкі
1.4. Қазақстан Республикасындағы халықтың ұдайы өсу үлгісін анықтау
Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуындағы болып жатқан
өзгерістер,
елдегі
көші-қон
және
демографиялық
процесстердің
трансформациясына әсерін тигізуде. Бұл демографиялық және көші-қон
саясатын әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Осы саладағы жағдайды
белгілеумен ғана шектелмей, болашақ үрдістердің де ғылыми нақты
болжамы қажет.
Қазақстан Республикасы халқының демографиялық құрылымына
жүргізілген ретроспективті анализ жасау барысында келесі анықталды:
- Қазақстан Республикасы халқының саны 2002 жылдан бастап 2011
жылға дейін аралықта айтарлықтай 1,8 млн. немесе 12,3% өсті;
- Қазақстан туу көрсеткішінің және табиғи өсудің өте жоғары
көрсеткіштерімен ерекшеленеді: Қазақстан туудың және табиғи өсудiң
жоғары көрсеткішімен ерекшеленеді: туудың жалпы коэффициенті ТМД
елдеріне қарағанда орта есеппен алғанда 4,2 пайыздық тармаққа жоғары, ал
табиғи өсім коэффициенті жағымды мөлшерде қалуда;
27
- жастық шақтағы (0-15 жас) халықтың үлесі 10 жылдың ішінде орта
есеппен алғанда халықтың жалпы санының 26,5% құрайды, 16-дан бастап 25
жасқа дейінгі халықтың үлесі орта есеппен алғанда 19% құрайды. Халық
санының ең көп бөлігі 26-57 жас аралығындағы халықтың үлесі құрайды,
яғни нағыз жұмысқа қабілетті және экономикалықтұрғыдан белсенді халық,
орта есеппен елдің жалпы халық санының 42% құрайды. Соңғы 10 жылдың
ішінде 57 жастан асқан және одан да жоғары жастағы халық саны 11,6%
құрады;
-
соңғы он жылда орта есеппен алғанда халықтың жалпы санындағы
еркектердің үлесі 2002 жылдан бастап 2012 жылға дейін 48,2%, ал әйелдер
51,8% құрады. 0-15 жастағы еркектердің орташа есеппен алғандағы үлесі -
28,2 %, 16-25 жастағы үлесі – 19,9%, 26-63 жастағы үлесі – 45,6% және 63
жас және одан үлкен жастағы үлесі – 6,3% құрады. 0-15 жастағы әйелдердің
орташа есеппен алғандағы үлесі 25% құрады, 16-25 жастағы үлесі – 18,2%,
26-57 жастағы үлесі – 43% және 57 жас және одан үлкен жастағылар – 13,9%
құрады. Осылайша, еркектердің саны жағынан аз болғанына қарамастан,
жұмысқа қабілетті жастағы еркектердің үлесі әйелдерге қарағанда жоғары;
- жыныстық-жастық пирамидаға қарасақ, соңғы он жылда барлық
халықтың орташа жасы 31 жасты құрады, бұл ретте еркектердің орташа жасы
әйелдердің орташа жасына (32 жас) қарағанда 3 жасқа кіші және 29 жасты
құрайды;
- қазіргі уақыттағы жұмысқа қабілетті жастағы халық санының өсуі
болашақта зейнеткерлік жастағы халық санының көбеюіне әкеледі, яғни
халықтың қартаюы тәуекелі бар;
- тез өсетін елдерде (Қытай, Индонезия) өткен он жылдықта
урбанизацияның деңгейі 10-15% өсті. Қазақстанда 2003 жылдан бастап
урбанизацияның деңгейі шамамен 53-55% құрады және 1991 жылғы
көрсеткішіне жеткен жоқ;
- Қазақстанның iшкi көшi-қоны экономикалық тұрғыдан белсенді
халықтың ауылдардан және экологиялық жағдайы нашар аумақтардан
экономикалық жағдайы қолайлы қалаларға қарқынды қоныс аударуымен
сипатталады, бұл инфрақұрылымға нақты жүктемені арттырып,
қабылдаушы өңірлерде әлеуметтiк шиеленістiң өсуiне ықпал етеді;
- соңғы он жылда сыртқы көші-қон ағысының қарқындылығы
төмендеді. Қоныс аудару және халықтың эмиграция процестерi Қазақстан
Республикасы халқының жоғары бiлiктi және еңбекке жарамды бөлiгiнiң
эмиграциялық процестерiнің күшеюі кезінде бәсеңдеді. Қазақстаннан
тұрақты мекен-жайына кететін адамдардың санында 15-тен бастап 34 жасқа
дейінгі жастар орташа есеппен алғанда 43, 8% құрайды;
- көшіп келушілердің негізгі бөлігі – Өзбекстаннан, Монғолиядан,
Қытайдан, Түркменстанннан келген этникалық қазақтар, олар үшін елдің
мәдени және әлеуметтік-экономикалық интеграциясы және бейімделу
мәселесі өзекті;
28
- жоғары бiлiктi мамандар үшін қазақстандық еңбек нарығының
тартымдылығын жоғарылату және ресми еңбек көші-қонды ынталандыруды
арттыру мәселесi біршама өзекті болып тұр.
Әлемдік тәжірибеде жастық-жыныстық пирамидалар халықтың
демографиялық құрылымының түрі бойынша үш түрге бөлінеді:
примитивтік (қарапайым) , стационарлық (тұрақты) және регрессивті.
Халықтың ұдайы өсуiнiң примитивтік түрi жоғары туумен және өлiм-
жiтiммен сипатталады. Мұндай жастық пирамиданың негізі кең болады, оны
халықтағы балалардың жоғары үлесі құрайды және енсіз түйреуiш сияқты
жоғарысы түбегейi болады, өйткенi ұлғайған шаққа дейiн жететiндердің үлесі
аз. Мұндай пирамиданың бүйiр жақтары ойыс параболалар сияқты болады.
Халықтың ұдайы өсуiнiң стационарлық (тұрақты) түрi туу мен өлiм-
жiтiмнiң деңгейiнің төмендеуiмен және оның салдары ретінде халық
санының өсуi бәсеңдеумен және тiптi оның тоқтатылуымен сипатталады.
Жас бойынша құрылым қоңырау формасында болады.
Регрессивтiк
түрі
өлiм-жiтiмнiң
төмендеуi
баяулап
немесе
тоқтайтындай ахуалмен сипатталады, бұл уақытта бұл туудың төмендеуi
жалғаса береді. Халықтың депопуляциясы, өлуі басталады. Халық қартаяды,
яғни оның құрамында егде адамдарды үлесі өседі және жастардың үлесі
қысқартады.
Дамушы елдердiң пирамидасы үшін негіздері кең және үстіңгі жағы
тар болуы, ал регрессивтiк түрдегі елдің пирамидасы үшін (балалардың үлесі
аз) енсіз негіз және үстіңгі жағы жеткiлiктi кең (егделердің үлесі жоғары)
болады.
19-сурет. 1989, 1999 және 2009 жылдардағы жыныстық-жастық пирамида
құрылымның сәйкестігі
29
Түзетілген пiшiнде Қазақстан халқының жастық-жыныс пирамидасы
демографиялық толқындардың әсерiн бейнелеп көрсетедi. Соңғы жылдары
туылған ұрпақтарға келер болсақ (5 жасқа дейiнгі жастағы халық), олардың
саны 20-24 жастағы халықтың санынан аз болумен ерекшеленедi, 1989 жылы
5 жасқа дейiнгі жастағы балалар санынан 22%-ға аз. Қорыта келгенде,
негіздегі толқын тәрiздiлiк туылғандар санының едеуір өсуіне байланысты
күшейеді.
Қазақстан Республикасының халқы демографиялық құрылымының түрi
бойынша станционарлық (тұрақты) түрдегі елдердiң тобына кiредi:
халықтың жалпы санындағы (0-15 жас) жастардың үлесі 26,5% құрайды,
туудың жиынтық коэффициенті 0,74-ке өсіп, 2012 жылы - 2,62-ні құрады,
халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 69,6 жас.
Халықтың дамуының
типтік сызбаларына сәйкес, Қазақстанның халқы үшiншi кезеңнен
(салыстырмалы жоғары туу мен төмен өлiм-жiтiм) туудың қарқыны төмен
төртiншi кезеңге (қатысты биiк табынғыштықпен және аласа) өтпелi дәуiрді
өткеруде.
Швед демографы Г.Сунбергтің топтамасына сәйкес, соңғы 10 жылда
Қазақстан Республикасында халықтың ұдайы өсуiнiң заманауи үлгiсiне
ауысуы байқалады, себебі 60 жастан үлкен жас топтағы халықтың өсуі
байқалады (соңғы 10 жылда 60 жастан үлкен жас тобындағы халықтың үлесі
халықтың 12% жақындап, 2012 жылы 10,1% құрады).
Қазақстан халқының ұдайы өсуі үлгісі түрінің идентификациясы
Көрсеткіштер жүйесі
Халықтың ұдайы өсу түрін сипаттайтын көрсеткіштердің шамасы
Дәстүрлі
Заманауи
Казақстан
80-ші
жылдары
Казақстан 90-
шы жылдары
Казақстан
2012 жылы
1000 адамға туудың
жалпы коэффициенті
55-30
15-13
24,9
18,07
22,68
Туудың жиынтық
коэффициенті
6-5 бала
2,3 баладан аз
2,9
1,9
2,62
1000 адамға өлім-
жітімнің жалпы
коэффициенті
6-8
10-12
7,9
9,6
8,49
1000 туылғанға
нәрестенің шетінеу
коэффициенті
90-30
20-10
29
26
13,46
Күтілетін өмірдің
ұзақтығы
45-50 жас
70 жастан
жоғары
66,2
64,7
69,6
65 жас және одан
үлкен жастағы
халықтың үлесі
4% кем
7% жоғары
6%
6,20%
6,5%
Оның жалпы
санындағы қала
халқының үлесі
шамамен 10%
50% артық
57,6%
55,90%
54,90%
30
Өлім-жітім
себептерінің
құрылымы
Экзогендік
(инфекциялық
аурулар,
туберкулез және
т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары,
онкологиялық
және т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары
және т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары
және т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары
және т.б.)
15 жастан жас балалардың демографиялық жүктеме
коэффициенті
51,2%
44,30%
36,4%
65 жас және одан үлкен егде адамдармен демографиялық
жүктеме коэффициенті
9,0%
10,40%
9,6%
Балалармен және егде адамдармен демографиялық
жүктеме коэффициенті
60,2%
54,70%
46%
Халықтың қартаюы индексі
18
24
29
Демография./Под ред. Д.И.Валентея.-М.: Высшая школа, 1997.С.57
Халықтың ұдайы өсуiнiң қазiргi үлгiсiне ауысу процесі, туудың
жиынтық коэффицентінің 2, 3 және одан төменге дейiн төмендеуімен,
нәрестелiк өлiм-жiтiм коэффицентінің 20-10%-ға дейiн; күтiлетiн өмір сүру
ұзақтығы 70 жас және одан үлкен жасқа дейін өсуімен, 60 жас және одан
үлкен жастағы халықтың үлесінің өсуімен, қалалық халықтың үлесінің 50%-
дан астам өсуімен және өлім-жітімнің эндогендік себептерінің артуымен
(жүрек-қан тамыры, онкология және басқа аурулар) сипатталады.
«Халықтың қартаюы индексі» көрсеткiші мөлшерiне сәйкес, Беларусь,
Украина және Ресей көшбасшы орынға ие болады, сәйкесiнше олар үшiн 96,
84 және 88-шi көрсеткiштері тән. Олардан соң Молдавия, Армения,
Қазақстан және Әзiрбайжан (54, 40, 29, 26) орын алады.
Қазақстан Республикасы үшiн репродуктивтік коэффициенті 2012
жылы (15-тен 49-ға дейiн) репродуктивтік жастағы 1000 әйелге 82,7
құрады. Осы көрсеткiштiң қайта өндiрудiң қазiргi түрi бар дамыған елдерiнде
репродуктивтік жастағы 1000 әйелге 50-60 шегінде болады.
Бұл ретте, Покровский-Пирлдiң өмiршеңдiгiнің көрсеткiші, белгілі
уақыттағы өлгендер санына туылғандар санының қатынасы халықтың
табиғи өсiмi сипатын көрсетедi. Халықтың табиғи өсiмi оң жағдайда
өмiршеңдiктiң индексi бірден артық, терiс жағдайда - бiрден аз болады.
31
20-сурет. Покровский-Пирл Индексінің динамикасы
Халықтың ұдайы өсуі процесi шеңберiнде көші-қон халықтың
жыныстық жас құрылымы сипатына ықпал етеді. Кейбір жас-жыныстық
топтар егер осы жас-жыныстар тобының көші-қоны орын алған жағдайда
халық санағының қорытындылары бойынша көршілермен салыстырғанда аз
санды болып қалуы мүмкін. Мысалы, солтүстiк өңірлердегі халықтың жас-
жыныс пирамидасында егде жастағы халықтың үлесі үлкен, бұл ретте
пирамиданың орташа бөлiгi Қазақстанның оңтүстiк және батыс
аумақтарымен салыстырғанда тарылтылған.
Мемлекеттiк
деңгейде
Қазақстанда
этникалық
қазақтарды
репатриацияның тетiктерiн құру бойынша іс-шаралар қабылдануда, соның
ішіорналасу орындарындағы тiршiлiк әрекетi үшiн жағдайды ұйымдастыру
және ұйымдасқан қоныс аудару бойынша. Бiр жағынан, этникалық
преференциялық көшi-қон саясатының мақсаты ұлттық-мемлекеттiк құрылыс
болса, екінші жағынан экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Нәтижесінде
бiрнеше өңірлерде олардың түбегейлi шоғырландыруы әлеуметтiк-
экономикалық жүктемені үлкейтеді, жұмыссыздықтың мәселесiн
шиеленістіреді және оралмандардың интеграциясы мен бейiмделуіне кедергi
келтiредi.
Әлеуметтiк бейiмделу және келген репатрианттардың интеграциясы
мәселесiмен көптеген шетелдің елдерi (Германия, Нидерланды) килігеді. Бұл
елдерде мигранттардың интеграциясы мен бейiмделуі үшін, оқу және кәсiби
бағдарламалардан бөлек, репатрианттарды таратып орналастырудың қатаң
саясаты және этнос аралық әрекеттесудi жақсартудың бағдарламалары
қарастырылған.
Қазақстан Республика мәртебесi азаматтығын алғаннан соң
оралманның мәртебесінен автоматты түрде айырылады, және осы санат
миграциялық бақылау органдарының назарынан тыс қалады. Қазақстанның
азаматтығын 756,7 мың оралмандар қабылдағанын ескерсек, осы кезде
32
олардың қайда өмір сүріп жатқаны, жұмыс саласы туралы туралы ақпарат
жоқ.
Оралмандардың (70,8%) көпшiлiгінде Қазақстан Республикасында
жұмысқа орналасуы үшiн қажеттi мамандығы және біліктілігі жоқ. Бұл адам
капиталы сапасы төмен халық тобын өсіреді. Жергiлiктi атқарушы органдар
келген репатрианттар үшiн жеткiлiктi санды және қажетті сапада жұмыс
орындарымен қамтамасыз ете алмайды. Нәтижесінде, бейiмделу және
интеграциялық саясаттың тиiмсiздiгi салдарынан ағымдағы және
болашақтағы экономикалық шығындар өседi. Бүның бәрi елдiң халқының
сапасы құрамында сипатталып, қайта өндiрудiң үлгiсiне әсер етеді.
Қазақстан Республикасы дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық
басымдылықтар шеңберiнде, урбанизация процесi адами әлеуметтің даму
жолындағы негізгі талап болады. Елдің экономиканың дамытудың
локомотивтері болатын әлемдiк деңгейдiң агломерацияларын (Алматы,
Астана және Шымкент) құру жоспарлануда.
Тиiмдi басқаруда, урбанизация процесi денсаулық сақтау және бiлiм
беру секілді мемлекеттiк қызметтерге халықтың қолжетімділігің артуына
және табыстардағы теңсiздiктерінің қысқаруына алып келеді. Осы процесс
Қазақстан Республикасының халықтың ұдайы өндiрудiң қазiргi түрiне
ауысуы процесін жеделдетіп, халықтың өсемпаздық әрекетіне, туудың
төмендеуіне әсер етеді .
Туудың төмендеуi – бұл әлеуметтiк-экономикалық дамудың әсерi
болып табылатын заңды процесс, бұл ретте жалпы қоғамның және
мемлекеттiң дамуына теріс әсер ететін, Қазақстан Республикасында туудың
төмендеуi шегiн анықтауын мәселесі ашық қалдырылады.
Экономикалық өсудi қамтамасыз ету ұстанымы жағынан, Қазақстан
Республикасы бiлiктi және сапалы жұмыс күшінде ұлттық экономика
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн тиiмдi көшi-қон саясатын құру жолын
таңдады: білікті мамандарды тұрақтың тұрақты мекен-жайға Қазақстан
Республикасына қоныс аудару үшiн жағдайды жасау және ынталандыру;
шетелдiк жұмыс күшiн тарту, іріктеу және пайдалануды жiктелген тетiктерiн
әзiрлеу.
Еңбек миграциясының өсуi халықтың жыныс-жастық құрамына ықпал
етеді. Келген мигранттар этникалық топтардың сәйкестігіне, қалыптасқан
мәдение-тарихи құндылықтарға, әрекеттің үлгiлерiне, еркек пен әйелдiң
қоғамда рөлiне ықпалын тигізеді. Бұл негiзi әлеуметтiк әрекеттесу болып
табылатын, халықта өсімпаздық әрекеттің жаңа түрлерінің диффузия
процесiн түсіндіретін дамудың макродемографиялық тұжырымдамасына
негізделеді (С.К.Уоткинс).
Қазақстан Республикасы «ғұламалардың жылыстауы» - еңбекке
жарамды жастағы жоғары білімді эмигранттардың орнына бiлiм деңгейі
төмен, немесе жоқ иммигранттар келуде.
33
21-сурет. Білім деңгейі бойынша 15 жастан үлкен жастағы халықтың
сыртқы көші-қоны
Бұл елдiң экономикасының өсуiне кедергi келтiре отырып, адами
капиталдың сапасының төмендеуіне, өсімпаздық әрекетте және қоғамдық
қатынастарда бiлiнедi .
Нәтижесінде, ұсынылған талдау елдегі халықтың ұдайы өсуiнің
сипатын, кейбiр болашақ мәселелерді және даму үрдiстерін анықтауға
мүмкiндiк бередi
2.
Демографиялық болжам.
Демографиялық болжамды құру әдістемесі 7-қосымшада келтіірлген.
2.1.
Демографиялық болжамды құру әдістемесі
Халықтың санының болжамы жалпы елді еңбекпен қамтаамсыз ету
және еңбекті пайдалану әлеуметтік-экономикалық процесін басқару үшін аса
маңызды. Халықтың демографиялық сипаттамалары, халықтың білім деңгейі,
өмірлік
іс-әрекеттің
әлеуметтік-экономикалық
шарттарын
дамыту
динамикасының нәтижесінде халық және еңбек ресурстарының сандық және
сапалық көрсеткіштері өзгерістерінің ұзақ мерзімді үрдістері анықталады.
Болжамдық есептеулер халық санының күтілетін өзгерістерін анықтауға,
елде қалыптасып жатқан демографиялық жағдайларды бағалауға, еңбек
ресурстары санын анықтауға, халықтың ұдайы өндірісі процесіне басқа
әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін бақылауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі халық санының
алдын-ала демографиялық болжамы жасына байланысты негізгі топтар,
жынысы, қала және ауылдық жерлердегі тұрғындар бойынша проекциялық
үлгі (модель) түрінде есептелген. Қазақстан Республикасының халық санын
34
болжауды есептеу үшін 2012 жылғы демографиялық көрсеткіштер негізгі
(базалық) кезең ретінде қабылданды. Есептеулер 2012 жылғы туылудың
жиынтық шамасы (коэффициенті) (ТЖК), тууы кезіндегі күтілетін өмірлік
ұзақтылығы (КӨҰ) және халықтың көші-қон деңгейі 2013 жылдан 2030
жылға дейін өзгеріссіз қалуы жағдайында жүргізілген. Яғни, ҚР халық
санының болжамы өзіндік үлгі (модель) ретінде қарастырылады, бұл
жағдайда халық санының өзгерісі халықтың табиғи қозғалысы – тууы және
өмірден өтуі есебімен жүреді, оның үстіне туу және өмірден өту деңгейі
болжамдық кезеңнің барлық уақыт аралығында 2012 базалық жыл
деңгейінде, сондай-ақ көші-қон қозғалысы да осындай деңгейде қалып
отырады.
Осы есептегі Қазақстан Республикасы халқының 2030 жылға дейінгі
болжамды саны демографияда аса танымал когортты-компонентті әдіс
немесе «жастарды жылжыту» деп аталатын проекциялық үлгісі өңірлер
кескінінде жыныстық, қалалық және ауылдық елді мекендерге таратылуымен
жеке жас топтары бойыша үш нұсқада есептелген. Болжамның әдістемесінің
сипаттамасы 7-қосымшада келтірілген.
Қазақстан Республикасы халқының болжамды санын есептеу үшін
базалық кезең ретінде ҚР 2012 жылғы демографиялық көрсеткіштері
қолданылған.
Елдегі өндіріс күштерінің орналасуын оңтайландыру, қалаларды,
өңірлерді дамытудың басты сызбаларын жасау, табиғи, еңбек ресурстарын
пайдалануды оңтайландыру секілді экономикалық және әлеуметтік
процестерді басқару, реттеу үшін ұзақ мерзімді демографиялық болжамдарда
ғана болатын ақпарат қажет.
Талдау үшін 2030 жылға дейін жынысы, негізгі жас топтары бойынша
Қазақстан Республикасы халқының болжамды санын қарастырамыз. Базалық
жылдағыдай есеп жылдарында туудың жиынтық коэффиценті, өмірдің
күтілетін ұзақтығы мен халықтың көші-қоны өзгеріссіз болады деген
шартпенен 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасы халқының саны мен
олардың өзгеріс құрауыштары анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |